ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3


1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5


1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5

1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13


2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13

2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................

Работа содержит 1 файл

Курсовая Талгат.doc

— 404.50 Кб (Скачать)

   Өйткені инвестицияларды құқықтық  көзқарас тұрғысынан анықтау  маңызды, сол арқылы өндірісті ұдайы дамыту негізі ретінде инвестициялаудың бастау көздері мен тетігі және экономикадағы өмірлік қажетті заңды процесс жайында көрнекті түсінік беруге болады.

   Сөйте тұра «инвестициялар» санатына  деген европалық және американдық  методологиялық тәсілдің мазмұны инвестицияны «капитал жұмсаудан» айырып қарайды, оларды салыстырмалы түрде біріктіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің, «Бухгалтер есебі туралы» заң күші бар Жарлығында жалпы инвестициясының қандай да бір анықтамасы берілмеген, ол ҚР «Статистика туралы», «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Заңдарында да берілмеген. Қазақстандық салықтың Заңнамасы өзінің «активінде» тек «капитал жұмсау» терминін пайдаланып, «инвестициялар» санатын толықтай илемеуі, инвестициялық қызметті дамытудағы салықтық ынталандыру жолына тосқауыл туғызады. Ал оның солай болуы бір жағынан «капитал жұмсау» терминінің жалпы және арнайы заңнамада әртүрлі түсіндірілуінде болып тұр. Екінші жағынан, кәсіпорынның ұзақ мерзімді мүлік түрлерінің тізімі, бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтілуіне байланысты, бұрынырақта күрделі шығындар құрамында саналған: жер учаскелері, табиғат пайдалану объектілері, материалдық емес активтер сияқты негізгі қаражаттар есебіне жататын ұзақ мерзімді активтермен салыстырғанда кеңейе түседі. Сонымен, ұзақ мерзімді капитал жұмсаудың қазіргі экономикалық мазмұны дәстүрлі «капитал» жұмсау ұғымының аясына енді сыймайды [2, 25-26 бб].

   «Инвестициялар» санатының заңдық  түрде айқын жазылған анықтамасының  болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны – инвестициялық қызметтің заңды болуына күмән келтіреді. «Капитал жұмсау» және «инвестициялар» деген терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним-сөздер секілді түсіндірмесіз қолданылады. Сөйткенімен, халықаралық практикада инвестиция деп капиталды екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:

  • нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;
  • қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

   Инвестицияның бірыыңғай анықтамасының  жоқтығынан бүгінгі күні көптеген  инвесторлар қорлық көруде, мұның  өзінде нақты қаржылық тұрғыда  зардап шегуде. Әр түрлі ой-талғамдарға  жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, онда қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл норативтік актінің реттеуші болуына жағдай туар еді.

   Белгілі болып отырғандай, кәсіпкерлік  инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалады: тікелей инвестициялар және портфельдік.

   Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік  кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды  сипаттайды.

   Портфельдік инвестициялар пайда  табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан  акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құрылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық қордың мәртебесі ойға қалдырады[3,38-39 бб].

   1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері 

Негізгі қорға жұмсау (өндірістің негізгі  қоры) босалқы қорларға,резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа  да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық паркеттерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

    Өндірістегі жалпы инвестицияны  өнім инвестиция деп айтады. Ол  – негізгі капиталдың артуын  қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция  біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреу – амортизация.  Ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндіретін өнімге көшіру процесі.

    Екінші біріктіруші таза инвестиция  – бұл капиталдың қаржы жұмсау  негізгі қорларды арттыру, өсіре  беру, ғимараттар салу, өндіру және  қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғап, осы салаларға жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.

    Инвестициялық қызмет – оның жалпы шаруашылық қызметтің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтіп, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғары жағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.

    Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы  екі біріктіруден анықталады: көлемі  және ресурстар сипаты, сол сияқты  нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.  Бұл екеуінің біріктілігін талдау  кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді [4, 45-47 бб].

    Сонымен, жалпы инвестиция ақша  қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды  қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар,  лицензиялар, оның ішінде тауар  белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатында пайдаланады.

    Инвестициялардың түрлері барынша  тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік  және аннуитеттік болып бөлінеді.

    Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі еебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

    Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалған капиталға жұмсалуы болып табылады.

    Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу сол сияқты басқа да активтер болып есептелінеді.

    Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

    Еліміздің инвестициялық портфелі  ірі салымдарды қаржыландыру  үшін жағдайлар жасауға, тауар  өндіру және қызмет етуді жоғары  тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

    Қазақстан экономикасын тұрақтандыру  және дамытудың маңызды жолдарының  бірі – инвестициялық портфельдің  қызметін ұлғайту, ең алдымен  еліміздің ішкі резевтерін жұмылдыру  және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

    Қазақстан тәуелсіздікке қол  жеткізгеннен бастап экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялық портфельді тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады.

