Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:58, курсовая работа

Описание работы

Табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын,
сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Содержание

Мазмұны.
І. Кәсіпорынның табысы мәні мен маңызы.
1.1.Кәсіпорыннын табысы, оныц мәні мен маңызы........................................
1.2.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау.doc

— 134.00 Кб (Скачать)

     Әрине, қандай бір жақсы жасалған жоспар болса да оның құрамында түсініксіз элементтер мен қателіктер болуы мүмкін. Сондықтан жоспар өндірістік жағдайларға икемді болуы қажет. Жоспардың икемді болуы күтілмеген жағдайлардағы жоғалтулар мен кері факторлардың әсерін төмендетеді. Бейімділік (икемділік) қағидасы деп жоспардың бағытын өндірістік жағдайларға байланысты өзгерте алу мүмкіндігін айтады. Мұндай жағдайда тәуекелділікке байланысты шығындар да аз болады. Икемділік қағидасы белгілі бір оның шектеріне байланысты жүзеге асырылады:

  1. жоспарға толық сенімділік болмай шешім қабылдау көзжұмбайлылық деп атауға болады;
  2. жоспар өте қымбат болса шығындарды азайту үшін икемді жоспарға өтуді қамтамасыз етуге болады;
  3. жоспарды орындау кезінде оның икемді болуы көп қиыншылықтарға әкеліп соғатын болса, онда икемділік қағидасы өз мағынасын жояды.

     Өндірісте кездесетін өзгерістерге жоспарға түзетулер  мен толықтырулар енгізіледі:

     Жоспардың ұтымды варианттарын (жолдарын) анықтау қағидасы үш бағытта жүргізіледі:

  1. күрделі қаржының ең тиімді варианттарын анықтау, перспективалы жоспардың негізгі көрсеткішіне күрделі қаржының құрылымы мен көлемі жататын жағдайда;
  2. өндіріс үшін тиімді құрал-жабдықтардың ұтымды варианттарын анықтап алу;
  3. сатылып алынатын шикізат пен материалдардың көлемі кәсіпорынның өнім көлемін арттыратын жағдайда.
 

     7.2. Жоспарлау элементтері мен кезеңдері

     Кәсіпорынның (фирманың) ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  1. болжау;
  2. мақсатты анықтау (міндет қоя білу);
  3. жоспарға түзету енгізу;
  4. бюджетті құрау;
  5. жоспарды нақтылау.

     Болжау. Болжаудың құралына жеке салалардағы экономиканы, жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады. Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды. Болжау - фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.

     Міндеттерді қоя білу. Болжау жасаудың негізінде жалпы міндеттер анықталады. Олардың жуық уақыттары белгіленеді. Ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері анықталады.

     Жоспарды  түзету. Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдеріне түзетулер енгізіледі, бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.

     Бюджетті  құрау. Бюджет дегеніміз - ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралдық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады. Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, кассалық бюджет және тағы басқалар. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.

     Жоспарға  түзету енгізу және оны нақтылау. Жоспарға түзетулер енгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады. Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақтылы келіп түсуіне байланысты енгізіледі. Түзетулер енгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді. Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстың мөлшеріне де байланысты болады.

     Жоспарлаудың  кезеңдері: Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:

  1. стратегиялық мәселелерді талдау;
  2. кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау;
  3. дамудың ұтымды вариантын таңдау.

     Бірінші кезеңде кәсіпорын жұмыс істейтін нарық талданады. Талдау екі жақты болады:

  1. нарықтық ортада кәсіпорын қызметінің оңтайлы сәттерін ойластыруы керек;
  2. нарықтық ортадағы кәсіпорын қызметінің кемшіліктері қарастырылады.

     Кәсіпорын нарықта өз орнын табу кезінде әр түрлі кездейсоқ проблемаларды кездестіруі мүмкін: тұтынушылардың талабының өзгеруі, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің енгізілуі, нарықтың өзгеруі және бәсекелестердің стратегиясының өзгеруі, қаржы қиыншылықтары тууы мүмкін. Осы мәселелерді шешкеннен кейін келесі кезеңге өтуге болады.

     Екінші  кезеңде кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары жөнінде каталог жасалынады. Бұл каталогқа нарықтық орта жөніндегі өзгерістер енгізіледі. Осы каталогтың көмегімен қол жеткізуге болатын мақсаттар анықталынады.

     Үшінші  кезеңде жасалынған каталогтың негізінде кәсіпорынның дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады:

  1. кәсіпорынның нарықтағы орны;
  2. кәсіпорынның қайсы сала мен шаруашылық секторына жататындығы;

     3) өндірістік бағдарламаның ассортименттік құрылымы. 
Бүл кезең ең күрделі кезеңге жатады. Себебі алдыңғы екі кезеңнің ақпараттары негізінде талдау жасалынып, кәсіпорынның дамуының ұтымды варианты анықталады.

     7.3. Жоспарлау түрлері

     Жоспарлаудың  үш түрі бар:

  1. ұзақ мерзімдік жоспарлау;
  2. орташа мерзімдік жоспарлау;
  3. қысқа мерзімдік жоспарлау.

 

      Жоспарлаулардың негізгі мақсаттарына мынадай көрсеткіштерді анықтау жатады:

  1. сату көлемі;
  2. тауарлық масса;
  3. табыс;
  4. кәсіпорынның нарықтағы үлесі.

     Әлемдік тәжірибеде ұзақ мерзімдік жоспарлау кең қолданылады және оның құрамына орташа және қысқа мерзімдік жоспарлар кіреді. Жапонияда компаниялардың 70-80% ұзақ мерзімдік жоспарлаумен айналысады. Ұзақ мерзімдік жоспар үш жылдық және бес жылдық мерзімге жасалады. Ұзақ мерзімдік жоспарда компанияның, кәсіпорынның ұзақ уақыттағы стратегиялық мақсаттары анықталады және оны компанияның басшылары дайындайды. Бұл жоспарда өндірістің кеңею варианттары, шығындардың азаюы, табысты арттыру жолдары қарастырылады.

     Орта  мерзімдік жоспар ұзақ мерзімдік жоспарға қарағанда нақты мақсаттар мен сандық сипаттамалар берумен ерекшеленеді. Бұл жоспар екі немесе үш жылға жасалады. Орта мерзімдік жоспарда ресурстарды бөлу негізгі орын алады. Орта мерзімдік жоспар үш кезеңнен тұрады.

     1-кезеңде  әрбір бөлімше өзінің мәліметтері негізінде дамудың болжамын жасайды.

     2-кезеңде болжамдар салыстырылады және олардың арасындағы айырмашылықтар анықталынады.

     3-кезеңде  дамудың жалпы сценарийі дайындалып, ол жоғары басшыларға ұсынылады.

     Қысқа мерзімдік жоспар бір жылға, жарты жылға, бір айға әзірленеді. Бір жылдық жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

     а) өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау;

     ә)      материалдық-техникалық жабдықтау жоспары;

     б) күрделі қаржыны жоспарлау;

     в) еңбекақы мен мамандарды жоспарлау;

     г) толық өзіндік құн, табыс пен табыстылықты жоспарлау;

     д) қаржыны жоспарлау және тағы басқалар.

     3-бөлім.  Кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығы мен  іскерлік белсенділігін  арттыру.

     3.1. Кәсіпорынның  жұмысын  ұйымдастыруына байланысты  болатын ішкі және сыртқы факторлар. 

       «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау»  кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігі қанағаттандыратындықтай.

     Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің  мүмкін болатын деңгейінде төлем  қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [31]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

     Ішкі  факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын  ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

     Кәсіпорынның  өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен  тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің  тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                    

     Қаржылық  тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

     Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.                                                                                  

     Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, соны-мен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. 

       Және де бұл жерде кәсіпорынның  төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.                                                                                     

     Жоғарыда  айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай  ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                             
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                                          
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                           
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;                                                                                 
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

     Сыртқы  факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда  үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.   

Информация о работе Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау