Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 18:18, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.[5; 97-99]
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.
Дамушы мемлекеттердегі
Көптеген
елдерде инвестициялық
Инвестицияның түрлері
мен есептеу әдістері
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.
Пайданың
жай нормасына негіз болатыны
пайдалану жөніндегі
1)
Жалпы пайда немесе салық
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.
Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.
Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:
КС = БСх(п + г), мұндағы -
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;
г - процент төлемі немесе табыс нормасы;
п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[17;168]
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.
Сөйтіп,
инвестициялар - Қазақстан экономикасының
қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.
2.2 Қазақстан
Республикасындағы инвестициялық қызметті
реформалау заңдары
Қазіргі
кезде Кдзақстан
Қазақстан
Геологиялық
ізденіс жұмыстарына
Қазақстан
Республикасының үкіметі
Екінші
жағынан бүгінгі күні жоғары косымша
құны бар және өңдеуші салаларды
жақсартуға барынша күш салу қажет.
Осы мақсаттарды үкімет "Инвестициялар
туралы" заң жобасын дайындады.
Заң жобасының басты мақсаты экономикада
отандық және шетел инвесторларының құқықтары
мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан
Республикада жасалған инвестицияларға
қатысты мемлекеттік кепілдіктерді болашақта
ұлттық экономиканы реформалау кезіңде
инвесторлар
мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде
үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының
6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел
инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды
экономикалық іс-әрекет субъектілерінің
тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні
сөзсіз.[19;28]
Инвестициялық
хал-ахуалды нашарлатпау
Одан басқа Қазақстан Республикада "Жер койнауы мен оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер арасында табиғи ресурстарды тиімді және кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.
Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.
Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:
1)
инвестициялық жобаның
экономиканың басты
2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық заң тұлғасының негізгі қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.
Инвестщиялық
жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін
инвестиция бойынша Қазақстан Республика
агентігін келесідей
-
натуралды мемлекеттік
-
келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге
жер мен мүлік салығынан
- салық алына бастайтын табыс алу кезінен 5 жылға табыс салығынан босату;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты кезііще кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір бөлігінен босату.
Салықтық жеңілдіктер беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.
Мемлекеттік натуралды гранттарға:
1)
негізгі қорлар — жер
2)
бейматериалды активтер-
3) өндірістік қорлар, аяқталмаған құрылыс, салықтар, дайын өнім.
Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.
Бұл
жағдай инвестициялық саясат аясында
интеграция процестері мен әлемдік
нарыққа шығумен байланысты шараларды
жүзеге асыруын талап етелі. Машина
жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп
Реформалардың
бастапқы кезеңіндегі болашақ
Осыған байланысты отаңдық қор нарығын дамытудың басты бағыттарына ішкі инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту болып табылады.
Зейнет ақы жүйесін реформалау негізінде зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде олардың активтері 530 млн. АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.
Корпоративті бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра алады. Бүгінде шетел банктерінде ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы қажет.
2000 жылы сақтадыру компаниялары тарапынан экономикалық нақты секторымен бағалы қағаздарға , инвестиция көлемі 300 млн. АҚШ доллар құрады.
Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік барын мәлімдеді.
Қазіргі
кезде Қазақстаңда шикізат
Реформалар жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.
Жыл сайын тартылатын тікелей шетел инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.
АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.
Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
1994
жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық
іс-әрекетті реттейтіи заң
Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.
Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады.[19;26]
Жаңа жағдай заң негіздерін жетілдіру етеді. "Инвестициялар туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.
Жаңа инвестициялық саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін жоғарлату маңызды орын алуда.
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетті реттеудің тиімділігін жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі.
Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен жаңарту мақсатында негізгі қорға инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген сомаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.
Қазақстан
Республикада инвестициялық іс-әрекетті
реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер
мен толықтырулар, оны белсенді жүргізілуі
ықпал етеді.
