Эфир этикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:25, курсовая работа

Описание работы

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................2-4
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы..........................4-10
2. Тікелей эфир ерекшеліктері...............................................................10-13
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі...........................................13-15
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі..............................................15-25
2.3. Эфир этикасы....................................................................................25-29
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары.....29-38
Қорытынды...............................................................................................39-40
Әдебиеттер тізімі.....................

Работа содержит 1 файл

krusovoi.doc

— 299.50 Кб (Скачать)

 

                                          Мазмұны 
Кіріспе.......................................................................................................2-4 
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы..........................4-10 
2. Тікелей эфир ерекшеліктері...............................................................10-13 
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі...........................................13-15 
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі..............................................15-25 
2.3. Эфир этикасы....................................................................................25-29 
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары.....29-38 
Қорытынды...............................................................................................39-40 
Әдебиеттер тізімі......................................................................................40-42 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кіріспе 
   Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі. Сондықтан В.Гамельтонның «екі символы» 1867 жылы ғана, Кэмбридж университетінің профессоры Д.Максвеллдің осыған негізделген «екі теңдеуінен» кейін «электр тогы мен магнит күші арасындағы қатынас», бүгінгі «электр және магнтизм» теориясының негізін қалады. Содан басталған 150 жылдық тарих қойнауында «көгілдір экран» деген атпен өмірге енген теледидар әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телевизиялық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр.  Бұл – бұлтартпас шындық. Ресей топырағында 74, Еуропада 70, АҚШ-та 67, Қазақстанда 48 жылдық қалың қатпарлы тарихы бар теледидар бүгінде шартарапты түгелдей жайлап, әлемдегі көрермені ең көп ақпарат құралына айналды. Оның себебі, әлемнің кез келген қиыр шетіндегі оқиға сол сәтте, сол сағатта, сол күні жалпақ дүниеге тарап, Жер тұрғындарын құлағдар етеді. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлдем жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық уақыт кеңістігінің еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Сол тұрғыдан алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда, теледидардың бірінші кезекке шығатыны ақиқат. Теледидардың түрлі салалары көп. Соның бірі, әрі бірегейі тікелей эфир хабарлары. Сондықтан осы зерттеу жұмысымызды тікелей эфир табиғатына арнадық. 
  Тақырыптың өзектілігі: Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, телевидение саласындағы тікелей эфир өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде эфирдегі жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын» деген тұжырымы журналистиканың жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты. Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды. Жалпы тележурналистикадағы тікелей эфирдің табиғаты – кәсіби- шығармашылық процесс, құрылымы күрделі психологиялық құбылыс, уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсені түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз-қалпында айналымға түсетін қайталанбайтын әрекет, алып-қосары жоқ шынайы дүние.  
   Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Біз, тақырыпты тікелей эфир хабары деп алуымызда үлкен себеп бар. Тақырып таңдалмас бұрын, өзіміз жинаған тәжірибені сарапқа салып, қорытып көрдік. Телевидение саласындағы түрлі хабарлардың тізгінін де ұстадық. Адамды аз уақыт ішінде танымал ететін, телевидениенің қыр-сырына үйрететін, халықпен тікелей байланыс жасататын осы тікелей эфирдегі хабарлар екеніне көзіміз әбден жеткеннен кейін барып, теле саласында әлі ешкім арнайы зерттей қоймаған тың саланы алуды жөн санадық. Мақсатымыз отандық телеарналалардағы тікелей эфир хабарларын мақтау немесе даттау емес, зерттеу нысаны ретінде көрермен көзімен баға беру.  
   Зерттеудің нысаны: Телевидение саласындағы тікелей эфир хабарының  орны мен рөлі ерекше. Отандық телеарналардың барлығында дерлік тікелей эирде тарайтын хабарлар бар. Бірақ осы қорғау жұмысында біз көпшілік арасында зор беделге ие, бұқараның  басым бөлігі көретін «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасын, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ» ақпараттық, сазды-сауық бағдарламасын, «31 арнадағы» «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуын және «Қазақстан-Өскемен» телеарнасындағы «Таң жарық», «Кеш жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламаларын мысалға ала отырып, талдауды жөн көрдік.   
  Зерттеудің дерек көздері: Телевидение саласына қалам тербеп жүрген зерттеушілер некен-саяқ. Бітіру жұмысын жазу барысында біз Қ.Тұрсын мен  Ж.Нұсқабайұлының «Теледидар сөздігі-тележурналист анықтамалығы» оқу құралынан, Қ.Тұрсынның «Көгілдір экран құпиясы», кітабінан және Ж.Әбдіжәділқызының «Тікелей эфир ерекшеліктері» кітабінан қажет ақпараттарды алдық. Телеарналардан шығып жатқан жаңа жобалар мен бағдарламаларға бей-жай қарамайтын «Қазақ әдебиеті» газетінің 2001-2003 жылдар аралығындағы сандарының да көмегі көп тиді. Сондай-ақ, зерттеу жұмысымыз тікелей теледидарға қатысты болғандықтан «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Хабар» агенттігі, Шығыс Қазақстан облыстық телеарналарының мұрағаттарынан да қажет материалдарымызды таптық.  
   Жұмыстың жаңашылдығы: Барлық ақпарат тарату құралдарындағы ең кенжесі деп есептелінетін телевидение саласында зерттелмеген тың тақырыптар көп. Зерртеу жұмысы барысында біз тікелей эфир жұмысына төселіп алған жүргізушілердің кеңестерін назарға ала отырып, хабарды қалай сәтті шығаруға болады деген сауалға жауап іздедік. Көрермен көзіне көріне бермейтін техникамен қалай тіл табысуға болады немесе эфир жүргізушісі өзін қалай ұстау керек деген сынды мәселелердің шешімін табамыз. Сол сияқты отандық телеарналарда қазір тікелей эфирде шығып жатқан хабарларға сын пікір де айтамыз. Ал жұмыстың жаңашылдығы телевидение саласында әлі ешкім зерттемеген тың тақырыптың алынуы.  
  Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Тікелей эфирдегі хабарларды зерттеу барысында біз теория мен практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық. Қандай да бір хабарды зерттеу үшін оның телевизиялық нұсқасын көру керек. Ал көру үшін оның тарихы мен шығармашылық және техникалық топ атқаратын жұмысын бес саусақтай білу керек. Практика жүзінде көрген-білгенімізді зерттеушілер еңбегімен, мұрағат материалдарымен толықтыра отырып, теория жүзінде пайдаландық. 

    1.Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы. 
  Электр қуаттарынан бастау алып, жартылай өткізгіштерді, олардың сапасын жыл сайын дамытып, жетілдіріп, бүгінгі күні Қазақстандық теледидар техникалық үрдіске жетіп отыр. Келешекте де ол шексіз дами бермек. Елімізде алғаш рет 1958 жылы 1 қаңтар күні Өскемен қаласында көгілдір қобдишаларға жан бітсе, ал ресми күн, яғни, қазақ жеріндегі алғашқы телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы 8 наурыз күні ресми түрде іске қосып, алғашқы отандық телекамералар мен техникалық телеорталық Алматы қаласында шымылдығын ашты. Стационарлы телекамералар қарапайым механиканың негізінде қолмен оптикалық линзаларды ауыстырып отырды. Бірер жылдан кейін өткен ғасырдың 7О жылдары чех камераларымен толықтырылды. Чех камераларының көрсету сапасы оңды болғанымен, ауыстыру процесі өте қолайсыз болды да, бірер жылдардан соң совет-француздық (SEKAM III), американдық (NTSC) және батысгермандық (PAL), кейіннен жапондардың CONI жетілдірілген жүйелерімен ауыстырылды. Теледидар ол кездерде, негізінен, бұқаралық ақпаратты хабарлармен қоса әдеби, мәдени, концерттік негізінде ресми хабарлар мен өндіріс, ауыл шаруашылығы, бағдарламаларын көрсете бастады. Стационарлы студиялық хабарлармен қоса байтақ республикамыздың жер-жерінен ақпараттар беріліп, көрсетіліп отырды. Студиялардан тыс жерлерден кинокамералармен соңынан 16 мм. жіңішке пленкалар кеңінен пайдаланды. Іле-шала облыстық студиялар бірінен соң бірі іске қосылып жатты. Телестудиялардағы техникалардың пәрменділігі арта бастады. Жылжымалы телестанциялар теледидардың мүмкіндігін еселеп арттырды. Ендігі жерде телетехниканың күн санап жаңа үрдіс алып дамуы маман инженерлермен, техниктермен толығып, шығармашылылық топтың алдында шұғыл шешімін керек ететін сұраныстар мен талаптарды қойды. Иә, шынында, инженерлік жаңалықтар телетехника саласындағы ұшқыр ойлары мен дамуы, енді тек тележурналистика саласының дами бастауы елдің, Үкіметтің, шаруашылықтың, өнердің, яғни, қайнаған өмірдің сұраныстарын, оның болмысын анықтау керек болды. Совет Масғұтов «Көгілдір экран-өмір айнасы» (1976 ж.) кітабінда сиқырлы көк сандыққа осылай анықтама берген. Қазақ тілі тағы салмақты да, салиқалы сөзбен толықтырылды. «Көгілдір экран-өмір айнасы, расында да өмірімізге ентелей енген теледидар индустриясы газет пен радионы ақпараттар айдынынан сәл ығыстырғандай. 1958 жылдан 6О жылдардың соңына дейін қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі десек, тек ақпараттық, концертік бағдарламалардың сценарийлік негізінде телеқойылымдар, күрделі көркем телепублицистикалық хабарлар үлкен дайындықпен, телетехникалық жетістіктермен журналистік ой-толғауларды бір бағытқа бағдарлап, әрбір сюжет пен телеочерк, қойылымдардың мақсатын айқындап алу талабы қосылды. Бұл жерде қазақстандық телеарналардың көшбасшысы бұрынғы Қазақ теледидарына ерекше тоқталған жөн. Қазақ теледидары  - бүгінде 100 ге жуық телекомпаниялардың көшбасшысы. 48 жылдық тарихтың қиын да қызықты жолында ол араласпаған оқиға, бармаған жер, көтермеген мәселелері кемде-кем. Л тарихы мен халық жады, ұрпақ тәрбиесі мен білім-ғылым саласы, мәдениеті мен дәстүрі, экономикасы мен саясаты, өндірісі мен шаруашылығы оның күнделікті хабарына арқау болды.   1958 жылдың 8 наурызында Алматыда алғаш рет көгілдір экран жарқ етіп ашылғанда сол телеарна басында қазақ телеөнерінің балапан қанатын қатайтып, биікке самғауы үшін білімдері мен біліктерін аямаған Ғ.Жанысбаев, Л.Ғалымжанова, С.Шәріпов сяиықты телередакторлар мен телережиссерлер тұрды. Статистикада сақталған тарихи цифр бойынша, сол кезде Алматы және облыстағы 4 100  телевизиялық қабылдағыш Қазақ телевизиясының алғашқы бағдарламасының трансляциясын тұтқан. Алматыдан кейін көгілдір экран Қарағанды мен Өскеменде, Жезқазған мен Балқашта, Ақтөбе мен Семейде көрсете бастады. Қазақ теледидарының «алтын ғасырына» баланған 70-90 жылдар шын мәнінде көгілдір айнамыздың жан-жақты кемелденіп, шарықтаған кезеңі болды. Сол бір жылдары 13 бас редакция жыл сайын түрлі салаларға арнап 130-150 топтама бағдарламалар жасап отырды.   Қазақстандық телеарналардың ішіндегі тәжірибесі жағынан толысқан, тарихы бай, мұрағаты мол Қазақстан ұлттық телеарнасы ескі мен жаңаны қосып тұрған көпір сияқты. Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ.  
   48 жыл. Бой өсіп, ақыл тоғытатын, ой кемелденіп, пайым-парасаттылыққа ұласатын қуатты шақ. Отызында орда бұзған жас түлектің бүгінде жетпістің қырқасындағы шағы. Бажайлай қарасақ, өткен шақпен үндесіп, бүгінге жеткен көз көрген қауымның да қатары сирексіп, барлардың өзі шау тартқандай. Қазақ топырағында теледидар іргесін қалаған Қ.Сағындықов, Х.Абылғаин, Ә.Байжанбаев, С.Нұрғалинов, И.Саввин,  В. Прасолов, С. Шәріпов, И.Смирнов, В.Немирский, Н.Қожасбаев, Қ.Мусин, М.Барманқұлов, С. Масғұтов сияқты арыстардың көпшілігі бүгінде арамызда жоқ. Жаңа өнердің қадасын қағып, қабырғасын бекемдеген сол азаматтарды бүгінгі теледидар төріндегі жаңа жұлдыздар білмейді де. Олай дейтініміз, туған теледидарымыз туралы жүйелі жазылған тарих, терең зерттелген ғылыми еңбек аз.  
   Ағалар салған сара жолмен 60-80 жылдары арынды келген бір топ  жастар легі Ж.  Смақов, Ж.Нұсқабай, С.Оразалин, Қ.Игісін, С. Қаратаев, Ф. Бегенбаева,  Л. Есенов, Ы. Қасымов, Ш. Баймолдина, Ғ. Шалахметов, С. Әшімбаев,  Л.Сейітов, Қ.Қорған, Н.Иманғалиұлы, С.Байхонов, Қ.Аралбаев, Б.Құсанбаек,  Ә.Ысқақова сынды мамандар теледидар көгіне қалықтап шықты. Бастау бұлағында Ұлы Даланың ешқашанда тот баспайтын, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жатқан ауыз әдебиетінің мол үлгілерінен сусындап өскен, шешендік өнерге етене жақын, сөз құдіретінен ой түйдегін ағытқан от түлектер қыры да сыры да мол өнер түрінің қалың қалтарыстарындағы құпияларға шындап ден қойды. Ұлтқа әлі сіңісе қоймаған телеөнер саласын игеру, оның сырларына кірігу оларға оңай болған жоқ. Сыры да мол, сымбаты да көз қаритындай телеөнердегі ізденістер мен іркілістер, тәжірибелер мен жаңалықтар да сол жылдары қомақты болды.  
Қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі мен даму процестеріне кеңестік теледидар моделі негіз болды. Оған себеп, әлемдік теледидар тарихына орыс экран өнерінің қосқан мол мұрағаты бар. 30- шы жылдардан бастау алған Кеңес теледидары 60 жыл бойына дүниежүзіндегі экран алпауыттарымен иық теңестіре жүріп, мол тәжірибе жинақтады. Радио мен газет, театр мен кино шекпенінен шыққан адуында шоғыр өздерімен бірге телеэкранға жаңа бір леп, тың түр мен соны пішін алып келді. Эфирдегі шеберлік, режиссерлік шешімділік, операторлық қырағылық, от ауызды, орақ тілді жүргізушілер құдіреті 60-80- ші жылдар аралығында кеңестік көрермендерін теледидар өнерінің құдіреттілігіне бас идірді. Бейнелік қатардағы бояу түрлерінің алуандығы мен теледидардағы техникалық мүмкіндікті молынан пайдаланған мәскеулік экран шеберлерінен тәлім алар тұстар да, көңілге түйер ойлар да, үлгі болар формалар да мол болатын.  
    Қазақ жастарының экран өнеріне тез кірігіп, еркін меңгеруіне отандық театр мен радио, кино өнеріндегі тамаша жетістіктер өздерінің игі әсерін тигізді. Дегенмен, ұлттық телеөнерімізге АҚШ, Еуропа, Ресей телесахнасынан бөлек, ұлттық бояуға бай, халықтық өркениетке де бейімделу қажет болатын. Ал мұның өзі өзге қырынан қарағанда, экранда ұлттық қасиетпен шектелу еді. Бұл жолдың теледидардың өзінен-өзі оқшауланып, олардың өмір сүру кеңістігін тарылтып, көрермендер аудиториясының азаюына  алып келетіндігі тағы аян. Сондықтан экран өнері жаңа пішіндер мен тың идеяларды қажетсінеді. Онсыз теледидар тек қазақ тынысымен тыныстап, ұлтына тән ұлттық бояумен ғана өрнектелініп қалатын. Ол ашылмаған құпиясы мол өнердің өзіне тән көркемдік қасиетінен айырылып, қазақ менталитетінің мұрасымен ғана сусындауына алып келетін жол еді.  
