Инвестицияның мәні және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 11:59, реферат

Описание работы

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке,ауылшаруашылығына,құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары—мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Работа содержит 1 файл

Инвестициялардың маңызы.docx

— 27.25 Кб (Скачать)

  Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері

Инвестициялар-кәсіпкерлік қызметінің және нәтиежесінде пайда құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке,ауылшаруашылығына,құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары—мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда инвестор,өзінің өндірістік капиталының көлемін—өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады.Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

 Сонымен қатар,инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» заңы бойынша инвестициялар—республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициядан басқа барлық инвестиция түрлері.

Жанама инвестициялар—қоржындағы инвестициялар,басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері.Әр бір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады,яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжрибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

—табиғи активтерге инвестициялар;

—ақша активтеріне инвестициялар;

—материалдық емес активтерге инвестициялар;

Табиғи активтерге —өндірістік ғимараттармен құрылымдар,қызмет уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналармен жабдықтар және өндіріс процессінде қолданылатын басұа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне—басқа да жеке тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы,банкіде—депозиттер,облигациялар акциялар,несиелер қарыздар кепілдіктер.т.б.

Материалдық емес активтерге—фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы,сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу,өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу,өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

  Тиімділікті арыттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты-жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

 Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар.Негізгі мақсаты—өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

  Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар.Жаңа өнімдер,тауарлар шығара латын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

  Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестицилар.

Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар,өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.

Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты.Инвестициялардың түрлерімен тәукелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген:

Кәсіпорындардың өндірістік—шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік—эконмикалық потенциялын сақтау және әр қарай дамыту.Кәсіп орындардың бұл саладағы іс-әрекеті—инвестициялық іс-әрекет деп аталады.Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы» бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар(инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар,сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар(банкілер,қамсыздандыру ұйымдары,инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процесстің қатысушылары жатады.Тапсырыс берушілерге—инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаның іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар « Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» заңдармен және де «Банкорттық жайлы», «Бағалы қағаздар нарығы жайлы» , « Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар форамасын қабылдайды.Инвестициялық жоба-капиталдарды ұлғайту мақсатпен экономиканың әр-түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

- Инвестициялық ұғымды қалыптастыру;

- Инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;

- Жобаны техникалық- экономикалық негіздеу;

- Жер учаскесін алу немесе жолға алу;

- Келісім құжаттарын дайындау;

- Құрылыс- монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;

- Объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестиция - өндірістегі құрал – жабдықтардың қолддануына, материалдық заттарды көбейтуге, эонгомикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар.

Инвестиция екі бағытта пайдаланылады:

1. нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау.

2. Қаржылық инвеситиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау құрылымы бойынша.

1. Жалпы инвестициялар – жаңа негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшер.

2. Таза инвестициялар – ауыстырылған негізгі капиталдан аммортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал.

Инвестициялау нышандары бойынша.

1. Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын инвестициялар ғимарат құрылыстары, ірі көлемді құрылыстар, құрал – жабдықтар үшін.

2. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

3. Сақтық қор инвестициялар.

Субъектілер бойынша – мемлектетік жекеменшік және сыртқы кәсіпкерлік инвестициялардың екі түрі болады:

1. Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарды инвес тициялау.

2. Портфелдік инвестициялар – пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация және басқа құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсалған инвестициялары.

Инвестиция мөлшері объективті және субъективті факторларға байланысты.

Объективті факторларға – жататындар: табыс, пайыз нормасы, өнім шүығарудың деңгейінің өзгеруі, пайда және капитал қоры.

Субъективті факторларға кәсіпкердің инвестициялауға бейімділігі, ынтасы т.б. қасиеттері.

Глоссарий №1

 

Экономикалық заңдар-экономикалық процестер мен құбылыстардағы тұрақты болып қала беретін, берік орын алатын объективті өзара тәуешлділіктер мен себепті – салдарлы байланыстар.

Акция – бағалы қағаз, акционерлік қоғамға қатыстылығын анықтайды, және пайдадан өз үлесін алатындығын куәландырады.

Бәсеке – нарықты реттеуші күш.

Пайда – кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші.

Қаржы – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.

Салық – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік жүргізіп отырған заңының негізінде міндетті түрде төленетін төлемдер.

Акционерлік қоғам - кәсіпорын түрі, жарғылық қоры акция шығарып, оны сату арқылы салымдарын біріктіру нәтижесінде құралады.

Аванс – алдағы төлем дердің есебінен берілетін ақшалай сома немесе басқадай мүліктік құндылық.

Ақша – тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама ролін атқаратын, кез келген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.

Инфляция – тұтынушы салыстырғанда артық ақшаның бір бөлігін алу жолымен айналыстағы ақша массасын азайту.

Банкнот – эмисиялық банктер айналысқа шығарған ақша билеттері.

Несие – қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне құрылған.

Банк – ақша қаражатын жұмылдыру және оны несие түрінде орналастыру, сонымен қатар, банк заңдарына сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін жаратылған ұжым.

Пайыз – бұл ақша капиталы үшін төленетін ақы, оны негізінен несие және банкке салынған ақша бойынша төленетін пайыз деп түсіну керек.

Еңбек – адамның өзіне қажетті игіліктерді өндіру үшін жұмсалған дене және ақыл – ой энергиясы.

Айырбас – бір өнімнің басқа екінші өнімге алмастырылу процесі.

Тұтыну – адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалған игіліктерді пайдалану болып табылады.

Өндіріс – барлық игіліктерді шығару процесі, әдепкі баспалдағы, тұтқасы мен тірегі.

Биржа – стандарталған тауарлардың көтерме сауда нарығын немесе валюталарды, бағалы қағаздарды және жұмыс күшін сатып алу – сату жөніндегі операциялар нарығын айтады.

Сұраныс – белгілі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.

Ұсыныс – тауар өндірушінің сатуға нарыққа шығарған тауар саны.

Инвестиция - өндірістегі құрал – жабдықтардың қорлануына, материалдық заттарды көбейтуге, экономикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар.

 

 

 

 


Информация о работе Инвестицияның мәні және оның түрлері