Әйел және еңбек: ақиқат, мәселелер және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:55, доклад

Описание работы

Тәуелсіздік жылдары еліміз Президент Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттарын түбірінен реформалау нәтижесінде әлеуметтік қорғау саласында біршама жетістіктерге қол жеткізді.
Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатынын бәріміз білеміз. Ал оның маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі халықты әлеуметтік қорғау ішкі саясаттың негізгі басымдықтарына жатады.

Работа содержит 1 файл

Әйел және еңбек.docx

— 28.33 Кб (Скачать)

Әйел және еңбек: ақиқат, мәселелер және оларды шешу жолдары

 
Тәуелсіздік жылдары еліміз Президент Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттарын түбірінен реформалау нәтижесінде әлеуметтік қорғау саласында біршама жетістіктерге қол жеткізді. 
Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатынын бәріміз білеміз. Ал оның маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі халықты әлеуметтік қорғау ішкі саясаттың негізгі басымдықтарына жатады. 
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы басты бағыттардың бірі жанжалды жағдайлардың алдын алудың, реттеу мен шешудің әділетті заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың барлық жүйесінің қызметін қабылдап, ұтымды іске қосу болып табылады. 
Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында Парламент Мәжілісінде қарауда жатқан әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша, оның ішінде жүкті әйелдердің мүддесін қорғауда мемлекет пен жұмыс берушілердің жауапкершілігін бөлуге қатысты заң жобасына енгізілетін түзетулер кеңінен талқылануда. 
Елімізде кең ауқымда жүргізілген еңбек рыногының қалыптасуы, еңбек қатынастарының өзгеруі халықтың барлық топтарындағы еңбек тәртібіне өз әсерін тигізді. Отандық шаруашылық жүйесінің әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға өтуі барлық қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әлеуметтік еңбек саласындағы қатынастарды қайта қарастыруды қажет етті. 
Еңбек қатынастары саласындағы халықтың әлсіз санаттарының бірі – әйелдер. Әйелдер жұмыс күші рыногының ерлер жұмыс күші рыногынан дәстүрлі айырмашылығы да бар. Бұл айырмашылықтар көбіне еңбек тәртібіндегі гендерлік ерекшеліктерге әкелген әйелдердің репродуктивті қызметімен, әйелдер мен ерлердің отбасылық міндеттемелеріндегі ерекшеліктерімен айқындалды. 
Әйелдер еңбегі үшін құқықтық негіз отандық еңбек заңнамасында қаралған. Бұл жерде Қазақстан 2007 жылы кодификацияланған құқықтық акт – Еңбек кодексін қабылдау арқылы құқық шығармашылығының озық тәжірибелерін қарастырғанын атап өткен жөн. Еңбек кодексінің қабылдануы еңбек қатынастары саласында, оның ішінде әйелдер еңбегін ұйымдастыру бөлігінде жаңа сапалы кезеңді қамтыды. Бұл бағытта Еңбек кодексіндегі «Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері» туралы арнайы 17-тараудың болуын айтсақ та болады. Бұл тарауда ауыр жұмыстарда әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салу; жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүкті әйелдермен жасалған еңбек шартын тоқтатуды шектеу; жүкті әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша ұзақтығы 18 апта болатын демалыс беру және т.б. көзделген. 
Жұмыс істейтін әйелдердің мүдделерін қорғау үшін Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) «Ананы қорғау туралы» № 183 Конвенциясын 2012 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасының ратификациялауы өте маңызды. Конвенцияда қарастырылған маңызды әлеуметтік индикаторлар бойынша Қазақстан Конвенцияда белгіленген нормалардан асып түсті. Мысалы, жүктілігі және босануы бойынша еңбек демалысының төменгі ұзақтығы Конвенция бойынша 14 аптадан кем емес, ал Қазақстанда – 18 апта. Сонымен бірге Конвенцияда жүктілігі және босануы бойынша ақшалай жәрдемақының төменгі деңгейі алдыңғы жалақыларының үштен екі бөлігінен кем емес, ал Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әйелдердің жүз пайыз еңбекақысы қайтарылады, ал кейбір жағдайларда ең төменгі жалақының (ЕТЖ) он еселенген мөлшерінен аспайтын табыстан әлеуметтік аударымдар (сақтандыру жарналары) төленетіндіктен, тіпті сақтандырылмаған жалақыдан жүз пайыздан аса көлемі қайтарылады. 
Әлемнің көптеген елдерінде «классикалық әлеуметтік сақтандыру» аса сенімді және сыналған құрал, сонымен қатар қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың сенімді тетігі болып табылады. Осыған байланысты шектелген ынтымақтастыққа, төлемдердің сәйкестілігіне және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік сақтандырудың рөлі едәуір артты. 
2005 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Мемлекет басшысының 2008 жылғы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қосымша ана мен баланы әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. 
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс берушілердің жалдамалы жұмысшылар үшін Қорға әйелдерге және ерлерге 10 ЕТЖ шегіндегі немесе 174 390 теңге мөлшеріндегі табыс сомасынан есептелген ай сайын әлеуметтік аударымдар төлеуді көздейді. Бірақ, тек репродуктивті жастағы жұмыс істейтін әйелдер жүктілігі және босануы бойынша Қордан әлеуметтік төлем алушылар болып табылады. 
Сондықтан, Қордан тиесілі әлеуметтік төлемдер мөлшері жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеуіне байланысты болады. Бүгінде көптеген әйелдердің жұмыс берушілердің жауапсыздығынан, яғни әлеуметтік аударымдарды уақытында төлемеуінен, Қордан декреттік демалыстарының ақшасын толық ала алмау жағдайлары кездесіп отыр. Бұл жағдай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар бойынша берешек болса, онда ол оны кез келген уақытта өсімақысымен қайтара алатындығымен байланысты болып отыр. Ал егер бұл қайтару әйел декреттік демалысын алғаннан кейін болса, онда ол жауапсыз жұмыс берушіден жапа шеккен болып табылады. Өйткені, жалпыға белгілі сақтандыру қағидаттары бойынша сақтандыру жағдайы туғаннан кейін сіз артық сақтандыру төлемін алу үшін қосымша жарна төлей алмайсыз. 
Осылайша қазіргі уақытта әлеуметтік сақтандырудың алдында әйелдер мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастарын жақсартуға, олардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға байланысты жетілдіруді қажет ететін кең ауқымды міндеттер тұр. Осыған байланысты сақтандыру қағидаттарының сақталуына, жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындаудағы әлеуметтік әділеттілікке бағытталған «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. Осылайша әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына қол жеткізу үшін мемлекет, бизнес және азаматтар арасында тығыз байланыс болуы қажет. 
Қазіргі уақытта кейбір жұмыс берушілердің жүкті әйелдерді немесе балалы әйелдерді астыртын кемсіту фактілерінің бар екені жасырын емес. Жүкті әйелдерді жұмыстан шығару фактілерін Мемлекет басшысы, Президент Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 3 шілдесінде Астана қаласында өткен Индустриялық форумда сөйлеген сөзінде «басшылар үшін масқаралық» деп атады. 2008 жылдан бастап декреттік демалыстар Қордан төленіп отырса да, жұмыс берушілер тарапынан бала тууға қабілетті жастағы әйелдерді кемсіту проблемалары кездесуде. Осыған байланысты заң жобаларын талдай отырып, мемлекет, қоғам және жеке тұлғалардың мүдделері арасындағы теңдік қамтамасыз етілуі қажет. 
Қорыта келе, Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру әйелдер еңбегін түбірінен жақсартуға, жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға және тұтастай алғанда, тәуелсіз Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосады.


Информация о работе Әйел және еңбек: ақиқат, мәселелер және оларды шешу жолдары