Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен болашағы. Мұғалім көзімен

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 09:34, доклад

Описание работы

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы міне аттай 20 жыл уақыт өтті. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарымызда қиыншылыққа тап болғанымыз да рас, бірақ оның барлығы да арта қалды. Қазір біздің еліміз ел беделді, ең тамаша, ең танымал елдердің біріне айналды деп айтқанымыз артық емес. Тарихи тұрғыдан қарағанда күрмеуге келмейтін қысқа мерзім ішінде Қазақстан дамыған, нарықтық эконо­микасы, орнықты саяси жүйесі бар, өз азаматтарының әлеуметтік қорғалуын жақсы жолға қоя алған осы заманғы мемлекет ретінде қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Тәуелсіз Қазақстан.doc

— 42.00 Кб (Скачать)


 

№79 жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

Эссе

 

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен болашағы. Мұғалім көзімен»

 

            

 

 

 

 

 

 

                                                   

Информатика пәні мұғалімі

Күздеубай Нұргүл Шаймырзақызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы

2011 жыл

 

Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен болашағы.Мұғалім көзімен.

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы міне аттай 20 жыл уақыт өтті. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарымызда қиыншылыққа тап болғанымыз да рас, бірақ оның барлығы да арта қалды. Қазір біздің еліміз ел беделді, ең тамаша, ең танымал елдердің біріне айналды деп айтқанымыз артық емес. Тарихи тұрғыдан қарағанда күрмеуге келмейтін қысқа мерзім ішінде Қазақстан дамыған, нарықтық эконо­микасы, орнықты саяси жүйесі бар, өз азаматтарының әлеуметтік қорғалуын жақсы жолға қоя алған осы заманғы мемлекет ретінде қалыптасты.

Қазақстан бүкіл әлем бойынша жер көлемі жағынан 9-шы орында тұр. Елбасының салиқалы саясатының арқасында, көптеген жетістіктерге жетіп, ел қарыштап дамып жатыр. Қазақстан барлық елдермен сауда, экономика жағынан тығыз байланыста. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанды ешбір ел білмейтін еді, ал қазір Қазақстанды білмейтін ел жоқ. 20 жылда Қазақстанда көптеген елшіліктер ашылды. Көрші елдермен қарым-қатынасы өте жоғары дәрежеде деп айтсақ артық айтқандық емес. Еліміз халықаралық қоғамдастық алдында жоғары құрмет пен беделге ие бола оты­рып, әлемдік координаталар жүйе­сін­де лайықты орнын белгіледі. «Қазақ­стандық даму жолы» деп аталған та­бысты саяси-экономикалық өзгерістер­дің бұл оң сипаты, бірінші кезекте, Пре­зидент Н.Назарбаевтың терең байыпты саясатының, оның ай­рықша саяси дарыны мен страте­гиялық көрегендігінің арқасында мүм­кін болғаны баршаға мәлім.

Ия, әлі де алда қаншама жақсы кезеңдер болады деп ойлаймын.

100 мектеп, 100 аурухана аясында қанша мектептер салынды. Ол да елбасымыздың болашақты ойлағаны. Ия, болашағымызды ойласақ еліміздің еңсесі биіктеп, жоғары мәртебеге ие болады деп ойлаймын.

Тәуелсіздіктің 20 жылының тарихы - бұл тұрақтылықтың, Қазақстан халқының достығы мен келісімінің тарихы деп атап өтті Президент сөзінде. Ия, тұғыры биік тәуелсіз­діктің жиырма жылдығы Қазақстандағы әр ұлт үшін ерекше қастерлі, тарихи маңызды қазына екені анық. Мемлекетімізде тұрып жатқан көптеген ұлттар мен диаспоралар осы жиырма жылдың ішінде ынтымағы жарасып, татулық бесігінде тербеліп келеді.

Рас, қазақ халқы тарихтың жазуыменен елімізге кіріккен көптеген ұлттарға бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің байтақ даламызда өсіп, өркендеуіне жол ашты. Бүгінгі көп ұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақ халқының ұлылығын танытса керек. Қазақтың қонақжайлығы мен дарқан мінезіне өзге ұлттар үнемі өз алғыстарын айтып, өздерінің жоғары бағасын беріп келеді. Еліміздің әр өңірінен, ұлтының қандай екендігіне қарамастан, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жас қазақстандықтарды көру мені қуанышқа бөлейді. Қазақстан бүкіл этностар өкілдерінің өзінің тілін, мәдениетін сақтауы үшін барлық жағдайларды жасады. 108 мектепте 22 этностың тілі дербес пән ретінде оқытылады, ал 88 мектепте оқу өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі. Елдің түрлі өңірлерінде 33 мамандандырылған мектеп балаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыта отырып, үш тұғырлы тіл қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл Қазақстан халқының достығының, топтасқандығының, патриотизмінің көрнекі көрсеткіші!

Президент өз сөзінде «Біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы - бұл барлық этностар достығының жылнамасы. Біздің елімізді өркендетуге Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этникалық топтардың өкілдері атсалысып келеді» деген болатын.

Бізде, Қазақстанда бәрі бар - ұланбайтақ жер, сарқылмас қор, жүз пайыз білімді адамдар. Бізде өсіп-өркендеуге және жарқын болашаққа қажеттің бәрі бар. Ия, өсіп келе жатқан жас ұрпақтар да саналы, білім нәрімен сусындалған, Қазақстанымыздың туын көкке көтеріп жүретін азаматтар мен азаматшалар болатынына кәміл сенемін. Қазақстан - әлемге озық интеграциялық бастамалар үздіксіз таралып жататын бірегей ел.

Қазақстан бағындырмайтын биік болмайды деп ойлаймын.

2011 жыл – қазіргі Қазақстан тари­хындағы ерекше белес. Биылғы жылдың 16 желтоқсанында біздің еліміз өз Тәуел­сіздігінің  20 жылдығын атап өтеді. Бұл тарихи оқиғаны мерекелеу Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жарлығымен жалпыхалықтық іс деп жарияланды, ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтуде.

«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» дегендей, расында, Қазақ­станның саяси-әлеуметтік да­муын­да «бірлік» категориясы ең негізгі құндылық болып табылады. Ендеше, бірлігі бекем, ынтымағы берік еліміздің асар асуы, шығар биігі көп болғай!            

Сөз соңын қазақтың Жәнібек сұлтанның жігіттеріне айтқан шешендік сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Ел бірлігі

              Жәнібек «Қызыл жыңғылдан» өтіп бара жатқанда жігіттеріне жуандығы қамшы сабындай бір құшақ тобылғыны кестіріп алған. Ол жігіттерді шақырып алып:

-         Алдарыңдағы тобылғыдан бір – бірден алыңдар. Енді сындырыңдар, - деді.

Жігіттер қолдарындағы тобылғыларын шытыр – шытыр сындырған.

-         Енді үш тобылғыдан алып сындырыңдар, - деді Жәнібек.

Жігіттер үш тобылғыдан алып, көп күш жұмсамай, бұл жолы да сындырған.

-         Енді бесеуден алып сындырыңдар, - деді Жәнібек сұлтан.

Жігіттер бес-бестен тобылғыны алып, біраз күш жұмсап сындырған.

-         Енді сегізден алып сындырып көріңдер, - деді Жәнібек сұлтан.

Жігіттер сегізден алған тобылғыны тізелеріне салды. Маңдайларынан тер ақты. Қиналып, әрең дегенде сындырды.

-         Енді оннан алып сындырып көріңдер, - деді Жәнібек сұлтан.

Жігіттер оннан алған тобылғыларын сындыра алмады.

Жәнібек сәл ойланып отырды да:

- Міне, ел бірлігі деген осы. Жалғыз адамды жау алады. Ал көп біріксе, ешкім де жеңе алмайды. Көп – қорқытады, терең – батырады. Егер екі қолдың он саусағындай ел жұдырық болып түйілсе, қандай жауға болса да қауіпті күш, - деді. Ия, біздің ел де сондай бірлігі бекем, ынтымағы берік ел екеніне сенімдімін.

 

 



Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен болашағы. Мұғалім көзімен