Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:09, курсовая работа

Описание работы

КІРІСПЕ
Жұмыcтың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық публицистиканың терең тамырлары айқындалады. Фольклорлық шығармалардағы ауызекі публицистиканың алғашқы үлгілері көрсетіліп, ежелгі жазба ескерткіштері публицистика бастаулары ретінде сараптан өтеді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі публицистика ғылыми жүйеленеді. Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ публицистикасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары жекелеген публицистер шығармашылығы негізінде ашылады.
Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.
«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз...» [1,147-148 б.б.| -деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.

Работа содержит 1 файл