Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 13:02, реферат
Ақыры, маған ғана емес, менен ақыл-парасаты артық жұрттың өзіне мәңгілік көрінген совет өкіметі өңкиіп барып тырапай асқан. Алақай, тәуелсіздік! – деп, бөркімізді аспанға аттық. Мұндағы біз. Біз болғанда, мен сияқты «зиялы» қауым – қарапайым мұғалімнен белгілі ғалымға, қатардағы журналистен – атақты жазушыға дейінгі аралықтағы мың сан жайдақ қазақ. Көзімізге жас алдық, қуанышымыз кеудемізге сыймады. Халқымыз қарық болады, ер-азаматымыздың еңсесі жазылады дедік, елдің еркіндігі – ұлтымыздың бақыты, бәріміздің мерейіміз, ұрпағымыздың нұрлы болашағы дестік.