Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:23, доклад
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ – САЯСИ КҮРЕСТІҢ СУБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТІСІ
Қарулы төңкеріс пен ақпараттық
төңкеріс туралы. Үстіміздегі ғасырдың
80-ші жылдарының аяғында дүниежүзілік
ең құдіретті елдердің бірі – КСРО ыдырап,
тәуелсіз мемле¬кеттер пайда болды. Бұл
адамзат тарихындағы аса ірі өзгеріс¬тердің
бірі еді. Оны көптеген көзі қарақтылар
«ақпараттық төңкеріс» деп атап жүр. Бұрынғы
Француз немесе Ұлы Қазан сияқты ірі төңкерістерге
қарағанда «ақпарттық төңкерістің» барысында
әр қилы идеялар үшін мыңдаған адамның
өмірі құрбан болған жоқ. Бұрын әркім өзінің
идеясының дұрыстығын дәлелдеу үшін қарсыласын
қарудың күшімен құртатын еді. Соңғы «өркениетті»
төңкерістің өзгешелігі де сол, қарсыла¬сымызды
ақпараттық кеңістікте дәлелдің, ақыл-ойдың,
саясат¬тың күшімен «құртатын» болдық.
Идеялар шайқасы суық қарудан гөрі ақпарат
қаруларының көмегімен жүретін болды.
«Ақпарттық төңкеріс» кезеңінде газет-журналдардың
тара¬лымы шығындап өсіп, астрономиялық
сандармен өлшенетін дәрежеге жетті. Өкіметті
басып алғысы келген әрбір саяси күш алдымен
ақпарат құралдарын басып алуға тырысады.
Ақпарат құралдарына ие болу саяси билікке
ие болумен тең еді.
Ақпарат құралдарының маңызы дәл осылай
артуының себе¬бі неде еді, деген сұрақтың
төңірегінде ой таратып көрелік. Қазіргі
заманда халық ақпарат құралдары арқылы
ойлалады. Бұрынғыдай «бір газет шыққанда
не, шықпағанда не, ол не жазса соны жазсын»
деген сияқты қарапайым долбармен шектелу
дұрыс емес. Халықтың ақпарат құралдары
арқылы ойлайтынын пәлендей дәлелдеп
жатуды қажет етпейтін ойтұғыр ретінде
қабылдасақ, көптеген нәрселерге көзіміз
жетер еді.
Ақпарат құралдарының осындай құдіретін
мойындасақ, онда ақпарат кеңістігінде
түрлі кереғар идеяларды әдейі қоз¬дыру
арқылы халықтар арасында от салуға, мемлекеттік
сая¬сатты бұрмалап, қоғамдық ақыл-ойды
жасампаздық, іскерлік жолынан тайдырып,
ниеті бұзық жасанды идеяларды талқы¬лап
та қоюға болатынына көзіміз жетеді.
Қазіргі Қазақстанда тікелей мерзімдік
басылым тізімі 1,5 мың¬ға жуықтаған. Түрлі
көзқарастағы, түрлі бағыттағы және түрлі
тақырып пен түрлі тілдегі осы күнделікті,
апталық немесе айлық-тоқсандық басылымдардың
бірде-бірі үкімет тарапынан қысым көрмейді.
Айталық, қос азаматтық туралы мәселе
ақпараттық кеңіс¬тікте әдейі қоздырылған
осындай жасанды проблема. Бұл идеяны
Қазақстанда тұратын бүкіл орыстардың
бәрінің негізгі арман-мақсаты етіп көрсетушілік
жалғандық. Шын мәнінде қос азаматтықты
қолдамайтын орыстар да көп. Ал халықтың
қалың бұқарасын, мейлі ол қайсы ұлттың
өкілі болмасын, саясат мәселелері қызықтырмайды.
Әлеуметтанушылардың есебі бойынша, жұртшылықтың
небәрі 15 пайызы ғана саясат мәсе¬лесіне
қызығады екен. Қалғандарын негізінен
өзінің жеке басының, отбасының мәселелері,
қалтасының қамы толған¬дыратын көрінеді.
Бұл үшін оларды жазғыру да орынсыз. Ал
қос тілдікті, қос азаматтықты ту етіп
жүргендер негізінен ұлтшылдықты қоздыру
арқылы өзінің қадір-қасиетін арттыруға
тырысушы саясаткерлер, халықтың арасына
от салуға тыры¬сушы журналистер және
қазақтың өз ана тілі мен туған халқынан
жиренетін мәңгүрттер.
Оларға «идеологиялық тұғыр» жасаушылар
қоғамдық пікірді біржақты көрсетіп, әдейі
бұрмалап жүрген ақпарат құралдары. Мысалы,
осындай керағар бағыттағы газеттердің
бетінде қостілділікке немесе қосазаматтыққа
қарсы жазылған орыс диаспорасы азаматтарының
хаттарын, дәйекті мақалаларын кездестірмейміз.
Ал ондайлар аз да емес қой. Осындай мәсе¬лелерді
көрсетуде әділдіктің, көппікірліктің
сақталуынан аз ғана топтың қара ниетті
мақсаты қалың қауымның ой мүддесі ретінде
берілетін болып жүр. Ал қосазаматтық,
қостілділік, ми¬грация сияқты мәселелердің
бәрі де жасанды проблемалар. Айталық,
1989 жылдан 1994 жылға дейінгі 5 жылдың ішінде
орыс азаматтарының Ресейге көшуі мен
қайта келуінің айыр¬машылығы 200 мыңдай
ғана екен. Егер еліміздің 6 миллион¬дай
орыс тұрғындары бар екенін ескерсек,
«орыстар Қазақ¬станнан жаппай қашып
жатыр» деп айтуға кімнің аузы барады.
Тиісті органдарда «азаматтық құқығыма
қарсы қысым жасалды» деген бірде-бір
арыз жоқ. Басты себеп – балалар¬дың болашағына
алаңдаушылық, жан дүниесіндегі сәйкес¬сіздіктер.
Бұған ең алдымен ұлттық оқшаулануды көксейтін
қозғалыстар мен ұйымдардың көпірме сөзді
жетекшілері кінәлі. Президент Н.Ә. Назарбаев
айтқандай, «егер біздің жерімізді орыстар,
украиндықтар, немістер, басқа да туысқан
халықтар өкілдері тастап кетер болса,
сол сағатта өз ішімізден жан¬жалдардың
бұрқ ете қалатыны сөзсіз».
Ресей мамандарының есептеуіне қарағанда,
егемен елдер¬дің арасына шекара тарту
300 миллиард долларды қажет етеді екен.
Ал Ресейден тысқары жерде тұратын 25 миллион
орысты көшіру ақылға сыймайтын сомаға
– 4 триллион долларға түсетін көрінеді.
Ондай байлық ешқандай елде табылмайды.
Ендеше Ресей де басқа елдерден өз отан¬дастарын
жаппай көшіп келуіне мүдделі емес. Содан
соң бұрынғы КСРО бірыңғай славян мен
түркі-мұсылмандар принципі бойынша бөлініске
түсер еді де, арты адам айтып болмайтын
қырғынға әкеліп соғар еді. Ал бұл Ресейдің
де, орыс халқының да мүддесіне мүлдем
қайшы.
Ұлтсыздардың пікірі – бүкіл қазақтың
пікірі, ой-арманы бола алмайды. Соңғы
кезде бірқатар орыс тілді басылымдар
Н. Масанов, Н. Әміреқұлов сияқты «белсенді
күрескерлерге» сөз бергіш болып кетті.
Мұндағы мақсат қазақтың аузымен қазаққа
қарсы сөз айту. Халқымыздың осындай аз
ғана тобының көңіл ауғанын бүкіл қазақтың
ой-мақсаты ретінде көрсетуге тырысушылық
біздің ақпараттық кеңістігіміздегі біржақтылықтың
көрінісі. Асылы қазақ сияқты жас та серпінді
ұлттың сезімімен санаспау жақсылыққа
апармайды. Космопо¬литизм ұлтсыздық
идеясы Масанов пен Әміреқұловтың ойлап
тапқан жаңалығы ғана емес. Космополиттік
көзқарастағы адамдардың дүниетанымын
құрметтей отырып, олардың біздің ұлттық
сезімімізді де құрметтегенін, ар-намысымызға
орынсыз тимегенін қалар едік.
Бұл ретте үлкен қауіп Ресейдің бұқаралық
ақпарат құрал¬дарының тарапынан екенін
ұмытпайық. Бір ұлтты екінші ұлтқа айдап
салып, арандатудың шеберлері жеткілікті.
Соған бейім¬делген орыс тілінде жаза
білетін саясаткерлер мен журналис¬теріміз
болуы керек. Мәселен, өз газетіміз «Казахстанская
правда» 1993 ж. қазақ пен орыстың арасын
ашатын мақала жариялағанда, Құттықадам
Сейдахмет «Очнись, профессор» деп өткір
мақала жазғанда арандатушы автор түгіл
редактор
В. Срыбных шар ете түсіп, жаны шығып кете
жаздағаны, Сейдахметов журналист емес,
министрдің орынбасары деп «әшкерелегеніне»
көп ел күліп қарық болған еді. Арандату¬шыларға
әзірге Алдан Әйімбетов қана өзінің «Казахстанская
правда» газетінде тойтарыс беріп жүр.
Ресейдегі әр аран¬датушыны Ресейдің
де, Қазақстанның да халқы аты-жөнімен
біліп, қанық болатындай жағдай жасамай
болмайды. Ол үшін Сыртқы істер министрлігі,
Қаз ТАГ, Ақпарат министрлігі сияқты ресми
органдарды да, Ресейдегі газеттерді де,
өзіміздегі орыс тіліндегі газеттерді
де кеңірек пайдалануымыз қажет. «Бұға
берсең, сұға бередіні» ұмытпағанымыз
жөн.
Ақпараттық кеңістіктегі орныққан идеялардың
қоғам үшін қаншалықты маңызы бар екенін
мына бір жәйттерден айқын байқаймыз.
Кезінде коммунистік идеяға бүкіл дүниеде
мил¬лиондаған адамдар жан-тәнімен сенді.
Ал діни идеологияға сену де сондай болған.
Осы тұрғыдан алсақ, идеология дегенді
халықтың санасын басқару деп пайымдауға
негіз бар. Яғни ақпарат құралдары арқылы
қоғамдағы ой бір жақты қалыптаспауы керек.
Әбір құбылысты дұрыс талдау, түсіндіру
идеологиялық жұмыстың ең бір өзекті саласы
болып қала бермек. Бұл егемендікті баянды
етудің бір кепілі.
Енді осы тұрғыдан ақпарат кеңістігі үшін
күрестің кейбір қырларына тоқталып өтейік.
Алдымен газет-журналдарды мемлекеттің
дотациясынсыз, тәуелсіз басылым ретінде
қалай шығаруға болады деген сұрақ төңірегінде
ой қозғап көрсек.
Немістің «Вестдойче альгемайне» атты
750 мың тара¬лыммен шығатын газетінің
әр нөмірінің бағасы бір марка («Литературная
газета», 22, 1994 ж.). Осы газет өз қаржы¬сының
60 пайызын жарнамасы есебінен және 40 пайызын
жазылу мен сатудан алады екен. Ал Ресейдің
жағдайы өзімізге ұқсас. «Коммерсант»
газеті өзіне қажетті қаржының 20 пайы¬зын
жазылудан, 30 пайызын әр қилы сауда-саттық
ісінен және 10-15 пайызын жарнамадан алады.
Бірақ бұл газет қажетті қаржының үлкен
бөлігін 40 пайызын мемлекеттік дотация
есебінен толтырады.
Елімізде мемлекеттік дотация есебінен
тәуелсіз газет шы¬ғару бойынша «Караван»
газетінің тәжірибесін талдап көрелік.
Бұл газеттің таралымы 300 мыңға жетті.
96 бет болып шығып жатыр, соның 48 беті –
жарнама. «Караван» жарнаманың то¬лық
бір бетіне 120 мың теңге, бір шаршы см –
120 теңге, ал құлақтандырудың әр әрпіне
10 теңгеден алады екен. Сонда бұл газеттің
әр нөмірінен тек жарнамадан шамамен 5-6
мил¬лион теңгедей ақша түсіп жатыр. Оның
үстіне әр облыста 10-15 беттік қосымшасы
тағы шығады. Ресейге тарайтын «Кара¬ван
Рост» деген қосымшасы тағы бар көрінеді.
Газеттің әр нөмірі көшеде 9-10 теңгеден
сатылып жатыр.
Біздің еліміздің жағдайында жарнама
ақпарат кеңістігін ұйымдастыру мәселесіне
тікелей әсер етіп, бірте-бірте саяси мәнге
ие болып бара жатыр. Сондықтан жарнаманы
бағыттап, бағдарлап отыру ісін де ойластырып
көрген жөн. Ал бұл еліміздегі біртұтас
ұлттық-патриоттық рухтағы бизнес кеңістігі
жағдайында ғана мүмкін. Яғни ақпарат
кеңістігін ұйымдастыру ісі ұлттық бизнес
кеңістігін жасау мәселесімен ұштасып
жатыр.
Газет шығару, әсіресе апталық газет шығару
өте пайдалы бизнес. Мұны шетелдік ірі
газет-журнал, телерадио концерн¬дерінің
іс-тәжірибесі көрсетіп отыр. Осындай
аса пайдалы бизнестен қазақ бизнесмендері
неге қашып отыр? Немесе мемлекет осындай
игілікті шаруаны неге өз қолына алмайды?
Сонда мемлекеттік идеологияны жүргізудің
өте тиімді тұтқа¬сына ие болар еді ғой.
Әрі қаржы жетпей тұншығып жатқан талай
басылымдарды қодауға мүмкіндік туар
еді.
«Караван» қазір үлкен саяси, экономикалық
мәселелерге ықпал етуде бағытталған
күшке айналып отыр. Ол еліміздегі экономикалық
күштерді үйлестіруші орталыққа да айналып
барады. Сондықтан идеология мен саясатты
бағыттаудың дәл осындай тиімді тұтқасын
кім көрінгеннің қолына беріп қоюға болмайтын
сияқты. Бұл деген саяси процесті басқару
емес, сол процестің ықпалында кету.
Оқырманның назарын қалай жаулап алуға
болады десек, алдымен қызықты ақпарат
жинау мәселесіне тірелер едік. «Нанды
және қызықшылықты» талап еткен римдіктердің
мүд¬десі мәңгілік. Көпшілік негізінен
осы екі нәрсені ғана көксейді. Ал біз
оған қайдағы бір саясатты, не экономиканы
тықпалай береміз. Көпшілікті жөнсіз саясаттандыра
берудің қажеті жоқ сияқты. Қалың жұртшылықтың
психологиясын дұрыс ескерген жөн. Қызықты
ақпарат, оқиғалар іздеу, таңғажайыпты
аңсау адамзаттың жан дүниесіне тән құбылыс.
Бұл әсіресе «орыс тілді» деп айдар тағып
жүрген тұрғындарымызға қатысты ескерілетін
жәйт.
Әрине елдің экономикалық, саяси жағдайын
терең талдап, болжап отыратын салиқалы
ресми басылымдардың жөні бөлек. Бірақ
оқырмандардың ең көп бөлігі үлкен мәселелерге
қызыға бермейтін қарапайым халық екенін
ескерген жөн.
Әр басылымның өз оқырманы бар десек, «Караван»
ашық¬тан-ашық қауымға арналған басылым.
Бұл газет адам бойын¬дағы төменгі инстинктерді
қоздыру, жалған дақпырт¬құмарлық, басқа
жаман қасиеттерге сүйенуден қашпайды.
Әр қилы өсек-аян, эротика – «Караванның»
негізгі тақырыптарының бірі. «Сену қиын»
(«Вериться с трудом») деген айдармен ақылға
қонбай¬тын өтіріктерді де сықпыртып
отырады.
«Караванның» материалдарының 70 пайызы
өзге басылым¬дардан, әсіресе шетелдік
газет-журналдардан көшіріліп, ауда¬рылып
алынған. Қазақтың ағылшын, француз, басқа
да шет тілдерін жақсы білетін жастары
толып жатыр. Осындай 5-6 қыз-жігіттің басын
қосып, аударма бөлімін ашып, оған шетелдің
20-30 газет-журналын жаздырып беру біздің
қолымыздан да келеді. «Караванды» қолдан
монополистке айналдырмай, оған бүкіл
«орыс тілдеріміздің» ой-санасын билеттірмеген
болар едік.
Әрине «Караван» халыққа тек «қызықтырғыш»,
көңіл көте¬рерлік нәрселерді ғана ұсынып,
таза коммерциялық бағыт ұстанып отырса
бір сәт. Ол қазір саясаттың, соның ішінде
белгілі бір топтың құралы болып тұр. Жоғарыдағы
басшылар осыларды көрмей, естімей отырған
жоқ. Қазір мақтанға, марапатқа орын беретін
кез емес. Әуелі халықтың қалтасын қалыңдатып,
жағдайын түзету керек, содан соң қалай
шал¬қайсаң олай шалқай. Сөйте тұра теледидардан,
газеттерден Қазақстан бай ел деп айтқанда
алдымызға жан салмаймыз. Халық қайыршыланып
кеткен жағдайда, ондай байлық кімге керек?
Соңғы екі ғасыр бойы халық өзінің дәстүрлі
өмір салтынан жаңылып, ұлттық болмысын
жоғалта бастады. Соңғы бір ғасыр бойы
халық өзі туралы, өзінің өткені туралы
тек қана жағымсыз тұжырымдарды естумен
келеді. Күні бүгінге дейін мектеп оқулықтарынан
бастап академиялық басылымдарға дейін
ұлт туралы айтар сөзін «бұрын артта қалған,
жабайы, көшпелі қазақ халқы…» деп бастайтынына
куәміз. Сорақылығы сонда, мұндай жарымжан
тұжырымдар ғылымның дау тудырмас жетістігі
ретінде санасына сіңірілуде ғой. Ұлт
өмірінің барлық проблемаларын шешу тізгіні
өктем ұлттың қолында болып келгендігі
көпке аян.
Осы қасіретті сезініп, тиісті әрекетке
көшудің орнына біздің «білгішпектер
ауызын ашса болды», е, біз бе, «біз алауыз
халықпыз ғой», «қазақ бірін-бірін күндемесе
жүре алмайды», «қазақ қашаннан іші тар
халық қой» деп көсемситіндері бар. Егер
осы қасиеттер қазақ халқының туа біткен
генетикалық ерекшелігі болса, онда қазақ
халқы ұлт болып қалыптаспас еді ғой, біртұтас
тілі мен мәдениеті болмас еді ғой.
Біздің ұлттық тұтастығымыз – мемлекет
болуымыздың бір¬ден-бір кепілі.
Осыған орай қазақ бизнесмендерінің 1994
жылдың 22 жел¬тоқсанындағы «Ашық хаты»
республика жұртына аян болғаны белгілі.
Ол үндеуі арқылы олар өздерінің қоғамдық
саяси пікірін білдірді. Бар-жоғы өз ойларын
жариялады. Біздің газеттер, әсіресе қазақ
газеттері осыларды шабуылды үде¬теміз
деп, ұлттың ішінде екі жік туғызу мүмкіндігіне
жол берді.
Яғни халықты алауыз етіп отырған тарихи
нәубеттің, саяси алаяқтықтың, әлеуметтік
зардаптың себебін білуіміз керек. Тарихи
зардаптың сыр-себебін біле алмаудың өзі
ұлттық тұтастықты қорғау тетігінің әлсіреуі
деген сөз.
«Қазақстанда демократия жоқ» деп көкитіндер
де бар. Ал біздерде шынайы демократия
болмағанда «Караван» сияқты газеттердің
шығуы мүмкін бе еді. «Караван» – ақпарат
құралы ғана. Кез келген құрал сияқты оны
оң мақсатқа да, теріс мақсатқа да қолдануға
болады. Осы газетті еліміздегі халық¬тар
достығын нығайту, қазақ мемлекетінің
болашағына сенім тудыру, егемендікті
бекемдеу мақсатында пайдалану үшін белгілі
бір қадамдарға бару – өз қолымызға алу
керек сияқты.
3 миллион 480 мың таралымға қол жеткізіп
отырған «Аргу¬менты и факты» апталығының
қазақстандық қосымша¬сының ниеті бұзық.
Бұл қосымша ақысыз шығады екен. Сонда
Қазақстанға арнайы қосымша шығарудың
егемен мемлекеттің ішкі ісіне араласудың
не қажеті бар екен?
Мемлекеттік тіл үшін күрес тек кеңсе
қағаздарын қазақша¬лаумен шектеліп қалмайды.
Бірте-бірте мемлекеттік тіл ақпа¬раттық
кеңістігімізді де жеңуі тиіс. Яғни біздің
елімізде көп оқылатын газет-журнал қазақ
тіліндегі басылымдар болу керек. Оны
қазақтар ғана емес, еліміздің бүкіл ұлт
ұлыстары қызыға, іздеп жүріп оқитындай
дәрежеге жеткізуге тиіспіз.
Ана тіліміздің өрісі кеңи алмай отырғаны
рас. Мұның объек¬тивті себептері бар
екені де белгілі. Тіл үйренуге рухани,
материалдық мұқтаждық түрткі болады.
Англия мен Америка¬да ешкім сізге ағылшын
тілін біліп ал деп жалынбайды. Әркім өзі
үшін үйренеді. Жат жұрттықтардың біздің
тілімізді тап солай жатпай-тұрмай меңгеруіне
де әлгіндей қажеттілік тууы қажет.