   Өнер түрінің бәрі де ұлттық сананың қалыптасуы мен дамуына, қоғамдағы көңіл-күйге, рухани дүниемізге елеулі әсер етеді. Бейне мен дыбыстың бір мезгілде қатар тоғыса келіп, психологиялық көңіл-күйге әсер ететін сілкіністің құдірет-қарымы шексіз. Өмірдегі күрмеуі мол проблемалар, қоғамдағы күрделі өзгерістер де сол жылдардағы сан салалы хабарлар өзегіне негізделіп, көрерменге ұсынылып жатты. 60- шы жылдардағы «Телевизиялық кафе», «Пай-пай жиырма бес», «...Афтограф береді», «Мыңдар жарысының маршрутымен», «Сырласу», «Жолдас» хабарлары сан мыңдаған аудиториямен жылы қауышып, жүректерге жол тапты. Алайда, өткен ғасырдың соңғы он жылдығы Қазақ теледидары үшін шын мәнінде тоқырау жылдары болды. Егемен елестен шындыққа айналып, әлемдік терезе айқара ашылып, батыс пен өзге елдердің телеөнеріндегі сан алуан бағыт экранға лап қойған кезде, біздің орта әлемдік авангардты қуып жетуге ұмтылды. Әрі жаңа қоғамдағы өзгермелік ахуалдың құбылмалығы да қазақ телесахнасының эстетикалық құндылықтарынан айырыла бастауына, есесіне жеңіл әуендегі клиптік танымға ыңғайласуымызға негіз болды. Бұл өз кезегінде «телеөнердің өн бойындағы үздіксіз өтуге тиіс көпмәнділіктің әрі тұтастықтың жоққа шығуына» әкеліп соқтырды. Мұнда эфирлік эффектілерге, көрермендерге әдеттегіден өзгешелеу әдістерге молдау орын берілді де түр мазмұнынан гөрі биік сипат алды. Бұл да өтпелі кезең еді. 
Қазақ телевизиясы өз жолын осылай жалғастыра берді. Содан асыққан, аптыққан реформалар кезеңі келді. Біртұтас телевизия үш компанияға, он сегіз студияға бөлініп кетті. Сөйтіп қалыптасып қалған Қазақ телевизиясының берекесі кете бастады... 
   Осы қиын-қыстау кезеңдерде арнаға көмекке келген «Хабар» телеарнасының қызметкерлері болды. Бұл туралы «Қазақстан тудей» өзінің 2001жылғы №9 санында былай дейді: «Қазақстан үкіметінің «Мемлекеттік радио мен телевидениенің дамуындағы кейбір сұрақтары бойынша» қабылданған қаулысымен (№1018 2001 жылдың 2 тамызынан) «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» (РКТРК) ЖАҚ-тың мемлекеттік акция пакетін билеу құқы «Хабар» агенттігі жабық акционерлік қоғамының қолына өтті. Бұл факт ұзақ уақытқа созылған келіссөздерге нүкте қояды. Келіссөздер барысында «Хабар» агенттігі мен РКТРК- ның жетекшілері кейінгі кезде рөлі мен жағдайы төмендеп кеткен «Қазақстан-1» ұлттық арнасына көмектесудің ең нәтижелі әдісін тапты. Сенімді басқару қысқа уақытта «Қазақстан-1» телеарнасының экономикалық және шығармашылық жағдайын тығырықтан шығарып, көтеріп кетуі керек. Жаңа басшылық «Қазақстан-1»дегі басқару жүйесін жетілдіру, қаржылық мәселелерді қатаң бақылауға алып, кадр алмастыру, технологиялық ресурстарды жаңарту, бір сөзбен айтқанда, елдің ұлттық арнасын заманауи сұраныстарға жауп беріп, стандарттарға сәйкестендіретін жағдай жасау керек. Ақыры бәрі де саябыр тапты. Өзінің арнасына түсті.   Ал 1995 жылдан бері шаңырағын көтерген «Хабар» агенттігі «Қазақстан» ұлттық арнасына тәп-тәуір бәсекелес болды.  
Тұсауы 1995 жылы кесілген «Хабар» агенттігінің құрылған күнінен бастап барлық әрекеті көрерменнің көз алдында. «Хабар» бас-аяғын тез жинап, аз уақытта көп іс атқарып үлгеріп, «мынау» деп ұялмай көрсете алатындай дәрежеге жетті. «INTELSAT-703» жер серігінің көмегімен бүкіл республика аумағын, Ресей мен Орта Азия және Қытай Республикасының көршілес аумақтарын қамтитын ірі ұлттық арнаның орта тәулік хабар тарату көлемі 15 сағат, осы уақыт ішінде қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтарымен құлағы түрік, көкірегі ояу көрермен он рет жүздесіп, күнделікті ақпарат алады. Республикада, әлемде, үкімет пен парламентте көтеріліп жатқан оқиғаларды теледидар көрермендеріне нақты жеткізу жолында жүздеген қызметкерлер тынымсыз еңбек етеді. «Хабар» халық пен қоғам өміріне белсене араласып, көрермендерімен қоян-қолтық жүреді. Елде қандай игілікті іс болса да содан тек репортаж жасаушы ғана емес, ұйымдастырушысы, ұйтқысы болып , басы-қасында «Хабар» өзі жүреді. «Хабардың» арқасында қазақстандықтар тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатынан, Сидней Олимпиадасынан қазақ тілінде жүргізілген хабарды тамашалады.  
    Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жеке меншік телеарналар ашыла бастады. Әуел баста эфирді немен толтырам деп қам жеп, аяқтарынан қалт-құлт тұрған тәуелді, тәуелсізі бар телеарналар қазір қоғамда өзінің орнын тапқан. Телеарналар арсындағы нағыз бәсекенің ауылы алыс болғанымен, бүгінгі күннен бастап оның қабырғасы қалануда. Әр телеарна көпшілік арасында рейтингісін көтеру үшін күннен күнге түрлі хабарлар ұсынып жатыр. Барлығы бірдей дерлік сәтті шықпаса да, арасынан саңылау тауып, халықтың көзайымына айналғандары қаншама. Бұрынғыдай емес, арналар арасында бәсеке пайда болды. Заман талабына сай енді телеарналарға жаңа, өткен ғасыр техникасынан анағұрлым қуатты, мүмкіндігі мол техникалар қажет болды. Сөйтіп, цифрлі технология өмірімізге ентелей енді. Цифрлық технологиялар - бейне коммуникациялық хабарламаның жетілуі нәтижесінде дәстүрлі өндірістік әдістерді сақтауда, таратуда және қабылдауда технологиялық өзгерістер белең алуда. Мысалы, 1979 жылдан бастап «Сони», «Филлипс» компаниялары стандартты цифрлық дыбысты жүйе СД форматты жетілдіруде. Ол дискі және аппаратурада нағыз революция жасады. Аудиотехника тарихы СД дискісінің пайда болуына дейінгі және одан кейінгі 2 кезеңге бөлінді. СД жүйесі көпшілік аудиотехникаға екі бірдей жаңалық әкелді: цифрлық өңдеу және оптикалық жазу тәсілі. Соңғы жылдары бұл жаңалық дыбыстық және аудиовизуалдық техникада қарышты қадам жасады. СД алғашқы орыннан магнит таспаны шығарып тастады. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын теледидардың мүмкіндігі де үлкен. Қазақстанды былай қойып, дөңгеленген дүниедегі дүбірдің бәрін санаулы минуттарда естіп-біліп отыруымызға теледидардың тигізетін пайдасы зор. Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай «ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды». Шын мәнінде де солай. Жетпіс жылдың ішінде ол газетің мен радиоңнан, театрың мен киноңнан оқ бойы озық шығып, жеке дара көш бастауда. Оның көрермендері миллиардтармен есептелінеді. Көгілдір экранның құдірет-қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлденеше есе артық. Сондықтан да оған аса сақтықпен қараған орынды.  
  Теледидар-тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал. Зерттеуші Құдайберген Тұрсын теледидар әсерлілігіне мынадай анықтама береді: «Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық /білім жөнінде негізгі ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады/; Танымдық /логикалық және прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды қалыптастырады/; болжаулық /болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды қалыптастырып, ол туралы деректі таратады/; ұлттық мәселе төңірегіндегі өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды. Аса мәнді әлеуметтік проблемаларға көпшіліктің көңілін аударады, экологиялық этика, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік позициясын айқындауға, сан миллиондық аудиториямен жылдам кері байланыстың орнығуына, бұл байланыстардың қоғам санасын қалыптастыруға әсерлілігін арттыруға, қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, байланыстың кезеңмен дамуын сезінуге жағдай туғызады. Қоғамдық мінбеге айналу, орталық және аймақтық, заң шығарушы және орындаушы тұтқалардың халқы алдында есеп беруі, өз саясатын түсіндіру, өз қатарына халықтың қалың тобын тартуға, қоғамның әлеуметтік ақпараттануына басты мәселені шешуі, психологиялық құқықтық қоғамға тиімді бағытталуына жағдай туғызу, сезімталдық, логикалық және прагматикалық  ақпаратты негізге алуға; ең бастысы-хабардың соңғы нәтижесінің тиімділігін сезінуге; телекөрерменнің әрқайсысына сол сәтте өзімен бірге миллиондаған адамның сол хабарды көріп отырғандығын сезінуі, әрі телеэкрандағы пікірді өзіне қарата отырып ұғынуына; телекөрерменге қарама-қарсы пікірдегі ойлардың да айтылмайтынын сезінулеріне; табар ақша қатынасындағы өзгерістер, экономикалық ақпараттың шыншыл және ашықтығы, коммерциялық тақырыптардың ауқымын ұлғайту, табар және қызмет, фирма және компания, ертеде талдау мен сынауға жабық болған тақырыптар тағы сл сияқты олардың әрқайсысына шыншыл, жылдам әрі орнықты баға беру, теледидар хабарының әрқайсысының міндеті».  
  Отандық телеиндустрияда бәсеке әлі жетер жеріне жетіп қалыптаса қойған жоқ. Десек те, осыдан 2-3 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жыл сайын жаңа телеарналар ашылып, ай сайын әр телеарнадан шығып жатқан жаңа жобаның куәсі болудамыз. Саннан сапаға көшетін күн алыс емес. Өйткені ХХІ ғасыр көрерменінің талғамы жоғары. Бізге қазір ештеңе атңсық емес. Сапасыз, нашар хабарды эфир уақытын толтыру үшін немесе 50х50 принципін сақтау үшін түсіре беруге болады. Бірақ оның кімге пайдасы бар?  
Отандық телеарналардың барлығы да ақпаратты бірінші болып таратуға, халық арасында бағасының жоғары болуына атсалысып жатыр. Республика көлемінде хабар тарататын «Қазақстан Ұлттық телеарнасы», «Хабар» агенттігі, «КТК», «31 арна», НТК, «Еларна» сияқты телеарналардың барлығы бірдей дерлік жоғарыда берілген анықтамаға сай жұмыс істемейді. Мәселен НТК арнасы күнұзын шетелдік телесериалдар көрсетумен ғана шектеледі. Арнаға сыймай асып-төгіліп жатқан сериалдар легі қазақ тіліндегі  «Соңғы ақпараттарды да» ығыстырып шығарды. Отандық телеарналардың ішіндегі ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұжымының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысын аса жоғары бағалауға болады. Ақпараттық-танымдық, әдеби-сазды бағдарламалары әр көрерменінің жүрегіне жол табуда. Осыдан екі-үш жыл бұрын халық «Хабар» арнасына көбірек мойын бұратын. Өкінішке орай, бұл арнада қазір тұшынып тыңдайтын, сүйсініп көретін бағдарламалар азайып кеткен тәрізді. Әлде бір продюссердің қолынан шыққан дүние болғандықтан ба, хабарлар бір-бірін айна-қатесіз қайталап жатыр. Мәселен, «Кеш қалмаңыз» бен «Таң қалмаңыздың» қандай айырмашылығы бар? Ал КТК мен 31 арнадағы  «Ел сойылы», «Ел-жұрт» бағдарламаларын көрсең, гүлденіп келе жатқан Қазақстанды танымай қаласың. Бір серпіліс жоқ, қашан көрсең де, «құрыды», «бітті», «жоқ» деп жақтары сембей жатады. Теледидардың тағы бір құдіреті- сенің сырласың мен досыңның рөлін алмастырады. Біз бұрынғыдай оны қосып қойып, телміріп отыра бермейміз, біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ол, әрине, тікелей эфирдегі бағдарламалар. Өзіміз атын тек газет беттеріннен оқитын өнер иелері болсын, қоғам қайраткерлері, министр, басшылар болсын – тікелей эфир қонағы болғанда мазалаған сұрағымызды қоюуға мүмкіндіктер  аламыз. Теледидардағы өзге хабарлар бір төбе болғанда, тікелей эфирдегі хабардың өзі бір төбе. Ендеше, замана құдіреті, көгілдір экранның ең биік жетістігі тікелей эфир жайлы зерттеуімізге көшсек.  
    2. Тікелей эфир ерекшеліктері 
  Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылытын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.  
  Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда  болды: телеүндесу, кері байланыс,  студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы- кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі».

 Ол рас, тек бұл  тұжырымдама тікелей эфирдегі  шығармашылық тұтастық пен ұжымдық  үйлесім ескерілмеген. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер  бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан-аяқ рет-ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-тхникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деуімізге негіз бар. Тікелей эфир  тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.  
    «Эфир» - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны».  Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық  тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.  
   «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.    
   Пейджер. Біржақты, соған қарамастан, кері байланыстың ең тиімді түрі. Эфирлік студиядағы пейджерге көрермендердің жүргізушіге айтқан тілектері, жолдаған құттықтаулары келіп түседі, ал жүргізуші жауапты тікелей эфир арқылы береді. Респубикалық деңгейдегі телеарналарда жүретін тікелей эфир хабарлары қазір пейджерді пайдаланбады. Өзіміз күнде көріп жүрген Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасындағы «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасында пейджердің алатын орны ерекше. Көптеген құттықтаулар мен тілектер, сауалдар, кейбір ұйымдастырылған ойын жауаптары пейджерге толассыз түсіп жатады. Телефон желісі бос болмағанда пейджер көрермен үшін көп көмегін береді.  
   Телефон. Телефон желісіндегі көрерменмен кері байланыс қазіргі заманғы тележурналистикада кеңінен қолданылуда. Телефон арқылы құттықтау жолдайды, тыңдағысы келген әндерін сұрайды, шақырылған студия қонағына өзін мазалағын сауалын қояды. Және соның бәрі тікелей эфирде өз дауысымен айтады, бағдарламаға қатысып отырған қонақпен тілдеседі, өз пікірін білдіріп, ой таластыруға мүмкіндік алады. Жүргізушілер ескерер тағы бір жайт, телефон шалушы көрермен ә дегенде тікелей эфирге дауысым естіліп тұр деп ойламайды немесе мен оларды естіп тұрмын, олар мені тыңдап отырған жоқ деп ойлайды. Сол себепті қайта-қайта «алло, алло» деп біраз уақытты алады. Онымен қоймай, дауыс естілмей тұр деп теледидардың дауысын барынша жоғары қояды. Мұның салдарынан эфирде шыңылдаған жағымсыз шу пайда болады. Тәжірибелі жүргізуші мұндай кезде бірден хабарласушымен амандасып, теледидардың дауысын сәл бәсеңдетіп қоюуды өтінуі шарт. Олай етпегенде телефонның арғы бетіндегі көрерменмен  бергі бетіндегі жүргізушілер бір-бірін естімейді. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, кей жағдайда көрермендер тарапынан жүргізушілерге деген жағымсыз пікір, былапыт сөздер айтылып кетуі мүмкін. Мұндай келеңсіздікті эфирге жібермеу үшін телефонда кезекшілік етіп отырған қызметкер сақ болғаны жөн. Ол хабарласқан адамнан не айтпағын, қандай сауал қоймағын егжей-тегжей сұрауы шарт. Егер оқыстан біз айтқандай жағдай бола қалса, жүргізуші ештеңе болмағандай жайбарақат, тіпті естімегендей күй танытқандары дұрыс.  
   Соның бәрімен қатар, көрермендердің ұтыстарға, алуан түрлі телеойындарға қатысуы да интерактивтілікке жатқызуға болады. Әлбетте, телеойын жеңімпазының сыйлық алу үшін телеарнаға келуі дәстүрлі құбылысқа айналған. Бұл көрермен мен журналистерді жақындастыра түседі. Ал бұқара үшін жұмыс істейтін БАҚ өкілдеріне, нағыз журналистке көрермендердің алғысы мен рахметін алғаннан асқан бақыт жоқ. Бұл тек сол жүргізушінің беделін өсірмейді, бұл журналист қызмет ететін арнаның рейтингінің өсуіне ықпал етеді. Сонымен, қазіргі заманғы теледидардағы интерактивтілік біздің қоғамымыздағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарын үйлесімді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті туғызушы фактор – телевизиядағы кері байланыс процесі.  
     2.1 Телевизиядағы кері байланыс процесі 
   Телевизияның адамзат баласының бір-бірімен негізгі қатынас құралдарының біріне айналғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осы мерзім аралығында оның теориясы мен тәжірибесі, атқаратын функциясы, қоғамдағы қызметі жайлы жан-жақты, толымды зерттеулер жүргізілуде. Алайда теледидардағы «кері байланыс» процесі туралы ғалымдар әлі де бір тоқтамға келе алмай келеді. Оған себеп, кері байланыс процесінің уақыт өткен сайын аудитория мен студия арасын түрлі қырынан жақындастыра түсуінде болып отыр. Зерттеуші Ю.А. Щерковин «ақпараттық маңызға ие, хабарлар процесі мен «белгіні сезім арқылы қабылдау» - деген анықтама береді.  
   Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік қатынасында маңызды рөлді телевидение атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым болып табылады. Ондай жағдайда зерттеуші әрекетке мәтіннің қатыстылығын зерттеуін семантика проблемасына, не болмаса мәтіннің ішкі элементтеріне айтарлықтай қатысы бар синтактикаға көңіл аударыд. Егер телевидениені көпшілік ақпарат тарату предметі процесі түрінде қарастырсақ, онда талдау предметі хабарламаны жіберуші мен аудитория арасындағы қатынасқа негізделеді. К. Шенон, техникалық байланыс арнасының өткізу мүмкіндігін зерттеген кезеңде, ол басты бес компонентті айқындайды: «қайнар көз, таратқыш, сигнал, қабылдағыш, адресат, әрі ақпаратты таратуға әсер ету факторы ретінде бөгеуілді (шуды) атап көрсетті». /4.121 б./. Мысалы, мұнда телеграмманы жіберуші қайнар көздің хабарлаушысы, телеграфист-таратқыш, (кодировщик) байланыстың бірінші жағындағы және қабылдағыш (декоровщик) байланыстың екінші жағындағы, ал телеграмманы алушы – адресат рөлін атқарушы болып айқындалады. 
БАҚ жүйесіндегі кері байланыс процесі аудиториямен түсіністік байланыс орнатудың бірден бір тиімді жол болып табылады. Кибернетикадан БАҚ-қа келген «кері байланыс» ұғымы бүгінде көпшілік-ақпарат өндірісінің тәжірибесінде ұйымдастырудағы орталық элементтердің біріне айналды. Ол, жалпы көріністе өмір сүру элементінің жүйесі және пайда болу механизмінің белгісі ретінде, өзін-өзі реттеу теу мен ішкі үйлестірудің икемсізделуінсіз өз мәнін жояды. Көпшілік қатынасында кері байланыс, белгіге жауап ретінде – аудитория реакциясын білу немесе халық пен БАҚ арасындағы байланысты жандандырушы рөлін атқарады. Бұл реакция жайлы білу тек іскерлік қатынаста ғана жемісті емес, ол эмоциональды-психологиялық жағдайда да керек. Кез келген шығармашылық натура өзінде сезім мен ойдың қарсылық әрекетін туындатады. Хабар жасау мен тарату және оны аудиторияның қабылдауы кезінде әрі оған әсер ететін қандай да бір жағдайлардың бәрінде де басқару процесі бар. Алайда, барлық басқару элементтерінде аса бір қажеттілік, ол кері байланыс процесі болып табылады. Сондықтан, коммуникатор өзінің қызметінде үнемі аудиторияның реакциясын және әрбір хабарламаны соның ыңғайына сай етіп жасауды әрдайым есепке алғаны орынды болар еді. Басқару қашанда ақпаратты тарату арқылы жүзеге асады. Ал, ол хабар әрбір студияға таратылуы үшін, коммуникатор кодировкалауды жасап, содан кейін ғана аудитория алынған мәтінді кодировка жасайды. Осы жерде маңызды бір сұрақ туындайды. Ол көпшілік ақпаратты хабарлау кезінде қай фактордың пайда болған шуылға әсер ететіндігі. Егер таза техникалық жағдайды есепке алмасақ, онда коммуникатор мен реципиентке әсер ететін қандай да бір параметрлермен байланысты факторларды ескеруіміз керек. Ақпарат кодировкасына көпшілігінде әсер ететін, әрі хабарлау кезінде мәнге ие болатын: а) сенім, бағалалықтан хабардар болу, қондырғы; б) хаардарлық (білім), шеберлік (ақылдылық), шығармашылық машық; в) қажеттілік, қызығушылық себепкер екендігі келіп шығады.    
Журналистикада аудиториямен тікелей байланыс аса маңызды. Ол өзінің өмір сүру уақытынан бері өзіне аралық қатынас мүмкіндігін иеленді. Ұзақ мерзім бойына газетегі жарияланым не радиодағы берілім бір жақты қатынас түзілім болып табылып келді., себебі автор оқырман не тыңдарманнан кері байланыс импульсін ала алмады. Бүгінде радио тыңдарманы сол сәтінде студиядағы жүргізушімен бірлікте сұхбатқа араласып, өз пікірін білдіріп, не қойылған сұраққа жауап беріп жататын мүмкіндікке толықтай ие болып отыр. Егер біз шын мәнінде радио не теледидарда сұхбатқа дайындалсақ, онда сыртқы әлеммен байланыстағы коммуникатор рөлін күшейтуге тиіспіз. Кері байланыс процесі кезінде мына мәселелерді әрдайым есте сақтаған жөн.  
1.    Көрермен әрқашанда хабардың көңіл-күйге жағымды әсер етуін қалайды. Олар экраннан зорлық-зомбылық, өлім мен жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті, қарапайым өмірдегі жай нәрселер қызғылықты. Көпшілігінде көрерменді ел көлеміндегі игілікті істер мен өмірдің түрлі саласындағы күрделі мәселелердің шешілу жолдары жайлы ұсыныстар қызықтырады.  
2.    Көрерменді саясаттан да гөрі, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы басты тетік экономикалық мәселелердің ел көлеміндегі жағдайы мен тарих, тәрбие, өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы және тағы да басқа маңызды мәселелер толғандырады.  
3.    Бүгінде әлем елдерінің көпшілігінде дерлік алдыңғы кезекке этикалық және мәдени проблемасы мәселесі шығып отыр. Сондықтан осы бағыттағы ашық пікірталасқа көрерменнің өздерінің жиі әрі көптеп қатысқандары орынды.  
4.    Көпшілігінде эфирден балалар мен жастар, тәрбие мәселесі сирек беріліп жүр. Әрі қоғамдағы технологиялық жаңарулар да қызғылықты тақырып болып табылады.  
Кері байланыс арқылы тікелей эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін, яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып отырған қонақ қоғамдағы күрмеуі шешілмеген мәселені талқылап жатса, оған халық тарапынан да қойылар сауал аз болмайды. Ал, тек белгілі бір топқа ғана қызық болып көрінетін, көпшілік аудиторияның сұранысына ие болмайтын тақырып халықты да, тіпті журанлистерді де қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан тақырып таңдау журналист үшін бірінші нысан. Жүрізуші келген қонаққа халық тарапынан қойылар сауалға жауап бермейтінін де ескертіп қойғаны жөн. Теледидар арқылы жүзеге асатын, көпшілік ақпарат процесіндегі кері байланыс процесінің жүру барысы туралы доцент Құдайберген Тұрсын жасаған схеманы А қосымшасынан көруге болады.  
     2.2 Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі. 
   Тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет. Негізінде, тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың іргетасы камера алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде жүзеге асатын нақты әрекеттер мен тынымсыз ізденістер нәтижесінде қаланбақ.  Тікелей эфир жүргізетін журналистің негізгі нысанасы-көрермен назары. Адамның назарын аудару - өте күрделі құбылыс. Көрерменнің көңіл-күйін басқару үшін оларды қажетті бағыттағы әрекетке талпындыру қажет. Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын, ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан, пікірінен хабардар болу керек. Олардың ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын, керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін, қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың міндетті түрде назар аударатынына сенімді болуының өзі оның белгілі дәрежедегі даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте, көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді пайдаланып,  студияға халыққа танымал тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны – көрерменді өз сөзіңе сендіре білу. Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен: «Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік, батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне сенімді болуы керек. Олай болса, журналист өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып болмаған, әйтсе де тележурналистканың күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен тікелей эфирдің мұндай психологиялық аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің бәрі эфирге даярлықты қамтиды. Осының бәрін елеп-ескеріп, екшеп алған жүгізушінің эфирі өз деңгейінде жүзеге асуы шарт. Мұның өзі жүргізуші-журналистің шығармашылық интуициялық қарым-қабілетінің есебінен оң шешімін таппақ. Белгілі тележүргізуші, «Хабар» телеарнасының дикторы Қымбат Досжан тікелей эфирді «мылтықсыз майданға» теңепті. Сөзінің жаны бар. Тікелей эфир жүргізушісі экстремальды жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы белгілі зерттеуші Жидегүл Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты» еңбегінде былай деп жазады: 
   «Тікелей эфирдегі жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды  жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде, айрықша «экстремальды» қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне назар аударған абзал. Олар: 
а) адамның жүйкесі, психикасы тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы, 
ә)  өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы, 
б)  физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы. 
Мұндай ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары нені көрсетті: «Атап айтқанда, Т. Немчиннің жүйкеге түсетін ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден жасалған психологияны қадағалау әдістерінің нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу сипатында көрініс табады. Көпшілігіне алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі алаңдаушылықтың негізгі себептері уақыттың тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан, өзін-өзі барынша шектеуден туындайды. Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды қажет етеді». /5.59 б./.  
Тікелей эфирдегі шығармашылық қызметті талдау барысында мұндай төтенше жағдайларға төтеп беру үшін жүргізушілер қандай қасиеттерді бойына сіңіруі керек деген немесе кәсіби қызметтің қандай қырларын меңгеруге тиісті деген сұрақ туады. Біздің  ойымызша, тікелей эфирде жұмыс істейтін маман үшін ең маңызды мәселе дүниетаным деңгейі жоғары, білім терең, кәсіби шеберлігі шыңдалған белсенді маман ғана емес, сонымен қатар, ерікті, жігерлі, қайратты, белсенді, көңіл-күй тұрақтылығын сақтай білетін, ұстамды, орнықты, өз психологиясын өзі қадағалай алатын табанды адам болуы керек. Себебі, тікелей эфирдің осындай психологиялық қырларын меңгеріп, оны жұмыс процесінде кәдеге жарату – кәсіби деңгейі жоғары өз ісін жетік білетін үздік маманға қойылатын заңды да орынды талап. Эфирдегі хабар өзінің табиғилығымен, өнерге тән бейнелеу шеберлігімен құнды. Әр сөз, әр шумақ, әр дыбыс өмірдің өзінен алынса, өмірдің өзі болып естілсе ғана көрермен сөзіміне әсер ете алады. Кейіпкердің өз даусымен сөйлеуін, халықтық ән-күйлеріміздің өзіндік өрнекпен сөз ажарын ашып отыруын көрермен жоғары бағалайды. Өйткені, жеке адамның дауысы оның орталық жүйке жүйесінен келетін импульске байланысты. Адамның көңіл-күйін, ой –сезімін оның дауысы да білдіреді. Міне, бұл кейіпкердің жан-дүниесін ашып, образын жасаудағы ең маңызды құрал болып табылады. Біз өз тәжірибеміз бен зерттеу жұмысының нысанындағы хабарларға талдау жасай отырып, тікелей эфирдегі кәсіби шеберлікті шыңдауға байланысты схема ұсынамыз. Оны Б қосымшасынан көруге болады.  
   Телжурналситің хабар дайындағанда алға қоятын негізгі мақсаты – көрерменін ішкі жан дүние әлемімен қоса үйіріп ала жөнелетін тамаша тәсіл тауып, айтайын деген ойын, мақсатын ұтымды әдіспен жеткізе білуінде. Бұл телехабар жанрларының қыры мен сырын жетік біліп, жеделдік танытатын, жалықпай ізденіп, кең алымдылық пен шалымдылыққа ие журналистердің ғана қолынан келеді. 
   Эфир мерзімінің шектелуі – заңдылық. Қысқа әрі әсерлі ойға толы хабарларда сөйлесуші сөзінің  мәнді болғаны абзал. Журналист хабарға қатысушы сөзінің мәтінін қарағанда оның сөйлеу тіліне жақын, артық цифрлар мен терминдерден, жаргон сөздерден таза боуын ойластыруы керек. Автор өзіне тән стилін сақтаса ғана даралыққа ие болады. Кейіпкерлерді ағынан жарылтып сөйлете білу үшін оның көңіл кілтін таба білу қажет. Ал, бұл кілтті табудың жолы әрқилы. Журналист алдымен кейіпкерінің мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, ой дүниесін байқап, ішкі сезім әлеміне кіре білгенде ғана оның жан сарайын бар қырынан жапрқырата аша алады. Өткірлік пен батылдық қатар қонақтап, тоғысып жатса хабар арқауы қиюласып, етек-жеңі жинақтала түседі. Жалаң ой мен сылдыр сөз, ұзақ сонар сірескен тіркестер көрерменді оп-оңай жалықтырып жібіретіндігін ұмытпағайсыз. Нақтылық пен фактіге құрылған дәлдік, серкесөз, көсемсөз, қысқалық және нысаналы ой ғана редакторға шабыт, жүргізушіге қанат бітіре алады. Тікелей эфир кезінде сан құрсаулы ой тізбегінің шебін бұзып, арналы ойдың нөпірінен малтымай шығуға да шын шеберлік керек. Сел дария жүректерден жыр дария болып төгіліп, атогй салған шақтардағы ой жарысының додасынан суырыла шыққан ой тамшыларына, жүргізуші тіліне үйіріле қалған сөз орамдарына не жетсін! 
Эфирдегі тербеліс пен тебіреністің жүргізуші бойынана құяр қуаты да тым тегеурінді. Баппен байыбына барлау жасап, жүрек пен миға салқындылық дарытып, шабыттың ойдың айдынынан қажеттісін ғана қармаққа іліндіру керек-ақ! Теледидар айдыны тереңдігіне орай аса жылылықты да, аса салқындықты да сүймейді. Теледидарға үш бірдей тұлға: редактор, режиссер, оператор ойы бір арнада тоғысып, бір-бірін нәрлендіріп отырғаны жөн.  Теледидар  тележурналистеріне көрікті келбет, толымды ой, шалқарлы шабыт керек. Осы үшеуінің біреуі олқы соқты дегенше көрермен көңілінен шығатын дүниелер тумасы анық. Эфир – ойын алаңы емес, ол – көрермен алдындағы өте жауапты сын, яғни олармен бетпе-бет келетін майдан іспетті. Тележүргізушінің жетістігі оның көрермендеріне қаншалықты әсер еткендігіне де байланысты. Үкілі үмітпен теледидар алдына жайғасқан сан мың көз бен құлақ сенен татымды ой, мәнерлі сөз мәйегін күтуі заңдылық. Ал халық асыға күтіп, ойына азық, жанына ләззат алатын талантты жүргізушілердің аздығы да өмірдің сайқымазақ бір заңдылығы шығар.      
Сонымен, санамалап айтар болсақ, тікелей эфир – уақытқа тәуелді қайталанбайтын құбылыс, электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен халық арасындағы тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыратын интерактивті әрекет, шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс, шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім негізінде нәтижеге жететін тележурналистиканың жаңаша жұмыс тәсілі. Тікелей эфирдің табиғатын тану оның өзіндік сипатын, өзіне тән ерекшеліктерін анықтаумен шектелмейтіні белгілі. Өйткені, оны құбылыс қалпында бастан кешіретін,  процесс есебінде орындайтын, тәсіл ретінде қолданатын адамдар.  Демек, ақпараттық технологияның орасан зор мүмкіндіктері аясында тележурналистиканың өміршең бағыт алып, ілгері бастауының бір себебі, тегеурінді техникадан емес, сол саланың тұтқасын ұстаған тұлғалардың, яғни журналист мамандардың сол техника тетіктерін теледидарға қаншалықты дәрежеде оңтайлы да тиімді пайдалана білетіндігінде болып отыр.  
