Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 17:39, реферат

Описание работы

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болған және болып қала береді, ол халықтың әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін, халықтың әлеуметтік жағынан алғанда осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу жолымен көтеруге бағытталған.

Работа содержит 1 файл

Джаңбырбаева Ф..docx

— 18.33 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министірлігі

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік 

Технологиялар және Инжиниринг Университеті

                                 «Экономика және Құқық» Институты

«Құқықтану» кафедрасы

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

 

 

 

   Пәні: ҚР Еңбек құқығы

  Тақырыбы: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: ЮС-10-3 тобының

студенті Джаңбырбаева Ф.М.

          Рецензент:Беспай Т.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау – 2012 ж.


Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығының қағидалары

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру  және әлеуметтік қорғау мемлекеттің  әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының  бірі болған және болып қала береді, ол халықтың әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін, халықтың әлеуметтік жағынан алғанда осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу жолымен көтеруге бағытталған.

Әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесі зейнетақы жүйесін, мүгедектік пайда болған кездегі, асыраушысынан  айырылған жағдай бойынша, жасы бойынша  әлеуметтік қамсыздандыруды, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік қызмет көрсетулер жүйесін қамтиды. Оның қатысушылары арасындағы ынтымақтастықсыз қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақылық жүйе болып табылады.

ҚР Конституциясымен Қазақстан  Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келгенде, ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылғанда және өзге де заңдық негізде әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі.

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап  Қазақстан Республикасында зейнетақы  жүйесін реформалау жүзеге аса  бастады. Азаматтарға зейнетақымен  қамсыздандырудың тең құқығын  беру принциптеріне негізделген  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен  қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы (әрі қарай - Заң) қабылданды.

Республикада 2006 жылдың соңына қарай Мемлекеттік зейнетақы  төлеу орталығынан зейнетақы  алатындардың саны 1638,6 мыңнан астам  болған. Мемлекеттік базалық зейнетақылық төлемді 1660,2 мың адам алған.

Зейнетақының ең төменгі  мөлшері 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 6700 теңгені құраған. 2006 жылғы зейнетақы  төлемдерінің орташа мөлшері - 9912 теңге. Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі  мөлшері базалық зейнетақы төлемін  есепке алғанда 9700 теңгені құраған. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері  базалық зейнетақыны есепке алғанда 12912 теңгені құраған.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері  жыл сайын индекстеліп, көтеріліп  отырады. Зейнетақы төлемдерін бұрынғы  еңбек өтіліне қарай дифференциалды арттыру жүзеге асырылды, ол миллионнан астам адамды қамтыды. Күш құрылымдары  ардагерлерінің зейнетақылары да өсті. Елдегі барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер өз уақытында, ай сайын төленіп  тұрады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына  Жолдауында зейнетақының мөлшерін бұрынғы  еңбек үлесіне сүйеніп анықтаған  кезде әділдік орнату үшін зейнеттік  заңнамада көзделген зейнетақыны  есептеу үшін ескерілетін табысты  шектеу 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгереді, ол 15 мәрте айлық есептік  көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылады  деп атап өтті. Бұл ретте ортақ  сипаттағы зейнетақының орташа мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға дерлік артады. Ортақ сипаттағы зейнетақының ең жоғары мөлшері 2008 жылы 21 713 теңгеге  дейін, немесе 76%-ға өседі.

Сол сияқты Заңмен барлық жұмыс  істеуші азаматтардың жинақтаушы зейнетақы  қорларына міндетті зейнетақылық жарналар аудару есебінен зейнетақы жинақтарын құру құқығы бекітілген.

Сонымен қатар, агенттердің (жұмыс берушілердің) қызметкерлердің  кірісінен ұсталатын міндетті зейнетақылық жарналарды өз уақытында аудармау оқиғалары  бар.

Заңның 22-бабына сәйкес агенттің міндетті зейнетақылық жарналарды, сондай-ақ өсімдерді өз уақытында ұстауына (жазуына) және аударуына бақылау  салық органдарына жүктелген, соған  байланысты осы мәселе бойынша азаматтардың шағымдары мәлімдеушілерге заңнама  нормаларын түсіндіре отырып, тиісті органдарға жіберіледі.

Ел Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына  Жолдауында ана мен баланы әлеуметтік қорғауға ерекше мән бере отырып, Үкіметке 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап баланың  тууына байланысты біржолғы мемлекеттік  жәрдемақы мөлшерін 34740 теңгеге дейін  немесе 2 есе арттыруға тапсырма берді. Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы  жәрдемақылар едәуір өсетін болады. Жұмыс  істейтін әйелдердің декреттік демалыста  және бір жасқа толғанға дейін  нәресте күтімі жөніндегі демалыста  жүрген кезінде зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беретін болады.

1998 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша «Жерасты және  ашық кен жұмыстарында, еңбек  жағдайлары ерекше зиянды және  ерекше ауыр жұмыстарда істеген  адамдарға берілетін мемлекеттік  арнайы жәрдемақы туралы» ҚР  Заңында белгіленген жұмыс өтілі  бар азаматтар мемлекеттік арнайы  жәрдемақы алуға құқылы.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы  алатындарға зейнет демалысы жасына жеткен кезде аталған жәрдемақыны  алу немесе зейнетақы заңнамасына  сәйкес зейнетақылық төлемдер тағайындау арасында таңдау жасау құқығы беріледі.

Қазақстан Республикасының  Президентінің тапсырмасымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 Тізім бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зиянды және ауыр еңбек жағдайында өз өтілдерін  өтеген адамдарға 8 айлық есепті көрсеткіш  мөлшерінде арнайы жәрдемақылар төленетін  болады.

«Қазақстан Республикасында  мүгедектігі бойынша, асыраушысынан  айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетелдіктер және Қазақстан  Республикасында тұрақты тұратын  азаматтығы жоқ адамдар мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу  бойынша және жасы бойынша базалық  мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алуға  құқылы.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесіне кіреді және мүгедектікке, асыраушысынан  айырылуына және жасына байланысты оны  алуға зәру азаматтарға мерзімді төленіп тұратын ақша қаражаты болып  табылады.

Жоғарыда аталған Заңға  сәйкес мүгедектерге мүгедектік тобына және сырқатының себептеріне қарай  мүгедектігі бойынша базалық  мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалады, ол жұмыс өтіліне және орташа айлық  табысына тәуелсіз болады.

Сонымен қатар, заңнамада  белгіленген зейнет демалысы жасына толған кезде мүгедекке мемлекеттік  базалық зейнетақылық төлем тағайындалады.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы  алатындардың орташа жылдық саны 645,5 мың  адамды құраған. Мемлекеттік арнайы жәрдемақының орташа мөлшері 7745 теңгені  құраған, оның ішінде мүгедектік бойынша - 8057 теңге, асыраушысынан айырылу  бойынша - 7369 теңге, жасы бойынша - 3990 теңге.

«Қазақстандағы адамның  құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы бойынша  әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелері бойынша сұрақ берілген респонденттердің 63,2% азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру  құқықтарын қорғау саласындағы ахуалға  оң баға бергені, 27,7% теріс баға бергені, 9,1% жауап беруден қиналғаны анықталды. Алынған нәтижелер азаматтарды  әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы  ахуалдың, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттің  қолданған шаралары тиімділігінің  жақсарғанын көрсетеді.

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру  туралы» ҚР Заңына сәйкес республикада  міндетті әлеуметтік сақтандыру  жүйесі енгізілген.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің негізгі мақсаты - әлеуметтік қатер тууы: жұмыс қабілетін  жоғалту, асыраушысынан айрылу және жұмыстан айрылу нәтижесінде жоғалтқан  кіріс бөлігін өтеу болып табылады.

Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен қорғалуы үшін негіз қалау және жұмыс берушілердің өндірістегі бақытсыздық жағдайларының  алдын алудағы, өндірістегі еңбек  ету жағдайы мен қауіпсіздігін  жақсарту мәселелеріндегі, сондай-ақ заңды  тұлғаның қызметін тоқтатқан жағдайда қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселесін  реттеудегі мүдделілігін арттыру мақсатында «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн  атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушiнiң  азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн  мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заңнамалық базасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында  мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»  ҚР Заңы (әрі қарай - Заң) мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, оларға өмір сүру мен қоғамға кірігудің  тең мүмкіндіктерін құрудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық шарттарын  анықтайды.

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №17 қаулысымен Заңның нормаларын жүзеге асыру жөніндегі нақты  іс-шаралар кешенін көздейтін  Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен  бөлінетін жалпы шығындар 25 345,5 млн. теңге мөлшерінде, соның ішінде республикалық бюджеттен - 8 166,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 17 179,5 млн. теңге көзделген.

Заңға сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын жалпы  жұмыс орындары санының 3% мөлшерінде белгілейді, жеке кәсіпкерлікті, шағын  және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша  жұмыс орындарын құрады, арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын  құрады.

Алайда аталған жұмыстарды әкімдіктер нашар жүргізеді. Жергілікті органдардың 2006 жылғы 4 тоқсандағы есебіне  сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді сұрап өтініш жасаған мүгедектер саны 2792 адамды құраған. Олардың ішінде аталған кезеңде жұмыспен қамтылғандар 1661 адам (59,5%).

Мүгедектердің әлеуметтік-мәдени және көлік инфрақұрылымы объектілеріне  қол жеткізуімен байланысты құқықтары  сақталмайды.

Мүгедектердің әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілеріне қол  жеткізуін, шаруашылық жүргізуші субъектілерде  жұмыс істеуін және кәсіпкерлік  қызметпен шұғылдануын қамтамасыз етуге бағытталған тең мүмкіндіктер саясатын іс жүзінде ілгерілету мынандай шараларды жүргізуді талап етеді:

- арнайы құрылғылар, көмекші  құралдар: пандустер, съездер, кең  лифтілер, қия жолдар жасау, оларды  мүгедектер тұратын жерден бастаған  жөн, сосын қоғамдық сипаттағы  барлық мекемелерге тарату қажет;

- мүгедектік түрлері әртүрлі  адамдарға қол жетімді және  арнайы жабдықталған қоғамдық  көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз  ету;

- мүгедектердің, әсіресе  ауылды жерлерде тұратын мүмкіндігі  шектеулі балалардың, сондай-ақ мамандандырылған  мекемелердегі ұсталатын балалардың  білім алуға жан-жақты қол жетуін  қамтамасыз ету;

- халықты мүгедектік проблемалары  бойынша ақпараттық ағарту;

- мүгедектерді жұмыс қамтитын  мамандандырылған өндірістік кәсіпорындар  үшін кәсіпкерлік саласындағы  барынша қолайлы режим қалыптастыру;

- мүгедектердің сұраныстары  мен мүмкіндіктерін ескеретін  икемді және баламалы жұмыс  істеу шартын енгізуге және  реттеуге жағдай жасайтын шаралар  кешенін әзірлеу;

- мүгедектердің кәсіпкерлік  қызметін шағын несиелер беру  мен шағын және орта бизнестің  басқа да бағдарламаларын дамыту  жолымен көтермелеу.


Информация о работе Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары