Мемлекеттік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:07, реферат

Описание работы

Мемлекеттік бақылау бұл жерді ұтымды пайдалу мен жерді қорғау мақматындағы жер заңнамасын орындауға бағытталған шаралар жүйесі. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз – топырақты сақтауды, өсімдік пен жануар дүниесін ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді, қоршаған ортаға әсер ететін кері процестерді шектеуді көздейтін жүйе. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау ҚР-ның Конституциясында, Жер кодексінде және нормативтік актілерде белгіленген ережелерге сәйкес мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың ҚР жер заңнамасын орындаулы

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Работа содержит 1 файл

ref.doc

— 35.50 Кб (Скачать)

Жоспар

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттік бақылау  бұл жерді ұтымды пайдалу мен  жерді қорғау мақматындағы жер заңнамасын орындауға бағытталған шаралар  жүйесі. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз – топырақты сақтауды, өсімдік пен жануар дүниесін ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді, қоршаған ортаға әсер ететін кері процестерді шектеуді көздейтін жүйе. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау ҚР-ның Конституциясында, Жер кодексінде және нормативтік актілерде белгіленген ережелерге сәйкес мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың ҚР жер заңнамасын орындаулы ҚР заңнамаларын бұзушыларын табуды және жоюды, азаматтармен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтауды, жер кадастрын жүргізу мен жерге орналастырудың дұрыстығы және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Жер кодексінің 144-ші бабына сәйкес ЖҚПМБ-ның міндеттері – меншік иесі және жер пайдаланушылары  жерді құнарсызданудаан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті, ауыл шаруашылық жерлерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан қорғау, жерді сақтау мен пайдалануға бағытталған іс-шаралар жүргізу жүйесі.  Мемлекеттік бақылау объектісі – ҚР – ның барлық жер қоры болып табылады. Мемлекеттік бақылаудың мақсаттары төменгі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады:

  • жер заңнамасын орындау;
  • ҚР-ның жер заңнамасын бұзуды айқындау мен жою;
  • Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру;
  • Жер учаскелерін пайдалану тәртібін орындау;
  • Жер кадастрын, жерге орналастыруды жүргізу дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • Жерді қорғау мен ұтымды пайдалану бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

Мемлекеттік бақылау  жерді қорғау мен ұтымды пайдалануға  ғана бағытталмай, сонымен қатар  өндіріс орындар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын жерді ұтымсыз пайдаланған үшін  жауапкершілікке тартады және жеке тұлғалар берілген жер учаскелерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылауды жүргізетін органдарға байланысты бақылау екі түрге бөлінеді:

 

1)мемлекеттік

2)қоғамдық

ЖҚПМБ-ны жүзеге асыратын органның функциялары Жер кодексінің 147-ші бабына анықтап жазылған.

Мемлекеттік бақылау  үкімет, басқарудың мемлекеттік атқарушы органдарымен, заңдардың орындаудың бақылайтын арнаулы бақылау органдарымен, және арнайы ведомстволық қызметтердің органдарымен жүргізіледі.

Қоғамдық бақылау, әдеттегігей, қоғамдық бастамада белгілі тұлғалардың  олардың негізгі жұмыс міндеттерін  орындаудан тыс қосымша жүктемесі  ретінде жүргізіледі. Бұл ретте құқықтық салдарлар екі жағдайда да бірдей орындалуға міндетті.

Бақылау келесі кезеңдерден  тұрады:

  • Камералдық дайындық жұмыстары,
  • далалық жұмыстары,
  • далалық зерттеулер
  • бақылау нәтижелерін  безендіру.

 

Камералдық дайындық кезінде: жердің құқықтық шаруашылық жай-күйі туралы, оның сапасы, мақсатты тағайындалуы және т.б. Барлық керекті құжаттар мен материалдарды  жинақтайды.

Жұмыс мазмұны  байланысты, сонымен қатар қойылып отырған  мақсаттарға байланысты бақылаудың 3 түрі бар:

1)алдын-ала жүргізілетін  бақылау

2)ағымды

3)кейінгі

  1. алдын-ала жүргізілетін бақылаудың мысалы ретінде жобалардың сараптамасын алуға болады, мұндай бақылау түрі кезінде жобалық шешімдердің ғылыми негізделген ұсыныстарға, нормаларға сәйкестігі қаралады.
  2. Ағымдағы бақылаудың іс-әрекеттерінің бірі жобаны жүзеге асыруды авторлық қадағалау және бақылау болып табылады. Жоба қаншалықты сапалы жасалса да, оны жүзеге асырмау немесе  айналадағы табиғи ресурстар үшін де зиянды жағымсыз өзгерістермен іске асыру кезінде, теріс салдарлардың залалы байқалады. Жобаның жүзеге асырылуын ағымды бақылауға жатқызуға болады.
  3. Кейінгі бақылауға мынадай іс-әрекеттерді жатқызуға болады:

- жерді пайдалануды  талдау:

- кейінгі бақылау берілгендері  келесі нәтижелеріді

- Пайдаланылуының деңгейі;

- Болашақта жерді тиімдірек пайдалануды жоспарлау.

