Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 16:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстары қазіргі мектептердің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселелердің біріне айналып отыр.Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті құбылысты жан-жақты түсіне білсе, ауызекі сөйлеуі әдеби тіл нормаларына сай келсе, құба-құп болар жағдай еді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................3

1. Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңызы, мазмұны......................4

2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға байланысты сөздік

жұмысын жүргізу әдістемесі...................................................................7

3. Байланыстырып сөйлеудің (ауызша және жазбаша) түрлері...................12

Мазмұндамалардың әдістемесі .............................................................12

Шығарманың әдістемесі .................................................................................15

3.3 Ауызекі сөйлеуді дамыту.........................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................20

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...................................................................................................22

Работа содержит 1 файл

Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңыз1.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

Түсініксіз сөздерді түсіндіру. Оқушылардың тілін ұстарту, ойлауын жетілдіру сабақтарында мұғалім жұмысының ойдағыдай орыңдалу шарттарының бірі - оқу кітабында, оқулықта немесе әңгімелесуде кездесіп қалған таныс емес бірде-бір сөз түсіндірілусіз қалмауы керек.

Түсініксіз сөздерді түсіндіру сабақ барысында немесе арнаулы бір уақытта жүзеге асырылады.

Мұндай сөздер: а) ғылым мен техника салаларындағы нақты құбылыстарды, заттарды, фактілерді білдіретін сөздер; ә) дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздер (соның ішінде қоғамдық-саяси лексика), б) басқа тілден ауысқан сөздерді; в) қолданылудан шығып қалған сөздер, тарихи сөздер, г) көркем шығармаларда кездесетін диалектизмдер мен қарапайым сөздер. .

Таныс емес сөздерді түсіндіру кезінде мұғалімнің сөзі жатық, түсінікті болуы керек.

Сөз мағыналары мынадай жолдармен айқындалады: а) заттың өзін немесе суретін көрсету — көрнекілік әдісі; ә) ұғымдарды мүшелеп, олардың белгілерін санамалау; б) сөзді контекске енгізу; в) сөзді синонимдермен ауыстыру; г) салыстыру, салғастыру, ұқсас белгілерін таптыру (мағына. жақындығын айқындау), айырмашылығы қарама-қарсылық антонимдері); д) сөзді кұрамына талдау; е) энциклопедиялық немесе түсіндірмелі сөздіктерден қарау; ж) сұрақ беру (депрессия, довалвация дегендер нені білдіреді?).

Сөздік диктант. Қөптеген орфограмманы қамтитын жекелеген сөздерді жазу ұсынылады; қос сөз, біріккен, қысқарған сөздер. Қосымша не шылау екенін анықтау. Көптеген сөздердің жазылуы орфографиялық сөздіктен алынады. Сөздік диктанты үшін сөздер әдебиеттік оқу кітаптарынан да алынады. Жаңа сөздердің мағыналары түсіндіріліп, қалай жазылатындығы көрсетіледі. Әсіресе термин сөздерге қосымшаның жалғауындағы ережелер ескеріледі. Металл - метал+ға, класс+ы — класы, немесе сол сөздердің жазылуы: цирк, театр, санаторий, гараж т. б. Сөздік жұмысын грамматика, оқу сабақтарында және басқа пәндерге байланысты да жүргізіледі (Тарих, география сабақтарында арнаулы терминдермен қатар, сол пәндерге байланысты көпшілікке арналған кітаптарды оқып, кездескен жаңа сөздерді жазып отыру). Қазақ тілі сабақтарында басқа пәндерден бағдарлама бойынша өтілетін материалға байланысты кездескен терминдер мен жаңа сөздерді пайдалану қажет. Ол үшін: а) жаңа сөздердің мағынасын ашу (отарлау -елге келімсектердің қоныстануы); ә) сөздің төркінімен таныстыру.

Сөздік кестелер. Оқушылардың сөздігін байыту және жеке сөздердін мағыналарын анықтау мақсатында арнаулы сөздік таблицалар жасалады. а) Сөздердің тақырыптық тізімі. Мысалы, . Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы әскери-жауынгерлік сөздер, Ғ. Мұс-тафиннің «Қарағанды»   романындағы   көмір   өндірісіне байланысты сөздер; ә) бір түбірден тараған сөздер; б) бір түбірден әр түрлі жолмен жасалған сөздер (көр — көрші, көрім — көрімдік, көресі — көрермен, көрме — көрік—көреген, көрімпаз, көрісу, көргенді) т. т.; в) картина сөздіктер (төменгі кластар үшін); г) синоним, антоним, омоним қатарлары, эпитет, метафора, антитеза қатарлары т. т.). Мен көмір де, сен темір, еріткелі келгенмін т. т.).

Оқушылардың сөздік қателері. Жеке сөздер, сөз тіркестерін қолдануда әр түрлі қателер жібереді. Қателердің сипаты мына сияқты болып келеді:

1)   тең мағыналы сездердің орнына әр түрлі мағыналы сөздерді қолдану: жеміс—өнім, біреу—әлдекім.

2)   ұқсас, бірақ әр түрлі мағынадағы сөздерді шатастыру: үкімет—өкімет, білім—ілім—ғылым.

3)    сөздің толық мағынасын білмегендіктен оның шығу төркініне жаңсақ талдау жасау: қыпшақ — екі пышақ (0. Сүлейменов).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Байланыстырып сөйлеудің (ауызша және жазбаша) түрлері

Іс қағаздарының тілі — жазбаша байланыстырып сөйлеудің бір түрі. Іс қағаздарының тілі деп әр түрлі ресми құжаттардың, қатынас қағаздарының, сенім хат, куәлік хат, ресми немесе ресми емес хаттардың т. б. тілін айтады. Іс қағаздарының тілінде өздеріне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктер, қолданылу аясы болады.

Іс қағаздарының екі түрі болады:

1)   Арнаулы қатынас қағаздары, құжаттар, жазбалар, бұлар мекемелердің арасында немесе жеке адамдар арасында қолданылады:    өтініш,    анықтама, сенімхат,куәлікхат, қолхат, акт, өмірбаян, хаттама, шарт, мінездеме, хат, есеп, ордер, анкета, хабарландыру, телеграм-
ма, мәлімдеу, жұмыс жоспары, баяндама т. б.

2)   Кітап оқумен, оқу сабағымен, өздігінен білім алумен байланысты: конспектілеу, тезис, аннотация  (түсініктеме) жасау, рецензия (пікір айту). Бұлар қазақ тілі сабақтарына тікелей жанаспаса да, практикада жиі кездесетіндіктен, олардың үлгілері қазақ тілі кабинеттеріне жазып ілініп қояды.

Сабақ үстінде кейде олардың қалай жазылуымен таныстырып отыруы қажет. Мысалы: 1) хабарландыру зат есімді оқытқанда, мекен, мезгіл пысықтауыштарына байланысты мысал ретінде беріледі (бүгін, 1984 жылдың 26 желтоқсанында, сағат 1900-де студенттер жатақханасында әдістеме үйірмесі болады), 2) сенім хат - сан есімді оқытқан кезде, 3) телеграмма — жай сөйлемді оқытқанда, 4) өтініш — жай және құрмалас сөйлемдерді, 5) хаттама құрмалас сөйлемді оқытқанда жаздырылады. Әрине, бұлардың бәрі шартты түрде алынып отыр. Іс қағаздарының қайсысы оқушыларға қажет болған жағдайда, сабақ тақырыбын күтпей-ақ үлгілерін бере беруге болады. Мысалы: хабарландыру, өтініш, хаттама.

3.1 Мазмұндамалардың әдістемесі.

Мазмұндама дегеніміз - байланыстырып сөйлеу түрлерінің біріне жинақталып берілген атау. Бұл - мектеп өмірінде де, қоғамдық өмірде де, практикада жиі қолданылады. Мектеп жағдайында мазмұндама — оқылған текстің, естіген әңгіменің, көрген нәрсенің (фильм, спектакль) мазмұнын жазу түрінде беріледі. Мазмұндама, сонымен қатар, конспектілеу, жиналыста естігенін жазып отыру түрінде де іске асады. Мазмұндаманы белгілі бір жүйемен өткізіп отыру оқушылардың, бөгде сөзді мәнді логикалық-грамматикалық жақтан дұрыс жеткізуіне мүмкіндік береді, соған үйретеді. Мазмұндама байланыстырып сөйлеудің сұраққа жауап түрінен өз бетінше кеңірек баяндау түріне ауысып, мектеп жағдайында шығармаға да ұласады (оның ішінде іс қағаздарының тілі, баяндама, есеп, хаттама т. б.).

Жаттығудың басқа түрлері сияқты, мазмұндама да оқушылардың әр түрлі дағдыларын қалыптастыруға пайдаланылады. а) Бөгде сөзді немесе ұзақ не қысқа мәтіннің мазмұнын тыңдап, еске сақтап, одан кейін ауызша не жазбаша қайталап айту дағдылары; ә) логикалық ойлау дағдылары - мазмұндаудың бірізділігі, басты және негізгі еместері дұрыс іріктеу, текстік және түрлік қатынастарды айыру, дәлелдер, қорытындылар жасау дағдылары; б) сөз байлығын барынша және ор-нымен қолдану дағдылары; в) неғұрлым әсерлі мазмұндау үшін тілдің грамматикалық және стилистикалық құралдарын қолдану дағдылары.

Мазмұндалуға тиісті текстің мазмұны, тілі стилі оқушылардың санасына, тілі мен стиліне де ықпал етеді. Мазмұндама тәрбиелік міндет те атқарады (Ұлы Отан соғысының батырлары, еңбек ;ардагерлері, достық ту-ралы т. б.), эстетикалық тәрбие беруге ықпал жасайды. Мазмұндама өзінің мәні, мақсаты, көлемі және күрделілігі жағынан бірнеше түрге бөлінеді.

Мазмұнына қарай мәтінді баяндау сипатында мазмұндауға болады (нақты іс - оқиғаны сипаттау, табиғат құбылыстарын суреттеу, еңбек процесін суреттеу, заводты, ферманы суреттеу, портреттік сипаттамалар, топшылау - пікірлеу т. б.).

Жанр түрғысында - ауыз әдебиеті шығармалары (ертегі, аңыз, әңгіме), көркем проза мен мысалдан үзінді, сюжетті өлең , газет және журнал мақалалары, (хаттама).

Мақсатына қарай үйретуші мазмұндама және бақылау мазмұндама-болып бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырма-үйрету мазмұндамасынын, алдында оқушыларға даярлық жұмысы жүргізіледі: жаңа фактімен, мағлұматпен қаруландырады, мазмұндалатын текспен алдын ала даярлық жұмысы жүргізілмейді.

Көлемі жағынан қысқа (ықшам) мазмұндама және жатыңқы (толық) мазмұндама болып бөлінеді. Мазмұндалатын текст көлемі 100 сөзден 350—450 сөзге шейін (яғни әр класс тұрғысынан) беріледі. Мәтінге қатысы жағынан мазмұндама мәтінге неғұрлым жақын немесе одан неғұрлым алыс, яғни еркін болып келеді. Еркін мазмұндама түрі, тілі және мазмұндау бірізділігі жағынан да текске аз ұқсайды.

Мазмұндама мәтінімен оқушыларды таныстыру болады: а) мұғалім тексті оқиды; ә) оқушылардың өздері оқыған тексті мазмұндайды; б) оқушылар класта тексті іштерінен оқып мазмұндайды; в) мұғалім класта оқыған тексті оқушылар үйден дайындап келеді; г) бұрын оқылған текстің естерінде қалғанын айтып береді; д) бірнеше қайталап оқыған тексті мазмұндайды; е) текстің мазмұнын бірнеше оқушы ауызша айтып шығады.

Мазмұндаманы әр оқушы өз бетінше де ұжымдық түрде де, мұғалім басшылығымен де орындайды. Мазмұндама мәтіннен алшақ кетпей, оның мазмұнын берумен шектелуі де, немесе қосымша тапсырмалармен күр-деленуі де мүмкін. Жоспар тұрғысында мазмұндама жоспарлы және жоспарсыз да болады.

Класта мазмұндама жазудың типтік схемасы мынадай болады: мұғалім мазмұндама тексін жайлап 2 рет оқып шығады. Оқу барысында немесе сабаққа дейін түсініксіз сөздерге тоқталып түсінік беріледі. Жоспар жасалады. Содан соң 1—2 оқушы жоспар бойынша тексті толық ауызша баяндайды, әрі қарай жазуға кіріседі.

Бағдарлама бойынша қазақ тілі сабақтарында мазмұндама мына тәртіпте жүргізіледі: V класс. Баяндау текстерін, табиғат көрінісін суреттеу элементтерімен қоса толық немесе ықшам мазмұндау. Фильм, спектакль, радио, теледидар хабарларын толық баяндай мазмұндау.

VI              класс. Диафильм, кинофильм,   радио,   теледидар
хабарларын қысқаша  мазмұндау.  Қатысушы  адамдар-
ды сипаттайтын баяндау текстерін толық және талғап
мазмұндау. Адамдардың сыртқы көрінісін суреттеу эле-
ментін қатыстыра мазмұндау.

VII              класс. Көпшілікке арналған мәтінді ықшам маз-
мұндау. Елді мекенді, архитектура ескерткіштерін сурет-
теп, әдеби шығармалардың кейіпкерлерінін, іс-қылықта-
рына баға беру, ол кейіпкерлердің өзі және қылықтары
туралы пікір айту түрінде мазмұндау.

Мазмұндама жүмысының бастапқы кезінде оның ұжымдық түрі мұғалім басшылығымен өткізіледі. Оқушылар мазмұндама жазуға дағдыланып, төселген сайын, жеке мазмұндау басым болады. Бастапқы кезде мұғалім мазмұндама жазуға дайындайды: материалды сұрыптау; негізгісін таңдап алу; ұсақ-түйек жайларды жазбау; ұзақ баяндаудан сақтандыру; тілдің мазмұндауға ыңғайлысын таңдап (мысалы, мәтін диологтан басталса, не істеу керек) жоспар жасап, сол бойынша әңгімелеу; оны аяқтау т. б.

Оқушыларды мазмұндама жазуға дайындау барысында мына сияқты жұмыстар жургізіледі: а) сұраққа жауап беру; ә) мағына жағынан бақылау болатындай сөйлемдер ойлау; б) сөйлемнің бір түрін екінші түріне ауыстыру; в) баяндайтын не суреттейтін мәтінді диологқа айналдыру; г) үлгі бойынша тексті қысқарту; д) мазмұндамадан шығармаға ауысатын форма ретінде еркін шығармашылық диктант жүргізу; е) сұрақтарға жазбаша жауап беру; ж) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрау.

 

3.2 Шығарманың әдістемесі

 

Шығарма дегеніміз — белгілі бір мазмұнды байланыстыра, кеңірек мазмұндау түріндегі көптеген жаттығулардың жалпы атауы. Идеялық-тәрбиелік міндеттер тұрғысынан қазақ тілі бо-йынша жүргізілетін басқа жұмыстардың ішінен шығарма аса маңызды орын алады. Мұнда оқушының ішкі жан дүниесі аса күшті және әсерлілікпен жарыққа шығады, шығармалар бойынша оқушының дамып, көзқарасының қалыптасуын, өмірге деген көзқарасын байқауға болады. Шығарма оқушының нақты материалды қаншалық білетінін, өз ойын жеткізуге тілдік құралдарды пайдалану іскерлігін білуге мумкіндік береді. Шығарма арқылы оқушылар өзі білген нәрсені ой елегінен өткізуі, стилінің жетіле бастағаны, байланыстырып айту желісінің әсерлігі аңғарылады. Шығарма IX—XI кластар аралығын қамтиды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес шығарма мақсатына, тақырыбына, күрделілігіне, мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Шығарма класта да, үйде де жазылады. Шығарманы класта жазғаннан бастаған дұрыс, өйткені оқушы бастапқы кезде шығарма жазудың қарапайым дағдысын білмей, мұғалімнің көмегін қажет етеді. Кейін бірте-бірте шығарманы үйде жазып келу тапсырылады.

Шығарма белгілі бір жүйемен жаздыралады. Бірте-бірте оның мазмұнды болуына, сауаттылығына талап күшейе түседі. Қысқасы шығармалар жүйесі жоспар бойынша оқушының баяндау іскерлігін, оқиға желісін үзбей белгілі тәртіппен айтуын, құбылыстар арасындағы басты байланыстарды ажырата біліп, қорытынды жасауын қамтамасыз етеді. Шығарманың негізгі екі түрі бар: бірі мазмұны жағынан әдеби тақырыпқа арналады да, екіншісі — еркін тақырыпқа арналады. Әдеби тақырыбына арналған шығармалар әдебиет әдістемесінің оқулығында баяндалады.

Еркін тақырыптағы шығармалар: Материал алынатын көзіне жанрына, көлеміне, орындау орны мен тәсіліне, қосымша орындалатын тапсырмаларына қарай бөлінеді.

Шығарма: 1. Оқушының өзінің басынан кешкен оқиғалары туралы

жазылады. Бұл — оқушының өмір тәжірибесіне негізделеді. 2 .Табиғат кұбылысына, қоғамдық   өмір  мен адамдардың өндіріс іс-әрекеттері туралы.

3.  Картина, сурет бойынша  (картинаның сюжетін айту,
табиғатты суреттеу,   картинаны   шығармаға   кіріспе
ретінде алу). Картиналы   шығарма   грамматикалық
тапсырмамен қоса орындалуы да мүмкін.

4.  Мұғалім қойған сұрақтарға оқушының жазба түрде
баяндап жауап беруі. Бұл көбінесе, класта орында-
лады және 10—15 минут   уақыт   жіберіледі. Демек,
бұл үлкен,   көлемді   шығармаға   дайындық   ретінде
кішігірім шығарма болады.

5.  Көркем шығарма мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін
оқытудың нәтижесінде   шығарма   жаздырылады.  Кі-
тапқа қысқаша түсініктеме (аннотация), пікір-рецен-
зия, жазылады.

6.  Естелік жазбалары түрінде жазылатын шығарма.

7.  Әңгіменің үлгісі бойынша жазылған   шығарма.   Бүл
үшін көбінесе мысал жанры алынады.

Жанр бойынша шығарма: баяндау, суреттеу, топшылау, портреттік мінездеме, хат, іс қағаздары, оқушының өз бетінше орындаған әдеби туындысы түрінде болады.

Қосымша тапсырмамен орындалатын шығарма: тірек сөз бойынша тексті толықтыру мақсатында, грамматикалық тапсырманы қоса орындау ретінде жүргізіледі.

Шығармаға дайындық жұмысы: а) сөздікпен жұмыс, тақырыптық шығарма үшін жеке сездер іріктеу, ә) сөйлеммен жұмыс, б) орфография және пунктуация жұмысы. Шығарманы талдағанда, оның мазмұнын, жүйесін, тілінің жандылығын, грамматикалық жақтан дұрыс құ-рылғандығын, сауаттылығын баса айтады. Мазмұнын бағалағанда, алдымен, тақырыбына сәйкестігі, қажетті деректерді қамтығаны, ойының дәлдігі, көрнекі мысалдарды орынды келтіруі ескерілді. Шығарма жүйесін сәтті құру — сындарлы, жинақы, логикалық бірізділігі, бөліктерінің өзара байланысы, әрі олардың арасындағы қатынастардың дұрыстығы. Тілінің әсерлілігі — нақты мәселеге қатысты сөздерді орынды қолдана білу, ай-шықты сөздерді қолдануда тілдің стилистикалық мүмкіндіктеріне сүйену (змоциялы, бейнелі сөздер). Грамматикалық жақтан дұрыстығы — грамматикалық нормаларды бұзбауы (сөйлемді құрастыру). Шығарманы мұғалім мұқият тексеріп астын сызып көрсетіп қояды.

Информация о работе Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі