Негізгі қорлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:34, реферат

Описание работы

Негізгі құралдар (қорлар) елдің ұлттық байлығының басты және ең серпінді бөлігін, оның өндірістік әлеуетінің материалдық-техникалық негізін құрайды. Негізгі құралдарды (қорларды) бағалау экономиканың даму перспективаларын, қажетті құрылымдық ілгерілеулерді іске асырудың мүмкіндіктерін зерттеу, халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылату, ұлттық шаруашылықты жалпыәлемдікке қосу үшін табиға база болып табылады.
Әдістеме Қазақстан Республикасы статистика органдарының ұлттық байлықтың элементтерін халық шаруашылығы балансының жүйесінде есептеуден, олардың ұлттық шоттар жүйесінде есептеуге өтуіне байланысты әзірленген.

Работа содержит 1 файл

BG.doc

— 87.00 Кб (Скачать)

                                                         Кіріспе

 

Негізгі құралдар (қорлар) елдің ұлттық байлығының басты және ең серпінді бөлігін, оның өндірістік әлеуетінің материалдық-техникалық негізін құрайды. Негізгі құралдарды (қорларды) бағалау экономиканың даму перспективаларын, қажетті құрылымдық ілгерілеулерді іске асырудың мүмкіндіктерін зерттеу, халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылату, ұлттық шаруашылықты жалпыәлемдікке қосу үшін табиға база болып табылады.

Әдістеме Қазақстан Республикасы статистика органдарының ұлттық байлықтың элементтерін халық шаруашылығы балансының жүйесінде есептеуден, олардың ұлттық шоттар жүйесінде есептеуге өтуіне байланысты әзірленген. 

ТМД елдерінің халық шаруашылығы балансының (ХШБ) шеңберінде негізгі қорлар балансын құрастыру тәжірибесі және тиісті есептеулер өткізуге арналған әдістемесі болды.

Халықаралық стандарттарға көшу негізгі  құралдардың (қорлардың) баланс көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын маңызды түзетуді, активтердің қозғалысын және есептердің ақпараттық базасын талап етеді. Бірақ есептеулер ТМД статистикасы үшін дәстүрлі орындауға негізделуі тиіс, ал балансты әзірлеу үшін негізгі ақпараттық база статистикалық және бухгалтерлік есептіліктің жүйесі болып табылады. 

 

Негізгі қорларды бағалау - негізгі қорлардың құнын анықтау тәсілі. Негізгі қорлардың серпінін, шамасын, құрылымын, құрамын, тозуын есептеу үшін қолданылады; тозымпұлды (амортизацияны), өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын және тиімділікті есептеу үшін қажет. Есеп пен талдау практикасында оның бірнеше түрлері қолданылады. Бухгалтерлік есеп пен есептемеде негізгі қорлар теңгерімдік құн (бастапқы немесе қалпына келтіру құны) бойынша көрсетіледі. Бастапқы құнда негізгі қорларды дайындауға (салуға) немесе сатып алуға, тасымалдауға, құрылыс құрастырым жұмыстарына жұмсалған нақты шығын қамтылады. Қалпына келтіру құны негізгі қорларды қазіргі кезең жағдайында және осы кезендегі баға бойынша өндіру құны. Ол жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды олардың нақты жай-күйі мен сапалық тозуын ескере отырып қайта бағалау жолымен айқындалады. Негізгі қорлар пайдаланылу барысында бірте-бірте тозады, осы факторды есептеу үшін қалдықтық құн көрсеткіші қолданылады, бұл көрсеткіш негізгі қорлардың теңгерімдік санының және толық қалпына келтіруге арналған тозымпұл аларын басшылыққа ала отырып есептелетін тозу сомасының шығын айырмамен айқындалады.

Бағалау, экономикада — материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалар күрделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында Бағалар жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндірістік қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданылады. Бағалар процесі оның негізгі қағидаларын айқындауға және жүзеге асыру тетіктері мен нақты экономикалық есептеулерге негізделеді. Бағалар экономикалық сипатына қарай номиналды, реалды және оптималды болып, ал қолданылатын обьектісіне қарай жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалар, негізгі қорды Бағалар, шаруашылық қорларын бағалар, жылжымайтын мүліктерді Бағалар, т.б. түрлерге бөлінеді.

Бағалау түрлері

Номиналды Бағалау —  инфляцияны есепке алмай бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш.

Реальды Бағалау — инфляцияның  болжалды шегін ескере отырып бағалау.

Оптималды Бағалау — дамудың  оптималды бағдарламасын жасау  құралдары. Ол әкімш. шешімдер қабылдауда басшылыққа алынады. Оптималды Бағалау  белгілі бір ресурс қорының бастапқы қалпымен салыстырғанда қаншалықты өзгеріп (көбейіп не азайып) отыруының  оптималды өзгерісін көрсетеді. Мұның нәтижесінде қолда бар ресурстарды (еңбек, өндірістік, табиғи т. с.с.) тиімді пайдалануға болады.

Жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалау — мүлікті аукционда  сату кезінде бастапқы бағасын белгілеу немесе кәсіпорын акционерлік қоғам болып қайта құрылған жағдайда оның жарғылық қор көлемін анықтау. Кәсіпорынның мүлкі бухгалтерлік баланс мәліметтеріне, тікелей түгелдеу негізіне сүйеніп бағаланады. Бағаланғалы отырған мүліктің құрамына негізгі қор мен салымдар, ақшалай қаражат пен басқа да қаржылық активтер кіреді.

Негізгі қорды Бағалау — негізгі  қордың құнын анықтауға бағытталған әдістер жүйесі. Негізгі қор іске қосылу мерзіміне қарай әр түрлі бағаланады. Ол мынандай түрлерді қамтиды:

 

1) толық алғашқы құн — жаңа іске қосылған негізгі қор құны. Оған ғимаратты жабдықтау, құрылғыларды жеткізу, орнату және қосуға жұмсалған шығындар да енеді;

2) тозбасы шығарылған бастапқы құн — негізгі қор құнының өндірілген өнімге ауыспаған бір бөлігі;

3) толық қалпына келтіру құны — негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі нақты жағдайларды: көтерме баға, транспортқа қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық бағасын ескере отырып анықталған құн;

4) тозбасы шығарылған қалпына келтіру құны — негізгі қордың өнімге ауыспаған нақты құны. Ол негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі мәліметтер негізінде анықталады. *Шаруашылық қорын Бағалау — табиғи көрсеткіштерді ақшаға шағып көрсету тәсілдері. Ол бухгалтерлік есеп жүргізуде қолданылады.

Жылжымайтын мүліктерді Бағалау — жылжымайтын мүліктерді сатып алу, сату процесінде олардың нарықтық құнын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекеттер жиынтығы. Жылжымайтын мүліктерді Бағалауда мынадай талаптар: тұтынушының көзқарасына негізделген талаптар, жерге қатысты немесе оған орналасқан өндірістік қуаттар мен үй құрылыстарына байланысты талаптар, нарықтық ортаның қалыптасуынан туындайтын талаптар және мүлікті өте тиімді пайдалануға негізделген талаптар басшылыққа алынады

 

 

Негізгі құралдар (қорлар) – біртіндеп өзінің құнын жоятын, нарықтық және нарықтық емес қызметтерді көрсететін, тауарларды өндіру үшін бірнеше немесе үнемі өзгермейтін табиғи-заттай нысанда ұзақ уақыт бойы  пайдаланылатын, өндіріс үдерісінде құрастырылған, жұмыс мерзімі бір жылдан артық өндірілген активтер.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – негізгі құралдарды құру немесе сатып алу үшін нақты жұмсалған шығындар құны, оған төленген,  белгіленбейтін салықтар мен алымдар қосылады, сондай-ақ жеткізуге, құрастыруға, орнатуға, іске қосуға жіберілген шығындар және өз мақсатына сәйкес пайдалану үшін негізгі құрал-жабдықтарды жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген басқа да шығыстар.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны – қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша негізгі құралдардың құны.

Баланстық құн – бұл жинақталған тозу сомасын шегергендегі негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны, сол бойынша актив есепте және есептілікте (қалдық құны) көрсетіледі.

Өтелім – бұл қызмет мерзімі ішінде өтелетін актив құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құндық тұлғалануы.

Тозу – бұл қолданыстағы негізгі құралдардың ескіруін сипаттайтын, негізгі құралдардың объектілерінің физикалық және моралдық сипаттамаларын жоғалту үдерісі.  

Тозу дәрежесі – негізгі құралдардың тозуы негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы.

Негізгі құралдардың (қорлардың) жіктелімі.

Негізгі құралдардың (қорлардың) жіктелімі

Қазіргі уақытта  Қазақстанның статистикасында негізгі  құралдардың (қорлардың) мынадай үлгілі жіктелімі қолданылады:

    1. Ғимараттар (мекен-жайлардан басқа).
    2.    Құрылыс.
    3. Тұрғын имараттар.
    4. Машиналар мен жабдықтар.
    5. Тапсыру құрылғылары.
    6. Көлік құралдары.
    7. Аспап, өндірістік және шаруашылық мүліктері.
    8. Жұмыс малы және өнімді мал.
    9. Көпжылдық көшеттер.
    10. Өзге де негізгі құралдар.

Келтірілген материалдық негізгі құралдардың (қорлардың) жіктелімі  экономикалық қызметтің әрбір түрі үшін нақтыланады, бірақ мұның өзінде салалық жіктелімдердің негізгі құралдарын (қорларын) негізгі құралдардың (қорлардың) бірыңғай жіктеліміне келтіру міндетті жағдай болып табылады.

Негізгі құралдар балансын құрастыру

Негізгі құралдардың қолда бары және қозғалысы, олардың тозуы, көбейту көздері және азайту факторлары туралы білу үшін негізгі-құралдардың жалпы түрлері, меншік нысандары, экономикалық қызмет түрлері, өңірлер, республика бойынша негізгі-құралдардың (қорлардың) ұдайы өндірісін саипаттайтын баланстық кестелер дайындалады.

Негізгі құралдар балансын құру әдістемесі екі кезеңнен тұрады:

    • бірінші кезең негізгі құралдардың балансын есептеу кезінде негізгі құралдар бойынша есепті деректердің ақпараттық қорының пайдаланылуын;
    • екінші кезең – бір жолғы зерттеулерден, деректерінен есептеу және статистикалық есептіліктің басқа нысандарынан алынған негізгі-құралдардың қолда бары және қозғалысы туралы қосымша ақпаратты пайдалануды білдіреді. 

Бастапқы (ағымдағы) құны бойынша негізгі-құралдар (қорлар) балансының сызбасы

Негізгі-құралдар- дың түрлері

Жыл басына негізгі-құралдар-дың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі-құралдардың қолда бары

Вбар-лығы

соның ішінде:

Вбар-лығы

соның ішінде:

негізгі-құралдар-дың іске қосылға-ны

басқа себептер бойын-ша

жойылған негізгі-құралдар (есептен шығару)

басқа себептер бойын-ша

A

1

2

3

4

5

6

7

8


Осы баланста жылдың басына және соңына негізгі-құралдардың қолда бары, сонымен бірге негізгі-құралдарды іске қосу, жою, ақысыз түсімдердің және беру көрсеткіштері, сонымен бірге тозу дәрежесіне қарамастан, басқа себептер бойынша негізгі-құралдардың түсімі және есептен шығуы көрсетіледі. Жұмыс істеу уақытында айырбасталмайтын негізгі-құралдар оның тұтыну құнына қарай қаралады. Осы баланстың көрсеткіштерін пайдалана отырып, тозған негізгі-құралдардың есептен шығуы енгізілуімен салыстыруға, бірқатар көрсеткіштерді есептеу үшін қажет болатын, негізгі-құралдардың орташа жылдық құнын анықтауға болады.

1 – кесте есептерінің алгоритмдері:

2 баған =   3, 4 бағандар å;

5 баған  =   6, 7 бағандар å;

8 баған  =  1 баған + 2 баған – 5 баған.

Тозуды шегергендегі құны бойынша негізгі-құралдардың  балансы негізгі-құралдар құнының ұдайы өндірісін сипаттайды және негізгі-құралдардың құнында жинақталуын анықтау үшін қолданылады.

 

2 – кесте

Баланстық (тозуды шегергенде) құн бойынша негізгі-құралдар (қорлар) балансының сызбасы 

Негізгі-құралдардың  түрлері

Жыл басына негізгі-құралдардың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі-құралдардың қолда бары

бар-лығы

соның ішінде:

барлығы

соның ішінде:

негізгі-құралдардың  іске қосылғаны

басқа себептер бойынша

негізгі-құралдардың  тозуы

жойылған негізгі-құралдардың  қалдық құны

басқа себептер бойынша

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Баланс бір  жағынан негізгі-құралдар құнының артуын, ал екінші жағынан амортизацияның өніміне және негізгі-құралдардың тозуына өткізу түрінде негізгі-құралдар құнының кейбір үлесінің жоғалтуымен, физикалық шығып қалуына байланысты оның азайғанын білдіреді.

Тозуды шегергенде (2 – кесте) құны бойынша негізгі-құралдарды баланс бағандарының көрсеткіштері 1 – кестенің деректері бойынша толтырылады және келесі формулалар бойынша әрбір жолдар бойынша есептелінеді:

3 бағанда 1-ші кестенің тиісті жолдардың 3 бағанның деректері тасымалданады;

4 баған = 4 баған 1 кесте – 4 баған 1 кесте х тозу дәрежесіне (пайызбен)

                                                          100%

2 баған = 3, 4 бағандарå;

5 баған = 6, 7, 8 бағандарå;

6 баған  - әрбір қызмет түрінің негізгі құралдардың жылдық тозудың мөлшері туралы есепті деректердің негізінде толтырылады;

 

7 баған= жойылған негізгі құралдардың құны (есепті деректер) – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша тозуы (есепті деректер) + жойылған негізгі құралдардың өтелінбеген құны (есепті деректер)

 

8 баған = 7 баған 1 кесте – 7 баған 1 кесте х тозу дәрежесіне (пайызбен) ;

                                         100%

9 баған қалдық құны бойынша жыл аяғында негізгі құралдардың бары туралы есепті деректер бойынша толтырылады;

1 баған = 9 баған + 5 баған – 2 баған.

 

Негізгі-құралдар (қорлар) балансын құру оның көрсеткіштерін салалық әзірлеуді қамтиды. Сондықтан негізгі-құралдар (қорлар) бойынша деректер:

    1. экономикалық қызмет түрлері бойынша әзірлемелік кестеде орналастырылуы;

2. экономикалық қызмет түрлері бойынша әзірлемелік кестеде жиналуы керек.

 


Информация о работе Негізгі қорлар