Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 13:05, доклад

Описание работы

Инвестициялар – бұл Сіздің бірдеме сатып алуға арналған, болмаса пайдалы әлеуметтік–экономикалық әсер, яғни қандай да бір түрдегі өзіңізге арналған пайда алу мақсатында «айналымға» салатын ақшаңыз.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.doc

— 42.00 Кб (Скачать)

«Инвестиция»  термині латынның "invest" сөзінен  шыққан, бұл сөз «салым салу» деген  мәнді білдіреді.  

Инвестициялар – бұл Сіздің бірдеме сатып  алуға арналған, болмаса пайдалы  әлеуметтік–экономикалық әсер, яғни қандай да бір түрдегі өзіңізге арналған пайда алу мақсатында «айналымға» салатын ақшаңыз.  

Мәселен, ертеңгі күні одан да тиімді сомаға сату үшін бүгінгі күні автокөлік  сатып алу –инвестиция болып  табылады, дәлірек айтсақ, инвестицияның  бір түрі.  

Біз сатып  алу–сату түріндегі қысқа мерзімді инвестиция емес, таза инвестицияны, яғни ақша кейін қайтадан ақшаға айналу үшін басқа бір әрекет ететін жағдайды емес, ақша ақшаны жасайтын инвестицияны қарастырамыз.  

Осы сайт Сіздерді инвестициялау құралдарын ақшаны тікелей одан да көп ақшаға аудару үшін пайдалану өнерін танып–білуге үйретеді деген үміттеміз, және бұл сиқырлық күші емес.  

Кәсіби  тілмен айтар болсақ, инвестициялау  – бұл капиталды шаруашылық қызметінің қандай да бір саласына тиімді салу болып табылады.  

Қаржыландыру  жне инвестициялау түсініктерін шатастыруға болмайды. Олар өзара байланысты, бірақ бір емес. Егер қаржыландыру мүлікті құрау үшін қаржылық қорларды қалыптастыру және беру болса, инвестициялау оны пайдаланып, капиталға айналдыру болып табылады.

Инвестициялаумен  байланысты көптеген терминдер бар, бұл терминдермен Сөздікте егжей–тегжейлі танысу мүмкіндігі бар.

Инвестициялаудың  түрлеріне келсек, оларды 2 топқа  бөліп қарастыруға болады, ал осы  екі топқа қалғанының бәрі кіреді:

1) Шынайы инвестициялар. Егер нарықтың экономикалық түсінігі туралы айтар болсақ – бұл нарықтың субъектілері арасындағы тауарлар мен ақшаның қозғалысына қатысты өзара келісімге, баламалылыққа және бәсекелестікке негізделген экономикалық қарым–қатынастардың жиынтығы.

Ал қарапайым  түсіндіретін болсақ – бұл тауарлар мен қызметтерді сату арқылы қандай да бір жолдармен табыс (анықтауы бойынша) табатын барлық сатып алушылар мен сатушылар.

Қазіргі заманда таууалар мен қызметтердің түрлерінің саны шексіз болғандықтан, олардың барлығы топтарға және бөлімдерге бөлініп, өздерінше жергілікті нарықты қалыптастырады. Сатып алушы өзінің мүмкіндіктеріне қарай осы нарықтардың кез–келгенін пайдаланып, оның қатысушысы бола алады, ал сатушы көбіне белгілі бір нарықта әрекет етеді.

Инвестициялау тақырыбына оралар болсақ, екі негізгі  түрді бөліп қарастыра аламыз, олар: Шынайы және Қаржылық.

Шынайы  инвестициялар –бұл қандай да бір  тауарлар нарығында инвестициялау.

Нарықтың  барлық түрлерінің арасында негізгілеріне  түсіндірме берейік:

Жылжымайтын мүлік

Қызметтер

Тауарлар

2) Қаржы  инвестициялары. Нарықтың түрі мен сипаттамасына қарамастан, пайда көру мақсатымен капиталды ұзақ мерзімге құю.

"Инвестиция" термині латынның "invest" деген  сөзінен шыққан, оның мәні "салым  жасау" болып табылады. 

Инвестициялауды неден бастау керек?

Қандай  да бір істі бастау үшін АЛДЫМЕН керегі ниет болар. Инвестициялау да осыны қажет етеді.

