Автор: l*********@mail.ru, 24 Ноября 2011 в 22:58, доклад
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың
материалдық элементтерінің бір
бөлігі (шикізат, материалдар) өндірілген
өнімге өз құнын көшіре отырып, оның
материалдық субстанциясын (алғашқы
негізін) жасайды, ал басқа бөлігі (отын)
тек өз құнын көшіреді, бірақ сол
субстанцияны (зат негізін) жасауға
қатыспайды. Айналым капиталының
шикізат пен материалдар
Қолданыстағы айналым капиталының мөлшері
өндіріс көлемі мен айналым уақыты арқылы
анықталады. Ауыспалы айналым процесінде
капитал құнының бір бөлігі өндірістік
айналым капиталының материалдық қоры
түрінде болады. Егер капитал айналымы
бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап
қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер
айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға
мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда,
керісінше, айналым капиталы құнының бір
бөлігін босатуға мүмкіндік туады.
Негізгі капиталдың қорлануы мен өндірістің
өсуі өндіріске қажетті қорларды көбейтуді
қажет етеді. Мұны жүзеге асыру үшін таза
пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру
немесе несие алуға тура келеді. Егер айналым
капиталының кейбір элементтерінің бағасы
өссе, кәсіпкерлер нақты өнім көлемін
бұрынғы деңгейде сақтау үшін қосымша
қаржы жұмсауы керек.[1]