Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:02, реферат
Нарықтық экономикаға көшумен қатар «инвестиция» , «инвестициялық қызмет нысандары» деген санаттарға түсініктер мазмұны кеңейе түсті. Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестиция құрамы жағынан негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция тиімді.
1) Инвестицияның мәнінің жалпы түсінігі және қызметі
2) Инвестиция құрамы
3) Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
2) Инвестиция құрамы
3) Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
Нарықтық экономикаға көшумен қатар «инвестиция» , «инвестициялық қызмет нысандары» деген санаттарға түсініктер мазмұны кеңейе түсті. Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестиция құрамы жағынан негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты болдырмайды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғаз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін аттырады. Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік несие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.
Инвестициялар
деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына
және өндірістің басқа да салаларындағы
шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни
капитал түрінде салынып ол шаруашылықты
әрі қарай өркендетіп дамыту үшін
жұмсалынатын шығындардың жиынтығын
айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі
күні қолда бар ақшаны, мүлікті
және басқа да заттарды , яғни капиталды
қандай да бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы
уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс
табу болып табылады. Бұл жоғарыда
айтылған процеспен екі фактор байланысты
болып келеді. Оның біріншісі –
уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен
қатар инвестиция экономикалық өсудің
негізі бола отырып , елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен
қатар инвестиция экономикалық дамудың
жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың
, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың
маңызды факторы болып
Инвестицияның күрделі қаржыдан
өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат
тек материалдық активтерге ғана
салынбайды, қаржылық және бейматериалдық
активтерге де салынады. Инвестиция қаржы
институттары, инновациялық және әлеуметтік
сала арқылы тікелей де, жанамалай
да салынады. Инвестиция өзінің құрамы
жағынан біртекті емес, инвестициялау
нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі
капиталдың ұдайы өндірісіндегі
мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне
қарай негізгі капиталға
ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995 ж. 1,5%-дан 2000 ж. 38,6%-ға артты. 2000 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 – 99 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы, Оңтүстік Кореяның үлесі – 15,4%, Ұлыбританияның үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы қарызы шекті өркениетті шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемл. және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемінің 25,5%-ы ғана болды. Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт көлеміне қатынасы ретінде 2000 ж. 32,6% болды. 2000 ж. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдарының дамымағандығында. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі (МБҚР) бағалы қағаздар рыногінің неғұрлым серпінді түрде дамып келе жатқан буыны болып табылады. Мұндай қағаздардың ең маңыздылары: мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МҚМ), олардың айналыс мерзімдері 3, 6, 12, 24 айдан 10 жылға дейін, Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ), Мемлекеттік индекстелетін қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ), Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер (МЕАКАМ), Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (АВМЕАКАМ), Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ); ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО), Ұлттық банктің ноталары, муниципалдық құнды қағаздар.
Республиканың
әлеуметтік – экономикалық дамуын
басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне
көшу осы процестің басты
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау
кезеңінде әлеуметтік – экономикалық
дамудың орта мерзімді бағдарламасы
мен оны макроэкономикалық
- инвестициялық қызметті
қамтамасыз етудің заң
- жеңілдіктер мен артықшылықтар
жүйесін белгілеу (мемлекетті сол
немесе басқа кәсіпорындар мен
ұйымдарға олардың қызметіне
қолайлы жағдайлар жасау
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда
тікелей инвестицияларды
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Ал инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды.