Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 22:42, реферат

Описание работы

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық құқық.docx

— 23.87 Кб (Скачать)

                                        Қылмыстық құқық

      Қылмыстық құқық дегеніміз –  құқық саласының негізгі түрлерінің  бірі ретінде қылмыстың түсінігі  мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық  жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан  және жазадан босатудың шарттарын  айқындайтын құқықтың нормалардың  жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың  негізгі міндеттері - әлеуметтік  құндылықтарды қорғау және қылмыстардың  алдын алу (қылмыстарды болдырмау;  қылмыстардың профилактикасы) болып  табылады.      

 Заң әдебиеттерінде  қылмыстық құқықтың тәрбиелік  міндеттерді жүзеге асыратындығы  туралы пікірлер айтылған. Біздің  мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік  дағдысын, мораль талаптарына жауап  беретін тәртіп қалыптастыру  барлық құқық салаларының алдында  тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты  құқық – азаматтық, әкімшілік  тағы басқа да құқық салаларындай  тәрбиелік мәні бар әсер ету  шаралары қолдануы қажет.       

Жалпы  бұл  жұмыста, қылмыстардың көптігінің түсігіні, оның жекелеген қылмыстардан ерекшелігі, ажыратылуы туралы айтылып кеткен.       Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының  ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы  жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға  сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа  қылмыстардың көптігі деп танылады.     

Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы –  қоғам үшін аса қауіпті болып  табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым  арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін  қоғамдық қатынастардың қатарының  өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше  қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл  қылмыскердің бойында тұрақты түрде  қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың  тең қарастырылуы барысында бұл  тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық  – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді. Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.       

 Қылмыстардың  көптігі 3 түрге ажыратылады: 

   1.  қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы; 

   2.  қылмыстардың жиынтығы;

   3.  қылмыстың қайталануы.

    Қылмыстық ізге түсудің мазмұны  мен маңызы:

    Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу(айыптау)-«қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі» деп түсіну қажет(ҚІЖК 7-бабының 13-тармағы). Қылмыстық ізге түсу органдары- «прокурор(мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы»(ҚІЖК 7-бабының 14-тармағы). Сот осы органдар қатарына кірмейді. Прокурор сотқа дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазастан  Республикасындағы прокуратура  туралы» Заң күші бар Жарлығының 46-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді сотқа дейінгі кезеңдерде жүзеге асырушы прокурор:

    -оқиға  болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ  қылмыстық  қылмыстық іс қозғау  туралы мәселені шешу үшін  қажетті басқа да іс-әрекеттер  жасауға хақылы;

    -қылмыстық  іс қозғайды немесе қылмыстық  іс қозғауға рұқсат беруден  бас тартады;

    -анықтама  немесе алдын ала тергеу жүргізу  үшін тиісті органға прокуратура  қозғаған қылмыстық істерді береді;

    -заңда  көзделгенжағдайларда тергеу, анықтама, сондай-ақ жедел- іздестіру қызметін  жүзеге асыратын лауазымды адамдардың  іс-әрекетіне санкция береді;

    -жекелеген  тергеу әрекеттері бойынша іс  жүргізуге қатысады;

    -қол  сұғуға болмайтын құқыққа ие  адамды қылмыстық жауапкершілікке  тартуға келісім алу үшін ұсыныс  енгізеді;

    -істі  сотқа жібереді;

    Прокурор  істі сотқа жіберген кезде қылмыстық  ізге түсу функциясы өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотта прокурордың қылмыстық  ізге түсуге қатысуы мемлекеттік  айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда прокурор заңдылықты қадағалайды.

    Қылмыстық ізге түсуді тергеушінің, анықтау органының, анықтаушының жүзеге асыруының прокурор қызметінен айырмашылығы-прокурор қылмыстық  ізге түсуді заңдылықты қдағалау міндеттерін  шешумен ұштастырады. Сонымен бірге, аталған органдардың қызметі  негізінен қылмыстық ізге түсуге бағытталған. Басқа барлық функциялар олар үшін екінші дәрежелі сипатта  болады.

    Басы  айырмашылық мынада: қылмыстық ізге түсу қылмысқа қатысты емес, ал қылмыс жасаған адамға қатысты жүзеге асырылады. Демек, қылмыс жасаған адамды анықтамастан қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық  ізге түсу немесе қылмысчтық ізге түсуді қозғау басталғанының дәлелі болып табылмайды. Адам тек қылмыс жасағанының белгілері бар жағдайда ғана қудаланады. Қылмыстық ізге түсу адамның кінәлі екендігі жөніндегі ұғыммен өзара байланысты.

    Сонымен қылмыстық ізге түсу функцияларының белгілері мынадай:

    -іс-әрекеттің  қылмыстық заңда қылмысты деп,  қылмыстық жаза қолдануға лайықты  деп танылуы;

    -қылмыстық  істі тоқтату, қылмыстық ізге  түсуді тоқтату үшін негіздедің  жоқтығы;

    -адамның  кінәлі екенін қуаттайтын қажетті  дәлелді базаның болуы.

    Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық  ізге түсудің үш нысаны көзделген:

    -қылмыстық  ізге түсуді жеке түрде жүзеге  асыру(ҚІЖК 34-бап);

    -қылмыстық  ізге түсуді жеке-жариялы түрде  жүзеге асыру(ҚІЖК 34-бап);

    -қылмыстық  ізге түсуді жариялы түрде  жүзеге асыру(ҚІЖК 32-бабының 4-бөлігі).

    Нысандарға  бөлу жасалған қылмыстың сипаты мен  ауырлығының белгілеріне негізделген(ҚІЖК-нің 32-бабының 1-бөлігі).

    Жеке  түрде жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға тиіс. Қылмыстық ізге түсу жеке түрде Қылмыстық кодексте көзделген мына қылмыстар бойынша жүзеге асырылады:

    -денсаулыққа  қасақана зиян келтіру(105-бап);

    -қорқыту(112-бап);

    -денсаулыққа  абайсыздан зиян келтіру(11-бап);

    -зорлау)120-баптың 1-бөлігі);

    -нәпсіқұмарлық  сипатындағы күш қолдану(121-баптың  1-бөлігі);

    -жыныстық  қатынас жасауға, әйел мен әйелдің  жыныстық қатынас жасауына немесе  нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге  де әрекеттерге мәжбүр ету(123-бап);

    -жала  жабу(129-бап);

    -қорлау(130-бап);

    -балаларын  немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын  асыраға арналған қаражатты төлеуден  әдейі жалғарту(136-бап);

    -еңбекке  жарамсыз жұбайын(зайыбын) асыраудан  әдейі жалтару(140-бап);

    -жеке  өмірге қолсұғушылықты бұзу(142-бап);

    -дәрігерлік  құпияны жария ету(144-баптың 1,2-бөліктері);

    -тұрғын  үйге қолсұғушылықты бұзу(145-баптың 1-бөлігі);

    -бөтен  адамның мүлкін абайсыздан жою  немесе бүлдіру(188-баптың 1-бөлігі);

    -көліктің  қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз  ететін ережелерді бұзу(300-баптың 1-бөлігі).

    Аталған құрамдарды қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылатын істерге  жатқызу бұзылған құқықты белгіленген  қылмыстық іс жүргізу тәртібімен қалпына келтіру мүмкіндігімен, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарының жанжалды соттың араласуынсыз-ақ шешуінің мүмкіндігімен байланысты. Бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілік дәрежесі оншалықты  жоғары емес және жәбірленушінің ерік білдіруінсіз уәкілетті органдар мен  адамдардың араласуын қажет етпейді.

    Жоғпарыда аталған қылмыстардың белгілерінің байқалуы, егер жесалған әрекет дәрменсіз  немесе басқа да себептер бойынша  өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше  пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын жағдайда ғана қылмыстық ізге түсуді міндетті түрде  қозғауды қажет етеді(ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігі).

    Жеке-жария  түрде жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсуді Қылмыстық кодексте көзделген мына қылмыстар бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған жағдайда бастауға және қылмыстық іс бойынша іс қозғауға болмайды:

    -денсаулыққа  қасақана зиян келтіру(103-баптың 1-бөлігі);

    -денсаулыққа  қасақана орташа ауырлықтағы  зиян келтіру(104-баптың 1-бөлігі);

    -заңсыз  аборт жасау(117-баптың 1,2-бөліктері);

    -бала  асырып алу құпиясын жария  ету(135-бап);

    -қамқоршы  немесе қорғаншы құқықтарын теріс  пайдалану(139-бап);

    -дәрігерлік  құпияны жария ету(144-баптың 3-бөлігі);

    -сеніп  тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп  алу немесе ысырап ету(176-баптың 1,2-бөліктері);

    -интеллектуалдық  меншік құқықтарын бұзу(184-баптың1-бөлігі);

    -бөтен  адамның мүлкін қасақана жою  немесе бүлдіру(188-7-баптың 1-бөлігі);

    -бөтен  адамның мүлкін абайсызда жою  немесе бүлдіру(188-баптың 2-бөлігі);

    -заңды  кәсіпкерлік қызметке кедергі  жасау(189-бап);

    -коммерциялық  немесе банктік құпиянықұрайтын  мәліметтерді заңсыз алу мен  жария ету(200-бап);

    -мәміле  жасауға немесе жасаудан бас  тартуға мәжбүр ету(226-баптың 1-бөлігі);

    -компьютерлік  ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін  зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану  және тарату(227-баптың 2-бөлігі);

    -өкілеттіктерді  теріс пайдалану(228-бап);

    -жекеше  нотариустардың және аудиторлардың  өкілеттіктерді теріс пайдалануы(229-баптың 1-бөлігі);

    -өзінше  билік ету(327-баптың 1-бөлігі).

    Жеке  және жеке жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсуді қорғау шарттары үйлеседі.айырмашылық мынада:

    Жеке-жариялы  айыптау істер бойынша қылмыстық  ізге түсу бірінші рет қылмыс жасаған  адам жәбірленушімен татуласып, оған келтірген  зиянның есебін толтырған жағдайда ғана, тоқтатылуы мүмкін(ҚК 67-бап).

    Прокурор  жеке-жариялы айыптау ісі бойынша  және жәбірленушінің шағымы болған кезде  ғана іс қозғауға  мына жағдайлар  құқылы:

    -егер  әрекет дәрменсіз немесе не  басқа да себептер бойынша  өзіне тиесілі құқықтарды өз  бетінше пайдалануға қабілетсіз  адамның мүдделерін қозғайтын  болса;

    -егер  әрекет басқа адамдардың, қоғамның  немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін  қозғайтын болса(басқа адамдар,  қоғам немесе мемлекет мүдделері  елеулілігінің ара жігін ажырату  өлшемдері материалдық -құқықтық  сипат алып отыр және қылмыстық  құқық курсында қаралған).

    Коммерциялық  және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне  қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық  ізге түсу(ҚК 228-232-баптары) сол ұйым немесе уәкілетті орган басшыларының арызы немесе олардың келісімі бойынша  жүзеге асырылады(ҚІЖК 35-бабы). 

    Осы қылмыстар бойынша қылмыстық  ізге түсудің ерекшеліктері бар:

    1. қылмыстық іс жүргізу заңында, жеке айыптау істері бойынша орын алып отырғанындай, тараптардың бітісуіне орай істі қысқарту көзделмеген;
    2. коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын өзге де ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.

        Қылмыстық ізге түсу процедурасынан істердің осы  категориясы    

бойынша үзінділер  коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорын  болып табылмайтын өзге ұйымдар  мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін ерекше кепілдіктер жасау  қажеттігіне қатысты келтірген.

Информация о работе Қылмыстық құқық