Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:41, реферат
1938 жылы соғыс қызметкерлерін көтеріліске шақырғандығы үшін әскери-соғыс трибуналы Н.Хикметті 15 жыл, одан кейін тағы да 13 жыл түрмеге отыруға үкім етеді. Бірақ Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Бірақ халыққа арналған өмір жыры өшкен жоқ, өрши берді, еңбек жұртының жүрегіне, ойына тарады, студенттердің қойнына, солдаттардың қонышына түсті. Хикметтің тиым салынган шығармалары офицерлердің чемодандарынан да табылды».
Сен – көктемгі зеңгір көк,
Сен – алаусың...
Сен – алқапсың құнарлы
Сен – ақ қағаз
Сен – ән
Мен – ішек
Мен – түстіктің желең желі
Мен – тасбұлақ
Сен – дәруіш, кәусарынан нәр алған...
Мен көлденең көк аттымын
Сен – бір тұнық сезімсің
Анатолия тауында өскен дара шынар өзіңсің.
\Хикмет
Назым. Таңдамалы...
36-58-беттер\
Назым Хикметтің өлеңдерінде айшықтау \фигура\ сөз қолданыстардың арнау, қайталау, дамыту, инверсия \сөз ауыстыру\ эллипсис \сөз тастап кету\, егіздеу түрлері \психологиялық, синтаксистік\ де кездеседі.
Назым Хикмет шығармашылығындағы дастандарын, драмалық шығармаларын оқып-үйрену – өзіндік бір мектеп. Ал, оның шығармаларының ішінде балаларға арнап жазғандарының тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен. Ол фольклордағы аңыздық-ертегілік ауызша әңгімелерді авторлық шеберлікпен шығармашылық шешіммен қайта қарап ертегі-әңгімелер жазды. Мысалы: «Үш жігіт жайындағы хикая», «Пұтхана мен дана шал жайындағы хикая», «Қыз сүйген бұлт», «Әлем – Кәллем», «Кел – Оғлан мен түлкі», «Тоқымашылар», «Жолбарыс пен мысық», «Жер астындағы бүркіт», «Қыздар», «Кемпір мен түлкі», «Соқыр патша».
Адамды, оның ішінде жастарды тәрбиелеу үшін ертегілік жанрды бүгінгі уақыт тынысына бейімдеп, жазушылық-ұстаздық көңілмен жазып шығу – әлем әдебиетіндегі бар дәстүр.
\Мысалы, Андерсен, Пушкин, Ыбырай т.б.\
Назымның прозалық шығармаларының ішінде нақыл жанры да бар. «Сен жас ағаш сияқтысың» \ұлына арнауы\, «Өз мысығымды жақсы көрем», «Ағаштың екі түрі», «Балалық белгісі», «Шағалалар» деген нақылдарында автор адамдық саналы өмірдің философиялық тереңдіктері, қйшылықтары хақында толғанады, мәнді тұжырымдар жасайды. Мысалы, «Балалық белгісі» нақылындағы толғаныстар түйінінің, тағлымының тәрбиелік әсері ерекше: «Өзінің балалық шағының белгілерін әбден жоғалтқан жан жапырақ жаю мүмкіндігімен біржола айрылып қуарған ағаш сияқты. мұндай ағаш мүмкін терезе, есік жақтауларына немесе отынға жарап қалар. Бірақ енді оған ешуақытта да бірде бір, тіпті, құттай да болса жапырақ шығуы мүмкін емес».
\Хикмет
Назым. Қыз сүйген
бұлт. А., Жазушы, 1974, 125-бет\
Назым Хикмет – әлем әдебиетіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Революциялық-романтикалық, реалистик ақындығындағы, саяси лирикасындағы тақырыптары қазақ поэзиясындағы Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, кейінгі Мұқағали жырларымен үндеседі. Ал, қазақ әдебиетіндегі бір шоғыр қаламгерлер Назым Хикмет шығармаларын қазақ тіліне аударды. Өлеңдерін Ж.Саин, Т.Жароков, Қ.Жармағамбетов, Ж.Сыздықов, Т.Әлімқұлов, Ж.Молдағалиев, С.Мәуленов, І.Мәмбетов, М.Әлімбаев, Қ.Жұмағалиев т.б. аударған.
Прозалық шығармаларын Ә.Нүрпейісов, Ә.Омаров, ал «Елеусіз қалған есіл ер» пьесасын жазушы З.Қабдоллов аударған.
Назым Хикмет – қанша және басқа түркі халықтары әдебиеттерімен болатын әдеби байланыстардың нығайюына өте ықыласты болған жан. Қазақ жазушылары Ғ.Мүсірепов, Н.Ғабдуллин ақынның интернационалист, гуманист тұлғасы хақында мақалалар жазды.
Ғ.Мүсірепов Н.Хикметтің 1952, 1969 жылдары қазақ ақындарының аударуында жариялынған кітаптарында алғы сөз – мақалалар жазды. Ал, жазушы-ғалым Нығмет Ғабдуллин «Ташкентте табысқанда» атты әңгімесінде 1958 жылғы Ташкентте өткен Азия – Африка қаламгерлерінің мәслихаты кезінде Назым Хикметпен дидарласу туралы жазады.
\
«Қазақ әдебиеті» газеті,
№43, 24, 1958ж\
Ақын – ұлтының, сол арқылы бүкіл азаматтың перзенті. Жаны кеудесінен шыққанмен ақын рухы туған жерінің топырағымен, ауасымен бірге мәңгі жасайды, Назым Хикмет те «Өсиет» атты өлеңінде мұңлы, романтикалық сезім әуендерімен береді:
Ән тербеп, шалқар атырап шын тебіренген кезінде,
Жатармыз үнсіз, тілсіз, бір сұлулықты әсте сезінбей.
Жатармыз жым-жырт кесіліп, төрңнде туған өлкенің,
Еш дәурен болмай естуге,
Көрерге болмай көзің де...
\Хикмет
Назым. Таңдамалы.
А., 1975, 117-бет \.
Назым Хикмет шығармашылығы туралы бағалауда замандық көзқаратарда іркілістер бар. Бірақ қазақ поэзиясының тұтас бір буыны сүйіп оқыған ақынның мұрасын толық оқып-үйрену – сөз өнері тарихын игерушілер үшін пайдалы істердің бірі. Ақынның азаматтық тұлғасы уақыт өткен сайын әрқилы көзқарастар талқысына түскенмен адамзат бақыты үшін арпалысқан қайсар үнінің өшпейтіні анық. Лирикалық кейіпкер – Ақын мұратының аласармайтынына оның жырларына оралған сайын сезінеміз. Мысалы, «Ақын» өлеңіндегі жолдар соның айғағындай:
Ақынмын мен
Шар болатша үн – демім
Жай түсірер жапсарына үйлердің,
Менің көзім көрінім жерден көреді,
Қос қоңыздың қосақталып жүргенін...
Ақынмын мен
Білем жырдың жайын да
Жылтыраққа құмар мес жаным да...
Ақынмын мен,
Жыр арқауын өрмегін
Күзгі тамған тамшыдан көп өргенмін.
\
Хикмет Назым.
Өлеңдер, А., 1952, 13-бет\
Түрік әдебиетінің ХХ ғасырдың орта шеніндегі әдеби даму мазмұнындағы шығармашылық тұлғалардың барлығы дерлік әлем әдебиетіндегі тақырыптық, жанрлық жаңалықтарға үндесе білді. Ұлттық мұралардың ежелгі халықтық сілтемелерін уақыт тынысына ұштастыра білген қаламгерлер жаңа түрік әдебиетінің қалыптастыруына игі ықпал етті.