Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:44, отчет по практике
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой-өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру. Сапалы білім саналы тәрбие алу үшін, көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіру.
Нақыл сөздер: Кітап жан азығы. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы. Артық білім кітапта,
ерінбей оқып көруге.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой-өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру. Сапалы білім саналы тәрбие алу үшін, көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіру.
Нақыл сөздер: Кітап жан азығы. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы. Артық білім кітапта,
ерінбей оқып көруге.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін оқушылармен «Үздік оқырман» сайысыөткізгелі отырмыз. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. «Кітапхана-білімнің күн шуағы десек», ізденсем білсем деген балаға кітапхананың есігі ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап білім бұлағы білім-өмір шырағы» деген қанатты сөзді бекер қалдырмаса керек.
Біздің кітапхана 1975 жылы құрылды. Көлемі 48 ш.м. болса да кітап қорымыз көп. Кітап қоры – 62 966, оқулықтардың саны – 49 567. Жаңа ғасырдың кітаптары – 13 752, оқырман саны – 667, кітапханаға келушілер – 15 528.
Кітапхана біздің рухани құндылығымыз. Басты көрсеткіші – білім, біз білім сапасын арттыруымыз қажет. Қазір кітапхананың білімді, талантты, үздік оқырмандарымен таныстырамыз. Сайыстың әр кезеңі 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Сайыс алты бөлімнен тұрады.
Озады деп түбінде,
Бәрін оқып тауысқан.
Шөлі қанбай білімге
Өткен талай данышпан
І. Таныстыру. (екі команданы таныстырады)
ІІ. Мақал-мәтелдер сайысы.
«Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын деген ойымды ұнамды да ұтымды жеткізуге болдаы. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де ақылы да арта түседі. Мақал-мәтел ауыз әдебиетінің бір түрі. Мұнда көбінесе нақыл, ақыл айтылады, жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді.
ІІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр» (ертегілер кейіпкерлері).
Ал
сендер кітаппен дос болғыларың келе
ме? Оны қазір байқап көреміз. Бүгін
біз сендермен кітап
Сайыскерлер кітап, білім, Отан туралы тақпақтарды мәнерлеп айтып жарысады.
ІҮ сайысымыз - «Менің сүйікті ақыным»
Білімді ұрпақ - ел болашағы. Елбасымыз Н.Назарбаев «Еңбегіңмен алған білімнің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ» деп, елін, жерін сүйетін жаны ізгі жақсы азамат болатынына сенемін деп жастарға сенім білдірген болатын. Сол сенімді қалай ақтап жатырмыз. Білімімізді тексеріп көрейік.
Ү сайыс сұрақтарға жауап беру. «Білім көзі-кітапта» деп аталады. Екі команда 10 сұраққа жауап береді.
ҮІ сайысымыз. Көрініс.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
Сайыста оқыған кітаптары жайында жақсы әңгіме айтып, тақпақты мәнерлеп оқыған, сұрақтарға дұрыс жауап берген үздіктер анықталды.
Кітапханашы:
Кітапхана – білімпаздар
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Кел жандос ізденейік қосыла.
Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденейік, бірге оқиық, бірге еңбек етейік!
Информация о работе Азаматтық іс жүргізу қатынастарының құқықтық объетісі