«Қазақ» газетіндегі публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:44, контрольная работа

Описание работы

“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. Араб әрпімен қазақ тілінде 2. 2. 1913 ж- 26. 09. 1918 жж аралығында Орынборда аптасына бір рет (1915 жылдан бастап 2 рет) шығып тұрған. Барлығы 264 саны жарық көрген. Таралымы 3 мыңнан 8 мың данаға жеткен. Шығарушылары – Мұстафа Оразаев, одан соң «Азамат» серіктестігі. Редакторы – белгілі қоғам қайраткері, ақын А. Байтұрсынов, «2- редакторы» - М. Дулатов. 1918 жылы шыққан бірнеше санының редакторы – Жанұзақ Жәнібеков.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

А) «Қазақ» газетінің шығу тарихы

Ә) «Қазақ» - қоғамдық- саяси және әдеби газет

Б) Газет публицистері

В) «Қазақ» газетінде жарық көрген мақалалар

Г) «Қазақ» газетінің қазақ басылымдары тарихында алатын орны

ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Қазақ реферат.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕУразия ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 

Журналистика  және саясаттану факультеті 
 

Баспасөз  және баспа ісі  кафедрасы 
 
 
 
 

«Қазақ» газетіндегі публицистика 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                              Орындаған: Балташ Дәулет

                                                                                      ҚЖ-21 тобының студенті 

Ғылыми  жетекші:

Р. А. Шакуова аға оқытушы  
 
 
 
 
 
 
 
 

Астана, 2011 

«Қазақ» газетіндегі публицистика 

Жоспар: 

І. Кіріспе 

ІІ. Негізгі бөлім.

А) «Қазақ» газетінің  шығу тарихы

Ә) «Қазақ» - қоғамдық- саяси және әдеби  газет

Б) Газет публицистері

В)  «Қазақ» газетінде  жарық көрген мақалалар

Г) «Қазақ» газетінің  қазақ басылымдары  тарихында алатын орны 

ІІІ. Қорытынды 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Қазақ» газетіндегі публицистика 

     “Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. Араб әрпімен қазақ тілінде 2. 2. 1913 ж- 26. 09. 1918 жж аралығында Орынборда аптасына бір рет (1915 жылдан бастап 2 рет) шығып  тұрған. Барлығы 264 саны жарық көрген. Таралымы 3 мыңнан 8 мың данаға жеткен. Шығарушылары – Мұстафа Оразаев, одан соң «Азамат» серіктестігі. Редакторы – белгілі қоғам қайраткері, ақын А. Байтұрсынов, «2- редакторы» - М. Дулатов. 1918 жылы шыққан бірнеше санының редакторы – Жанұзақ Жәнібеков.

     Ол  газеттің 261- 263 сандарына қол қойған. Оның «Сыртқы хабарлар», «Ғұсмани түріктері», «Кәріс мұсылмандары», «Түрік тілінің  ұлы ғалымы В. В. Радлов» (1917 ж) мақалалары жарық көрді. Шоқтығы биік мақаласы – «Алаш құрбандары» (1918 ж, № 262). Ол екі бөлімнен тұрады: 1) Алаш орда өкілдерін қорғаған Семейдегі атты- жаяу милицияның бастығы Қазы Нұрмұхамедұлының өлімі жайлы. 2) Штапс капитан Нұғыман Сарбөпеұлының қазасы туралы. 1917- 18 жж газет редакцияның өз баспасында жарық көрген. Қазақтың бас ақыны Абай туралы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы алғашқы мақалалар осы газетте шықты.

     «Қазақ» газетінің зерттелуі 3 кезеңді қамтиды: 1) Газет шығып тұрған уақыттан өзінің «тұзы кем болғанша, артық болсын»  дейтін сүйікті нақылы арқылы танымал Голощекиннің Қазақстанға келгенге дейінгі аралық (1913- 25 жж). 2) Әкімшілік- әміршілдік жүйе тұсында жарық көрген зерттеулер. 1925 жылы «Қазақ» газетін сынаған мақалалар шықты. 5 мамыр күні Орынборда «Еңбекші қазақ» газетінде «Қазақстанда қандай газеттер болды?» деген мақала шықты. Ол мақаланың авторы – С. Мұқанов. Мақалада «Қазақ», «Сарыарқа», «Жас Азамат», «Бірлік туы» газеттері туралы материалдар жазылды. Содан кейін Ә. Байділдаұлының «Баспасөз күніне» атты мақаласы шықты. Оң пікірлерді 1932 жылы «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» кітабынан (С. Мұқанов) көруге болады. Ол кітапта «Қазақ» газетінен өрбіп басқа қазақ газеттері жарық көрді» делінген. Екінші кезеңге Б. Кенжебаев пен Х. Бекхожин еңбектері енеді. Бейсембай Кенжебаевтің «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты очеркі шықты. Ол кітапты сыншысымақ Ж. Сәрсенов «Әдебиет және искусство» журналының 1951 жылғы 7- нөмірінде сынап жазған. Б. Кенжебаевтің кітабы екінші рет «Социалистік Қазақстан» газетінде (1951 ж, 17 қараша) сыналған. Ол мақаланың авторлары – Б. Қорқытов, Ә. Досбаев. Тіпті, ол мақаланың тақырыбы да сыни көрініс береді – «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателер». 3) Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең. Бұл кезеңге Үшкөлтай Субханберлинаның еңбектері жатады. Ол 1956 жылдан бері газетті зерттеген, картотекасын түзген. 1997 жылы «Қазақ» газетінің іріктелген материалдары кітап болып басылады.

     Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің негізгі  мәселеріне, шаруашылық жайына жер  мәселелеріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, тарихқа арналған А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың т.б. жазушы, қоғам қайраткерлерінің мақалалары жарияланып тұрған.

     Кезінде басылым әскери цензураның қатаң  бақылауында болған. Газет бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф?? Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары мұрағатта сақталған. Көптеген қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ.

     Қазақ газетінде де жер мәселесі үздіксіз көтеріліп отырды 1905-1907 жылдардағы көтерілістен кейін патша үкіметі  қазақтардың жерін тартып ала  бастаған. Бұл туралы А.Байтұрсынов: “Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зары жер мәселесі. Бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі” – деген.

     Газет рәміздік- бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

     Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты. 

       

  Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі  мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теор. бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алашорда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.

  «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеум. мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Б-тың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.

  …Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Мұхтар Әуезов былай депті:

  «Ахаң ашқан  қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана  тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын».

     Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін  де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ  һәм түрлі мәселелер 

     Қазаққа тәуел оңаша, яки басқалармен  бірге ортақ мәселелердің кеңеске  бұрын түскендері де бар, бүгін түсіп  жатқандары да бар һәм түсейін  деп түрғандары да бар. Қазаққа қарасаң, сол мәселелер қазаққа тәуел я ортақ мәселелер сияқты емес, яки қазақ туралы болғанмен, не болып, немен біткені талғаусыз. Яғни жақсы болса, жақсы болды деп қуанбайтын, жаман болса, жаман болды деп күйзелмейтін бейне бір болмашы ғана мәселелер сияқты.

     Сендердің кеңесейін деп отырғандарың мен  туралы іс пе? Менің ісім болса, менің  жайымды өзімнен артық ешқайсың білмейсің! Маған керегі мынау деп, жаны бар, есі дұрыс адам айтпас па? Ондай тірлік біздің қазақта күні бүгінге дейін көрінбей тұр.

     Бұрын қазаққа тәуел я ортақ мәселелер  қозғалған кезде, қазақ үні шықпағанда ойлаушы едік: қазақта газета жоқ, не істеліп, не болып жатқанын қайдан білсін? Біліп тұрса, қазақ та басқалармен  қатар жандығын, жұрттығын білдірер еді ғой деуші едік. Мәселен, 1910-шы жылы бастауыш мектептер туралы Думада кеңес болғанда: мектептерде оқу орыс тілімен оқылсын, жасынан балалар орыс тіліне үйреніп, Россияға қараған басқа тілді жұрттар өз тілдерін ұмытып, орыс тіліне ауып, орыспен бірігіп, сіңісуіне жақсы деген. Сонда, жоқ, олай емес, әр халық бастауыш мектепте өзінің ана тілімен оқыту тиіс деп, орыстан тілі басқа жұрттар, оның ішінде біздің ноғай бауырларымыз, тұс-тұсынан те-леграмды жаудырып жатқанда, қазақ дыбысы естілмеген.

     Қазақтар  неге аузына су алғандай үндемей отыр дегендерге: қазақта газета жоқ. Думада не мәселе қаралып жатқанын қазақ білмей жатыр деуші еді. Олай деп қазақты әншейін ақтау үшін ғана емес, өзіміз солай ғой деп ойлағандықтан айтушы едік, әттең, газетаның жоқтығы! Төбе басына қойған қарауылшыдай көзіне ілінгенін, құлағына естілгенін мезгілінде білдіріп тұратын хабаршы газета болса, осы кемшіліктер қазақта болмас еді-ау деп, тісті қайрап, бармақты шайнаумен болып едік.Онан кейін: бүйтіп отырып қазақ жұрт қатарына еріп іс істей алмас, әр орында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау болар да отырар. Бұған көз, құлақ, тіл болғандай нәрсе қажет деп, газета шығардық. Газета шыққаннан берлі қазаққа не керегін, ол не керегіне қолы жету үшін не керегін әркім білгенінше, қолынан келгенінше жазып жүр, құлағына салып жатыр. Қазақ туралы мұндай мәселелер қозғалып жатыр һәм қозғалмақшы, оны да газета жазбай тұрған жоқ. Мүфти мәселесі қозғалады деп жазылды, билік өзгеріледі деп жазылды, екі орыс, бір қазақ мәселесі жазылды, бауыздамай мал сою мәселесі жазылды. Қазақ көре, біле отырып, басқалармен қатар іс ете алмайтынын енді көрсетті. Жоғарғы айтылған төрт мәселенің екеуі, мәселен, билік пен екі орыс, бір қазақ - қазаққа ғана тәуел мәселелер, онан басқа екеу, мәселен, мүфтилік пен мал бауыздамау - Россиядағы барша мұсыл-мандарға ортақ мәселелер. Қазақтың басқалармен қатар жұрттық қыла алмайтындығы оңаша өзіндік мәселелерден сезілмесе де, ортақ мәселелерден анық көрініп тұр. Мүфтилік пен мал бауыздамау турасында басқалар не істеп жатыр? Қазақ не істеп жатыр? Қазақтың түріне қарағанда, айтылған төрт мәселе «не болса, ол болсын, бізге бәрібір» деген сияқты. Қазақ жайын білмейтіндер қазақ солай деп отыр екен деп һәм ұғады. Қазақ шала мұсыл-ман, оларға малды бауыздау, бауыздамау бір есеп, сондықтан олардың басқалардай күйзеле қоймайтыны дейді.

Информация о работе «Қазақ» газетіндегі публицистика