Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:36, доклад
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Мәселен, экономикалық белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8 415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Мәселен, экономикалық белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8 415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған. Көрсетілген сандардың талдауы, жыл сайын экономикалық белсенді халықтың саны артып келе жатыр деген тұжырымға әкеледі.
ҚР заңнамасына сәйкес, ұйымдарда өндірістік практикадан өтіп жүрген жоғары немесе орта кәсіби білім беру мекемелері студенттерінің; бас бостандығынан айыруға үкім кесілген және еңбек етуге тартылған адамдардың, және т.б. еңбегі қорғалуы тиіс екендігін есепке алу қажет.Сонымен бірге, еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.Денсаулық дегеніміз – адамның психикалық, дене және әлеуметтік әл-ауқаты. Ол адамның және жалпы алғандағы қоғамның ең үлкен құндылығы болып табылады. Еңбектің жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту – еңбек етушілердің денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды құралы .
Еңбекті қорғау қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетеді, -мысалы, экономикада еңбекті қорғау қаржыландыру нысаны болып табылады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындарға арнайы баптар бөлінеді. Еңбекті қорғау медицинамен аса тығыз байланысты. Ұйымдағы еңбекті қорғаудың жай-күйі қызметкердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Медицинада қызметкерлердің денсаулық жағдайына қандай да бір өндірістік факторлардың жасайтын ықпалына, кәсіби аурулардың немесе жарақаттардың белгілі бір өндірістегі еңбек үдерісімен байланыстылығына көңіл бөлінеді.Техникалық ғылымдарда қандай да бір машиналардың, техникалық құрылғылардың, жабдықтардың және басқа да өндіріс құралдарының қолданылуының әр түрлі ережелері әзірленеді, сондай-ақ бірлікте және өзара ықпалдастықта қарастырылатын адам-машина жүйесі зерделенеді.Саяси тұрақтылық, өзге факторларды есептемегенде, сондай-ақ тиісті мемлекеттің аумағында еңбектің қалыпты жағдайларының қамтамасыз етілу деңгейіне де байланысты болады.
Кезінде Л.И.Левитин атап көрсеткендей, еңбекті қорғауды дамыту ісінде техникалық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласындағы, соның ішінде, тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің неғұрлым тиімді жолдары мен формаларын анықтауға, заңнаманы жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге, қандай да бір нормативтік актінің қабылдануының практикалық нәтижелерін зерттеуге тиіс заң ғылымы саласындағы зерттеу жұмысы маңызды роль атқарады.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтын қарастыру барысында біз осы ұғымға еңбек құқығының басқа институттарына немесе құқықтың басқа салаларына жататын нормалар кіретіндігін анықтадық. Мұндай нормалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге қаншалықты бағытталғандығына немесе жәрдемдесетіндігіне байланысты еңбекті қорғау институтына жатқызылады. Көрсетілген нормалар қатынастарды реттейді, немесе құқықтың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге (немесе жәрдемдесуге) бағытталған басқа салаларының зерттеу тақырыбы болып табылады.Еңбекті қорғау институты салааралық институт болып табылады, себебі еңбек міндеттемелерін орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында пайда болатын қатынастарды реттеу, еңбек құқығының өзінен басқа, азаматтық, сақтандыру, қылмыстық, әкімшілік, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы және, әрине, конституциялық сияқты құқықтың бірнеше салаларын реттеудің зерттеу тақырыбы болып табылады.
Конституциялық құқықтың еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін нормаларының қатарына ҚР Конституциясының 24-бабының қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына сай болатын еңбек жағдайларына құқықты белгілейтін нормалары жатады. Ата заңға сәйкес, адамдардың еңбегі мен денсаулығын қорғау конституциялық құрылыстың негіздеріне жатады. Әркімнің өзінің еңбекке деген қабілеттіліктерін еркін басқаруға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға құқығы, сондай-ақ әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай жағдайлардағы еңбекке және жұмыссыздықтан қорғалуға құқығы адамның аса маңызды құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сондай-ақ, 29-бапқа сәйкес, азаматтар денсаулықты қорғауға, соның ішінде, еңбек қызметі барысында қорғауға құқылы.
ҚР Конституциясы құқықтың бүкіл жүйесінің қалыптасуы бастау алатын негізгі заң болып табылатындықтан, онда еңбекті қорғауға құқықтың көрсетілуі үлкен маңызға ие. Себебі Конституцияда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін құрайтын, адам мен азаматтың ең негізгі, аса маңызды құқықтары бекітілген.