Лоббизм ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 00:44, доклад

Описание работы

Лоббизм – заңдарды немесе атқарушы биліктің шешімдерін қабылдау кезіндегі жеке адамдардың немесе ұйымдардың (партияларда, бизнесте, ұйымдарда, жеке тұлғалар тарапынан) кейбір мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған түрдегі ұйымдасқан әрекеті. Лоббизм – құйтырқылық емес, коммуникация. Қоғамдық қатынастардағы тыйылуы қиын заңсыздықтарды заңдастырған жақсырақ.

Работа содержит 1 файл

Лоббизм ұғымы.docx

— 19.32 Кб (Скачать)

Лоббизм ұғымы

 

Лоббизм – заңдарды немесе атқарушы биліктің шешімдерін қабылдау кезіндегі жеке адамдардың немесе ұйымдардың (партияларда, бизнесте, ұйымдарда, жеке тұлғалар тарапынан) кейбір мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған түрдегі ұйымдасқан әрекеті. Лоббизм – құйтырқылық емес, коммуникация. Қоғамдық қатынастардағы тыйылуы қиын заңсыздықтарды заңдастырған жақсырақ. Заң атаулыны он орайтын мүдделік ойындар өркениетті елдерде парламент, қала берді атқарушы билік деңгейінде біршама заңдастырылған екен. Лоббизм азаматтар, әртүрлі әлеуметтік топтар, қоғамдық бірлестіктердің бастамасымен қоғамға қажетті заңдарды талқылауына және оның қабылдануына қатысуына мүмкіндік береді. Лоббистік қызмет саяси, идеологиялық плюрализмге қол жеткізіп, қарапайым азаматтарға ақпарат алуға және оны таратуға себін тигізеді. «Мүдделік қолдау туралы» заң әсіресе әртүрлі қоғамдық бірлестіктер, мүмкіндіктері шектеулі әлеуметтік топ өкілдері, мүгедектер ұйымдарына, коммерциялық ұйымдарға, кәсіпкерлік құрылымдарға аса қажет. Осындай кішігірім ұйымдар алпауыт корпоративті топтармен иық тіресіп, өз игілігіне сай заң қабылдауға ықпал ете алады. Оның үстіне лоббизмге қатысты заңды қабылдау Конституциямыздың 33, 20, 24, 32-баптарын қоғамдық-саяси өмірде кең жүзеге асыруға септігін тигізері сөзсіз. Яғни лоббизм арқылы бұл баптарда айқын көрсетілген адамдардың ақпарат алу құқығы, саяси шешімдерге араласу құқығы, митинг өткізу секілді азаматтық белсенділіктерін арттыра алар едік. Бұл тұрғыдан келгенде, лоббизм әлдебір мүдделер қитұрқылығы емес, демократияға дем беретін коммуникация болып шығады. Яғни лоббизм құбылысын мүдделерді жүзеге асыру коммуникациясы деп те түсінуге болады. Дәл осы лоббизм арқылы қоғам өзіне қажетті ұсыныстарды іске асыру үшін билікке барынша әсер ете алады. Лоббизмді заңмен реттеу тәжірибесі.  
Лоббистік қызметті заң жүзінде реттеу механизмінің енгізілгеніне көп болған жоқ. АҚШ-та ХІХ ғасырда лоббистердің қызметін реттеу туралы реестр, 1946 жылы әлемде лоббизм туралы тұңғыш заң қабылданып, ал 1996 жылы Конгресс пен Сенатта ғана емес, атқарушы биліктің лоббистік іс-әрекетін реттейтін заң күшіне енді. Заңды түрде лоббистік қызметпен корпоративті лоббистер және лоббистік фирмалар шұғылданады. Корпоративті мүдделерді қорғаумен арнайы құрылатын биліктің мемлекеттік органдарымен байланыс департаменті жүзеге асыратын болса, ал лоббистік фирмалар ақылы негізде мемлекеттік органдардың тапсырысын орындаумен айналысады, былайша айтқанда, оның қызметін адвокаттың жұмысымен салыстыруға болады. Лоббистік фирмалар өзінің клиенттері, есеп-қисаптары туралы мәліметтерді жария етуге міндеттеледі. Заң шығару үрдісін жеделдету және тиімділігін көтеруі себепті кәсіби лоббистерді «биліктің эксперттері» деп бекер атамаса керек. Лоббизм туралы заңдар өркениетті елдерде, соның ішінде Австралияда, Ұлыбританияда, Германияда, Канадада, Польшада, Францияда жұмыс істейді. Посткеңестік елдер арасында тек Литвада ғана 2000 жылдан бастап күшіне енген. Ресейде, бізде қызу талқылау кезеңін өткеріп жатыр. 
Әзірге бізде талқыға түскен заң жобасында лоббилеуді Үкіметте жүзеге асыру тәртібін доғара тұрып, тек Парламентте қалдырылып отыр. 
Дөңгелек үстелге қатысушылар «Мүдделік қолдау» туралы заң жобасын қабылдау қоғам мен биліктің тұрақты байланысына оң әсер етеді, оған демократиялық, құқықтық сипат береді деп сенім білдірсе, келесілері бұл ұғымды нақтылап алмайынша, заң қабылдауға асықпау керек деп есептейді. Саясаттанушы Досым Сәтпаев «лоббистік қызмет» түсінігін кең ауқымда қарастыруды, оның елдегі ерекшелігін, кедергі келтіретін факторларды ескеруді ұсынады. «Лоббистік қызмет туралы» заң жобасының тағдыры өте ауыр. Өйткені оны ешкім лоббилеп жатқан жоқ. Осымен төртінші мәрте некесіз туған баладай Парламентке енгізіліп отыр», – деген Мәжіліс депутаты Жақып Асановтың сөзі еріксіз езу жиғызды.

Лоббизм - (ағылш. 'lobby' - мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) - билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің - лоббистердің - нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заңжобасын жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. Осы мақсатпен жеке кездесулер, байланыстар, келіссөздер ұйымдастырылады, ғылыми зерттеулердің нәтижесі баяндалған, қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары көрсетілген хат және телеграммалар табысталады. Әдетте, лоббистер өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайды: "ауыз бастырық", пара беру, қызмет көрсету, қоқан-лоқы жасау, арандату және т.б. әрекеттерге дейін барады.

Лоббизм АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда, мұнда лоббизм - тек мәжілістен тыс жерлерде уағдаласу (ол да кеңінен таралған) ғана емес, сонымен қатар, заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңесшілер ретінде дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады. Лоббизмді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Екеуінің аражігін ажырату қиынға соғатындықтан, оған саяси құбылыс ретінде қарау да біржақты емес. Лоббизмге екі тәсіл қолдану қалыптасқан: тыйым салушы және құқықтық-реттеушілік. Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады. Екінші тәсілдің жақтаушылары лоббистік белсенділікті құқықтық шеңбермен шектеуді ұсынады. Мысалы, Францияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШпен Канадада заңмен реттеледі.[1]

Парламент депутаттарына, үкімет мүшелеріне әлдебір не басқа әлеуметтік немесе саяси күштердің пайдасы үшін әлдебір не басқа шешімдердің пайдасына (ресми емес кездесулер, пікір алмасулар, құлағдар қоғамдық аялардағы ресми емес әңгімелер мәжіліс залынан тыс жерде) ұйымдастырылған қысым көрсетулер тобы. Кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын директорларының, экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін; осы топтардың агенттері — лоббистер.


Информация о работе Лоббизм ұғымы