 

 

 

            Бақылауды жүргізу процесінде оларға заңмен берілген құқықтармен міндеттер шегінде бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдана алады. Оларға мыналар жатады:

1) жер туралы заңнама  нормаларының  таңаптарын сақтауды  тексеру;

2)ұйымдастырушылық, экономикалық  техникалық және құқықтық шаралардың, соның ішінде экологиялық сараптама  жүргізудің орындалуын тексеру;

3)заң нормаларын орындамағаны  және тиісіниге орындалмағаны  туралы ескерту:

4)мемлекеттік бақылау  органдарының ұйғарымдарын орындауды және жүзеге асыруды тексеру;

5)жерді пайдалануды  шектеуге, тоқтата туру және тоқтату;

6)жауапқа тарту және  жауапкершілікке тарту үшін және  сот органдарына жерге және  қоршаған ортаға келтірілген  зиянды өтеу туралы талап-арыз  беру үшін материалдарды рәсімдеу:

7)жер заңдарымен және  өзге де заңдармен көзделген  басқа да қызмет түрлерін жүзеге  асыру.

              Жұмыстар көлемі мн бақылау қамтитын аумақты байланысты, сондай-ақ орындаушылар шеңберіне байланысты бақылаудың мынадай түрлеріне бөлуге болады:

1) жалпы мемлекеттік

2) ведомстволық 

3) ішкі шаруашылық 

 

                   Жалпы шаруашылық бақылау мемлекеттік іс-шара болып табылады және мемлекет оны жүргізудің мазмұны, міндеттерін және тәртібін, әсіресе, құжаттамның нысандары мен мазмұнын, есептілік берудің мерзімдерін, бақылау органдарын анықтайды. Бұл тәртіп мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті болып табылады және барлық жерді қамтиды. Мемлекеттік бақылаумен бірге ведомстволық жүргізуді ажеттілік пайда болады. Ол мемлекеттік бақылаумен тығыз байланысты, бірақ нақты ведомство  мен министрліктің бүкіл жері болып табылатын объектімен ажыратылады. Ведомстволық бақылау халық шаруашылығының нақты саласы бойынша нақты мәліметтерді ұсынады. Мәселен, орман шаруашылығын тиімді жүргізілуін анықтау үшін, орман шаруашылығын жүргізушілеріне осы орманды пайдаланушылардың  орманды аумақтарының жағдайын және пайдалануын білу ажет.Қалалық жерлерді тиімді пайдалану, аумақтың салып алынуының түрлері  мен дәрежесінің сипаттамасымен, қала шегіндегі жерлердің жағдайымен іс жүзіндегі пайдаланылуы туралы мәліметтер туралы бойынша анықталады.

                       Ішкі шаруашылық  бақылау жердің нақты меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аумағымен шектеледі және өндірістің негізгі құралы ретінде жердегі шаруашылықтың резервтерін, жерді тиімді және нысаналы пайдаланудың дәрежесін, сондай-ақ, қолданыстағы жер заңнамасын бұзудың нақты фактілерін айқындайды.

                      

                      Уақыт пен үздіксіз бойынша мемлекеттік бақылаудың сипаттары:

1) жүйелі(тұрақты)

2)  Мезгілді (уақыттың  тең аралығынан кейн)

3)біржолғы (уақыттың біраз  аралығынан кейін)

                       Жүйелі бақылау құқық бұзушылықтарды болдырмауға, қажетті шараларды уақытылы қолдануға,  жер заңнамасы сақталмаған кезде құқық бұзушыларды жауаплершілікке тартуға мүмкіндік береді.

                       Біржолғы бақылау үлкен аумақтарда жүргізілуі мүмкін және де ықшам арнаулы міндеттерді шешеді. Ол әдетте осы кезеңге пайда болған экономикалық, әлеуметтік немесе табиғи жағдайларды тудырады.

                       Айқындалған бұзушылықтар мен өзгерістер тек мәтінді құжаттамада емес, сонымен қатра жоспарлы – картографиялық негізінде де көрсету қажет.

                 Бұл аталған іс-шараларды жүзеге асыратын лауазымды адамдар 146 бапқа сәйкес бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

 

Жоғарыда келтірілген  мәліметтерде ЖҚПМБ-ның мақсаттары мен міндері туралы айтылып кетті  және де осы мақсаттары мен міндеттерін  іске асыру шаралары туралы да айтылған. Тағыда қосалқы Жер кодексындағы баптарына сәкес ЖҚПМБ-ны іске асыратын адамдарды, жәнеде мемлекеттік бақылауды жүргізетін органдардың функциялары туралы білдім. Міне осы мәліметтерді қорта келе ойда сұрақ туады «мемлекеттік бақылау не үшін керек,неліктен ол маңызды?». Әрине ол не үшін керек екен деген сұраққа жауап табылға.,бірақ неліктен ол маңызды?

Өзіміз білетіндей кәзіргі  уақытта біз әрқайсымыз жер пайдаланушымыз немесе болашақ жер пайдаланушымыз. Мысалыға  егер мен жер пайдаланушы  болып өзіме жерді үй салуға алып бірақ,ол жерді қоқыс немесе өндіріс қалдықтарын тастайтын болсам мен тек жер кодексін емес сонымен қоса ҚР-ның Экологиялық кодексін бұзушы болып шығамын,кейіннен әкімшілік жауапқа тартылу мүмкін болады. Өйткені мен бұл ісіммен мен тек топыраққа емес,яғни жерге, сонымен қоса экологияга зардап тигізіп отырмын.

Міне сол  себептен мемлекеттік бақылау керек  осындай жағдайларды шектеу үшін. Әрине МБ тек жерді ластаушы адамдармен шектеліп қоймайды. Өзімізге де мәлім  жер пайдаланушылар өз еріктерімен  белгіленген жерден тыс жерлерді өз меншігі қылып алатындығын. Міне осындай мәселерді болдырмауда мемлекеттік бақылаудың маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет

 

 

 

 

  1. «Жерді пайдалану және қорғау мемлекеттік бақылау» Мустафина Н.Қ. Астана – 2008

Информация о работе Мемлекеттік бақылау