2.3
2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті
қаржыландыру ресурстарына талдау
Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. [Қосымша Б] Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық қарсылық көрсетіп бақты. [8;38]
Қазақстанның тағы бір ерекшелігі – географиялық құрылымдық жағдайы мұхиттармен шектеспейді. Соның кесірінен, шикізат пен өнеркәсіп тауарларын шетке шығару немесе шетелден әкелу әжептәуір шығындар мен жоғарыкәсіби дипломатиялық келіссөздерге қажет. Мәселен, Түркістанда зират арқылы өтетін болғандықтан мұнай-газ құбырын жүргізуге жергілікті тұрғындар қарсылық білдіріп, ойланғандарын іске астыртпай тастады. Кейбір мемлекеттір өз аумағындағы құбырдан өтіп жатқан мұнайды заңсыз жолмен бұрып та алады екен.. Әдейі жарып жіберетіндері де табылады. Халықаралық келісім бойынша, Қазақстан аумағы мұхитпен шектеспейтін болғандықтан халықаралық ұйым біздің елге өтемақы төлейді. Әлемдегі кез-келген дамыған елдердің барлығы да мұхиттармен шектеседі. Ондай мемлекеттедің әртүрлі тауар таситын үлкен танкерлері балады. Халықаралық келісім бойынша, бейтарап зона белгіленіп қойылады. Ол белгілетен бейтарап зонамен кез-келген мемлекеттің кемелері ешқандай ақы төлемей өздерінің жалауларын желбіретіп жүзе беруге хақы бар. Мәселен, күншығыс елінен танкир шықсын, араб мемлекеттеріне барарда өзіне өнеркәсіп тауарларын толтырып тиеп алады да, қайтар кезінде мұнай шикізатымен елінее оралады. Кедергісіз әрі шығыны аз. Оларды шекарада құрлықтағыдай ешкім ұстап, тексеріп жатпайды.
«Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық корпарациясын бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы аты « Испат - Кармет»). Түсінікті болу үшін бұрынғы атымен атай берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал. Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен саналады, оның жеке байлығының мөлшері 20 миллиард доллардан асып жығылады. FогВes журналы Лакшами Митталды Еуропада саясат пен экономикаға өз ықпалын жүргізетінін жазған. Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша, Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны. Еуропа құрылығындағы ең ірілердің қатарына жататын Румыниядағы болат қорытатын зауытқа да оның ықпалы бар көрінеді. Лакшами Миттал 1995 жылдан бастап Испат-Кармет иесі. «Еconоlust Сrоuр» мәліметі бойынша, ол Қарағандыдағы болат қорытатын зауытты 400 миллион долларға сатып алған екен. Енді «Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп жатқан «Испат-Кармет» ел экономикасына не берді, қандай мөлшерде инвестиция құйды? деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі «Испат-Кармет» әлемдегі ірі деген болат қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион тонна болат береді. Өндірілген өнімнің 96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне жөнелітіледі екен. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша, «Испат-Кармет» 1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің бюджетіне 552 миллион доллар төлеген. Ал, одан басқа 630 миллион доллар көлемінде зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы бойынша, «Испат-Кармет» Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 млрд. доллар құраса, демек оның 10% 3 миллард 750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшами Миттал 1 миллиард долларды зауыттың техналогиясын жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуды жоспарлап отыр екен. Енді «Испат-Кармет» 1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары бар Қарағанды облысын 6-7 жылдың ішінде аяғынан тік тұрғызып қана қоймай, республикалық бюджетке де көп мөлшерде салық төлеуде. Мемлекеттік мудде жағынан қарағанда, Лакшами Миттал секілді инвесторлар мемлекетке қаржы-экономика жағынан өте тиімді. Қазақстанда тұратын және шетелде тұратьш қалталы қазақтардың қайсысы отанымыздың экономикасына инвестиция кұйыпты? Жеңіл жолмен тапқан ақшаларын супер-маркет пен козинолар, базарлар, сауна салудан әрі бармайды. Біздің қалталыларымыз бір күндік қарын тоқтығын ойлайды. Дана бабаларымыз айтпақшы «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без». [14;15]
Инвестицияларды кейде капиталды салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс - монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құны енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы "юридикалық тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы" түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:
Инвестицияны тар мағынадағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтканда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес өйткені ақшаның құндылығын ицфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс акелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвсстиция деп - пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және тағы басқалары) мүлік, жерді пайдалану құқығы. табиғи ресурстар, мүліктін құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны "тірі және затталған еңбектің өндірістін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда косымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі". М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезендегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.
2005
жылы Қазақстан
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2003 жылғымен салыстырғанда 10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % , 2006 жылы 33,0%) өсті.
2003
жылдың деңгейіне қарағанда
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған басқа
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Кең
өндіру өнеркәсібінде негізгі
Өңдеу
өнеркәсібі салалары арасында металлургия
өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Білім
беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық
белсенділік денгейі әлі төмен
қалпында. Бұл салалардың негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
2004
- 2005 жылдары негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар көп
жағынан шетелдік қаржыландыру
көздерін тарту есебінен
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар құрылымындағы өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.[18;16-19]
Қазақстан Респулликасының
инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында кездесетін мәселелер
Инестициялық саясатта кездесетін мәселелердің бірі: Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстан тарихында балмаған ірі ұтылыс» деген мақала Караван газетінде жарық көрді.
«На этой неделе руководитель одиой из нацкампаний оставил в Алматинском казиио 430 тысяч долларов» деп жазыпты газет. Инвесторлар сияқты миллиардтаған қаржы салатын шетелде тұратын немесе Қазақстанда тұратын отандастарымыздың ішінде Қазақстан экономикасының өркендеуіне ықпал ете алатындай бай адамдар бар ма ? Жоқ қой. Бұл шыңдық. Біздің жас түркілердің де қалай байығанын білеміз. Әкелерінен қалған байлығы жоқ екенін, бесіктегі ана сүтін еметін баладан бастап, пайғамбар жасынан асқан кәріге дейін біледі. Мысалы, өнеркәсібі дамымай мешеулеп қалған, экалогиясы құрып біткен Қызылорда облысына Канададан келген «Харрикейн-Құмкөл» (қазіргі аты Рetro Kаzакshan) кампаниясы облыстық бюджетке ақша құймаса не болар еді? Мәселен, «Испат-Кармет» пен Харрикейнді жас түрік пен бұрынғы бір партократ алсын-ақ дейік. Екі облыста да бұрынғы байланыстың үзілуі кесірінен кәсіпорындар тоқтап жатты, он мыңдаған адамдар жұмыссыз ақшасыз қалды. Облыстардың қарыздары шаш-етектен, ол тіпті, жылдан-жылға өсе түсті. Соның кесірінен бюджетке салық түспей қойды. Қарағанды облысында 1 млн 400 мыңдай, Қызылорда облысында 603,8 мыңдай халық бар. Президенттің алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Қалайда жаңа жүйеге көшіп, осы тығырықтан өте қысқа мерзімде шығып кетуді көздеді. Ол ушін екі облысқа тек қана инвестиция — шетелдің капиталы ауадай қажет еді. Бұл кезінде өте дұрыс қабылданған шешім екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе?
Әлгі екі облыстағы компанияны қазіргі жағдайға жеткізу үшін , енді оған миллиардтаған ақша, жаңа көзқарас, жаңа менеджмент, озық техналогиялар керек емес пе? Оған миллиардтаған қаржыны қайдан алады ? Біреуі өзміздің коммерциялық банктен алса, екіншісі облыстағы банктен алуы керек. Өздерінде сонша ақшаның жоқ екені рас қой. Өзіміздегі банктен ақша алғанан гөрі мемлекетке шетелден өзімен бірге ақша алып келген капиталистер тиімді емес пе? Алғашқы жылдары біздің банктерде ондай қаржы жоқтың қасы еді. Қазақстанға ірі қаржының екі-ақ рет түскенің білемін:
1.Елбасы
қаржыға амнистия
2. Гиппер инфляция кезінде
Сондықтан мемлекеттік мүддені бірінші орынға. қойып, барды бар, жоқты жоқ дегенміз жөн шығар.
Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отатрып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде ннвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде "әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатер қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-әуқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптей көруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" кәсіпорны мен Өзен әкімшілігі арасында 2004—2006 жылдарға арналған екіжақты келісімшарттың негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықтальгп, іске асырылып жатыр. Яғни инвестициялардың тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылы-ғын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше.[7;14]
Әлеуметтік жобалар тез кайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды кепілдік беру арқылы, бюджеттен қаржы беру арқылы жүзеге асыру кажет.
Әлеуметтік жобаларды
Сонымен
қатар шетел инвестициясын
үшін, оның қорына қаражат және басқа да
бағалы қағаздар рыногында айналымда
жүрген банкілік акцепттерді, коммерциялық
кағаздарды, тауарлық-
несиелік корпорациялардың брокерлік
карыздары мен куәліктерін, орналастырады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтен табатын кірістері, экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғии мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі төжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыепа-сада, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды.
Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады.
Сонымен,
инвестициялық процесті пайда табу
арқылы әлеуметтік тиімділікке
жеткізетін процесс үрдісінде қарастыру
керек. Инвестциялық іс-әрекетті, оның
тиімділігнше экономикалық факторға кем
әсер етпейтін әлеуметтік факторларды
ескермей жасау мүмкін емес.
Эконамиканың дамуында жақсы қалыптасқан ол инвестициялық саясат. Экономикадағы бағаны ырықтандыру және қайта құру саясатының арқасында пайда болған 136 аса ірі және орташа тауар өндірушілердің біріктіретін индустриялық базаның маңызы зор.
Мәселен, жаңашылдықты пайдалану мақсатында көптеген ірі жоба іске қосылған. Оның ішінде: "Алкан Пэкеджинг" жауапкершілігі шектеулі серіктес (ЖШС), "Райымбек Агро" ЖШС, "САФ" әйнек компаниясы, "Вимпек" спирт зауыты, "Ерка" ЖШС, СП аккумулятор зауыты, "Эфекс Карағанда" Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ), Ақ жол" ЖШС, "Шамалған спирт" ЖШС, "Зеленый дом" ЖШС. "Алтын нан' ЖШС, "Кнауф Гипс Капшағай" ЖШС, ″Қазақстан қағазы" ЖАҚ бәсекеге төтеп беретін ыңғайда толық қуатында жұмыс істеуде. Айталық, қазіргі кезде қайта өндеу кәсіпорындары шығарған өнімнің көлемі ғасыр басындағы мөлшерден еселеп артып отыр.
Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25 шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска да кәсіпорындар оны өндіру бағытында толық қайтарымен жұмыс істеуде. Сол сияқты Казақстан Рсспубликасының Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы бойынша облыстың кластерлік өнімдер өндіру жөніндегі ізденістері де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек, шарап, темекі, сут және құс етін қайта өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже беруде.
Ұлан-байтақ аймаққа орналасқан облыс байлығын тізіп айта берсек, ұзақ-сонар әңгімеге арқау болары анық. Өйткені, өсу көкжиегі сәт сайын кеңейген көптеген басқа да салалар аз емес. Соның бірі балық кәсіпшілігі, балық зауыты, кұрылыс материалдарын өндіру, шағын өзендерде энергетикалық нысандар салу аралығы олардың куатты энергетикалық кешеңдерге баламалық қабілетін күшейту, ірі караның және үй кұстарының еті мен ішек-қарын, тағы басқа мүшелерін қайта өндеу және бұқтыру, сүт, қант, сусын, ұн, кондитерлік бұйымдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын барынша көбейту де күн тәртібінен, уақыт ауанынан түспейтін мәселе.
Ауыл шаруашылығы дегенде, тіл ұшына алдымен ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері оралады. Өйткені, аграрлық кешенде көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта есеппен жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын ″Ақжол" ЖШС іске қосылды. Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике" сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары шығарылуда. Сол сияқты Текелі қаласындағы "Зеленый дом" ЖШС ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.
