Жүсіп Баласағұни

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 22:26, реферат

Описание работы

Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет ,ғылым-білім саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани луғат ат- түрк (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б. шығармаларды айтсақ та жеткілікті.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................3
Негізгі бөлім
Жүсіп Баласағұн өмірбаяны...............................................................4-5
«Құтты білік» поэмасына шолу.........................................................5-9
Дастанның идеясы.......................................................................................10
Шығарманың зерттелуі................................................................................11-13
Қорытынды..................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................15

Работа содержит 1 файл

Жүсіп Баласағұни.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

Мазмұны:

  1. Кіріспе...............................................................................................3
  2. Негізгі бөлім
  3. Жүсіп Баласағұн өмірбаяны...............................................................4-5
  4. «Құтты білік» поэмасына шолу.........................................................5-9
  5. Дастанның идеясы.......................................................................................10
  6. Шығарманың зерттелуі................................................................................11-13
  7. Қорытынды..................................................................................14
  8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К і р і с п е 
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет ,ғылым-білім саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани луғат ат- түрк (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б. шығармаларды айтсақ та жеткілікті. 
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде шыңдалады. Өсе келе әке жолымен Құсайынның дерті дейтін күй де шығарады. Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы Құдағту білікті (1) 1069-1070 жылдардың аралығында жазған. Таза дидактикалық, моральдық-этикалық қағидаларды қамтитын бұл шығарма 85 тараудан, 6500 бәйіттен тұрады. Құдатғу , құт , бақыт , құтты , ал екіншісі сөз - білім деген мағынаны білдіреді. Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы түркі халықтарының 500-ге тарта мақал-мәтелін пайдаланады. Солардың ішіндеқазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді, тұжырымды,нақылға бергісіз қанатты сөздерді қалыптастырған. Ж.Баласағұнидың Құтты білі дастанының осындай ерекшелік сипатын ескере келіп, Ж.Баласағұнидың Құтты білік дастанындағы қанатты сөз үлгілері деген тақырыпты диплом жұмысымызға арқау етіп алдық. 
Соңғы жылдары Құтты білік дастаны жөнінде Х.Сүйіншәлиевтің (2), Н.Келімбетовтың (3), Ә.Дербісәлиевтің (4), А.Егеубайдың (5), тілші ғалым Ә.Құрышжанұлының (6) жекелеген мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері жарыққа шықты. соған қарамастан, дастандағы қанатты сөз үлгілері әдебиетші, фольклортанушы ғалымдардың арнайы зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Тіптен, дастандағы мақал-мәтелдерді тұтастай қамтыған жеке жинақ та жарыққа шығарылған жоқ. Егер бұл мәселе оң шешімін тауып жатса, қазақ халық ауыз әдебиетінің ежелгі үлгілерін оқыту бұрынғыдан да нәтижелі болатындығы анық. Сөзсіз, қазақ мақал-мәтелдерінің де туу, қалыптасу, даму кезеңдері жайлы маңызды мағұлмат ала аламыз. Осы тараптан келгенде біз қарастырып отырған тақырыптың бүгінгі күн талабымен үндескен өзектілік сипаты айқындала түседі. 
Мақал-мәтелдер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған көркем ойлау жүйесі мен өмірлік тәжірибесінің, философиялық таным-түсінігінің жемісі. Олай болса Құтты білік дастанында көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қазақ халқының ауыз әдебиетінде қалай жалғасын тапқандығы, өзгеріске түскендігі, мағаналық үндестігін айқындау біздің диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады. Ж.Баласағұнидың даналыққа толы ғибратты ойлары қазақтың жазба әдебиетінде де дәстүрлі жалғасын тапқан. Әдебиеттегі дәстүр ұғымы- бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, тарихи тұрғыдан қалыптасқан нормалар мен іс-әрекеттердің рухани негізі десек, Құтты білік арқылы жалғасын тапқан көркемдік дәстүрдің кейінгі қазақ поэзиясында ықпал етпеуі мүмкін емес. Олай болса, бұл мәселелердің де басын ашу дипломдық жұмысымыздың міндетіне кіреді.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп  Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.

Жүсіп Баласағұн өмірі жайында  мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді.

Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

"Құтты білік" поэмасы түрік  тіліндегі энциклопедиялық шығарма  болып табылады. Оны жазуда автор  саяси әуенді басшылыққа алғандығын  аңғару қиын емес. Ол қарахандар  әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр,  Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді.

Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре  кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз  ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың  қатыгездігіне наразы болмас едік".

Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен  аңшылық өнерін көрсететін нақыл  сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз  тіркестері енген.

Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»

ІХ-ХІІ ғасырларда түркі ой әлеміндегі белгілі ойшыл Жүсіп Баласағұн  «Құтты білік» еңбегін түркі дәуірінің өркендеген кезеңі Қарахандар дәуірінде жазды.

Бұл шығармада  түрлі қоғамдық топқа жататын  адамдар арасындағы қарым-қатынас  мәдениеті адамгершілік, әдептілік  мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді  адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам  нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» дүниетанымдық және құндылықтық бағдары Ислам діні мен ахлағына негізделген. Ахлақ  – бұл исламдағы моралдық, адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем мінезділік. Ахлақ – мұсылманның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Ахлақ – мұсылманның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым. Исламдағы көркем мінезділік бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Шынайы мұсылмандық ислам ахлағы мен құндылығын ұстана отырып, әрекет жасайтын адам. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі бұл – Құран мен Сүннет. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Иман тұрғысынан ең жетілген мұсылман – өнегесі жақсы мұсылман» деген. Исламның ахлақтық құндылықтарын: діндарлық, тақуалық, имандылық, сабырлылық, рақымшылдық, ақыл-парасаттылық, әділеттілік, бостандық, ғылым-білім, достық, бауырмалдық, адалдық, аманат, ар-ұят, қарапайымдылық, тазалық, өзара құрмет, іс-қимыл т.с.с. құндылықтарын түркі ойшылдары өз еңбектерінде қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізе білді.

Дұға оқып, «Сақта»  деп хан жалынды, 
Қолын жайып, Жаратқанға табынды ... 
Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп, 
Үміттеніп, шарапаты тиер деп –  
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 145 б.).

Бұл – Құдайға құлшылық етудің шынайы жүректен шығып, кіршіксіз амалмен іске асатындығы туралы ойшылдың шынайы сенімінен туындаған ой. Жаратушыға деген сүйіспеншілік пенденің ниеті мен амал-әрекетінен туатындығы айдан анық. Ниет тазалығы және амалдың айқындылығы құлшылықтың мәні мен мағынасын байытып, мұсылманның иманын күшейтеді. Ниет – адам пейіліндегі мақсат. Құлшылық атаулының қабыл етілуі ниетке байланысты. Дін құлшылық пен ғибадатты қажет етеді.

Бек кісіге – керек  ұят, ақыл, ар, 
Зұлмат күш жоқ, ақыл – арды жапырар. 
Ұяты бар адамдар пәк, момын да, 
Ұятты іске тигізбейді қолын да. 
Кімге тәңір берсе ұят, намысты, 
Оған қоса бергені құт, даңқты!  
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев.

Баласағұн шығармашылығына тән  ерекшелік адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде  ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын қанағатшыл құлқын асқақтатады.

Ар-ұят – бұл  адамның көркем мінезділігінің, тәрбиелігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы кісілік пен кішіліктің, арлылық пен сыпайылылықтың негізі. Жаратушыдан қорыққан адам жамандыққа, арсыздыққа, рухсыздыққа, намыссыздыққа, көргенсіздікке алып баратын іс-әрекеттен сақтанып, тартынып жүреді. Қазақ халқының «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі бекер емес. Ал дана халқымыздың «Жаным арымның, малым жанымның садағасы» деген өмір мәндік ұстанымы мен рухани құндылық тұғырының тамыры тереңде жатыр. Хадисте: «Ұят –иманнан» делінген. Қазақы ділдің, рухтың әдеп пен ибаның, сыпайлық пен сыйластықтың қайнар көзі Ислам ілімі мен мәдениетінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Қазақы мінез, қазақы діл, қазақы дүниетаным, қазақы өмірлік ұстанымның тұғыры Ислам мәдениеті мен әдебінде жатыр деген ойдамыз. Қазақ болмысын және оның рухани әлемін, мінез-құлқын зерттеуде Ислам құндылықтарын назарда ұстауымыз қажет.