Жалпы тележурналистикадағы жұмыс процесін эфирге дейінгі, эфир кезіндегі деп екіге бөліп қарастыратын болсақ, эфирге дейінгі жұмыс процесі ұжымдық үйлесім үлесіне тимек. Әрбір телеарнаның ұстанған бағыты, айқын көзқарасы, жұмыс жоспары, оның қызметінің мәнісін айқындайтын бет-бейнесі болады. Тікелей эфирдегі бағдарламаның қай-қайсысы ұжымдық туынды. Сол себепті ұжым мүшелерінің әрқайсысы өз міндеттерін жете түсініп, жауапкершілікпен жүзеге асыруы тиіс. Бір хабарды эфирге шығару үшін үлкен шығармашылық топ жұмыс істейді. Жүргізуші-журналист, сценарий авторы, режиссер, дыбыс режиссері, оператор, байланыс қызметкері және техникалық инженер – бәрі дерлік өз ісінің кәсіби шебері болғанда ғана, солардың бәрі бірге хабардың мәнісін түсінгенде ғана жоғары сапалы жақсы хабар дүниеге келмек. Ал хабардың сапалы болуы үшін техникалық мүмкіндіктер де үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызметкерлер атқаратын қызметтердің сипатына қарай шығармашылық, техникалық болып екіге бөлінеді. Бірақ, тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастықты ұжым бір кісідей жұмылып әрекет еткенде ғана жүзеге асыра алатыны белгілі. Өйткені, тікелей эфирдің өзі – техникалық мүмкіндіктің жемісі. Негізінде, эфирдегі техникалық тетіктердің ақаусыз әрекетін бақылап-реттейтін маман-инженер. Тікелей эфирге жан бітіріп, тыңдарман мен журналисті табыстыратын телефон желісіндегі әңгімені қамтамасыз ететін маман - байланыс қызметкері. Студиядағы әр қимылды қалт жібермей қадағалап, қырағылығымен әр кескінді (планды) үлкен шеберлікпен ұштастыра білетін студия операторы және оператор алған кескінді талғамына, шығармашылық ізденісіне қарай эфирге таратып отыратын режиссер. Жалпы қазіргі тікелей эфир хабарларында жүргізушіден кейін міндетті түрде оператор мен режиссердің қолтаңбасын аңғару қиын емес. Телережиссер - өндірістің көркемдік жетекшісі, эфирге дайындалған арнаның өнімі техника жетістігіне қоса табиғи талантына сай телекамералардың екі жағындағы құбылыстарды, нысандарды техникалық-шығармашылық топ пен көрермен қауымның арасындағы көпір. Ал «көпірдің» сәулетті болмысы режиссердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Тележурналист, телесценарист, телекомментатор еңбегін көз көріп, құлақ естиді. Ал көрерменнің ойына, оның сезіміне әсер ету режиссерлік шешімге байланысты, ұсынып отырған осы үш саланы біріктіретін теледидар синтездік парасаттың жемісі. Теледидар режиссурасының негізгі талабы – техника тілін түсініп, күнделікті көркемөнер жұмыс барысына пайдалану, кино, музыка, қылқалам өнерлерін жете зерттеп, журналистика мамандығын кәсіби талантпен қоса, актерлік шеберліктің әліппесін үйреніп, заман, уақыт тербелістері мен тілек-талаптар үдесінен шығу. Жоғары санатты телережиссер, Қазақ Театр қайраткерлері одағының мүшесі Жеңіс Мұқатай «Қазақ әдебиеті» газетініде 2ОО4 жылы 27-тамызда шыққан «Қазақ телережиссурасы қандай?» атты мақаласында қазірге телережиссерлерге өзінің бағасын бере келіп, мынандай қорытынды жасайды: «Қазіргі телережиссураны негізгі екі топқа жатқызғым келеді. Біріншісі -технократ режиссер, екіншісі-көрерменге саңылау іздейтін өнер адамдары. Технократ реиссер -ол техниканың бүгінгі жетістігін жүздеген арнайы эффектілерді қисынды-қисынсыз қолдана беруші (спецэффект), сенгені компьютер. Екінші бағыттағы режиссерлер қазақ тілінің айтылу ерекшелігін, сөз саптауын жіті бақылап, әрбір сюжеттен бейнефильмдерге дейін «жусан иісі аңқып тұратын» ұлтжанды, оқыған-тоқығаны бар, теледидар техникасының соңғы жетістіктерін режиссерлік орамға, ойға, мақсатқа орынды пайдалана біледі. Әттеген-ай, олар саусақпен санарлық. Міне, алтын қор осылар». /6.3 б./. Қазіргі күнгі тікелей эфир хабарларының барлығын дерлік өз ісінің майталмандары, мықты режиссерлер жасайды деу қиын. Десек те, «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет», «31 арнадағы» «Дода», Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ» бағдарламалары білгір режиссерлермен өзге де шығармашылық, техникалық топтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көрермен көзаймына айналғалы қашан.  
   Студиядағы сан тараулы көріністі жүйелеп, жинақтап, қас-қағым сәттегі елеусіздеу көріністерге дейін көрерменге ұсынатын тұлға – оператор. Операторлық өнер – бұл бейнелеу өнеріндегі ең кенже қалыптасқан сала.     Оның ерекшелігі – экранда жарықтың көмегімен нәрсенің түрін, түсін, жалпы айтқанда, барлық болмысын, қимылын көруге болады. Бейнеленген затты қозғалысқа келтіріп көрсету-бұл операторлық өнердің басқа бейнелеу өнерінен (живопись, графика, скульптура) ең басты артықшылығы. Операторлық өнердің міндеті-хабардың нақты және дәл мазмұны мен мағынасын көрсету. Мұндай творчестволық міндетті оператор өз өнерінің, шеберлігінің арқасында шешеді. Сурет өнеріндегі шығармалардан оператор шығармасының айырмашылығы мұнда жеке адамның шығармасы деген болмайды және оператор динамикалық түрде қозғалатын кескін жасап шығарады. Қозғалыс тікелей эфир хабарындағы ең басты құбылыс. Оператор өзінің ең басты қаруы- жарық пен камераны пайдалана отырып, қолына қалам мен бояу ұстаған суретші немесе жонатын құрал ұстаған скульптор сияқты өз характерін көрсетеді. Оператор көрерменге тек адамның сырт бейнесін емес, сонымен қатар ішкі жан дүниесін, сезімін, қуаныш-қайғысын да көрсетеді. Тікелей эфирді түсіруде негізгі рөл атқаратын режиссер. Оған оператор мен суретшіден бастап ассисенттер мен гримерлерге дейін бағынады, оның айтқандарын орындайды.     
    Иә, тікелей эфирде кімдер қызмет ететінін тізбектеп атап өттік. Ендігі ретте, ұжымдық үйлеім мен шығармашылық тұатастықты жүзеге асырудың эфирлік заңдылықтары мен негізгі кәсіби принциптерін жүйелеп алуға тура келеді. Бұл бағыттағы ең бірінші заңдылық – тікелей эфирдің қайталанбайтын құбылыс екенін ескеру. Сондықтан да ұжым мүшелерінің бірлесіп қызмет етуі, мұның өзіның шығармашылық үндестікке ұласуы кәдімгідей қажеттілікке айналады. Сонымен қатар, шаруаның ең негізі бөлігі эфирге дейінгі кезеңде атқарылуы тиіс. Эфирде жіберілген қателікті қолма-қол қайта түзеу мүмкін емес. Олай болса, ұжым басшысы бекіткен эфирлік жұмыс кестесінен бастап, журналистер таңдаған тақырыптың бағдарламалық жобасы, әрбір арнаның өзіндік стилі болып танылатын форматы, эфирге шығатын жүргізуші-журналистің жұмыс тәртібі, қызметтерінің реті, тілшілердің жұмыс жүйесі алдын-ала жоспарланып, жолға қойылуы шарт. Ұжым барлық мәселені бірлесіп шешкенде ғана біртұтас нәтижеге қол жеткізеді. Қазіргі күнгі көрерменнің талғамы өзгерген, әлдеқайда дамыған. Сол себептен де, қай арна болмасын, өзі ұсынып отырған хабарын көрермен талғамынан шығатындай етуі тиіс. Бұл орайда тікелей эфирдегі кәсіби деңгей үлкен рөл атқарады. ЮНЕСКО-ның құметті профессоры, радиожурналистиканы зерттеуші ғалым Намазалы Омашев өркениетті әлемдегі БАҚ-тың ілгерілеушілік бағытын былайша сипаттайды: «Дамыған елдер журналистикасы бұрынғы ауыр да үлкентехникалық құрал-жабдықтардан бас тартып, аз ғана топпен игеріп кетуге болатын ыңғайлы, әрі тиімді аппаратураларға көшті. Студияларда зілдей болып, адамның еңсесін басып тұратын суық темірлер азайған. Хабарлардың да ресмилігінен гөрі табиғилығы басым. Топырлаған көп адам жұмыс істейтін біздегідей телерадиоорталықтар аз. Барлығы компьютерге жегілген. Электронды монтаждардың жетілген түрлері қолданылады. Өмірлік құбылыс, оқиға мен олар жайлы жасалатын хабарлардың берілімі арасындағы уақыт алшақтығын нольге теңеуге болатын талпыныс басым. Станциялар, редакциялар арасындағы бәсеке дамып кеткен. Бір сөзбен айтқанда, ұшқырлық – дамыған елдер журналистикасы деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне айналған».  
     Міне, сол тұрғыдан алғанда еліміздегі ең ұшқыр, ең жедел, уақытпен ұштасатын оперативті сала – тележурналистикадағы тікелей эфир. Ендеше тікелей эфирді жүргізетін тележурналист жоғары кәсіби біліммен қатар, қазіргі заманғы журналистикадағы ақпараттық деректерді іріктеу принциптерін, студия қызметтерінің ерекшеліктерін, телебағдарламаларды беру тәсілдерін, эфирді жүргізудің кәсіби әдістерін, яғни, идея жоспары мен сценарийлік жобадан бастап, оны жүзеге асырудағы бүкіл техникалық тетіктер мен технологиялық процестерді толық меңгерген маман болу керек. Ендеше, журналист – эфир – аудитория тізбегінен келіп, кәсіби этика – кәсіби деңгей – рейтингтік көрсеткіш сабақтастығы туындайды. Себебі, журналист тікелей эфирді жүргізгенде кәсіби этиканың принциптік негіздеріне сүйенеді. Ал тікелей эфирдің дәрежесі, жеткен биігі кәсіби деңгеймен өлшенеді. Шығармашылық шеберлік, технологиялық жүйелілік, техникалық сапа – соның сан-салалы тармақтары болып табылады. Техника дегенде, журналист үшін ең қажет құрал - микрофонға ерекше тоқталуға болады.       
    Микрофон дегеніміз грек тілінен аударғанда «микро»-шағын, «роне»- дыбыс деген сөз. Ал аудиотехника тілімен айтқанда, ол дыбыстың тербелісті электрлік тербеліске айналдыратын бірден-бір құрал. Шығармашылық тұрғыда микрофонның кілтін табу - әрбір журналист үшін қиын да, күрделі іс. Өйткені, шағын дыбыс деген мағынаны білдіргеніне қарамастан, бұл құралдың эфирде негізгі тетігі ретінде атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Әлбетте, теле, радио саласындағы журналист өзінің сабақтаған ойын, жұптаған сөзін көрерменге микрофон арқылы жеткізетіні белгілі. Сондықтанда, жүргізуші шеберлігінің бір қыры оның микрофонды қаншалықты дәрежеде меңгергендігінде болса керек. Микрофон-өте сезімтал құрал. Ол жүргізушінің  көңіл-күйін, ішкі жан тебіренісін, тіпті, денсаулығының жағдайын, яғни тамағының ауырғанын, мұрнының бітіп қалғанын- соның бәрін әп-сәтте қағып алып, тіркеп қояды. Одан әлденені жасыру қиян-ақ. Тегінде «сөйлеуші үшін микрофон- жүрек, жүйке, ми қызметінің ахуалына әсерлі із қалдыратын айрықша толқу әрекетінің қайнар көзі». Мейлі тікелей эфирде болсын, мейлі алдын-ала студияда жазылған хабар болсын микрофонмен бетпе-бет келгенде кім-кімнің де бұл күйді бастан кешіретіні анық. Олай болса тікелей эфирде хабар жүргізетін журналист-жүргізуші эфир басталмас бұрын психологиялық жағынан алдын-ала арнайы ахуал қалыптастыруы қажет екенілігін ескергендігі ләзім. Демек, жүргізуші өзінің микрофоннан айтатын сөзінің мән-мағынасын, мазмұнын, тақырыптық ерекшелігін, соған сәйкес таңдалып алынған дауыс ырғағын, тіл қату мәнерін, дыбыс реңкін кәдімгі сценарийлік жоба тәрізді ой елегінен өткізіп, іштей әзірленуі тиіс. Сонымен қатар тікелей эфирде уақыт санаулы. Әңгіме ауаны бір бағыттан келесі бір бағытқа ауысуы мүмкін. Сондықтан да тікелей эфирдегі хабардың даму желісіне мұқият көңіл бөлген жөн. Басқасын былай қойғанда, хабар басталған кезде асығып –аптығып, әрең үлгеріп келеген жүргізуші ентігін басып болмастан эфирге шықса, міндетті түрде соның бәрі байқалып тұрады. Әрине, жылдар бойы тікелей эфирге бойы үйреніп, микрофон алдына келгенде түк болмағандай қаннен-қаперсіз қалыпқа түсіп, микрофонды өзінің жан дүниесінің сенімді серігіне айналыдып, сергек те сезімтал көңіл күймен күнделікті өзінің жұмысына кірісіп кететін жүргізуші некен-саяқ. Мұндай тапқырлық эфирге қызмет ететін журналистердің әрқайсысының маңдайына жазыла бермесе керек.  
Телевидение тек мәліметтер арнасы ғана емес, сондай-ақ, өнер өрісі болып әрдайым қала бермек. Адамзат тіршілігін бейнелеуді телевидениенің өзіне ғана тән, тек соған ғана берілген орасан зор мүмкіндіктері бар. Эфир жүргізушісі айтылар ой барысындағы дауыс ырғағын, сөз алдындағы және сөзден кейінгі үн үзілісін, екпін түсіру тәсілін, дыбыстардың айтылуын, алуан түрлі атаулар мен ұғымдардың түсінікті, анық жеткізілуін қадағалауда өз өнерін ой-өрісін, білім деңгейін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтіп, шеберлігін шыңдаған үстіне шыңдап, күннен күнге тәжірибесін молайтып, кемелдене түсуге талпынуы хақ. 
    Иә, жүргізуші журналисті мокрофонмен қауыштырып, көрерменмен табыстырып жіберетін бір фактор – оның дауысы. Әйтсе де кез-келген дауыс, тіпті күнделікті өмірдегі әдемі дауыстың өзі микрофоннан ауқымды, әуезді, жағымды болып естілуі мүмкін. Қалай болғанда да, тек қана дауыстың телевидениеге тән болуы барлық мәселені бірден шеше алмайтыны анық.  
Тележурналист үшін ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыра білудің маңызы ерекше. Әдемі сөйлеу мәнері, дұрыс қойылған дауыс ырғағы, екпіннің қажет жерде түсірілуі, тіл қату кезіндегі жағымды әсер, әңгімелесуші адамды сөзге тарта білу, өзінің не айтып, не қойғанын жіті қадағалау журналистің кәсіби сапасының негізгі қырлары болып табылмақ. 
   Микрофонда жұмыс істейтін адам – дыбыстық әрекетті эфир заңы бойынша, талапқа сай, уақытқа сәйкес үйлестіріп, яғни хабардың бастауына да, одан әрі өрбіп жалғасуына да, аяқталуына да жауап беретін, сол прцесс барысында әрі оператордың, әрі режиссердің тетік тегершігінде жұмыс істейтін қызметкерлердің кез-келгенінің роліне ену нәтижесінде біртұтас күрделі шаруаны ұйымдастырушы. 
  Рас, эфирге дейін тақырып таңдалады, нысан анықталады, уақыт белгіленеді, алдын-ала шығармашылық байланыстағы қызметкерлермен келісім жасалады. Бірақ, солай бола тұрса да, хабарды сол жоспарлаған қалпында жүзеге асырып, көздеген мақсатқа жету қиынның-қиыны. Демек сахна сыртында қалатын басқа қызметкерлердің еңбегін еш етпестен, тәп-тәуір тамаша тықырыптың берекесін қашырмастан мәнді де сәнді етіп, тыңдарманға жеткізу, жүргізуші-журналистің парызы. Соны түгел дерлік ішкі толғаныспен ой елегінен өткізіп, өзін-өзі алдын-ала даярлап, қысылтаяң шақты қолдануға лайықты азды-көпті сөз қорын әзірлеп, күні бұрын барлық жағдайды келісіп қойғанның өзінде жүргізуші-журналист қандай да бір қателік жіберіп, сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Себебі эфир заңы – қатал. Оның үстіне тікелец эфир қолма-қол ретке келтіруге мүлде мүмкіндік бермейтін өзгеше құбылыс.  
    Теория мен тәжірибені ұштастыру негізінде тележурналистиканы зерттеп-зерделеп жүрген Құдайберген Тұрсынов өзінің «Сөз сиқыры» деген кітабында микрофон алдында сөйлеудің ең жауапты сәтін сезіну тұрғысынан жүргізуші-журналистке мынадай кеңес береді: «Дауыстың діріліне, әрі үніне, сұлу сөздің сиқырлығына мән бере біл! Өзіңнің табиғилығыңды таныта біл, қазақтың шетсіз де шексіз дариядайтолқын сөздің нақышын, бай ойнақылығын, қорғасындай салмақтылығын, алмас қылыштай алғырлығын кәдеңе жарат. Әр сөздің мәні бар, сөйлемдегі тұрған орнында өзіндік екпіні бар. Соларды іздеп тап та, сол кілтипанды табанда тап баса біл».  
   Иә, шығармашылық тұрғыда микрофон журналистиканың ең негізгі, ең алғыр, ең сезімтал, ең өткір, ең нәзік, ең құдіретті тетігі. Өйткені, ол ауыздан шыққан әр сөзге жан кіргізеді, қанат бітіреді, көрермен жүрегінен орын таба алатындай қасиет береді.  Тікелей эфир кезінде микрофон тек жүргізушіге ғана емес, студия қонағына да тікелей қатысы бар құрал. Онсыз да жан-жақтан анталаған камерадан жүрексініп отырған хабар қонағы микрофонмен жұмыс істеу тұрмақ, не айтам, не қоям деп абдырап қалуы мүмкін. Қазіргі күні микрофон әркімнің қолына беріле бермейді, студияғы қонағы жалғыз немес екі-үш адам болса, әрқайсысының өңіріне петличка, яғни, ілгекті микрофон тағылады. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, эфир кезінде микрофонды қонақтың жауып тастауы немесе оған шашының кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай кезде қонақпен жүргізушіден бұрын дыбыс режиссерінің халі қиындайды. Мұндай сәтте жүргізуші еш қысылмастан қонақтан кешірім сұрап, микрофонды түзетіп қоюуын ескертуі тиіс. Мысалы: «Кешіріңіз, біз дәл қазір тікелей эфирдеміз. Микрофоныңызды сәл түзеп қойсаңыз, бізге де, сізді тыңдап отырған көрерменге де ыңғайлы болар еді». Мұнда тұрған еш сөкеттік жоқ. Керісінше, хабардың жанданып, қонақты өз үйінде отырғандай сабырлылыққа шақырғаныңызды аңғартасыз. Келесі бір мәселе студияға келген адам, қайсысы камераға қарап сөйлеймін немесе менің дұрыс емес сөзімді алып тастайсыз ба сан түрлі сауалдар қоюуы мүмкін. Кәсіби жүргізуші студияға келетін кейіпкермен алдын-ала кездесіп, оған эфир заңдылықтарын түсіндіруі шарт. Қол-аяғы дірілдеп, алғаш рет студияға кіріп отырған  адамды қалай жұбатуға болады. Тағы да тәжірибемізге сүйенеміз. «Қараңызшы, мына студияда сізбен бізден басқа кім бар? Кімді көріп отырсыз. Әне үш оператор жүр. Сіз камераға қарамаңыз. Сіз менімен дәл қазір қалай әңгімелесіп отырсыз, эфир уақытында да солай әңгімелесе бересіз. Мен сізге көктен алып сұрақ қоймаймын. Барлық сауал сіздің жұмысыңызға немесе өзіңізге ғана қатысты. Мен сізді шақырып алып емтихан алайын деп отырған жоқпын». Мұнан кейін қонақ біраз тынышталады. Ал эфир сәтті аяқталып жатса, «болды ма, неге уақыт тез өтіп кетті» деп таң-тамаша қалады. Қарап отырсаңыз, тікелей эфир жүргізушісі психологта болуы қажет.  
    Біз телевизия индустриясы үлкен қарқынмен өсіп жатқан шақта өмір сүріп жатырмыз. Кабельді және спутниктік телеарналар көбеюде, апта сайын әр түрлі жаңа ток-шоулардың куәсі боламыз. Тиісінше, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топ өкілдері сол телехабарлардың кейіпкерлері, срапшы қонақтары немесе жай ғана көрермендері ретінде телевизия әлеміне келіп, кетіп жатады. Сіз, мүмкін, оқытушы немесе кітап авторы, экономист әлде дәрігерсіз. Алайда ол маңызды емес. Өйткені кез келген мамандық иесі бір күн емес,  бір күнде күтпеген жерден қандай да бір телехабарға қонақ ретінде шақырылкы мүмкін. Сіздің телевизиядан сұхбат беруге алғаш баруыңыз да ықтимал. Енді не істейсіз? Адам болған соң қобалжу, «мені миллиондаған аудитория көреді-ау» деген қорқыныш сезім пайда болады. Біз сіздерге телевизияға шығар сәтте, бағдарламаға қатысып, сұхбат берген кезде, өзіңізді қалай ұстау қажеттігі жайлы кеңес бере кетуді жөн санадық.  
   Бірінші кеңес. Егер сіз қандай да бір телебағдарламаға қатысу жөнінде шешім қабылдасаңыз, оған бармас бұрын, әңгіменің не жөнінде, қай бағытта және қандай формада өрбитінін біліп алыңыз. Керек мәліметті бағдарлама жүргізушісі, не редакторынан білуге болады. Бұл әдіс сіздің алдын-ала кәсіби және психологиялық тұрғыдан  сұхбатқа тастүйін дайын болып баруыңызға көмектеседі. 
   Екінші кеңес. Сонымен, сіз эфирге 15 минут қалғанда, көрікті киініп, жақсы дайындалып, телестудияға келдіңіз делік. Енді не істеу керек? Алдымен хабарды жүргізетін адамның сіздің аты-жөніңіз бен жұмыс істейтін мекеменің атын дұрыс жазып, атайтындығына көз жеткізіңіз. Қажет болса, сіз жайлы барлық мәліметтер көрсетілген қағазшаны да қосып беріңіз. Ол ешқашан артықтық етпейді. Эфирге шықпас бұрын, грим жасату мен шашыңызды ретке келтіру мәселесін де ұмытпағайсыз. Елімздің ірі-ірі телеарналардың барлығында дерлік стилист мамандар бар. Алайда, «өзімнің төл стилисім жасаған имиджбен эфирге шығамын» десеңіз де болады. Ол үшін студияға келмей тұрып, жеке уақыт табуыңыз керек.  
  Үшінші кеңес. Сұхбатқа шығар алдында жүргізушіге көтерер мәселеңіздің негізгі тұстары туралы әңгімелеп беріңіз. Ол қойған сауалдарға толық жауап беріп, жүргізушінің мүмкіндігінше тақырыпқа енуіне жол ашыңыз.  Аталған тәсіл диалогтың мәнді әрі сіз ойлағандай өрбуіне себепкер болады. Эфир кезіндегі сұрақтарды мұқият тыңдап, оларды өзіңізге берілген керемет мүмкіндік ретінде қабылдаңыз. Егер жауабын білмесеңіз «білмеймін» деп айтудың еш сөкеттігі жоқ. Қолдан келгенше, сұхбат барысында есте қаларлық пікірлер айтуға тырысыңыз. Есіңізде болсын. Түсірілім жүріп жатқан кезде – ежіктеп, тоқтап қалуға, олыңыздғаы қалам немесе кітапшамен ойнауға, сақалыңызды сипауға, сондай-ақ галстугыңызды түзей беруге тыйым салынады.  
   Төртінші кеңес. Бейнекамерадан ешқашан қорықпаңыз. Оған сіз өптен бері араласып жүрген, сүйікті досыңыз ретінде тіке қараңыз. Телережиссер сізге көңіл-күйіңізді көтеріңіз деген ескерту жасауы ықтимал. Олай болып жатса, бар күш-жігеріңізді салып, жиналып, «эфирлік көңіл-күйге» енуге талпыныңыз. Бұл қасиетті күнделікті айнаның алдында тұрып-ақ қалыптастыруға болады. Бет-әлпетіңіз бен қолыңызды жиі қозғалтып, қимылдата берудің қажеті жоқ. Керек кезде қолыңызды әрі-бері қимылдатқанмен де ол иегіңіз бен кеудеңіздің аралығынан аспауы тиіс. Ешқашанда эфирде бетіңізді ұстауға, көзілдірігіңізді түзетуге болмайды. Кез келген іс-қимылдың эфирден құбылмалы көрінетіндігін білгеніңіз жөн.  
Бесінші кеңес.Телевизияда киімнің алар орны айрықша. Сол себептен де, телевизияда киімге қатысты қатып қалған бірнеше қағида бар. Ол: камера алдында ешқашанда толығымен қара немесе ақ түсті киім киіп шығуға қатаң тыйым салынады. Өйткені бейнекамераның ашық немесе тым қою қара түстерді өзгертіп беретін қасиеті бар. Неге осы екі түске телекамера қас деген  сұрақ туады. Себебі, қара түс назарды адамның тек басы мен бетіне ғана аударса, ақ түсті киім киген адамның бет-әлпеті денесімен үйлесіп, түсініксіз көрініске айналып кетеді. Қара түстер жарықты жұтып, көріністі кішірейтіп жіберетін болса, ақшыл түстер керісінше жарықты шағылыстырып, нысанды үлкейтіп көрсетеді. Жалпы алғанда, мамандар телевизия үшін түстер спектрының ортасына жақын болып табылатын көк, сұр және қоңырқай түсті киімдерді киюді ұсынады.  
     2.3 Эфир этикасы 
   Хош, біз тікелей эфир кезіндегі техникалық саланың қырларын жалпы шолып өттік. Ендігі ең басты назарда ұстайтын жайттың бірі – тікелей эфир жүргізушісінің этикасы.  Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады.  Еңбексүйгіштілік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы  алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті.  Өйткені журналистің кәсіби мамандығы – мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын.  Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сан-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналист өз борышын адал атқаруы тиіс.  
Қазір телеарналарда тікелей эфирде өтетін ток-шоулар көп.  «Шоумен» деген ұғым қазақстандық көрермендер санасына еніп үлгерді. Әзірше шоумендікке актерлер тартылуда. Бір жағынан ол да дұрыс шығар. Бірақ актер журналист емес. Ток-шоуды жақсы жүргізіп шығу емес, онда көтерілген басты тақырыпты аша білу керек. Өйткені «ток-шоу-таза журналистік шығармашылық». Оның үстіне тікелей аудармасы – «әңгіме-думан». Әңгіме сұхбатқа құралады. Ал сұхбатты тек арнайы мамандығы бар журналист қана өз деңгейінде жүргізе алады. Сұхбат сәтті шығу үшін журналистке қойылар талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиялық тұрақты болу керек. Ал актерлер тек жазып бергенді ғана оқып шықпай ма? Сондықтан ток-шоулардың көбінің жасанды шығып жататыны сол. Шоумен-актерлердің кейбірі ғана импровизациялық қабілеттеріне сенеді. Солардың ішінде Қазақстан халқына жақсы таныс ресейлік Леонид Якубович (Поле чудес) пен Дмитрий Нагиев (Окна), Николай Поречников (Запретная зона). Якубовичтің шектен тыс қуақы қылықтары мен Нагиевтің «дау-дамайындағы» анайы қимылдары сырттай жарасымды сияқты, бірақ көрермендер оны жай қалжың ретінде қабылдаса керек. Шоумен-әртістер бізде бар. 2ОО1 жылы НТК арнасында тікелей эфирде «Саз сандық» атты интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жүрді. Эфир билігін қолына ұстаған Нұрлан Албан сөзінің мағынасыздығымен және ойының шұбалаңқылығымен көрермендерді ығыр ететін. 2ОО3 жылы Қазақстан Ұлттық арнасында таңертеңгілік «Таңсәрі» бағдарламасына да жүргізуші болып Нұрлан Албан шықты. Әртіс, әнші ретінде халыққа танылып жүргенімен, шоу-мен, тікелей эфир жүргізушісі ретінде еш қырын көрсете алмады.  Әрине, актерлік шеберлік журналистің бәріне бітпейді. Бірақ оған үйренуге, үйретуге болады. Тіпті алысқа бармай-ақ көрші Ресейдің тіршілігіне көз салсақ жетіп жатыр. Оларда тіпті репортерларға дейін актерлік шеберлікті меңгеруде. Өйткені Москвада арнайы тележүргізушілерді дайындайтын институт бар. Онда актерлік және журналистік шеберлік деген пән оқытылады. «Әдемі қозғалыс» деген пән бар екен. Ток-шоуларды дайын актерлерге жүргіздіре бергенше, осындай бір шеберлік мектебін бізде де ұйымдастыруға болады. Шоумен – журналиске керек басты қасиетердің бірі- тіл мәдениеті. Ал тіл мәдениетінің өзі көп аспектілі түсінік. Жақсы тіл-дұрыс, қарапайым, мәнерлі болу керек. Тіл мәдениетіне де арнайы үйренеді. Жоғарыда айтылған тележүргізушілердің институтына жетекшілік ететін белгілі тіл стилисі Светлана Макарованың алдына тілдерін дұрыстауға тіпті саясатшылар мен депутаттарға дейін келеді екен. Ол институтта сөйлеу техникасы, эфирде сөйлеу шеберлігі деген сабақтар жүргізіледі.     
    Теледидардың басқа өнер түрлерінен негізгі артықшылығы миллиондаған адамның назарын өзіне аудара білуінде. Осы артықшылық, яғни, жаман-жақсы танымдылық оны басқа өнер түрлерінен бөле-жара ерекшелендіріп тұрады. Ақпарат арнасының кез келген бөгеуді жарып өтер ең қуатты ағысы болғандықтан теледидар мен интернет салаларының ана тілімізде сауатты түрде игерілуі ең маңызды мәселе. Қазіргі күні тәубә дейік, телеарналардың тілі біраз «түзеліп» қалды. Бірақ әлі де болса кей хабарларды бірден сөйлеу мәдениетінің төмендігі көзге түседі.  Оларды мынандай басты екі түрге бөлуге болады: «тіл бұзарлық»-журналистің тіл маманы ретіндегі сауатсыздығы және сөйлеу техникасының негізгі заңдылықтарын білмеуден, әрі туа біткен тіл мүкістігінен сөздің анық айтылмауы. Бір қызығы, «тіл бұзарлардың» көпшілігі ауылда, қазақи ортада өскендер. Олар сөздің әуелі орысша баламасын тауып, қазақшаға аударады. Осыдан келіп, «орын алып отыр-имеет место», жұмыс орнын жоғалтып алды-поерял рабочее место», ағымдағы жылы-в текущем году», «күтілуде-ожидается», «өз жұмысын бастады-начал свою работу», «өз кезегінде-в свою очередь», «белгілі болғандай- как стало известно», «нәтижесінде-в результате», «болып табылады-является» деген сяиқты «шедеврлер» шұбырып кете береді. Сөзід мағынасына қарамай, кез келген жерге қыстырып жіберетініміз тағы бар. Тағы бір «ауру» орынды-орынсыз мақалшылдық, ұйқас қуып тақпақтап кету. Тіл мәдениетіне қатысты журанлист Ғалым Боқаш мынандай тамаша пікір айтады. «Осы «болып табылады» деген жасанды күрделі етістік бірте-бірте  қазақ тілінде есім сөзден кейін міндетті түрде ағылшынның to be етістігінің баламасына айналып кететін тәрізді. Келесі ғасырдың әліппесінде «мынау-бала, анау-дала» деген сияқты тіркестер «мынау бала болып табылады, анау дала болып табылады» немесе «сіз мұғалім болып табыласыз» деп жіктеліп тұрмасына кім кепіл? Бірақ ортаңқол тележүргізушінің, я тележурналистің кемшілігі лексико-синтаксистік ауытқуларда ғана жатсажақсы ғой... Шет елдік, қала берді өзіміздегі орыс тілді салмақты ақпарат құралдарынан байқағаным, әр салаға бөлек мамандандырылған кәсіпқой журналистердің көптігі».  
   Соңғы жылдары қазақ тіліндегі телехабарларда үндестік заңының бар екені мүлдем ұмытылған сияқты. Дауыс ырғағы мен өзін-өзі ұстау қабілетін, әртістігі мен қимыл-ишара өнерін жетік меңгерген қазақтілді талантты тележурналистер мен жүргізушілердің аздығы жоғары оқу орындарындағы тіл маманы болып шығатындар, әсіресе, телевидение, радиоға баратындар дұрыс сөйлеудің қыр-сырын үйрететін, қарапайым ақпараттық мәтіннен бастап, көркем шығарманы дұрыс оқуға машықтандыратын мамандардан дәріс алуы керек. Ал ондай мамандар саны республикамызда бір қолдың саусағындай-ақ. Сол сияқты тележүргізушілердің арасында еліктеу де басым. НТВ, ОРТ- ның белгілі жүргізушілерінің сөйлеу нақышы, қимылдарының көлеңкесі кейбір тележурналистерімізден көрініп тұрады. Тілдің бұзылуына тосқауыл қоюдың бір жолы-журналистерді жыл сайын аттестациядан өткізу. Ілгері ұмтыламын деген адамға бір жыл деген көп уақыт. Эфирге шығатын адамдар жан-жақты сұрыптаудан өтуі тиіс. Халық алдына шығар ұл-қыздар тіл тазалығымен бірге «бұдырайға екі шекелі, қарақат көзді» дегендей ұлттың эстетикалық талғам биігінің белгісіндей кескін-келбеті келіскен, бүгінгі күн адамы да болғаны керек. Лос Анджелесте Теледидар мен Кино өнері ададемиясы бар. Сол сияқты алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде телехабарларын өнер туындысына айналдыра білген шебер жүргізушілер мен режиссерлер жетерлік. Қазақстандық теледидарды өнер ортасына айналдыру үшін әлі де жетпей жатқан тұстар көп. Мұның себебін тележурналист Асылбек Ықсан былай түсіндіреді: «Өнер шабыттан туады. Журналистер де осы шабытану құпиясына қалай қаныққанына байланысты бірі ала, бірі құла болып келеді.Мәтіндерді «қара жаяу» оқып беретіндер де бар, тақырыбы, жанры сәт сайын өзгеріп отыратын әр қилы ақпараттардың ішіне кіріп, әр оқиғаны көз алдынан өткізіп, өзі көре отырып, ой елегінен екшеп, «пісіреп» бере алатын журналистеріміз бар. Осындай журналистердің арқасында теледидар өнерге айналады деп айта аламыз. Батыстың даңқты, ақшалы артистері қолдары босай салса психо-физикалық жаттығуларға кіріседі. Сондықтан да олар көңіл-күйлерін қалаған кезде сынапша сусытуға үйреткен. Бұл тікелей эфирде жұмыс істейтін тележүргізушілер үшін таптырмайтын құрал. Тележүргізушінің де күн сайын кәсіби шеберлігін шыңдап отыратын жаттығулары болуы керек. Сонда кешегісін бүгін қайталау, бір ізді шиырлай беру болмайды. Бүгінде бұрынғыдай біреудің жазғанын мәнерлеп оқып беріп отыратын дикторлардың заманы өтті. Қазіргі дикторлар- бағдарламаның авторлары. Тележүргізушілерді әртістік шеберлікке қатысты кино мен театр актерларына қарап тағы бағалауға болмайды. Актрелер белгілі бір мектептен өткен, жан-жақты кәсіби дайындығы бар адамдар. Тележүргізушілер де өзінше образ жасайды. Актер қаншама кейіпкер бейнесіне кіргенімен, актер мен образ ешқашан бірігіп кетпейді, арасында саңылау қалады. Кәсіби тележүргізуші де экраннан көрінер бейнесін ой-қиялында сомдаған идеалдық бейнесіне бағыттап, күнбе-күн қырлап, сырлап отырады. Тележүргізушілер актерлердей емін-еркін қимыл-әрекет жасай алмайды, экранға «байлаулы». Бұл ішкі дайындықты, жалғыз ғана бет-әлпет қимылын игеруде үлкен шеберлікті талап етеді.          Тележүргізушінің бір артықшылығы осында. Экран алдындағы көрерменді өңменінен итеретін олқылықтардың бірі-журналистің қимыл-ишарасының тақырып желісінен бөлек «сөйлеуінде». Бізде көбінесе бар салмақты сөзге салып, ал қимыл-ишара айтылған ойды долбарлап қайталаумне шектеледі. Ақпараттың  6О пайызы қол, көз, бет-жүз, дене қимыл иишаралары арқылы жететініне ескерсек, қазақ теледидарына осы жан-жақтылық сырын кәсіби тұрғыда ұғындыра алатын мамандар ауадай қажет. Жест- адамның темпераментіне байланысты- флегматик холериктің қимыл-әрекетіне еліктесе, өз мінез-құлқынан тумаған соң ол Марк Твен айтпақшы, «сарафан киген түйенің тайраңдағанындай» әсер қалдырады. Сөз өнері мен қимыл-ишара өнерінің қыр-сырын меңгерген адамды шын «жұлдыз» деп мойындауға болады». /10.5б./. Біз озық технология дәуірінің тамаша мүмкіндіктерін пайдалана алмай, бойымызда бар асыл қасиетті, ұлттық болмысымызды жаңа жүйемен қабыстыра алмай жатқан сяиқтымыз. Сондықтан да кез келген салада жалықпай, жаңылмай ұлттық үнімізді үздіксіз іздеп, жоқтап, тауып отыру бұлжымас парызымыз. Үн- көңілдің айнасы. Үннің бояуы ішкі жан сарайдан хабар береді. Сіздің мінез-құлқыңызды, кім екеніңізді үніңіз айтып тұрады. Жер бетінде қанша адам болса, сонша үн бар. Дауысыңызды қанша құбылтқаныңызбен жүрегіңізде не жатқанын үніңізден білуге болады, үн алдамайды. Біздің үніміздің бояуы, екпін-ырғағы ұлттық аспаптарымыздың үнінде- төкпе күй мен күңіренген қобыз дауысында жатыр. Қазақ тілінің құдіреті осында. Теледидардағы үніміздің екі мағынасында да құмығып, сақауланып шығып жатқанын ести білетін, ескере білетін журналистердің көбеюуі ертеңгі телеарналарымыздың жарқын болашағы.  
    Тікелей эфир – жуналистикадағы соңғы жылдардағы жаңа түрлерінің бірі. Мұның авторлары өз алдына көркемдік мәселелерді, эстетикалық ойарды хабарлауды қойған болса, онда өз үдесінен шыққандары. Бірде В. Листьев «Час Пик» тікелей хабарын жүргізіп отырып, былай деген еді: «Тікелей хабарды мен неліктен жақсы көремін? Себебі мұнда өтірік айта алмайсың. Тыңдай білу, тек тыңдау ғана емес, адамды түсіне білу де. Тікелей хабарды жүргізу өте қиын. Белгілі бір мәселеге менің көзқарасым қандай, оның көзқарасы ше? Сырттай қарағанда өте қарапайым: екі адам әңгімелесіп отыр. Ал шындығында бұл – нағыз шыншыл өмір.   
   В. Листьев кезінде Орталық теледидарда теңдессіз құбылыс ретінде бағаланды. Ол экранда толассыз құйылатын, су шайқалмас жорғалар қатарындағы ірі тұлға болатын. «Поле чудес» хабарындағы ой легінің тегеурінді серпінділігі, үзіліссіз ой ағысы, ықшамдылық, сұрақ нақтылығы, дәл жауап, дәлдік, шалт қимыл, тіл байлығының молдығы, бәрі-бәрі бір бейненің бойында тоғысуы – құдірет қолымен жасалған нағыз шеберлік. Кейінірек ел өміріндегі елеулі оқиғаларды халықтық ойдың көшбасындағы серкелермен бөлісу мақсатында өмірге келген «Час пикте» де автор осы қалпынан танбады. «Тікелей эфирге» В. Листьев өзінше бір соны леп, екпін, өзгелерден болмыс-бітімі бөлек түр әкелді. Бүгінде бұрынғы КСРО кеңістігіндегі елдердің бәрінде дерлік В. Листьев мектебінен үйренбеген тележүргізуші жоқтың қасы. Ресейлік жүргізушілерден алар тәлім көп. Бірақ толығымен оларды қайталау қазақ менталитетіне келмейді. Қазақстанда В. Листьев сияқты жүргізушілер бар ма, болды ма? Заңды, әрі орынды сұрақ. Тарихқа тереңдеп енбей, бертінгіге көз салсақ... Бар. Болды. Өкінішке орай, қазір жоқ. Ол – Қазақстан Ұлттық арнасында 2003-2005 жылдар аралығында  «Мезгіл» саяси-сараптамалық бағдарламаны жүргізген Ғалым Боқаш. 2ОО4 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықпен жүздесуі кезінде парасат пайымымен, орынды сұрақтарымен, салиқалы әңгімесімен республика жұртшылығын елең еткізген Ғалым Боқаш тікелей эфир жүргізушісіне жаңа соқпақ салып кетті. Қимыл-қозғалысымен, қоңыр дауысымен, ең бастысы ұшқыр ойлары мен талайлардың жүрегіне жол тапты. Әсіресе тіл тазалығы мен «өзім білемділікке» салынып, тақпақтап, орағытып бастап, аяғында айтар ойын ұмытып қалар жүргізушілердің Ғалым Боқаштан үйренері көп.  Сондай-ақ «Оян, қазақ» ақпараттық-танымдық ертеңгілігі жобасының бұрынғы жетекшісі Нәзира Бердалы да тікелей эфир хабарларына өзінің сүрлеуін салды. Қазақтілді жүргізушілер «осынікі жөн» деп орысша хабарлардан тікелей аударатын сөз тіркестері көп. Мәселен «оставайтесь с нами», «не переключайтесь» сяиқты сөздер «бізбен бірге болыңыздар», «басқа арнаға ауыспаңыздар» деп айтылып жүрді. Ойы орамды, тілі бай Нәзира Бердалы бұл сөздердің барлығына қазақы реңк, қазақы түр берді. Қазақтілді тележүргізушілер легі енді-енді қалыптасып келе жатқандай. Тележүргізуші мақсаты - өзгені айна-қатесіз қайталау емес, өзіндік ерекшелігімен көрермен есінде қалу.    
   3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары. 
  Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы диплом жұмысында қазіргі күні тікелей эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық»  сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік. 
   Негізінде аудиторияның психологиялық жағынан эфирге бейімделуі тәулік аясындағы уақыт мезгілдеріне де байланысты болып келеді. Әлбете, ең әуелі таңертеңгілік эфирге тән ерекшеліктерге тоқталамыз. Теледидардағы таң - ең маңызды мезгіл. Өйткені таң қалай басталса, күн солай     өтеді. Ауа толқынындағы таңертеңгілік топтама негізінен 7.ОО ден немесе 7.3О дан басталып, 9.ОО ге дейін немесе 1О.ОО ге дейін созылады. Таңертеңгілік эфир адамның өмір ағысын, жүрек қағысын, тіршілік тынысын бейнелумен ерекшеленеді. Әдетте, адам теледидардағы үн ырғағымен оянады, ертеңгілік жаттығу жұмыстарын да сол арнада өтіп жатқан жаттығулармен бірге жасайды. Тіпті теледидар арқылы түрлі ас мәзірін жасауды үйренеді. Егер түсінбей жатқан жері болса, қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Түрлі пайдалы кеңестер алады. Қазіргі таңда отандық телеарналар ішінде таңертеңгілік шығатын Оян, қазақ  Міне, тікелей эфир құдіреті осы. Қазақ елін «Оян, қазақ» деп ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен оятатын бұл хабар қазір көпшілік көрерменнің үйінде таңертеңгі 7.3О дан 9.ОО ге дейін қосылып тұрады. Хабар зерліліктен - зерделікке, кемелдіктен-парасаттылыққа, ұғынықтылықтан-ойлылыққа, ойлампаздықтан-алымдылыққа ұласқанталантты теледидардың бағын ашты. 
  «Оян, қазақ»! Тақырып қалай сәтті табылған. Әрі өмірге құштар, әлі де елең-алаңдағы жастар редакциясының гүл жарған жүректерінен шығып, балаң аудиторияға бет түзеген ақжолтай хабар. Сәтті табылған тақырыпқа орай мазмұнды әңгіме, су шайқалмас жорғаның аузымен экранда тоқтаусыз төгіліп жатса, хабар ажары ашыла айшықтанып,  студиядағы қонақтар да, бөлшектен тұтастыққа айналып, одан бүтін бітім пайда болған шақты көру бір ғанибет. Әсіресе «Ұйқыашар» деген атқа ие болған көрермен ойналатын интерактивті сұрақ-жауап танымдық тұрғыдан алғанда халыққа берер пайдасы зор. Бағдарлама аясындағы «Үздік әндер» топтамасы да қазіргі қазақ эстрадасының шоқтығын көтеріп, хабардың көркін аша түскен. «Үздік» шыққан әннің орындаушысын қонаққа шақырылып, оларға көрермендер тарапынан қойылатын жанды сұрақтарда «Оян, қазақты» өзге хабарлардан көшілгері бастап келеді. Хабар барысында беріліп отыратын қысқа метражды сюжеттер мен оларға жүргіушілер жасайтын қысқа қайырмалар да көрермендерді жалықтырмайды. Бірақ, біздің мақсат қазақ тіліндегі хабар деп сыпыра мақтай беру емес, я, қаралау емес, зерттеуші және көрермен тұрғысынан сын айту. Алдымен көзге түсетін хабардың түсірілу алаңы, яғни студиясы. Суретші-декаратор немесе режиссердің әлі де ойлана түсуін қажет етеді. Таң атты, күн шығып келеді. Философиялық тұрығдан дұрыс, бірақ тас-төбеңнен төніп тұрған күн, ал астында қысылып, қымтырылып екі жүргізуші отырады. Екі адам әрең сыйып отырған студияға екі-үш қонақ келсе, көрермен кімді және нені көріп отырғанынан шатысындай халге жетеді. Байқауымызша, студия операторлары режиссердің басшылығынсыз дербес жұмыс істеп кетеді. Кейде понорама (кадрды баяу жылжыту) жасаймын деп, белгісіз, түсініксіз суретті алып тұрып қалады. Мұны, әрине, телевидение өнерінен хабары жоқ жалпақ жұрт түісіне бермейді. Ал білген адамға осындай олқылықтар көзге бірден ұрып тұрады. Бұл, техникалық топтың еншісіндегі шаруа. Ал шығармашылық топқа келсек, жүргізушілер кейде қонақпен өткізетін сұхбаттың уақытын тым созып алады. Бағдарлама, ақпараттық, танымдық, ауық-сазды, интерактивті болғандықтан, студия қонағына 8-1О минут уақыт берілсе жетіп жатыр. Таң атпай, бетіңе грим салып, шашыңды қатырып, түнімен ұйықтамаған адамдай сергек түр жасау да өз алдына қиын шаруа. Ең бастысы, көрерменді ұйықтатып алмай, көңілді отыру керек. Көңілдену деген – эфир кезінде бар дауысыңмен күлу емес. Бұл бұрынғы жүрізуші Нәзира Бердалыға қатысты айтылар жайт. Кей хабарда күліп тоқтай алмай отырғанда, өзің ұяласың. Сондықтан, жүргізушілерге ұстамды да болған дұрыс. Данияр Есен, Жанар Шәмел, Бақыт, Гүлжазира сынды әлі тәжірибесі толыспаған жүргізушілердің  студия қонағына қояр сауалдары нақты емес. Көрермен тұрмақ, кейде қонақта өзіне қатысты қойылған сауалды түсіне алмай қалады. Ондай-ондай хан қызында да болады. Ең бастысы, хабардың іргетасы мен қабырғасы мықтап қаланды. Ұлтымыздың тек өзіне тән бояуы мен әзіл-қалжыңын, өзіне тән айшықтарын бедерлеп беріп  жүрген сындай хабарлар көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді.  
   Өскемен қаласы мен жақын аудандарға Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасынан таралатын «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасы үшінші жыл жұмыс істеп келеді. 2ОО2-2ОО5 жылдар аралығында арнаға басшылық еткен Бауыржан Айтқазиннің идеясымен құрылған бағдарлама жергілікті жұртшылық арасында үлкен беделге ие. Алғашқы жылдары белгілі бір тақырып айналасында бейнесюжеттер дайындалып, сала мамандары шақырылып, көтерілген тақырыпты білікті жүргізушілер бүге-шігесіне дейін талдайтын. Атап айтқанда, Нұрбек Бекенов, Сәуле Қалиғазина, Рүстем Есдәулет, Наталья Шайдуллина, Александр Подойников сынды жүргізушілер кәсіби шеберліктерінің арқасында бағдарлама рейтингін бірден көтерді. Таңғы сағат жетіден тоғызға дейін көрермендерден толассыз сауал, жолдаған құттықтаулар, эфир тақырыбына деген түрлі пікірлер телефон желісі арқылы жетіп жататын. «Десерт» айдарында жүргізушілер ас бөлмесіне барып, түрлі тағамдар даярлап,  хабар көркін аша түсті. Кейін келе хабарға тағы бір жаңа пішінді ойын енді. «Әділ ойын» - көрермендер үшін телевидениенің жаңа көкжиектерін ашып көрсетті. Ойын барысында берілетін сұрақ көрермендерді бей-жай қалдырмайтын. Телефон арқылы, сұрақтарға жауап алынады. Сұрақтың дұрыс жауабын берген көрерменнің еншісіне нөмірлік реті жазылған шарлар берілетін. Сол шар арқылы жеңімпаз анықталады. Ал жеңімпаз ертеңгілік эфир қонағы болып, келесі жеңімпазды анықтайтын. Облыстық арна тарихына соны өзгеріс енгізген, көрермендермен етене байланыс жасап, телевизиялық викторина ұйымдастырған  «Әділ ойынның» ғұмыры ұзаққа бармады. Әйтсе де, көрермен жадында жатталып қалған «сары шарлар» әлі ұмытылған жоқ. Екі жыл уақыт өтіп кетсе де, халық сол ойынды іздейді. Зерттеу жұмысымыздың басында да айттық, тікелей эфир жүргізушісі өзге жүргізушілерден қарағанда анағұрлым көп стерсс алады. Соны ескерген ұжым аптаның бес күнінде  шығатын үш ағаттық эфирге бес түрлі жұп даярлады.  Тікелей эфирдің бір тиімділігі – қаражат шығынын азайтып, эфир уақытын толтыратындығы. 2ОО5 жылдың қазанынан бастап «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жаңа формада шықты. Екі сағаттық эфир барысында түрлі әндер беріліп, әлемнің әр түкпірінде болып жатқан қызықты жаңалықтар оқылды. Ертеңгі күнге арналған жұлдыз-жорамал, бойжазу жаттығулары, жеңіл-желпі тақырыптағы шағын сюжеттер мен түрлі қонақтар бағдарламаға жаңаша леп берді. Бірақ бір кемшілігі, бұрынғыдай белгілі тақырып аясында әңгіме өткізу тоқтатылды. Ресейлік немесе республикалық арналардағы ертеңгіліктерде тақырып болмайды. Қысқаша қайырмамен жүргізушілер даярланған материалдарға шолу жасап отырады. Ал күнделікті бір емес, бірнеше материал жасау дегеніміз шағын ғана облыстық филиалдың техникасы көтере бермейтін жүк. Хабар интерактиві тек «бүгін бәленшекемнің туған күні, зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілеймін» деген тілектер аясында көміліп барады. Эфирге берілген 2 сағат уақыттың 1 сағатқа жуығын осындай құттықтау қоңыраулары ғана толтырады. Бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін арнадағы ойын-сауық және спорт хабарлары редакциясының редакторы М. Кәрібаева, редактор А. Подойниковтың жасап жатқан жұмыстарына оң баға беруге болады. Көрерменнің компьютерлік сауатын ашуға атсалысатын А.Рыбловтың «Новигатор» айдары, режиссер С. Қанаева даярлайтын «Поэзия минуттары», «Ән әлемінде», «Сырлы әлем» сияқты айдарлар тұрақты түрде шығып отырады. Аптаның әр жұмасында өтетін «Имандылық сабағында» көрермен  мазалап жүрген сауалын молданың өзіне қойып жауабын алады. Сондай-ақ «Театральная кухня» айдары халықты облыста болып жатқан мәдени жаңалықтардан құлағдар етіп отырады. Десек те, «Таң жарықтың» тұрақты көрушілері үшін «Әділ ойын» сияқты телевикторина жетіспейді. Айта кететін тағы бір жайт, студия ішінің көркемделуі. Тағы да көп олқылықты байқаймыз. Студия ішінен жаңа заман талабына сай ештеңе таба алмаймыз. Сол баяғы 8О-9О жылдарда қалып қалған. Дизайнерлердің құлағына алтын сырға, өзге телеарналардың таңертеңгілік хабардағы студияларына қарап, сабақ алса етті. Ал хабардың тұрақты жүргізушісі Александр Подойников көрермендердің ерке ұлындай болып кеткен. Біз зерттеу жұмысымыздың басында тікелей эфир жүргізушісіне қажет қасиеттерді тізбелеп өттік. Александр Подойников сол қасиеттердің барлығын бойына сіңіре білген, кез келген қысылтаяңнан білгірлігімен тапқырлығының арқасында шығып кететін нағыз кәсіби жүргізуші. Студия қонағына қояр сауалы да нысанаға дәл тиіп жатады. Әзілі де орынды айтылады, телефон желісіндегі үлкенмен де кішімен де тіл табыса біледі. Өкінішке орай, соңғы кездері хабар аудиториясы тарылып барады. Тұрақты көрермендер зейнеткерлер, үй шаруасындағы аналар және түскі ауысымда оқитын оқушылар. Бағдарлама бірсыдырғы «құттықтауларға» ұласып кетпес үшін интерактивті ойынның жаңа түрі табылса және құттықтаушыларға арнап жеке 1О-15 минут бөлсе, бағдарлама ретке келер еді. Тіпті болмаған жағдайда «Оян, қазақтықтардан» тәлім алып, «Ұйқыашар» сұрақтарын беру артық етпейді.  
   «Қазақстан-Өскемен» телеарнасындағы тағы бір тікелей эфирдегі хабар – «Кеш жарық». 2ОО5 жылдың ақпан айынан бастап эфирге кешкі сағат 19.3О дан таралған хабардың әуел бастағы стилі өзгеше еді. Студияға шақырылған қонақпен әңгімелесе отырып, түрлі сұрақтар жасырылған терезелерді аштырып, әр саладан сауалдар қойылатын. Қонақ жауап бере алмаған жағдайда, кезек телекөрермендерге беріледі. Сөйтіп, хабардың алғашқы жүргізушісі Жазира Уәлиева айналдырған 2О минут ішінде қонақпен де әңгімелесіп, ойында ойнап, көрерменмен де сұхбаттасып үліретін. Уақыт өте келе хабар атын сақтағанымен, заты тұтастай ауысып кетті. Студияға екі жүргізуші шығып, қоғамда орын алып отырған, көпшілікті толғандыратын мәселе төңірегінде әңгіме қозғап, халықтың сол проблемаға деген көзқарасын, пікірін тыңдайды. Бұл үрдіс хабарды Нұртас Солтанұлы мен Айнұр Омар жүргізген кезде пайда болды. Кешкілік хабар болғандықтан, тақырыпта жеңіл, ойнақы болып келетін. Мысалы, «Сіз рухани байлықпен матермалдық байлықтың қайсысын қалайсыз», «Азаматтық неке дұрыс па?», «Балаңыз қандай мамандықты игеріп жатыр?» тағы сол сияқты. Қазақтілді көрермен аз деп айтқанымызбен, хабарға телефон арқылы пікірін білдіріп жататын көрермендер санында шек болмайтын. «Кеш жарықтың» қазіргі жүргізушілері А.Дайыровамен А. Жабағиева тарапына айтылар сын бар. Кей көрермен кімнің жүргізуші, кімнің қонақ екенін айыра алмай қалады.      Өйткені екі жүргізуші бір-біріне сауал қойып, оған өздері қосыла жауап іздейді. Тікелей эфирдегі мұндай интерактивті орнату үшін аздап қулық пен азаматтық позицияңды сәл ауыстыра тұру қажет. Өйткені, екі жүргізуші бір-біріне қарама-қарсы пікір тудырып, көрермендерді кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтауға шақыру қажет. Жалпы, бұл хабар тұрақты жүргізушісі жоқ, тұрақты стилі жоқ әлі «қалыптаса» қоймаған хабар. Мұны телевидение тілінде «эфир орнын толтыру» деп атайды. Уақыт өте келе қалыптаспаса қазіргі күні «ілініп-салынып» шығып жатыр. Ал дәл осы хабарды, яғни «Добрый вечерді» орыс тілінде жүргізетін В. Лазереваның кейіпкерлері де, олардың әңгімелері де қазақтілді хабардан қарағанда анағұрлым артық. Шығыс Қазақстан облыстық телевидениесі Қазақстанда Алматыдан кейін хабар таратқан тәжірибесі де толысқан, тарихы мен мұрағаты бай телеарналар қатарында. Сондықтан арнада жұмыс істеп жатқан білікті мамандар мен кәсіби жүргізушілер әлі де талай тікелей эфирді өткізетініне сеніміміз мол.  
    Тікелей эфирдегі хабарлардың өзін көздеген мақсатына, пішініне қарай бірнеше топқа топтастыруға болады: ақпараттық, интерактивті ойын-сауықтық, интерактивті танымдық, интерактивті сазды-сауық, интерактивті саяси және интерактивті қоғамдық саяси ток-шоу. Қазақстандық телеарналарда қоғамдық саяси интерактив әлі жеткілікті түрде дами қойған жоқ. Соған қарамастан, республикалық  «31 арнадан» берілетін «Дода» интерактивті қоғамдық-саяси ток-шоу бағдарламасы аз уақыт ішінде өзінің мыңдаған көрермендерін тауып үлгерді. Әр сенбі күні кешкі сағат 20:10 да тікелей эфирге шығатын хабардың ұзақтығы 45 минут. Хабар екі мақсатты көздейді:  
1). Қазақтілді қоғамдық-саяси хабардың брендін жасау;  
2). Қоғамдық-саяси процестерге қазақ қоғамын қатыстыру, үн қосу және сол арқылы саяси белсенділігін ояту. Осыған дейін қазақтілді аудитория қоғамдық-саяси процестерден тысқары қалып келді. Хабар осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Хабар- қоғамдық диалогтың телевизиялық формасы, яғни, толғағы келіп, пісіп-жетілген проблемаларды қозғау; әртүрлі әлеуметтік, қоғамдық топтардың, саяси партиялардың бір-бірімен пікір жарыстыруына мүмкіндік жасау, сол арқылы сындарлы қоғамдық пікір қалыптастыру; пікір алуандығын, көппікірлікті насихаттау арқылы демократиялық процестерге атсалысу; пікірталас, полемика қоғамдық қайшылықты ушықтыру, конфронтация, иә, антогонизмге итермелеу, болмаса, саяси тәжіке емес, пікірталас арқылы мәмілеге келу, әлеуметтік ынтымақ пен қоғамдық жарастықты күйттеу; қоғамдық процестер мен ситуативті жағдайларды талдау, таразылау арқылы қоғамдық-саяси реформалардың мәнін, мазмұнын мейлінше дұрыс түсінуге, обьективтілікке жетелеу, қазақ қоғамын саяси селқостығы мен бұйығылығынан арылту; ой-пікірді ашық, жария түрде айту арқылы қоғамдық саяси сананы қалыптастыру. Бағдарламаның аты туралы түсінік: Дода – ұлттық көкпар ойынындағы кульминациялық сәт. Көкпар ойыны тартысқа құрылады. Дода сөзі хабардың ой тартысы, пікірталас екенін аңғартып тұратын, ассоцациялық мағынада қолданылады. «Дода» бағдарламасының авторы және редакторы Ораз Әлімбеков былай дейді:   
«Қоғамдағы барлық мәселе ашық айтылып, ашық талқылануы керек. Онсыз проблеманың мәнін анық түсініп, оны шешу мүмкін емес. “Айтатын ойын астарлап жеткізу, “пәленшенің” атын айтпай-ақ проблеманы жалпақшешей көтеру және бірін айтып, бірін жасырып қалатын құйтырқы әдістермен ұлт мүддесіне қызмет етуге болады” деген түсінік қате. Мұндай тактиканың мақсаты бұлыңғыр, соңы нәтижесіз аяқталады. Әмісе, солай болып келе жатыр да. Соңғы кезде журналшы-жазғыштардың арасында ұлтымызға қатысты “Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық” деген пікір жиі айтылады. Осы принципті басшылыққа алғысы келмегендерді “халық жауы” демесе де, “қорқау күштердің ықпалымен кетті” деп күстәланайтындар жоқ емес. Менің ойымша, журналистер асырмай да, жасырмай да “жақсымыз” туралы да, “жаманымыз туралы да айтқаны жөн. Тіпті, сол “жаманымыз” туралы көбірек проблема көтергені ләзім. Бұл қоғамның дамуына кедергі келдіріп отырған келеңсіздіктерді жоймаққа керек».  
   Біткен іске сыншы көп дейді халық мәтелі. Эфирге қадам басысымен төпелеген сұрақтың астында қалған бұл бағдарлама өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қандай тақырып болмасын, ашық талқылайтын осындай хабарлар қазақ қоғамына керек-ақ. Оны баз бір кертартпаларша қоғамға іріткі салуда немесе оппозициялық баыттағы хабар түсінуге әсте болмайды. «Доданың» қалалықтар арасында рейтингісі біршама жоғары. Өйткені кейбір хабарлары барысында оппоненттердің, кейде жүргізушінің, кейде аудиторияның аузынан билікке, ұлттық мәселелерге байланысты батыл да ашық пікірлер айтылып қалады. Ток-шоудың телевизиялық формасында да біраз ізденістер байқалады. Ресейлік телеарналардағы кейбір ток-шоулардың детальдары да жоқ емес. Мәселен НТВ телеарнасындағы В. Соловьевтің «К барьеру» ток-шоуындағыдай екі оппоненттің «айтысқа» түсуі, олардың бағасын телефон қоңырауы арқылы үйдегі көрермендердің беруі, оппоненттрге төрелік айтатын алдияр-сарапшының болуы секілді элементтері кездеседі. Сондай-ақ бұдан біраз бұрын осы арнада Леонид Ярмольниктің «Золотая лихорадка» шоуы жүрген. Сонда ергежейлілерді хабардың бір бөлшегі ретінде пайдаланған. Мұнда да сол көрініс қылаң береді. Біз мұны кемшілік ретінде термелеп отырған жоқпыз. Ток- шоу формасындағы ұқсастықтар ретінде қарастырғанымыз. «Додаға» қатысты республикалық «Айқын» газетінің 16.О2.2ОО6 жылғы №28 санында Шолпан Құрманбайдың «Қап сүйреген қазақ ток-шоудың тапқырлығы ма?..» атты мақаласы жарық көрді. Онда былай делінген:  «Дода» ток- шоуы – тәуелсіз телеарналардың ішіндегі ізденісі жағынан озық тұрған жоба. Дегенмен, ток- шоу төңірегіндегі айтарымыз бұл емес. «Додада» көңілге кірбің ұялатар тұстар көп. Соларды қарапайым қарапайым көрермен ретінде саралап көрелік. Ең бірінші, хабар барысындағы жүргізушінің рөлін алайық. «К барьеру» ток- шоуындағы Соловьевтің жүргізушілік тұлғасы хабар барысында ерекше көрінеді. Ол өзінің оппоненттерін де, аудиториясын  да жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстайды. Көтеріліп отырған кез келген тақырыпты жан-жақты талқылайды. Сол себепті де оның салмағы басым. Ал «Доданың» жүргізушісі Берік Уәлиді бұл деңгейден көре амаймыз. Сұрақтан сұрақ өрбігеннен кейін кей хабарлары ашылмай, жететін жеріне жете алмай жатады. Екінші мәселе – алдияр сарапшыларда. Қазақта алдияр қылып үлкен төрені, жалпыға бірдей сыйлы, құрметті азаматты, аузы дуалы, дүйім елге аса беделді адамдарды сайлаған. «Доданың» алдияры - негізінен, Амалбек Тшан мен Дос Көшім. Бұл азаматтардың беделі мен қоғамдағы алатын орындарының зор екеніне еш дауым жоқ болса да «әр кезде алдияр болып төрелік айтатын дәрежеде емес» деп ойлаймын. Өйткені кейбір оппоненттер кейде алдиярдан басым түседі. Тағы бір қызығы, кейде оппоненттер бір-біріне оппонент болмай шығып жатады. Ток- шоудың  ең көңілге қонбайтыны, сорақысы десем де болатын шығар, ол- ала қаптан киім киіп, ала сөмке көтеріп жүретін қазақ. Бәлкм, қазақтың жағдайының қиын екені, кей азаматтардың жүнжіп жүргені рас та шығар. Бірақ бұл көрініс, хабар барысындағы ергежейлі адамның бейнесі «бейшара, сорлы қазақ. Сенің түрің осы!» дегендей ойға жетелейді. Бұна қалай түсінуге болады? Бұл не сонда? Қазақты қорлап, намысына тию ме, әлде ширықтырып қарау ма? Өйткені қазақ енді ғана өсіп келеді. «Қайтсек те аудиторияны селт еткізіп, экран алдына әкелеміз!» деген мақсаттардан да осындай ерекше бір элементтердің дүниеге келетінінен хабардармыз.     Аудитория жинау алдыңғы орында тұрса да ұлт намысына тиетін көріністерді пайдаланудан аулақ болған жөн шығар. Ток- шоудың кей сандарындағы сыпыра сынаушылық, «осы біздің қазақ…» деп ұлтты қаралаушылық – дәл осы бейнеден, дәл осы көріністен айқын байқалады. Леонид Ярмольниктің «Золотая лихорадка» шоуында да ергежейлілер бар. Темір тордың ішінде ойыншыларды ертіп келіп, шығарып салып жүрген олар – хабарға қатыссыз, өздерінше жүрген элементтер. Сол көрініс әлдеқайда бейкүнәлау көрініс еді. Ұлтқа қатысты тіл, діл, дін жайлы салмағы зор тақырыптарды көтеріп жатқанда бір бейшара қазақты қапқа орап, қап арқалатып қою қаншалықты қисынды? Ток- шоудың әр саны жайлы әңгіме өз алдына. Жалпы барысы жайлы ойға түйіп, көрермен ретіндегі көңіліміздегі қамықтырған жайлар осы».    
    Автордың көзқарасымен келісуге де болады. Теледидарын енді ғана қосқан көрермен ә дегенде қапқа оранған кісіге назар аударады. Мүмкін сауал қойып, мүмкін студия қонақтарына микрофон ұсынатын шығар деп ойлайсың. Бірақ бұл кейіпкер әркімнің аузына бір қарап, талқыланып жатқан тақырыпқа еш мән бермей өз алдына жүреді. Мүмкін расында да жай элемент ретінде немесе студияға көрік беру үшін алынған шығар. Жалпы алғанда хабар түсірілетін студия іші үлкен талғаммен жабдықталған. Ток-шоу -  екі адамның  сөз барымтасына құралған. Студия ішін шахмат тақтасынай безендіру, шахмат фигураларын қою декаратор-суретшінің үлкен тапқырлығы деп білуге болады. «31 телеарна» тек ірі қалаларға таралады. Ал қала тұрғындарының басым бөлігі айтысып жатқан екі адамға баса назар аудармай, теледидары тетігін басқа арнаға бұрып жібереді. Соған қарамастан тікелей эфир тақырыбына атсалушы көрермен телефон арқылы дауыстарын беріп жатады. Демек, хабар ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Тікелей эфирдегі хабардың құдіреттілігі де сонда. Аудитория тынысын жүргізуші ғана емес, студия қонақтары да сезіп отырады. Бұл жерде жүргізуші Берік Уәлидің шеберлігіне ерекше тоқталуға болады. Хабар тікелей эфирде болғандықтан берілген уақыттан асып кетуге немесе уақытынан бұрын бітіріп тастауға болмайды. Айналдырған 45 минут ішінде бір емес, бірнеше адамның пікірін тыңдап, өзара дау туғызу, берілген тақырыпты межесіне жеткізе талдау, қорытындысын шығару білікті жүргізуі, білімді журналистің ғана қолынан келетін іс. Ал көрермендерге жұмбақ боп жүрген, ала қаптағы адам,  аулы сыпырушы Манат Нұртаев өзі жайлы www.31 kz. сайтына өзі жайлы былай деп жазады:  "31 канал” ТРК-ға 2005 жылдың 16 ақпан айында келдім. “Таугүл” ықшам ауданына Берік Уәлидің өзі іздеп келіп, маған ұсыныс жасады. Мен бірден келістім. Өмірімде әртіс емес, қарапайым көлік жүргізуші ғанамын. Бірақ, мен бұл сала бойынша жұмыс істеген жоқпын.    Әскери борышымды өтеп келген соң, аяғымды сындырып алдым. Сол себептен, жүргізуші бола алмадым. Алайда, тележұлдыз болдым. Елге танымал болам деп тіптеп ойлаған жоқпын. Бұл тағдырдың сыйы шығар. Көшеде кеткен елдің бәрі маған қарайды. Бастапқыда “Дода” бағдарламасында жұмыс істеймін деп айтуға намыстанатынмын. Кейіннен мойындауға тура келді. Өйткені, хабардың аудиториясы күннен-күнге артып барады. Бос уақытымда ұйықтағанды және теледидарды қарағанды жақсы көреміз. Әсіресе, өзімді көргенді жақсы көремін».  
    Байқайсыздарма, хабар аудиториясының артып келе жатқанын авторлар емес, жүргізушілер емес, қарапайым деталь ретінде алынған бейне мойындайды. Демек, тікелей эфирдегі саяси ток-шоулар халық үшін керек. Адам психологиясы қызық қой, егер дәл сол жерде екі адам тұрып алып, «Қазақстан 2О3О» немесе «дамыған елу елдің қатары» деп айтып жатса, мойын бұрмақ түгілі, құлақ түріп тыңдамас еді. Үнемі бір сарынды, мемлекеттік һәм саяси тақырыпты қайта-қайта қаузай бергенше осындай пікірталас тудыратын хабарлар ауқымын көбейтсе, өзіміз жиі айтатын азаматтық қоғам құруға, демократиялы ел болуға бір қадам жақындамаймыз ба?  
    Отандық телеарналарда техникалық мүмкіндігі жағынан бес қаруы сай тұрған «Хабар» агенттігін ерекше атауға болады. Нағыз шығармашыл ұжыммен білікті техника мамандары бір тоғысқан жерде, әрине, нағыз кәсіби телеарна құруға болады. Бүгінгі телепулицистердің шеберлікті ұштап, талмай іздене беруі күнделікті істердің заңды бөлшегіне айналуы тиіс. Қазақ тіліндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық бағдарламалардың пішіні қалай болуы керек? Қоғамдық-саяси тақырыптағы бағдарламалардың ұлттық табиғатын қайтсек табамыз? Ұлттық телехабарлардың беделін қалай көтеріп, мәнді де, сәнді етуге болады? Мәндісі әрі қажеттісі хабаралрады ұлттық тілді жүргізуге тырысу керек.  «Хабар» арнасынан тікелей эфирде берілетін «Бетпе-бет» бағдарламасы көпшіліктің ақылшысына, жағымды хабардың жаршысына айналғалы қашан.  Осы орайда хабардың алғаш жүргізушісі Нұртілеу Иманғалиұлының тәжірибесі мен тарихына көз жүгіртуге тура келеді. Бағадарламада жүргізушінің сөз саптауы, хабарларды көпшілік түсінігіне, жанына жақын етіп ұйымдастыра білуі эфирге аға буын мен орта толқынның өздерін көбірек тартуы халықтың дәстүрмен сабақтастығын көрсетеді. Көрермен ықыласы үшін күресте жеңіске жетпесек, онсыз да қағынан жеріген, ана тілі мен дәстүрінен алшақтап кеткен жас толқыннаң көкірегінде ұлттық сана-түсініктерді қалыптастыруымыз екіталай. Н.Иманғалиұлы ана тіліміздің мөлдіріне қанып ішіп, тіл тазалығы мен сөйлеу нақышына ерекше мән береді. Оған өзі жүргізген хабарларындағы сөз саптауы мен ой тереңдігі куә. «Бетпе-беттің» әрбір санында ел көкейіндегі өзекті мәселе көтеріліп, ол әңгіме арқауына өзек болып, көпшілік көңілін күпті етіп жүрген сұрақтарға жауап іздеп жатты. Бірде, хабар ел азаматтарының бірі, қадірменді ақсақал Асанбай Асқаровтың қайтыс болған күнінің кешінде Н.Иманғалиұлы ол кісінің үзеңгілес жолдастары әрі көңіл жақын адамдармен студияда сұхбат өткізді. Әңгіме кезінде ел басқарған тұлғаның көзі тірі кезіндегі аңызға айналған өмірі төңірегінде болды. Хабар қонақтарының бірі А. Батталханов ақсақал нақақтан жабылған жаладан түрмеге түскен асанбай ағаның ұстамдылығы мен қиындыққа қарсы тұрған ерлігін жырдай етіп айтты. Ал әңгіменің осылай өрбуіне де телепублицистің қатыстылығын әрі біліктілігін айтуға тиіспез. Өзі де хабар қонақтарының көлеңкесінде қалмай, төрде өзі отырып, студияның иесі екендігін танытуы тектілік емей, немене? Азулы ел ағаларының кейде бас бермей бұра тартқан шақтарында ол тізгінді тез жиып, студияны уысынан шығармауға тырысты. Ең бастысы, ой жинақы, сұрақ нақтылы, жауап ықшам.Жинақылық-нақтылық-ықшамдылық. Тележурналист біткеннің күні бүгінге дейін бағындыра алмай келе жатқан биіктері. Кез келгеннің уысына түсіп, қиялына қонақтай бермейтін сәттілік. Оған интеллектуалдық алымдылық пен ойда жинақылық, тақырыпта мағыналық, логикада тереңдік керек. Ізденіс, пікірталас, зерттеу және салыстыру. Осылардың бәрі де тақырыптың актуальдігінен бастау ала отырып, басты өзекке көпшілікті жеңіл алып шығу. Сонда ғана тележүргіуші аудиторияның ықыласына бөленіп, көпшіліктің сүйіктісіне айналады. Кәсіби шеберлігі кемелденген Нұртілеу Иманғалиұлы өзінің бай тәжірибесін өскелең ұрпаққа үлгі етіп келеді.          
   Атына заты сай хабарды, тәжірибелі, білімді Бибигүл Жексембай жүргізеді. Біз саяси-әлеуметтік топқа жатқызған «Бетпе-бет» хабарының көтермеген мәселесі, талқылаған тақырыбы қалмаған шығар. Шақырылған қонақтың қызмет ететін саласына қарай, сөз етер мәселе төңірегіне орай шағын бейнесюжеттер даярланып көрсетіледі. Талқыланып отырған проблеманы жүз рет естігенше, бір рет көру көрерменгеде, студия қонағына нанымды болу үшін, әрі құрғақ сөзден қарағанда, шындыққа біртабан жақын болу үшін ойлап табылған ерекшелік. Қандай саланың басшысы болмасын, министр, өнер адамдары, мәдениет-әдебиет қайраткерлері болмасын хабар жүргізушісі иірімі терең, көпшілік көкейінде жүрген сауалдармен өзінің ізденімпаздылығын байқатады. Студия ішіде аса жоғары талғаммен жабдықталған, операторлық, режиссерлік жұмыстың айна-қатесіз таза атқарылуы бірден байқалып тұрады. Бетпе-бет отырып талқыға салынатан мәселелерге халықта атсалысып қатысады. Мейлі экология, мейлі ауыл, мейлі әдебиет туралы болсын, көрерменге жат тақырып жоқ. Билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған «Бетпе-бет» тұрақты көрермендерімен бірге әлі талай мәселені талқылары сөзсіз. 
  Міне, біз шағын зерттеу жұмысымызда біраз тікелей эфирде жүргізілетін біраз хабарларға өзімізше талдау жасап, өзімізше шолып шықтық. Бұдан өзге хабарлар неге тысқары қалған деген сауал тууы мүмкін. Тікелей эфир – аты айтып тұрғандай, едел-жедел өте шығады. Тіпті күнделікті эфирге шығатын бағдарламалар мұрағатта сақтала да бермейді, өйткені тікелей эфирдің ғұмыры қысқа, оны ертең немесе арғы күні қайталап бере алмайсың. Тікелей эфир хабары- бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде көп миллиондық аудиториямен диалог арқылы байланысқа түседі. Тікелей эфирдегі хабарлар күн сайын әрбір үйдің асыға күтетін қонағына айналып, олардың көңіл-күйлеріне әсер етеді.

Қорытынды. 
  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ хақындағы бір сөзінде: «Қазақстанға бізге қажеті жқ батыстық мәдениет ұмтылыс жасауда. Оның насихаты – зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, эротика. Қазақстан халқының менталитетібұдан мүлдем бөлек. Біздің халық бұдан өзге рухта тәрбиеленген. Батыстың, тіпті Американың көп нәрселері бізге ұнамайды», /15.1б./. деген болатын. Отандық телеарналар қандай бағдарлама ұсынбасын, халық одан ұлттың рухын, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық бояуы мен ұлттық үнін естігісі келеді. Еліктеушілік, көрші елдердің кей хабарларын айна-қатесіз көшіріп алып, «шедевр» жасайсын деу бос әурешілік екеніне көрермен көзі баяғыда жеткен. Қандай жоба болмасын, қай тілдегі хабар болмасын тарих сахнасынан ойып тұрып орын алатын ұлы қазақ елінің нағыз ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеуге атсалысқаны абзал. Өйткені, теледидар ең күшті насихат құралы.  Жалпы – журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогерске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз.  
   Біз осы отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарларын зерттей отыра, көзімізді көп нәрсеге жеткіздік. Алты құрлықтан асып келген батысттық һәм еуропалық мәдениет біздің ана тіліміздегі хабарлардың үнін тұншықтырып барады. Халық қазақ тілді хабар көргісі келеді. Бірақ дәл сол кезде өзге арнадан өмірі таусылмайтын шетелдік сериалдар немесе шетелдік бейнеклиптер өтіп жатады. Қазақ тіліндегі хабарларды қалай көркейтуге болады? Көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі ұлтым деп соққан әрбір көрерменді мазалайтын орынды сұрақ. Әрине алдымен, бәсекеге қабілетті техникалық мүмкіндігі мол, шығармашылық ұжымы бір кісідей жабыла жұмыс істейтін мықты телеарна қажет. Қазақстанда мұндай телеарналар бар. Жасап жатқан жұмыстарына халық тарапынан әлдеқашан өз бағасын алды. Сапалы жасалған хабар өміршең болады. Ал біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбына арқау болған тікелей эфир хабарлары телевидение саласының жаңашыл, әлі де көп ізденісті қажет ететін саласының бірі. Қазақ елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген хабарлар саны да жетерлік. Оны жұмыс барысында талдап та өттік. Көрермен, зерттеуші ретінде сын пікірлер де айтылды. «Мылтықсыз майданға» теңелетін тікелей эфир хабарларының көтерер жүгі ауыр.  Тікелей эфир  тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі. Жылдар бойы қалыптасқан эфир заңдылықтары қазір техниканың мүмкіндіктеріне қарай жаңа көкжиектерге де жетіп отыр. Ақпараттар мен озық технология ғасыры жұмыс істеймін деген адамға барлық жағдайды жасап отыр. Үнемі шығармашылық ізденіс үсінде жүретін журналистер үшін алынбайтын қамал жоқ. Мемлекет тарапынан қаражат та бөлінеді, түрлі тендерлер ұтысқа түседі. Қандай арна болмасын кәсіби шеберліктің арқасында қанатын кңге жаюуға мол мүмкіндігі бар. Еліміз батыс пен шығыс, американ мен ресейлік үрдістердің ағымында ктіп қалмас үшін, ең күшті насихат құралын пайдалана отырып, теледидар арқылы ұлттық болмысымызды сақтап қалуға атсалысқанымыз абзал.  
   Өзіңді-өзің сыйламасаң, жат жаныңнан түңілмесін білесің. Өз үйіңде өгей шешенің қас-қабағына қарағандай күй кешпей, қазақтың да өз басының қамын ойлайтын шағы жетті. Құланның қасынуына шүріппенің басылуы шарт. Ал Баласағұн айтқан «Басыңның қамын ойласаң, тіліңді сақта». Төл тіліміз төңірегінде ақ-қараны тұспалдап жатпай-ақ, төтесінен қойып, ненің көңілге медеу, ненің аяққа тұсау екенін елеуішпен елеп, не ары, не бері өтелік. Електен өтпей қалған қоқымды не алып тастау керек, не езгілеп өткізу керек. Нанымыздың тазалығы тәрізді, қанымыздың болашағы үшін тіл тазалығын да сылай іске асыру абзал.  
   Көңілге демеу болатыны - өз қамын ойлаған көзқамандардың көзіне қарсы қарай алар нағыз намысты жүректердің жұмыстары көгілдір экранда да батыл бастау алды. Алла тағаланың өзі атаққұмарлардың аш қасқырдай аранынан сақтап, сәтін салып, қазақ  тілінің, қазақ тіліндегі хабар, бағдарламалардың жолын кеспесе, көшіміз жүре түзеліп кетері күмәнсіз. Міне, шағын зерттеу жұмысым арқылы осы үрдіске мен де тамшыдай үлес қосқым келеді.  
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі  
1. Тұрсын Қ, Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. Алматы. Білім; 2003. – 380 бет. 
2. Справочник журналиста Казахстана. Алматы. Санат. 2002.- стр. 208.   
3. Цвик В.Л. Журналист с микрофоном. Москва. 1987.-стр. 595.  
4. Ворошилов В.В. Журналистка. Санкт-Петербург. 2000.- стр. 121. 
5. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.- 59 бет. 
6. Мұқатай Ж. Қазақ телережиссурасы қай деңгейде? // Қазақ әдебиеті. 2004. 27 тамыз. 3 бет. 
7. Омашев Н. Журналистиканың жаңа стилі //Ақиқат. №9. 1997. 85-88 бет. 
8. Тұрсын Қ. Сөз сиқыры. Алматы: Қазақ университеті, 1998. 112 бет. 
9. Ықсан А. Қазақ теледидарының үні неге құмығыңқы? //Қазақ әдебиеті. 2001. 24 тамыз. 4 бет. 
10. Боқаш Ғ. «Теледидар тілі оңай шағылатын жаңғақ емес. //Ана тілі. 2004. 16 сәуір. 2 бет.  
11. Ворошилов В.В. Журналистика. Санкт-Петербург. 2000. стр.121. 
12. Уәли Б. Дода халыққа бет алды. http: www. 31.kz. сайты. 2006. 3 наурыз. 
13. Құрманбай Ш. Қап сүйреген қазақ ток-шоудың тапқырлығы ма?.. //Айқын. 2006. 16 ақпан. 
14. Қосбармақов Б. Танымалдық. http: www. 31.kz. сайты. 2006. 1 наурыз. 
15. Бораш Қ. БАҚ халыққа жақ болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 2005. 30 мамыр. 1 бет. 
16.Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз.- Алматы: Қазақстан, 1979.47бет.  
17. Барманқұлов М. Телевидение: Деньги или власть? – Алматы. Санат 1997. стр.268. 
18. Хамазин К. 28-маусым – Қазақстан журналистер күні! Қазақ университеті. Маусым. Шілде, 1999. 
19. Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1977. 221 бет. 
20. Зарва М.З. Слово в эфире. – Москва: Исскуство, 1971. стр.127. 
21. Жолдыбай К. Ізденіс әркімнің өзінен басталады. //Егемен Қазақстан, 2002. 5 сәуір.  
22. Броватая Л. Психологический фактор в работе ведущих прямого эфира. //Хабаршы. Журналистика сериясы. №5. Алматы, 1999. стр.    
23. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы. Қазақ университеті, 1998. 265 бет.  
24. Тұрсын Қ. Телевизиядағы кері байланыс процесі. Алматы. Қазақ университеті, 2003. 132 бет.  
25. Шеннон К. Работы по теоррии информации и кибернетики. Москва. 1963. стр.5. 
26. Масғұтов С. Көгілдір экран - өмір айнасы. Алматы. 1975. 37 бет.  
27. Егоров В. Телевидение и зритель. Москва. МГУ, 1977, стр. 69. 
28. Сәрсенов Қ. Тележурналистка терең тамырлы өнер. //Егемен Қазақстан 2004. 28 желтоқсан.  
29.Олжабай Л. Қазақ телевизиясының қара шаңырағы .//Егемен Қазақстан 2003. 8 наурыз.  
30. Әшімбаев с. Парасатқа құштарлық. Алматы: Қазақ университеті. 1985. 38-44 бет. 
31. Бетпе-бет. Хабар агенттігінің интернеттегі сайты: www.khabar.kz 
32. Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасының мұрағаты.

Информация о работе Эфир этикасы