Елді мекен жерін аймақтарға бөлу

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 20:59, реферат

Описание работы

Жерді бағалау – пайдаланып жүрген жерлерді олардың құндылығы жөнінен бақылау. Жерді бағалаудың негізгі көрсеткіштері біртұтас жүйені құрайды, онда әрбір көрсеткіш өз белгісіне ие әрі басқалармен қызметтік байланыста болады. Жерді бағалау көрсеткіштері белгілі сапаның 1 га жеріне есептеледі. Бағалау бірлігін бөлу жер бағалық аудандарға бөлу жүйесі және топырақты топқа бөлу арқылы қамтамасыз етіледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
1. Елді мекен жерін аймақтарға бөлу…………………………………………..4
2. Салық салу мақсатымен жерді кадастрлық аймақтарға бөлу сызбаларын әзірлеу……………………………………………………………...6
3. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары………………..9
4. Елді мекен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары арқылы жер учаскесінің бағалық құнын анықтау……………………………………...11
5. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері………………………………………………………………..13
Қорытынды……………………………………………………………………...17
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………

Работа содержит 1 файл

Реферат КЗОиНЗ.docx

— 538.70 Кб (Скачать)

                                                 Мазмұны 
 

Кіріспе……………………………………………………………………………3

1. Елді мекен жерін аймақтарға бөлу…………………………………………..4

2. Салық салу мақсатымен жерді кадастрлық аймақтарға бөлу                           сызбаларын әзірлеу……………………………………………………………...6

3. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары………………..9

4. Елді мекен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары арқылы жер учаскесінің бағалық құнын анықтау……………………………………...11

5. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері………………………………………………………………..13

Қорытынды……………………………………………………………………...17

Пайдаланылған  әдебиеттер……………………………………………………18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

   Жерді бағалау – пайдаланып жүрген жерлерді олардың құндылығы жөнінен бақылау. Жерді  бағалаудың негізгі көрсеткіштері біртұтас жүйені құрайды, онда әрбір көрсеткіш өз белгісіне ие әрі басқалармен қызметтік байланыста болады. Жерді  бағалау көрсеткіштері белгілі сапаның 1 га  жеріне  есептеледі. Бағалау бірлігін  бөлу  жер бағалық аудандарға  бөлу  жүйесі және топырақты топқа  бөлу  арқылы қамтамасыз етіледі.

   Жерді аймақтарға бөлу – жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдалану режимін белгілей отырып айқындау.Жерді аймақтарға бөлудің міндеті: жерді нысаналы мақсатында пайдалануын шектейтін немесе ықпал ететін аумақтардың қасиеттерін анықтау.

   Кадастрлық (бағалық) аймақтарға  бөлу жұмыстары табиғи және  әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалау негізінде әкімшілік аудан бойынша жасалады.Жерді бағалық аймақтарға бөлу жұмыстары жердің кадастрлық құны негізінде іске асырылады.

   Жердің учаскесінің  кадастрлық бағалау құны – мемлекет  жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны. Жер кодексіне сәйкес, төлемақының базалык ставкасы – мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уакытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) кұнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы. Нақты жер учаскесінің құны жердің санаттарына және олардың нысанына пайдаланылуына байланысты, яғни алқаптардың түрі мен топырақтардың үлгісі бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаника, топырақ-мелиорация және басқа зерттеулердің материалдары негізінде анықталады.Түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде, аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органның үсынысы бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі.

   Жер учаскелерінің құнын (жер учаскесін пайдалану құқығын) белгілеуді жергілікті атқарушы органның басшылығымен, азаматтар мен заңды ұйымдардың өтініші бойынша Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеттің аумақтық органдары немесе өндірістік бөлімшелері жүргізеді. Өтініштер жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетке жіберіледі. 
 

  1. Елді  мекен жерін аймақтарға бөлу
 

   Елдi мекендер жерi  мен оның құрамы: қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi.

   Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың  шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.

   Елдi мекендер жерiнiң құрамына:  

    1) құрылыстар алып жатқан әрi көп  пәтерлi және көп қабатты тұрғын  үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi  бар жеке тұрғын үйлер салуға  арналған тұрғын жай салатын  жер; 

   2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда,  қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық  қызмет көрсету, коммерциялық  қызмет объектiлерi, сондай-ақ мектепке  дейiнгi ұйымдар, орта, техникалық  және кәсiптiк, орта бiлiмнен  кейiнгi ұйымдар және жоғары бiлiм  беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу  мекемелерi, ғибадат үйлерi мен  өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар  мен ғимараттар салынған және  соларды орналастыруға арналған  қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын  жер; 

   3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың  жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн  қойма объектiлерi, инженерлiк және  көлiк инфрақұрылымы объектiлерi  салынған және соларды орналастыруға  арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң  санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге  арналған өндiрiстiк құрылыс салатын  жер; 

   4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз,  әуе және құбыр тасымалы жолдары,  инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс  магистральдары өтетiн және соларды  салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;

   5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және  тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 

    6) өзендер, табиғи және жасанды  су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық  және басқа да су шаруашылығы  құрылыстары орналасқан су айдындары  мен акваториялар жерi;

    7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын  жер; 

     8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;

    9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған,  елдi мекендi аумақтық тұрғыдан  дамытуға және өзiндiк қосалқы  шаруашылықты дамытуға арналған  резервтегi және өзге де жер; 

   10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық  қалдықтар тастау орындарын және  арнаулы нормативтер мен ережелер  белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;

   11) қорғаныс қажеттерi үшiн берiлген  және өзге де пайдалану режимiндегi жер кiруi мүмкiн. 

   Елді мекен жері басқа жерден қалалық және ауылдық шекарамен бөлінеді.Әр елді мекеннің бас жоспары болады.Республикалық,облыстық маңызы бар қалаларының бас жоспарын үкімет бекітеді,ал одан кіші қалалардың бас жоспарын облыстық атқару органдары бекітеді.

Ірі қалалардың маңында қала жанындағы аймақтар бөлінеді.Олар қала шекарасының сыртында орналасады,және осы қаламен біртұтас аймақтардың экономикалық,табиғи аймақты  құрайды.Бұл аймақтарға ауыл шаруашылық өндірісі қарқынды дамыған аймақтарды,жасыл  аймақтарды,орман астындағы аймақтарды және қала құрылысын ерекше реттеу аймақтары бөлінеді.

Елді  мекен жерін бағалық аймақтарға бөлу мақсатында елді мекен жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны анықталады. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Салық салу мақсатымен жерді кадастрлық аймақтарға бөлу                           сызбаларын әзірлеу
 

  Кадастрлық  аймақтарға бөлу жұмыстары табиғи  және әлеуметтік экономикалық  жағдайды бағалау негізінде әкімшілік  аудан бойынша жасалады.

Аймақты қалыптастыру кезінде негізгі есепке алу бірлігі ретінде кадастрлық квартал алынады.Кадастрлық аймақтарға бөлу жұмыстары 3 кезеңмен жүргізіледі:

  1. дайындық кезеңі;
  2. аймақтарға бөлу жобасын әзірлеу;
  3. аймақтарға бөлу жобасын рәсімдеу,келісіп бекіту.

   1.Дайындық жұмыстарына мыналар жатады: картографиялық материалдарды,жерді түгендеу,топырақ және геоботаникалық ізденістердің материалдарын инженерлік желілермен,қондырғылармен қамтамасыз етілуі,олардың орналасуы,сумен қамтамасыз етілуі,жолдардың күйі,қоршаған ортаның күйі жайлы материалдарды жинап талдау.

Картографиялық  материал ретінде ауданның кадастрлық картасы алынады,немесе ауданның жобалық  негізі жасалынады.Масштаб М 1:100 000,1:200 000.

   2.Аймақтарға бөлу жобасын әзірлеу.Кадастрлық аймақтарға бөлу жұмыстары аудан территориясын табиғи және антропогенді факторлардың кешені бойынша салыстырмалы түрде бағалау негізінде жасалынады.

Қолайлы факторлар,яғни жер салығының базалық  ставкаларын жоғарылататын коэффициенттер:

  1. жер учаскелерінің қала маңындағы аймақта орналасуы;
  2. көлік және инженерлік желілермен,қондырғылармен жақсы қамтамасыз етілуі;
  3. инфрақұрылымның жағдайы;
  4. өнімді сату нарықтарының қамтамасыз ету базаларының,қызмет көрсету орталықтарының жақындығы.

Салық ставкаларына кері әсерін тигізетін  факторлар:

  1. пайдалану шарттары ерекше аймақтар болса немесе санитарлық қорғау аймақтары болса;
  2. экологиялық жағдайдың нашар болуы;
  3. көлік және инженерлік желілермен,қондырғылармен нашар қамтамасыз етілуі немесе мүлдем қамтамасыз етілмеуі;
  4. өнімді сату нарықтарының қамтамасыз ету базаларының,қызмет көрсету орталықтарының алыстығы.

Бірыңғай  интегралдық көрсеткішті есептеу: 

                         K=k1*k2*k3*k4*k5*k6*k7*k8*….*kn,

мұндағы,

k1 – кадастрлық кварталдың орталығының ауданның орталағынан алшақ орналасуына түзету коэффициенті;

k2 – кадастрлық квартал орталығының облыс орталығынан ірі өндірістік орталықтан өнімді сату нарықтарымен қамтамасыз ету базаларынан алшақ орналасуына түзету коэффициенті;

k3 – жол желісінің сапасына түзету коэффициенті;

k4 – ауыл шаруашылық алқаптарының құрылымына түзету коэффициенті;

k5 – жайылымдардың суландырылуына түзету коэффициенті;

k6 – жайылымдардың сапасына түзету коэффициенті;

k7 – кадастрлық кварталдың қала маңындағы аймақта немесе курорт аймағында орналасуына түзету коэффициенті;

k8 – жерді пайдаланудағы шектеулерге түзету коэффициенті;

kn – басқа да есепке алынбаған шарттарға түзету коэффициенті.

   Жер салығының базалық ставкаларына  түзету коэффициенттерін белгілеу  үшін интегралды көрсеткіштерінің  ауданы бойынша орташа мәнін  есептейді.

Түзету  коэффмцментерінің мәндерін кадастрлық кварталдың интегралды көрсеткіштерін ауданның инетегралдық көрсекішіне  бөліп анықтайды:

                                                 

                                                           

Түзету  коэффициенттерінің мәндері бірдей немесе бір-біріне жақын кварталдарын жеке аймақтарға біріктіреді.

Коэффициенттердің интервалдарын 0,1-0,2 деп алады.Бір аймаққа табиғи экономикалық жағдайы бірдей бірнеше кадастрлық квартал кіруі мүмкін.Сонымен қатар аумағы әртүрлі табиғи экономикалық жағдайда орналасқан бір кадастрлық кварталдың территориясын әртүрлі аймақтарға жатқызуға болады,және аймақтың шекаралары жер бетінде анық көрінуі керек,мысалы,жол,өзен,жер бедерінің басқа ба элементтері.

   Ауылдық елді мекендердің жерін кадастрлық аймақтарға бөлу.

Халықтың  өмір сүруіне жағдайы қолайлы  аймақтарға келесі елді мекендер кіреді:

Информация о работе Елді мекен жерін аймақтарға бөлу