Мемлекеттің инвестициялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 19:53, реферат

Описание работы

Инвестицияны жұмсау ерекшелігі «инвестициялық қызмет», инвестициялау «субъектілері» мен «объектілері» атты түсініктер арқылы ашылады.
Инвестициялық қызмет – бұл жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің инвестицияны жұмсаумен байланысты тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет – инвестиция объектісін таңдаумен, оныв инвестициялаумен және пайдаланумен, қосымша қажетті жұмсау жүргізумен және сыртқы қаржыландыруды тартумен байланысты шаралар кешені.

Содержание

1. Нақты инвестициялаудың объектілерін атаңыз және оларғка мінездеме беріңіз.
2. Инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың арасындағы байланыс қандай?
3. Қазақстанда инвестициялық құрылымның дамуындағы институционалды инвесторлардың рөлі қандай?
4. Шетел инвесторларының біздің елдегі мақсаты қандай?
5. Қазақстандағы шетел инвесторларының көлеміне әсер ететін факторларды айқындаңыз.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің инвестициялық қызметі.doc

— 83.00 Кб (Скачать)
 

   Отандық  экономикаға шетелдік капитал инвестициялардың негізгі формаларына жатады (кесте 3):

  • ҚР мемлекеттік борышын қалыптастыратын ҚР мемлекттік қарыз формасындағы инвестициялар;
  • қазақстандық кәсіпорындардың акционерлік капиталына салым формасындағы инвестициялар;
  • бағалы қағаздарға жұмсау формасындағы инвестициялар;
  • шетелдік несиелер;
  • тауарлық несиелер.
 
 

Кесте 3.     ҚР экономикасындағы шетел капиталының негізгі

                   формалары, 1994-2008 жылдар аралығында 
 

Шетел инвестиция формалары Инвестиция  типтері Инвестор  институты Ұйым,компания атауы ( не шетелдік компанияның қатысуымен)
Тікелей шетел инвестициялары Нақты инвестициялар Трансұлттық компаниялар, ірі шетел компаниялары, оффшордық  зоналар «Шелл», «Тенгиз-Шевройл», «Бритиш-Петролеум» , «Аджип», «Лукойл», «Тексако», «Кнауфф» және т.б
  1. Қарыздар
  2. Техникалық көмек (кеңес беру,гранттар)
Қаржылық инвестициялар Халықарлық  қаржылық ұйымдар, ынтымақтастық қорлары Халықаралық валюта қоры, Әлемдік даму банкі, Еуропалық ҚДБ, Исламдық ҚДБ, Жапондық ынтымақтастық қоры, Германдық  ынтымақтастық қоры және басқалары.
Несиелер Қаржылық инвестициялар Шетелдік коммерциялық банктер Дрезднербанк, RBS, Barclays, Natwestbank, HSBS және т.б.
 
 
 
 

   Портфелдік  инвестициялардың өсуіне қармастан,  қазақстандық экономикада жұмсалымдардың негізгі бөлігі басқа инвестицияларға тиесілі. Олар келесі көздер есебінен қалыптасады: сауда несиелері, ҚР үкіметінің кепілдемесімен берілген шетелдік мемлекеттердің несиелері, халықарлық қаржылық ұйымдардың ( Әлемдік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі) несиелері және т.б.

   Шетелдік инвестициялары әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды орын алады. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, соңғы он жылдары тікелей шетел инвестициялардың көлемі халықаралық сауда көлеміне халықаралық сауда көлеміне қарағанда жылдам өсуде. Әрбір мемлекеттің экономикасы үшін қарыз бен несиеге қарағанда тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылығы бар. Біріншіден, халықаралық қаржылық  ұйымдардың қарыздары, несиелері мемлекеттің кепілдемесімен беріледі, сондықтан да барлық мемлекеттің кепілдемесімен беріледі, сондықтан да барлық сома елдің сыртқы борышына есептеледі,  ал бұл елдің инвестициялық имиджіне, кері әсер етеді.

   Екіншіден, мемлекет тікелей инвесторлар алдында ешқандай міндеттемелері жоқ. Тікелей инвестор өз қызметінің нәтижесіне қызығушылық танытады. Өндіріс үдерісінде қазіргі техника, технологияларды қолдану, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу, бәсекеге қабілетті өнімді шығару арқылы шетелдік инвестор экономиканың дамуына орасан зор үлес қосады.  Сондықтан да, ішкі инвестициялық ресурстардың болмауы және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндігінің болмауы жағдайында ғана шетелдік қарыздар, несиелер еріксіз қолданады.

   Қазақстанның  тікелей шетелдік инвесторлардың  құрылымында біріккен және шетелдік  кәсіпорындар басым.

   Қазіргі  уақытта Қазақстанда тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі негізінен отын өнеркәсібінде шоғырландырылған. Себебі, бұл салада өнімді экспорттау есебінен жоғары пайда  алу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда шетел инвесторлары өз мемлекетінің шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Шетел инвесторлары үшін ең тартымды шикізат секторы болса да, ғылыми-техникалық прогрестің дамуын анықтайтын салаларға тікелей инвестицияларды тарту үшін жағымды жағдайлар жасалуда. Осы үшін тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайту үшін қосымша ынталандырушы шараларды жүргізуді талап етеді.  
 
 
 
 
 

Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық қызметі