Хаттама "Менің бірінші елбасым"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 13:29, творческая работа

Описание работы

Тасбулатова Р.А: Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Работа содержит 1 файл

хаттама менин 1-ши президентим.docx

— 30.99 Кб (Скачать)

Хаттама № 4

 

       ТОП - МТ - 16                                                                              17.11.12ж

«Менің Елбасым» атты мәдени-танымдық шара

 

Төрағасы: Тасбулатова Р.А.

Хатшысы: Сыранова А.

Қатысқандар: 25 оқушы

Күн тәртібі: 1. Студенттерге еліміздің тұңғыш Президенті, көреген саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты өмірбаянымен таныстыру.

                       2. Оқушыларға елбасының биографиясы  мен еңбектері, жолдаулары мен  кітаптары туралы сұрақтар қою  арқылы таным деңгейлерін арттыру.

                       3. «Менің балалық шағымның аспаны» атты көркем туындыны тамашалау.

Тыңдалды:

I мәселе:

Тасбулатова Р.А: Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

  • 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
  • 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
  • 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
  • 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
  • 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
  • 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
  • 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
  • 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
  • 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Кітаптары

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
  • «Тарих толқынында» (А., 1997),
  • «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Дәйексөздері

  • “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
  • “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
  • “Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
  • “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
  • “Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”

Реформалары

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

  • 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
  • Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
  • Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
  • Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
  • Қазақстан менеджмент институты
  • Экономика және болжау институты
  • Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университеті
  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
  • Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
  • Назарбаев Университетi
  • Назарбаев Зияткерлік Мектебі
  • бірқатар лицейлер мен колледждер
  • Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
  • Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Басқа лауазымдары мен мансаптары

  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)
  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық  инженерлік академияның, Ресей Федерациясы  әлеуметтік ғылымдар академиясының  академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

II мәселе: Студенттерге Елбасының биографиясы мен еңбектері бойынша сұрақтар қойылды.

    1. Елбасының қандай кітаптарымен таныссыздар?
    2. Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдауларын хронологиялық тізбекте айтып беріңдер.
    3. Елбасының тікелей ықпалымен дүниеге келген жоғары оқу орындарын атаңыздар.
    4. Президенттің экономика саласындағы реформаларына баға беріңіздер.
    5. Елбасының білім саласындағы жасаған еңбектерін атаңыздар.
    6. Нұрсұлтан Назарбаев қандай әндердің авторы болып саналады?
    7. Елбасының қысқаша биографиясын айтып беріңіз.
    8. Президенттің қандай қанатты сөздерін білесіздер?
    9. Президент атындағы қандай  стипендияларды мен гранттарды білесіздер?
    10. Елбасының сыртқы саясаттағы жетістіктерін атаңыздар.

 

III мәселе: «Менің балалық шағымның аспаны» атты ҚР тұңғыш Президентінің өмірбаяны негізінде түсірілген көркем фильм қаралды.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Хаттама "Менің бірінші елбасым"