Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:41, доклад
Сабақтың мақсат: 1) Шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде білім беру; 2) Шешендік сөздегі термин сөздер, фразелогизмдер, мақал-мәтелдер, тура және ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту; 3) Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Сабақтың тақырыбы: Даналық ойдан дән ізде. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Сабақтың мақсат: 1) Шешендік сөздің мазмұндылығы,
сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнекілігі
жөнінде білім беру; 2) Шешендік сөздегі
термин сөздер, фразелогизмдер, мақал-мәтелдер,
тура және ауыспалы мағыналы сөздердің
табиғатын таныту; 3) Қазіргі шешендердің
сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз
сөйлеуден аулақтату, тауып
сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды
насихаттау.
Түрі: аралас.
Әдісі: саралап деңгейлеп оқыту, іздендіру, топтастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызбалар, кесте, портрет суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру.
Қызығушылықты ояту сатысы (Ой қозғау. Ой толғаныс. Ой түрткі. Бет бұру).
Оқушылармен жүздесіп амандасу, түгелдеу
Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Шешенге қандай талаптар қойылады?
2. Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?
3. Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
- Ал, қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойында ең жылдам, ең тапқыр топ жеңеді.
1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.
2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар.
3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.
Қандай сөз шықты, кім айтады? (Шешендік).
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркемі бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет, қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп, шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл" тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал, құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болмасын қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.
Шешендік сөз парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару, яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.
Ой толғаныс.
Жігіттер: - Ассалаумағалейкүм, би аға!
ІІІешен: - Уағалайкумүшсалам! Жол болсын, жігіттер!
Жігіттер: - Би аға, сізге сәлем беруге, өзімізді сынатуға келдік
Шешен: - Олай болса, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер:
1-жігіт: - Тәттіде бал тәтті. Қаттыда тас қатты. Жұмсақта мамық жұмсақ.
Шешен: - Ай, балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.
2-жігіт: - Тәттіде ананың сүті тәтті. Қаттыда атаның жүрегі қатты.
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Шешен: - Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің! Жарайсың, балам. Мұратыңа жет, қатарыңның алды бол.
Міне, балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би осылай сыннан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен.
Ой түрткі
Ру басы
Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз?
Бет бұру кезеңі.
Бес жолдан тұратын қорытындылау
1. Зат есім: Шешен. 2. Сын есім: Шешендік сөз. 3. Етістік. Айтысады. Тартысады. Шешіледі. 4. Сезіну: Шешендік сөз ұлттық өнер. 5. Синоним: Шешендік сөз - өнер падишасы.
Үйге тапсырма: «Шешендік сөз - өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Өлең сөздің патшасы. Абай мұрасы
Сабақтың мақсаты: ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлы мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.
1) Оқушы бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру; 2) Қанымызда бар шешен де шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру; 3) Ұлыларымызды құрметтеу сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру даналардың даралығын бағалау қастерлей білуге баулу.
Сайыс барысы.
1-жүргізуші: - Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
2-жургізуші: - Құрметті ұстаздар және оқушылар, сыныбымыздағы Абай оқуларына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: - Сыныбымыздағы Абай оқуларына қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс үш бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу).
2-бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай мен Шәкәрім әндерін, күйлерін орындау).
3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы).
2-жүргізуші: - Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар...
1-жүргізуші: - Жүректен өлең төгіп қосқан жырға,
дей отырып, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.
2-жүргізуші: - Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,
Ойы сергек жан оны ұғар.
Бар сезіміңді қозғар ән-күйге,
Жастар, тілімді ал, бол құмар! –
деп Шыңғыстаудың дара тұлғасы Шәкәрім атамыз да ән мен күй өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі.
1-жүргізуші: - Олай болса сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай мен Шәкәрім әндерін, күйлерін нақышына келтіріп орындайтын жас таланттарымызды шақырамыз.
2-жүргізуші:
- Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?
Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?
Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс,
Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?- деп ақын Тұманбай Молдағалиев жырлағандай, біздің мектебімізде де ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес. Енді оларға да кезек берейік...
1-жүргізуші: - Поэзия әлеміне самғадың,
Әділетті көксеуден еш талмадың.
Ақындардың көшбасшысы атанып,
2-жүргізуші: - Өзің едің өлең-жырдың тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым,
Қолдасын деп Абай ата аруағы.
1-жүргізуші: - Орындалмай қалды қанша арманы,
Жас ақындар өнеріңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.
2-жүргізуші: - Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар.
Сабақтың тақырыбы: Мақал – сөз мәйегі
Сабақтың мақсаты: 1) Ғасырлар шежіресі, халық тарихы, ақыл-өнегесімен көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қоданылу тәртібі жайлы мағұлмат беру; 2) Ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, ауызша көркем баяндау ретін, ой алғырлығын грамматикалық ойындар арқылы жан-жақты дамыту; 3) Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемдігін көтеруге тәрбиелеу.
Түрі: қайталау, жарыс сабақ.
Әдісі: іздендіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: кесте, "Ақ тілек" сызбасы.
Пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Бүгінгі сабақты «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынымен ұштастырғалы отырмын. XXI ғасырдың азаматы қандай болу керек? (Білімді, білікті азамат болу керек).
Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысқалы отыр, өздерін таныстырып өтсе. Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін.
1-кезең: «Бәйге». Бәйгеге шауып бүгін мен,
Білімімді көрсетем.
Бәйгенің сұрақтары:
1. Мақал дегеніміз не? 2. Күміс көмей тұрақты тіркесінің мағынасы қалай? 3. Антоним дегеніміз не? 4. Мәтел дегеніміз не? 5. Синоним дегеніміз не? 6. Үлкен-кіші, биік-аласа қандай сөздер? 7. Омоним дегеніміз не? 8. Еңбек туралы бір мақал айт. 9. Эвфемизм дегеніміз не? 10. Дисфемизм дегеніміз не? 11. Омонимге мысал келтір. 12. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? 13. Эвфемизмге мысал келтір. 14. Дисфемизмге мысал келтір. 15. "Дария жанына құдық қазба" - мақал ма, мәтел ме?
2-кезең: «Көкпар». "Білгіш білгенін істейді, білімсіз бармағын тістейді"
Бұл бөлімде ұяшықтағы суреттер бойынша мақал-мәтелдер құрастыру.
3-кезең: «Сөзмерген».
Ар ма, ардақты ағайын, көз көрген,
Алдарыңда тіл сайысы - «Сөзмерген».
Назарымызды экранға аударайық. "Жүйрік болсаң - шауып көр" демекші, кестедегі сөздерден мақал-мәтел құрастырып, мағынасын ашамыз.
4-кезең: «Тіл білгірі». Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан қазіргі заман талабына сай үш тілді білу қажет.
1. Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар. 2. Көз -қорқақ, қол - батыр. 3. Отанды сүю отбасынан басталады. 4. Досы көпті жау алмайды. 5. Әке -асқар тау, шеше - қайнар бұлақ, бала - жағасындағы құрақ. 6. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. 7. Өнер алды - қызыл тіл. 8. Ердің екі сөйлегені - өлгені.
5-кезең: «Шешен сөз». Бұл кезеңде өзіміздің шешендігімізді, ділмарлығымызды көрсетейік. Оқулықпен жұмыс жүргіземіз.
Бір сәт тағы экранға көз жүгіртсек. Берілген сурет бойынша мақал-мәтелдерді қатыстырып сөйлем құраймыз.
6-кезең: "Ақ тілек". Сызба бойынша сөздер алып, сол сөзді пайдалана мақал-мәтел құрастырып, бір-бірлеріңе тілек айту.
Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Енді бағалау парағын тақтаға ілейік.
Оқушылар, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп.