Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:49, реферат
Жер пайдалану құқығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену немесе пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады,жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады. Жер пайдалану құқығы мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда,
оған тиесiлi жер пайдалану құқығы Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарының
нормаларына және осы Кодекске сәйкес
құқық мирасқорына көшедi.
2.4.Мемлекеттiк
жер пайдаланушылардың
құқықтық жағдайының
ерекшелiктерi
Мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенiң нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметiнiң жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын iске асырады.
Мемлекеттік жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ақ кепілге беруге құқылы емес.
Мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алуға байланысты жер пайдалану құқығынан өндiрiлiп алынатын жағдайларды қоспағанда,мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығы кредиторлардың талап етуi бойынша өндiрiп алу нысанасы бола алмайды.
Мемлекеттiк жер пайдаланушы өзiне тиесiлi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) белгiленген тәртiппен жалға берген жағдайда, Кодекстiң 52-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер бойынша, олармен бiрге аталған мүлiк орналасқан және оны белгiленген нормаларға сәйкес пайдалану үшiн қажеттi жер учаскесi де жалға берiледi.
Үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) өзiн тиiсiнше жалға бермей тұрып, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiн басқа тұлғаға жалға беруге болмайды.
Жер учаскесi қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен
берiлетiн жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк
жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер учаскесiн
уақытша өтеусiз жер пайдалануға беруiне
жол берiлмейдi.
3.
Жерді қорғауды экологиялық
ынталандыру
Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi
Жердi
қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi
ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды
пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы
мен орман шаруашылығы
Жердi қорғау мақсаттары:
1)
өндiрiстiң экологиялық
2)
тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту
мен қалпына келтiрудi
3)
жердi оңтайлы пайдаланудың
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1)
жердi құнарсызданудан және
2)
ауыл шаруашылығы жерiн
3)
бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын
және жердiң басқа да пайдалы
қасиеттерiн қалпына келтiру
4)
жердiң бүлiнуiмен байланысты
2.
Жердiң тозуын болдырмау,
3.
Жер учаскелерiнiң меншiк
Топырақта зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi:
Топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi топырақтың жай-күйiн адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiне сай бағалау үшiн белгiленедi.
Аталған
нормативтер Қазақстан
Жердiң жай-күйiне әсер ететiн үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлердi жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар:
Жердiң жай-күйiне керi әсер ететiн жаңа және қайта жаңғыртылатын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) әрi басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және пайдалануға беру, жаңа техника мен технологияларды енгiзу кезiнде жердi қорғау жөнiнде iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердiң, нормативтердiң) сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Жердiң жай-күйiне керi әсердi бағалау және оларды қорғау жөнiнде көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, өзге де мемлекеттiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау бағдарламаларын жүзеге асыруға, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлер салуды (қайта жаңғыртуды) қаржыландыруға тыйым салынады.
Радиоактивтi ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер:
Нормативтен артық радиоактивтi ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмiрi мен денсаулығына өзге де түрде қатер төндiретiн жер учаскелерi меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық талаптар мен нормативтерге сәйкес өнiм алу қамтамасыз етiлмейтiн, радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскелерi ауыл шаруашылығы айналымынан алынады және сақтап қоюға жатады. Бұл жерде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге және оны өткiзуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер учаскелерiн ядролық қару сынағының зардаптарын жою жөнiндегi барлық iс-шаралар аяқталғаннан және кешендi экологиялық тексеру жүргiзiлгеннен кейiн ғана, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болғанда меншiкке немесе жер пайдалануға беруi мүмкiн.
Аталған аумақтарда ядролық қару сынақтарының зардаптарын жою жөнiндегi iс-шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi, жер ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөнiндегi республикалық және облыстық бағдарламаларда және басқа да арнаулы бағдарламаларда көзделедi.
Радиоактивтi ластануға ұшыраған жердi мәжбүрлеп иеліктен шығару мен қорғау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Топырақты қорғауға жерді дұрыс әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді, басқа да жерге байланысты қоғамдық қатынастарға реттеуде мынандай құжаттарды ескеру өте қажет: Жер кодексі, Жер қойнауы, Орман кодексі, Су кодексі, Жер салығы, Жер реформасы туралы заңдар, Жерді өмір бойы мұраға қалдырып келісуге құқық беретін мемлекеттік акт, Жерді тұрақты келісуге құқық беретін мемлекеттік акт, Жерді тұрақты пайдалануға құқық беретін мемлекеттік акт, Жерді уақытша пайдалануға және оны жалға алуға қүқық беретін мемлекеттік актілерді шарттарды тіркеу, беру (ауыстыру) және сақтау тәртіптері.
Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде, жерді пайдалану мен қорғау бұл жерлерді нысаналы мақсатта пайдалану мен қорғау заңдылықтарын сақталуына бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Жерді нысаналы мақсатта пайдалану жүйесіне табиғи ресурстарды сақталуын, өсімдіктер және жануарлар қамтамасыздандыру, геологиялық жұмыстардың және басқа да қоршаған ортаның компоненттерін заңға сәйкес және заңда көрсетілген тәртіптерде жүзеге асырылуы арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар белгілі уәкілетті тұлғалар осындай жер заңдарын бұзғандығы үшін және азаматтар мен жерді пайдаланушылардың міндеттерін бұзғандығы үшін жауапкершілікке тарту арқылы, тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер пайдаланушылар мен жердің меншік иесі жер заңдары арқылы жүктелінген міндеттерді орындауға міндетті болады. Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығы үш тұрғыдан туындайды. Жердi қорғаудың мiндеттерi: жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Жердi қорғау мақсаттары:
1)
өндiрiстiң экологиялық
2)
тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту
мен қалпына келтiрудi
3)
жердi оңтайлы пайдаланудың
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. «Жер туралы заңнамалар». Алматы, 2009 ж
2. Интернет материалдары: http//www.google.kz.
3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. – Алматы:ЮРИСТ, 2010.
– 100 б
4. Сейфуллин Ж.Т, Сейтхамзина Г.Ж. Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу. –Астана, 2005. – 188 б.
Информация о работе Жер пайдалану мен қорғауды экологиялық ынталандыру