Облыстың
жеміс-жидек өсірудегі
Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы істер бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты осы жеміс ағашынан жасалатын сапалы жүзім шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының қатарына жатады.
Облыстағы қаржылық саланы дамытудың тағы бір көзі — туризм. Табиғат таңғажайып облыстарымыздың тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл дала мен мәңгі қарлы шындары бар 5 климатық аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз, Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты елді мекендері болған байсын өлкеде қазір Алматы, Алакөл мемлекеттік қорықтары мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи орындар қаншама десеңізші.
Облыс Қытай мен Орталық Азия республикаларының, Ресей мен Қырғыстанның және Тәжікстанның арасындағы қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан әрі әлемнің басқа да елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады. Көліктік логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр.
Инвестиция салымдар құрылысқа жұмсалған қаржының үлсс салмағы басым 61,2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28 пайызын құрайды.
Қазақстанның интеллектуалдық және рухаи потенциалдығын негізі болып саналатын білім жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық - ұйымдастыру тетіктерін жетілліру - мемлекет алдында тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана коймай, бюджеттен тыс қаржылаидыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы орайда инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі үлкен-үлкен коммерциялық компанияларды бұл мәссле бойынша жоспарлары болып олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық процестін даму стратегиясын жасау кажет. Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жүмсаумен жене шаруашылық инвестициясынан түсетін кайтарым мен ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негзігі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицяны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық" кұрылымдарды қатар қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дағдарыстан ептеп құтылуға болады. [Қосымша Д]
Әрине,
экономикалық және әлеуметтік
тиімділіктерді, дегенімен де олардың
нақты қырларын айқындап, нәтижелерін
қадағалап отыру қажет. Сонда ғана инвестициялық
процесс әлеуметтік-экономикалық саланың
құрамдас бөлігі ретінде өз міндеттерін
атқарып отырады.[22;18-19]
ҚОРЫТЫНДЫ
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық
жұмыстың бірінші бөлімінде
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Курстық
жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді
қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін
бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым.
Олардың алатын деңгейімен қаншалықты
екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың
ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар
мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы
мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру
бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А
Сурет
1 Инвестициялардың түрлері
ҚОСЫМША
Б
Сурет
2 Қазақстанға тура шетел инвестицияларының
1993-2005 жылдар аралығында құйылуы
ҚОСЫМША
В
Сурет
3 Қазақстан қалаларына инвестициялардың
құйылуы
ҚОСЫМША
Г
Сурет
4 Қазақстанға шетел
жылдарда
салалар бойынша жұмылдыруы
№ | Мәселелер | Шешу жолдары | Нәтиже |
1 | Қазақстаның экономикасын көтеру. | Қазақстанның экономикасын көтеруде шет мемлекеттердің қасқан үлесін айтуға болады. Шет мемлекеттер инвестицияларының құйылуы, олардың банктерінің берген қарыздарын айтамыз. | Қазақстан экономикасының
тұрақтылығы. Шет мемлекеттер |
2 | Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен салаларын дамыту. | Қазақстан Республикасының қаржы саясатының дұрыс және тиімді басқарылуы. Салық жеңілдіктері және төмен ставкасын орнықтыру. | Осы арқылы салалардың
күрт дамуын көруге болады. Қазақстан
аумағында инвестицияларды |
3 | Әлеуметтік салаларды инвестициялау. | Қазақстанда әлеуметтік қорғаудағы адамдарға көмек беру, кадр мәселелерінің шешілуі, білім берудің жоғарғы сапалығы және тағы басқалары. | Қазақстан тұрғындарының тұрмысының жақсаруы, білім берудің Европалық стандартқа сай келуі, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы. |
ҚОСЫМША
Д
Кесте 1 Қазақстан аумағындағы өзекті мәселелер мен шешілу жолдары