    Инвесторлар стратегиялық және  портфельдік болып бөлінеді. 50 пайыз + 1 акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да сол және ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекет те оған сенім артады. Портфельдік инвестордың үміттері де стратегиялық инвесторда болады. ПОртфельдік инвестор үшін акция – пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі болып табылады. ОСыған байланысты мемлекет стртегиялық инвесторға тәуелсіз немесе соның атынан өз акция пакетін бере алады.

    Портфельді инвесторға – инвестициялық қорларға – 51 пайыз жұмыскерлерге 10 пайыз, қалғаны стратегиялық инвесторларға [5, 89-95 бб].

   Мемлекеттің жұмысы – макроэкономикалық процестерді реттеу, салықтық жүйені қарапайымдандыруға ұмтылу, ал жеке кәсіпорындарды көтеру – мемлекеттің жұмысы емес. Жеке меншік иесі шикізат көзін іздейді, бұл іс оның өмір үшін күресі, ал мемлекеттік шенеунік оған соншалықты мүдделі емес. Мемлекеттің жұмысы экономикаға инвесторлар тарту үшін тиісті заңнама нормативті жағдай жасау. Белгілі болып отырғандай, қазіргі экономикада тұрақтылықтың (монетарлық, валюталық) бірнеше сипаттамасы бар, бірақ, егер мемлекет салық жинай алмаса, онда қалғандардың бәріне де ешқандай мән жоқ.

    Инвестицияны тартпақ болған  елде қауіп-қатер қаншалықты жоғары болса, шетелдік инвестициялар соншалықты аз болады.

    Заңнама базасы мықты болуы  керек. Шетелдік инвестиция туралы  Заңның мақсаты – қауіп-қатерді  мейлінше азайту:

  • салықты салу шарты инвестиция үшін қолайлы болуға тиіс;
  • халықаралық стандарттарға сәйкес валюталық реттеу;
  • тікелей еріксіз алу қорқынышын тудырмау: қандай да бір кәсіпорынды, материалдық мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендірмеу, өтем туралы заң болуға тиіс;
  • беретін және алатын елдер арасында өзара қарым-қатынас жасасу;
  • халықаралық және ұлттық заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың болмауы қауіп-қатерді азайтады.

    Мемлекеттік салық заңнамасының  көптеген ережелері капитал жинау  процесіне ықпал жасайды. Заң  шығарушылар кейде инвестициялық  сұранымның өзгерісін тудыру  үшін және тұтас сұранымға әсер ету мақсатында ол ережелерді ауыстырып отырады. Инвестицияларды жүзеге асыруды ынталандыру барысында салық ықпал көптүрлі болғанымен, мұнда біз корпорацияның табысына салынатын салық және инвестициялық салықтық несие.

    Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру.

    Әр ірі фирма, корпорация әдетте  өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.

    Қазіргі инвестициялық банктердің  екі түрлі қызмет етеді:

  • бірінші типті инвестициялық банктер;
  • екінші типті инвестициялық банктер;

    Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздар орналастыру және сатумен айналысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.

    Батыс Еуропаның континенталды  елдеріне және дамушы елдерге  негізінен осы атап кеткен  екінші типті инвестициялық банктер тән.

   Бірінші банктер 19 ғасырдың бірінші  ширегінде жауапкершілігі шектелген  серіктестер формасында құрылған  болатын. Инвестициялық банктер  аса тез дамуы 20 ғасырдың 20-шы жылдарында байқалды [6, 115-116 бб].

   Инвестициялық банктердің пайда  болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болумен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

    Бірінші типті қаржылық инвестициялық  банктер әдетте құрылтайшылар,  бағалы қағааздардың эмиссиясын  ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар компаниямен орналастырылмаған  бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын агенттер ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс, транспорттық корпорациялардың бағалы қағаздар бойынша және басқа аспектілеп бойынша консультанттар ретінде бола алады. Ұзақ мерзімді салымдары қажет етіп, акциялар мен облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған корпорациялардың және мемлекеттің тапсырмасы бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер эмиссиясының көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін таңдау жөніндегі, сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған акциялар мен облигациялардың сатып алынуына кепіл береді, яғни олар бұл бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды құру арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алушыларға ссуда береді. Несие жүйесінде инвестициялық банктердің үлесі көп болмаса да, олар өздерінің жақсы ақпараттылығына және құрылтайшылық байланыстарына байланысты экономикада үлкен рөл атқарады.

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі