Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:25, реферат
Әдебиеттану ғылымы құрамдас негізгі үш бөлімнен тұрады: әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы және әдебиеттің сыны. Алғашқы екеуі біршама зерттелінген де әдеби сынның теориялық, методикалық жақтарына онша көңіл бөлінбей келеді. Соның салдарынан «Әдеби сын дегеніміз не?» деген сауалға әртүрлі жауаптар беріліп жүр. Л.Н.Толстой, Ю.Н.Тынянов, А.В.Луначарский, Л.Н.Новиченко, Б.Бурсов, т.б. әдеби сынды көркем әдебиетке жатқызады. Л.Н.Толстой «Сыншылар дегеніміз жазушы боламын деп талап қылып, жолы болмағандар» дейді. Ал Ю.Н.Тынянов «Сынның өзі әдеби жанр ретінде сезінгінде», «әдебиеттің бағытын ұстағанда» барып оқырманның да, қаламгердің де кәдесіне жарай алады деп жазады.
Жиырмасынды жылдардың ортасына қарай әдебиет майданында таптық күрес күшее түсіп әдеби сында тұрпайы социологиялық сындар өріс ала бастады. Әдебиеттің көркемдік сапрасы көзге ілінбей, оның идеологиялық жағына яғни социализм тақырыбынан ба, компартия, советтік идеология жырлана ма деген сауалдарға ғана жауап ізделінді. С.Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» мақаласының шығуы біраз нәрсені аңғартады. Жиырмасынды жылдардың аяғына қарай түрлі саяси науқандар күшейіп, сонын әсері әдебиет майданындағы жағдайды ушықтыра түсті. Партия ішінде жік бар деп, «Жікшілдерді» құртуға арналған науқан сол күйінде әдебиет майданына әкеліп көшірілді де жағдай өрши түсті.
«Темірқазық» - Мәскеудегі Күншығыс баспасы жанынан шығып тұрған журнал. Редакторы – Н. Төреқұлов. Журналдың мақсаты сол кездегі КСРО-ның қарамағындағы шығыс халықтарының әдебиетін насихаттау, аудармалар жариялау, олар туралы пікір білдіріп тұру болды.
Басылым бетінде орнын редакторы Н.Төреқұловтың С.Сейфуллиннің шығармашылығына арналған үш мақаласы жарық көрді. Журналдың бірінші нөмірінде Сәкеннің «Асау тұлпар» жинағы жайлы рецензия-мақаласы шықты. Н.Төреқұлов сыншыны дәрігерге теңейді. Дәрігердің қателігінен бір адам зардап шексе, сыншы қателігінің зияны халыққа тиеді дей келіп Сәкеннің жинағынан іске татырлық ештене таппайды. Бірнеше өлеңдерін талдай келіп: «... жасөспірім жігіттерімізге шын революция тәрбиесі берілуіне зиян тимесін деп жастар ұйымы бұл кітапты жастарға оқытпасқа тиіс» деген қорытындыға келген Н.Төреқұловтың «Тар жол тайғақ кешу», «Бақыт жолында» туралы пікірлері осы тәріздес болды.
Бұл сындар әрине, Қазақстанда өте беделді Сәкеннің жақтастары жағынан көптеген қарсы пікірлер туғызды. «Сынға мін», «Сынға сын», «Қазақ әдебиетіндегі орынды хәм орынсыз сындар туралы», «Қисық сынға әділ төре» сияқты он шақты мақала жазылды. Сәкенді түрлі сындардан қоғрғауға әсіресе, С.Мұқанов белсенділік танытты.
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеттануындағы тағы бір елеулі оқиға М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927) шығуы еді. Кітап әдебиет тарихы аталғанымен де негізінен қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуге арналған. Бұл еңбек те жарық көрген замат зиянды саналып, жабық кітаптар қатарына қосылды.
ҚазАПП таратылып, оның орнына Қазақстан Жазушылар Одағы құрылған соң әдебиеттің дамуына кең мүмкіндіктер ашылды. Қаламгерлердің дені дерлік ұйымға мүше болып, олардың шығармашылық жұмыстарына жағдайлар жасалынды. Әдеби сынға да айрықша назар аударылды.1934 жылы 10 қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы нөмірінің шығуы қазақ әдеби ой-пікірінің дамуындағы айтарлықтай оқиға еді. Апталық бетінде қазақ әдебиетіндегі жаңалықтар жайлы үзбей материалдар беріліп тұрды. Бұрынғы «Жаңа әдебиет» журналы «Әдебиет майданы» деген атпен шыға бастады. Сынның ауыр жүгін көтеріскен, оны дамытуға үлес қосқан сыншылардың қатары молая түсті. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты қаламгерлер сын саласында өнімді еңбек етті. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, Б.Кенжебаев, Қ.Өтепов, Ә. Бекенов, Х.Жүсіпбеков, М.Жолдыбаев, Р.Жаманқұлов, Ж.Сәрсеков, Е.Ысмайлылов, Қ.Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ә.Тәжібаев, З.Шашкин, С.Ерубаев, М.Ғабдуллин, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев т.б. әдебиетшілер сынның ыстық-суығына күйіп, өркендеуіне ат салысты. Отызыншы жылдары өткен қазақ әдебиетінің түрлі мәселелеріне арналған түрлі пікіралысулар, Жазушылар Одағының бірінші, екінші құрылтайлары мен пленумдары сыншыл ойларды биікке көтере түсті.
Алпысыншы жылдардағы әдеби сын біршама табыстарға жетті десек, соның ең бастысы 1960-1967 жылдары жарық көрген үш томдық алты кітаптан тұратын «Қазақ әдебиеті тарихының» жасалуы еді. Ғылым Академиясының әдебиетші ғалымдарының қажырлы еңбегімен шыққан тарихтың алғашқы томы ауыз әдебиетіне, екіншісі әдебиеттің тарихына, соңғысы кеңестік кезеңдегі әдебиетке арналды.
Осы кезеңдегі қазақ
әдебиеті сынының елеулі жетістіктері
саналатын М.Әуезовтің «Әр
Әдеби сында есімдері
жоғарыда аталғандармен бірге Қ.
Компартия әдеби сынға айрықша назар аударып, 1972 жылы 25 қаңтарда арнайы қаулы қабылдады. Қаулыда әдеби сынның жауынгерлігін, тиімділігін, идеялылығын арттыруға көңіл бөлді. Арнайы сын журналдарын ашу, облыстық, республикалық басылымдар бетінде әдеби сынды көбірек жариялау міндеттелді. Қаулы қазақ әдеби сынына да үлкен серпіліс әкелді.
Қаулыдан кейін қазақ баспасөзі бетінде әдеби сынды дамыту мәселелері көтерілді. «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы номер сайын сыни материалдарды жиі беріп тұратын болды. Республикалық, облыстық, газеттерде сын бөлімдері ашылды.
«Жазушы» баспасынан жыл сайын «Уақыт және қаламгер» мен «Сөзстан» сын мақалалар жинағы жарық көріп тұратын болды. Оған жыл бойында жарияланған ең үздік мақалалар кірді. «Жастар жастар туралы» жинақтарының жас әдебиетшілерге көмегі айтарлықтай тиді.
Баспадан сыншылардың
сын кітаптары көптеп шыға бастады.
М.Қаратаевтың үш томдық, С.Қирабаевтың
екі томдық, Р.Бердібаевтың бір томдық
таңдамалы сын мақалалар
Осы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымы біршама табыстарға жетті. әрине, ғылыми ізденістер социалистік реализм әдебиетінің теориясы бағытында жүргізілді. Бұл ретте Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары бірсыпыра жұмыстар атқарды. Институт ғалымдарының күшімен қазақ әдебиетіндегі жанр, стиль, дәстүр мен жаңашылдық мәселелеріне арналған «Жанр», «Стиль сыры», «Дәстүр мен жаңашылдық» атты ұжымдық жинақтар шығарды. Бұл жинақтар қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық деңгейінің биіктей түскендігін көрсетті.
Сондай-ақ, М.Хасеновтің
«Ұнамды образ және типтендіру»,
М.Атымовтың «Сюжет пен композиция»,
«Қазақ романдарының поэтикасы», сияқты
зерттеулері шықты. З.Қабдолвтың «Сөз
өнерінде» қазақ әдебиет
Б.Кенжебаев бастаған бір топ ғалымдар тоң болып қатып жатқан әдебиеттің тарихына барып қозғаусыз жатқан өткен кездердегі ақын-жыраулардың поэзиясына жол салды. М.Жолдасбеков Орхон-Енисей жазбаларын, М.Мағауин ХV-XIX ғасырлардағы әдебиетті, А.Қыраубаева он бесінші ғасырға дейінгі дәуірді зерттеп, қазақ әдебиетінің тарихын ғасырлар тереңіне қарай тартты.
М.Қаратаев - әдеби сында өнімді еңбек етіп, академиктік дәрежеге көтерілген профессионал сыншы. Сыншылық қызметін Сәкеннің «Қызыл ат», «Тартыс» шығармаларына пікір білдіруден бастаған ол отыздан астам сын-зерттеу кітаптарын шығарып, қазақ сынының тарихында елеулі із қалдырды. «Туған әдебиет туралы ойлар», «Ілияс Жансүгіров», «шеберлік шыңына», «Социалистік релаизмнің қазақ прозасында қалыптасуы», «М.Әуезов», «Эпостан эпопеяға», т.б. сияқты ондаған кітаптарында қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті өңірлерін сыншыл көзбен барлай білді.
Е.Ысмайылов – қазақ әдебиетінің барлық саласында дерлік қажырлы еңбек еткен ғалым сыншы. «Әдебиеттің еңбек торысының» қаламынан «Ақындар», «Ақын-революционер», «Сәкен Сейфуллин», «Ақындық өмір» атты еңбектері қазақ әдеби сыны мен ғылымының тарихында өзіндік орны бар маңызды еңбектердің қатарында.
М.Ғабдуллин күнделікті әдеби процеске қатыса жүріп, «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты оқулықты жазды. Ш.Ахметовтің «Қазақ совет балалар әдебиеті», «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі», М.Хасеновтың «Жазушы және өмір», «Ұнамды образ және типтендіру», Б.Адамбаевтың шешендік сөздер туралы кітаптары жарық көрді. Осы кездерде әдеби сында Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С.Сейітов, Х.Әдібаев, Р.Бердібаев, С.Қирабаев, А.Нұрқатов, М.Дүйсенов, Т.Кәкішев, М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, С.Ордалиев, Б.Уахатов, Ә.Дербісалин, Н.Ғабдуллин, Т.Қожакеев, т.б. белсенділік танытты, сынның ауыр жүгін бірге көтерісті.
Совет өкіметі басшылығының ауысуы, одан кейінгі Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары халықтың санасын оятып, демократиялық жаңаруларға бастады. Осы кездегі әдебиетіміздің басты табысы деп, өлгендеріміздің тіріліп қайта оралуы, яғни А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеевтердің ақатлып, шығармаларымен халықтың қайта қауышуы еді. Бұлардың қайта оралуы әдебиеттің қоғамда алатын орны, көркемдіктің эстетикалық категориялары туралы түсініктерге түбегейлі төңкерістер жасады. Жетпіс жыл бойы тұсалып келген толғаулы ойлар еркіндікке шықты. Социализм идеяларымен әбден шырмалып қалған әдеби сын да алашордашыл ақын-жазушылармен бірге тұсаудан босап, еркіндікке шыққандай болды.
Тоқсаныншы жылдары еліміз егемендік алды. Бұрын көркем әдебиетте социалистік идеялар тлап етілсе, енді олардың орнына ұлттық, адамзаттық мұраттар тұрғысынан қайта қарау міндеті тұрды. Бұл ретте, әсіресе, әдебиетіміздің өткендегі кездеріне байланысты атқарылар қыруар жұмыстар кезегін күтті. Әдебиеттану ғылымының алдында жүріп отыратын әдеби сын да күнделікті әдебиеттегі күйбің тіршілігін қоя тұрып, әдеби мұраны игеруге батыл кірісіп кетті.
Ахмет, Міржақып, Мағжан,
Жүсіпбектер ақталған кездерде олардың
сан қилы тағдырларымен, шынайы шығармашылықтарымен
таныстырған материалдар
Соңғы кездері қазақ әдеби ойларының үлкен жетістігі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының М.О.Әуезов және өнер институтының ғалымдары дайындаған «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» (1997) мен «40-50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2004-2005) атты ұжымдық зерттеу еңбектерін атаған ләзім. Мұнда бұрындары әбден зерттелінді деп келген кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетін жаңаша бажайлау, пайымдау бар. Осы сияқты қазақ әдебиетінің бүкіл тарихын қайта қарап, қайта жазу міндеті алда тұр.
Қазіргі қазақ әдебиетінде
түбірлі өзгерістер жүріп жатыр.
Қаламгерлерімізден бұрын бір ғана
әдіспен жазу талап етіліп келсе,
енді олардың алдында көркемдіктің
көкжиегі кеңінен ашылды. Шығармашылық
ізденістірдің барысында
Пайдаланған әдебиеттер: