Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:53, реферат
Мүгедектік дегеніміз - адам денсаулығының кемтарлығы мен еңбекке жарамсыздығы ғана емес, тұлғаның қоғамға, ортаға емін-еркін қарым-қатынаста орната алмауында.Әлемде мүгедексіз ел жоқ. Дүние жүзіндегі әрбір он адамның біреуі мүгедек екен. Дүние жүзі елдері бойынша орташа көрсеткіш — 10 пайыз. Ал, Қазақстанда жарты миллионға тарта мүгедек бар десек, бұл халықтың 3 пайыздайын құрайды. Бұл жерде мәселе олардың санының аздығында, немесе көптігінде емес. Басқадай мәселе бар
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Мүгедектердің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Мүгедектік дегеніміз - адам
денсаулығының кемтарлығы мен еңбекке
жарамсыздығы ғана емес, тұлғаның қоғамға,
ортаға емін-еркін қарым-қатынаста орната
алмауында.Әлемде мүгедексіз ел жоқ. Дүние
жүзіндегі әрбір он адамның біреуі мүгедек
екен. Дүние жүзі елдері бойынша орташа
көрсеткіш — 10 пайыз. Ал, Қазақстанда жарты
миллионға тарта мүгедек бар десек, бұл
халықтың 3 пайыздайын құрайды. Бұл жерде
мәселе олардың санының аздығында, немесе
көптігінде емес. Басқадай мәселе бар.
Ол –экономикалық, әлеуметтік мәселелер.
Осыдан екі жарым жылдай бұрын Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің
құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік
қаулысына қол қойып, одан соң мүгедектердің
құқықтарын сақтаудың халықаралық стандарттарына
көшуді бастауға тиіс болатын. Және осы
мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының
Мәжілістегі фракциясы жанындағы әлеуметтік
кеңес пен партияның парламенттік институтының
ұйымдастыруымен дөңгелек үстел басында
әңгіме өткен-ді. Онда мүгедектердің құқықтарын
сақтауда халықаралық стандарттарды жүзеге
асыру мақсатында заңнамалық, экономикалық
және әлеуметтік міндеттер белгіленіп,
Үкіметке ұсынымдар берілген-ді. Өкініштісі
сол Үкімет «мүгедектердің құқықтарын
сақтаудың халықаралық стандарттарына
көшуден басқа аса маңызды міндеттер бар,
әуелі соны шешейік», десін, жалпы мүгедектерге
деген көзқарастың салқыны болсын, әйтеуір,
ол ұсынымдар негізінен қағазда қалған-ды.
Сонымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік қаулысына қол қойылғанға дейінгі мүгедектерге салқын көзқарас өзгере қойған жоқ. Сондай-ақ, олардың құрамы бойынша алаңдатарлық жай бар. Яғни, бірінші, екінші топтағы мүгедектердің үлес салмағы 60 пайыздай құраса, оның 70 пайыздан астамы — еңбекке қабілетті жастағылар. Әрбір бесінші бала мүгедек десек, бүгін балалардың 32,6 пайызы — тумысынан кемтар. Айтар болсақ, мүгедектіктің жасару тенденциясы байқалады.
Қазақстанда 450 мыңға жуық мүгедек бар. Оның ішінде бірінші жалпы, кәсіби, өндіріс жарақатынан болған және бала жасынан мүгедектер — 37 мың (8 пайыз), екінші топтағылар — 192 мың (43 пайыз) және үшінші топтағылар — 147 мың адам (33 пайыз).
Қазақстан Республикасының мүгедектігі, асыраушысынан айырылғаны үшін және жасына байланысты мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы.Заңға сәйкес оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің тиісінше 1,36; 1,06 және 0,74 көлемінде жәрдемақы тағайындалған. Осылайша мүгедектердің жартысына жуығы ең төменгі күнкөріс деңгейінде әлеуметтік жәрдемақы (2010 жылы оның көлемі 14952 теңге) алса, үштен бірінің жәрдемақысы одан төмен — (11 мың теңге).Жылдан-жылға өсіп бара жатқан коммуналдық қызмет төлемдерінің ең төменгі күнкөріске кірмейтіні белгілі. Ол төлемдер бүгін қалалардағы бір бөлмелі пәтер үшін 8-10 мың теңгеге жетті. Арнайы әлеуметтік жәрдемақылар (үшінші топтағы мүгедектер үшін орта есеппен 848 теңге және екінші топтағы мүгедектер үшін 1979 теңге) шын мәнінде олардың материалдық жағдайын жақсартпайды.
Бізде мүгедектер де қоғамның мүшелері, бірақ қазіргі қоғамда әлеуметтік инфрақұрылымдар солардың талап-қажетіне ықшамдалмаған. Мың жерден институт жаса, мың жерден жұмыс орнын аш, егер мүгедек адам үйінен шыға алмаса, мына көшемен жүре алмаса – жаңағының барлығы еш қажетсіз боп қалады. Сондықтан, меніңше, біздегі ең маңызды мәселе – ол мына әлеуметтік инфрақұрылымды мүгедек жандардың талап-тілегін де ескере отырып түзету керек. Мүгедектер білім алуға құқылы. Бірақ жоғары оқу орындары мұндай студенттерді қабылдауға бейімделмеген. Ол жерде тіпті мүгедектерге арналған арнайы әжетханалар да жоқ. Мүгедектердің жұмысқа орналасуға құқықтары бар. Еңбекке қабілетті мүгедектердің 95 пайызы жұмыссыз, ал 5 пайызы нашар көретін, нашар еститін жандарға арналған арнайы кәсіпорындарда жұмыс істейді. Олардың ішінде тек санаулылары ғана еркін еңбек нарығында орын таба алған. «Еркін» деп шартты түрде айтуға болады, оларды жұмысқа, әдетте, туысқандары мен достары алады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс беруші оны жұмысқа алмау үшін мыңдаған сылтаулар іздеп табады.
Біріншіден, мүгедектің жүріп-тұруына кедергі болып, қолайсыздық келтіретін мына айналадағы бөгеттерді алу, сөйтіп мүгедек адамның он екі мүшесі сау кісімен бірдей дәрежеде болуына жағдай туғызатын іс-шаралар мен жұмыстарды атқаруды жолға қойғанда ғана біз нәтижеге қол жеткізе аламыз. Яғни, түрлі пандустар орнату, үйді де, көшені де мүгедек адамдардың талабына сай жасауға болады.
Алайда заң көбінесе қағаз жүзінде орындалады. Мәселен, пандустың дұрыс жасалмағаны үшін жауапкершілік қарастыратын норма бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы норманың орындалуын қадағалауға міндетті және норма бұзылған жағдайда 40-тан 600 мың теңгеге дейін айыппұл салуы керек. Осы органның қызметкерлері мұнымен айналысуға уақытымыз жоқ деп, бұл функцияны міндетті емес деп есептейтін секілді. Сөйтіп, толыққанды пандустың орнына, қысқа ғана тіп-тік етіп еңіс жер жасалады. Құрылысшыларды бұл үшін ешкім де жазаламайды. Дыбысты бағдаршамдарға да қатысты осылай. Оларды бағдаршамды ауыстырып жатқан немесе жолдарын жөндеп жатқан жерлерге қоюдың қажеті жоқ. Олар халыққа қызмет көрсету орындарының, әкімдіктердің, емханалардың, оңалту орталықтарының маңында мүгедектерге өте қажет болады. қазір елде көптеп салынып жатқан ғимараттарды, заң бойынша, егер ол мүгедектерге ыңғайландырылып жасалмаса, ондай ғимараттарды қабылдамау керек. Ал бізде қабылдап алып жатыр.
Проблеманың басқа да жақтары бар: бала күнінен өз қызметінің шектеулі екендігіне үйренген кейбір мүгедектердің өздері білім алу мен жұмысқа орналасу мәселелеріне енжар қарайды. Оларға өзін өзі жоғары бағалау және т.б. курстар керек.мүгедектерге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер жүйесін құру қажет. Әлеуметтік көмекшілер мүгедектердің қолдары, аяғы, құлағы мен көзі болуы керек. Сол кезде олардың өздері де белсенді болып, кітапханаларға, концерттерге және т.б. жерлерге бара бастайды.
Ал егерде
,Мүгедектердің жұмысқа орналасу проблемасына
тоқталатын болсақ. Жұмыс берушілер
еңбекке қабілеті шектеулі жандарды жұмысқа
қабылдағысы келмейді. Одан жұмыстан тыс
уақытта жұмыс жасауды өтіне алмайды,
іссапарға жібере алмайды, ол үшін тіпті
арнайы жағдай жасауы керек болады.
Заң бойынша өндірісте мүгедектерге
арналған үш пайыздық квота қарастырылған.
Бірақ бұл ережені ұстану жұмыс беруші
үшін қаншалықты тиімді екені белгісіз.
Батыста бірнеше шаралар жұмыс істейді:
бірінші - жұмыс берушілер үшін жеңілдік
түрінде салық шаралары, екінші шара –
мемлекет жұмыс берушіге мүгедекті жұмысқа
орналастыру шығындарын өтейді, ол үшін
арнайы жабдық сатып алады, жұмыс орнын
жарақтайды, дәретхананы қайта жасайды;
үшінші шара – мүгедек үшін медициналық
және әлеуметтік сақтандыруды өтейді.
Осы тәжірибені қабылдау қажет. Оның үстіне,
сау адамдарға қарағанда мүгедектер жұмысқа
қабілетті боп келетін өндірістер де бар.
Мәселен, психикалық дамуы кешеуілдеген
мүгедек бір сарынды жұмыстарды жақсы
жасайды. Бұл еңбек оның психикасына әсер
етпейді. Есту қабілеті бойынша мүгедек
шулы өндірісте анағұрлым жақсы еңбек
етеді. Оған кәсіби сырқат қаупі төнбейді.
Информация о работе Мүгедектердің еңбегін реттеу ерекшеліктері