Әрбір адамның  өзі жасаған кемшіліктері мен  күнәлары үшін өзінің ары алдында  және қоршаған ортасынан ұялмаса, онда адам баласын күнәлі істерден тыю  мүмкін болмас еді. Әдепті адам адамдармен ізгі қарым-қатынаста болып, өзінің адами абыройын асқақтатады. Арлы адам келеңсіз іс-әрекет пен жағымсыз мінездерден алыс жүріп, ұнамсыз іс-әрекет жасап қойса өкініп, болашақ іс-әрекетінде ұнамсыз іс-әрекет жасаудан сақтанып жүреді. Парасатты адамға білместіктен жасаған қателіктері үшін ұялу тән. Ал арсыз адам қатесі мен күнәсі үшін еш қысылмайды. Арлы адам болса ар-ұжданын өмірлік ұстаным ретінде, азаматтық мұрат ретінде қастерлейді.

Ислам ілімі  бойынша ар мен ұят адам болмысын ұнамсыз және дертті мінез-құлықтардан сақтайтын қорған. Ислам мәдениетінде адам баласы өзі жасауға мәжбүрлі болған күнәлі істерін адамдарға айтып жария етуі дұрыс емес, адамның жасаған күнәсінің сыры Аллаһ пен адам арасында сақталады. Сондықтан да күнәлі істің адамның өзінде ғана сақталуы бұл ұнамсыз мінез-қылықтардың басқалар үшін үлгі болмауы үшін қажет. Хадисте «Ұялмаған соң білгеніңді істе» делінген. Адам баласында ұят сезімі болмаса, ол арсыз, намыссыз болады. Адамзат баласы үшін ұят сезімі басты қасиет болып табылады. Ислам ахлағында ұялудың екі түрі айқындалған, Жаратушыдан ұялу, өзі сынды пенделерден ұялу.

Баласағұн шығармасында білім мен ғылымның мәніне де зор  көңіл аударылады.

Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, 
Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз! 
Біліммен ер басын алып жүреді, 
Ал, білімсіз басын оққа тігеді. 
Білім алып, биіктей бер адам бол, 
Ел ішінде мал атанған надан мол 
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана,

«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.

Құран кәрімде  ілім-білім деген сөздер сегіз  жүзден аса кездеседі, Алғашқы түскен аят «Оқы» деп басталады. Алғашқы  түскен бес аятта Құранның даналығын  оқып білу, ұғыну және жаратылған дүниенің құпия сырын ашып білу керектігі  көрсетіледі. Құранда: «Аллаһ сендердің араларыңдағы иман келтіргендер мен білімділердің дәрежелерін көтереді» деп көрсетіледі (Әл-Мужәдәлә, 11). Ислам діні мен өркениеті мұсылманның ғылым-білімге ұмтылуын парыз және құндылық ретінде қарастырады. Дана халқымыз да «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деп білім мен ғылымды жоғары бағалаған.

Орта ғасырлық мұсылмандық ренессанс құбылысы Ислам дүниесінің адамзат мәдениетіне, ғылымы мен біліміне қосқан зор үлес болып табылады. Орта ғасырдағы мұсылман өркениетінің философия, медицина, астрономия және т.б. ғылым салаларында жеткен жетістіктері адамзат үшін үлгі-өнеге болды. Ал қазіргі кезде Ислам әлемі елдерінің дамыған Батыс еуропалық елдерден техника және жаңа технологиялар жасау тұрғысынан артта қалуы қынжылатын жағдай. Ислам әлемі мен Батыстың арасындағы қоғам мен адам дамуының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық, бұл Ислам елдерінің ғылым-білімге жеткілікті көңіл аудармауынан туындап отыр. Ислам әлемі елдері бұрынғы жеткен жетістіктерін мақтаныш тұтумен шектеліп, заманауи ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп және жаңалықтар ашуда дамыған елдерден кенже қалып отырғаны рас. Ғылым мен білім «Құтты білікте» адамзат үшін өте қажетті құндылық ретінде дәріптеледі. Сондықтан да ойшыл қоғамда білім мен ғылымды дамыту арқылы адамды тәрбиелеуге шақырады. Ойшыл үшін білім – өмірлік мұрат, сәулелі шамшырақ. Білім нұрын қоғамдағы барлық топтарға түсіру және қоғам мен адамның жетіліп, кемелденуіне кедергі келтіретін зиянды дерттерді білім игеру ақылы жеңу ойшылдың арман-аңсары. Білім мен парасат алдындағы кедергілерді жеңу қоғам мен басшы алдындағы негізгі міндет деп көрсетеді.

Информация о работе Жүсіп Баласағұни