 Тіпті  аз соманың өзі инвестициялауды  бастауға негіз бола алатынын  ұмытпаған жөн, ал міндеттерді  дұрыс белгілеу және жоспарлы  әрекет әрқашан діттеген нәтижеге  жеткізері сөзсіз.

 Сіз  өзіңізді инвестициялауға дайынмын  деп нақ шешкен уақытыңызда  – инвестициялауға құйғалы отырған  қаражатыңызды бірден басқа қаржыңыздан  бөліп қоюыңыз қажет (басқа  сөзбен айтар болсақ, бұл ақшаның  бар екенін ұмытып, осы ақшаға  ағымдағы капитал ретінде қарамау керек).

 Тек  осылай әрекет еткенде ғана  инвестициялаудан елеулі нәтижеге  қол жеткізуге болады.

 Енді  Сіздің инвестор ретіндегі мүмкіндіктеріңізді  қарастырайық. Сіз қандай соманы  үнемі және бір уақытта инвестициялай  аласыз, бұл үшін Сіз нарықпен  және оның мүмкіндіктерімен танысуыңыз керек.

 Сіздің  ортаңызда көптеген оқиғалар  болып жатыр, нарық өсуде, жаңа  компаниялар ашылып, сатылып жатыр,  миллиондаған тауарлар сатып  алынуда. Дұрыс әрекет етсеңіз,  кез–келген нәрсе инвестициялаудың  нысанына немесе жеріне айналуы мүмкін (ақылмен өлшеп істесеңіз).  Инвестициялаудың барлық жолдарын біліп қана қоймай, ең маңыздысы, сіздің инвестициялауыңыздың мақсатын анықтау керек. Мақсатыңыз кез–келген нәрсе болуы мүмкін: автокөлік, пәтер, демалыс, балаларыңыздың оқуы немесе уайым–қайғысыз қарттық.

 Мақсатыңызды  сандық (ақшалай) мәнге ауыстыру  керек, оған қоса инфляция және  т.б. факторларды да ескеру  қажет. Осы мақсатыңызға жету  үшін Сізге қанша ақша қажет?  Бұл ақшаны қаншалықты мерзімде  табуыңыз керек?

Нарықтар  – қай салаға инвестициялаған дұрыс?!

Алтын, күміс, платина, палладий …

Бүкіл әлемде асыл металдарға салым жасау  өзіңнің жеке жинақтарыңызды инфляциядан  сақтаудың бірден бір тексерілген  жолы болып саналады. Мұндай инвестициялар  әдетте көп табыс әкелмейді, ол жинақтардың сақтандылығын қамтамасыз етеді.

Асыл  металдар сыртқы экономикалық, саяси  және басқа да факторларға тәуелсіз әрқашан қолма–қол, материалды және жоғары өтімді актив болып табылады.

Олардың құнының динамикасы ақырын болса  да, тұрақты өсуімен ерекшеленеді. Біз зергерлік бұйымдарды сатып алу немесе сату туралы әңгіме қозғап отырған жоқпыз – бұл құймалар, тиындар және жекесіздендірілген металл шоттар.

Асыл  металдардың құны бізге танымал  сәндік заттар өнеркәсібіне ғана тәуелді  емес екенін есте сақтау керек, мәселен, күміс көбіне өндірістік құнды шикізат болып табылады, және оның құны өндірістің белгілі бір салаларының дамуы есебінен көтеріліп отырады. Ал алтынның құны доллардың құны түскенде өзгеруі мүмкін, оның басқа валюталардың иелері үшін арзандай түсуі себебінен көбіне сұраныстың өсуіне алып келеді.

Дегенмен, асыл металдарға инвестициялау туралы сөз болғанда біз, ең алдымен, алтынды  еске аламыз, өйткені алтын –  бұл өндірісте де пайдаланылатын, инвесторлар да инфляциядан хедж құралы ретінде пайдаланатын, американдық валютаны әлсіретуден хедж ретінде пайдаланылатын әмбебап металл және қаржылық дүмпулер кезінде «тыныш арал» ретінде қызмет етеді.

Металл  шотты ашу үшін не қажет?

Металл  шотты ашу үшін Банкке келесі құжаттарды тапсыру қажет:

- Жеке  куәлік,

- СТН  көшірмесі 

және  Металл шот шартына қол қою  керек.

Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары