Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 16:00, реферат
1-жүргізуші:Жүргізуші:Арма, ағайын! Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
«Тәуелсіздік құрдастары»
1-жүргізуші:Жүргізуші:Арма, ағайын! Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
2-жүргізуші:Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар! Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Бүгінгі күні біздер жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 20 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтары үшін бұл күн ерекше толғанысқа толы.
1-жүргізуші:Десек
те жасаған әр жыл қандай бақ,
Жастықтың
гүлін уақыт жұлған аяп
Әрине
тарих үшін 20 жыл түгіл,
Жүз жыл
да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.
2-жүргізуші: Қуансын деп жарыққа қарап
бәрі
Асығады таң нұрын таратқалы.
Қандай бақыт далада бидай толқып,
Тыныштықпен Еліңнің Таңы атқаны!!
1-жүргізуші:Ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын талдыратын шетсіз, шексіз сайын дала Қазақстанда тәуелсіздіктің таңы атып, егемендіктің желі есіп, азаттықтың асқақ туы желбірегелі 20 жыл өтіпті. Содан бері талай асу-белестерді артқа тастап, кәмелет жастан да асып, ат жалын тартып мінген бозбала сынды болашағынан үлкен үміт күттіретін Ұлы даланың көк байрағы көгімізде желбіреп келеді. «Өткенге топырақ шашсаң, келешек саған тас атады» - деген аталы сөзге тоқтар болсақ, осы күнге жету үшін ғасырлар бойы бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен Атамекенді алакөздерден көздерінің қарашығындай сақтап, ұрпаққа-бізге аманат етті. .
2-жүргізуші:Тарихқа үңілсек, кешегі өткен Кенесары батыр, Сырым Датұлы, Жанқожа батыр, Махамбет пен Исатай батыр сынды біртуар тұлғалар осы даланың бостандығы үшін, осы елдің тыныштығы үшін еш аянған жоқ. Махамбет батыр: "Егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай, ерлердің ісі бітер ме?!". – деп жырласа, ХХ ғасырда Алаш туын қасқайып тұрып көтере білген Ахмет Байтұрсынов ағамыз: «Қазағым, елім, қайқайып белің, Сынуға қалды-ау таянып..» деп, өз халқының ертеңіне елеңдеген. Ал Міржақып Дулатов болса, дәл осы ойды өлеңмен: «Оян, қазақ, көтер басты, Босқа жату жарамасты!!!..» деп өрбіте білген.. 1-жүргізуші:Міне, осындай алаш азаматтарының ұрпағы кешегі Желтоқсан көтерілісінде де өз бабаларының ізінен жаңылмайтындықтарын тағы бір рет дәлелдеді. Олар ғасырлар бойы талай буын өкілдерінің арманы болған кең далада азаттықтың асқақ әнін айтқызғаны баршаға мәлім. Осылайша, жас та болса, бас бола білген қазақтың қызғалдақ қыздары мен жалынды жігіттері тарихқа өктем нүкте қойды. Содан бері, талай таң атып, күн батты. Талай жас ұрпақ дүние есігін ашып,бірнеше жылды тарих қойнауына енгіздік. Өшкеніміз жанып, ескіміз жаңарып, көнеміз жаңғырып, айымыз оңынан туып, етек-жеңімізді жиып, әлемнің алпауыт мемлекеттерімен тереземіз тең болуы – бәрі-бәрі Тәуелсіздіктің және сол үшін жандарын пида еткен ата-бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің арқасы екендігіне ешкім шүбә келтірмес!!!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап үн, Бізге оңай келген жоқ қой азат күн Еркіндіктің желбіретер көк туын, Біз –жастармыз,болашағы қазақтың,-дей келе,бүгін сіздер мен біздер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология,әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1991 жылы дүниеге келген,яғни тәуелсіздігіміздің төл құрдастарының өнерлерін тамашалайтын боламыз!
2-жүргізуші:Өшкеніміздің
бірі жанып,өлгеніміздің есімі қайта
оралып жатқанда халқымыздың қанына сіңген
әдептілік,ізгілік,адалдық,
1-жүргізуші:Келесі бір үшінші тобымызбен
таныс болайық,олар:Сайысымыздың әділ-бағасын
беріп,сайыскерлердің өнер-білімін тарзыға
салатын әділ қазы алқасы: 1.
2-жүргізуші:Келесі кезекте,Сайыс ережелерімен таныстырып өтейік:Сайыс төрт кезеңнен тұрады.
I.Таныстыру (қатысушылыр туралы толық мәлімет,суреттері бар слайд көрсетілуі керек)
II.Білім сайысы.(ұяшықтарды таңдау арқылы,төрт түрлі деңгейдегі сұрақтар)
III.Өнер сайысы.
IV.Көрініс (Тәуелсіздік жолындағы оқиғалар болуы керек)
2-жүргізуші.Бабам
айтқан ойын арзан,күлкі
1-жүргізуші:Иә,дұрыс
айтасың уақыт созбай
2-жүргізуші:Бәйгеге
түсіп жарыспай,
1-жүргізуші:
2-жүргізуші:Жадырап
сәуле бейне күн дидары
1-жүргізуші:Өнерпазадар жарысып сан-салалы, Жиын десе,сайыс десе жан салады! Бүгігі сайыста жеңіске жету үшін Тәуелсіздік құрдастары жан салады!
2- жүргізуші:Келесі сайыс ережесімен таныс болсаңыздар,құрметті сайыскерлер,бұл Өнер сайысында қос команда мүшелері үш өнер түрін көрсетеді (ән,қара өлең,үшіншісі таңдау бойынша-күй,ысқақ,би)
1-жүргізуші.Ақыл
көркі бойларына жетеді
2-жүргізуші:Сайысымыздың
соңғы кезеңінде екі топ
( сайыс қортындысын шығарып,жеңімпаздарды анықтау)
1-жүргізуші:Ән
мен күйдің бұзылмас мақамынан
2-жүргізуші:Белгілі
ғой бәрімен теңесерін
1-жүргізуші:Келешегің көрсетіп өзі алыстан Өзі қыран,өзі от,өзі арыстан. Терезесі теңелген өзгелермен Өзімдікі Тәуелсіз Қазақстан!
2-жүргізуші: Таңғажайып атыңда дәл табылды Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім,көкке жетті көк туы! Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
1-жүргізуші:Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
2-жүргізуші:Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
1-жүргізуші:Келесі
кездескенше еліміз аман,
Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы:
Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: