Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:54, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық стратегияның мақсаты – белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғылырды ауыстыру.
Бұл курстық жұмыстың міндеті – бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы компаниясының негізгі мәселелерді негізге ала отырып компания үшін дұрыс және тиімді стратегия құру, инвестициялық тарту көздерін қалыптастыру, оның орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ
ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.................................................4
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны...............................................4
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері........................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР....................................................................................................... 15
2.1 Қазақстан республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясындағы кездесетін негізгі мәселелер................................................15
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптастыру ерекшеліктері..................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................25

Работа содержит 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ.docx

— 69.98 Кб (Скачать)

-  стратегиялық инвестормен  ары қарай қатынас  жасау барысында  саланың пісіп-жетілуі  мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы  мәселелер міндетті  түрде  қозғалады  және  бұған алдын ала дайындалу керек;

- егер кәсіпорынның  басқарушылары  талдауға назар  аудармаса, онда стратегиялық инвестор  бұл жұмысты  өзі атқарып,  оң нәтижелерге  келмеуі мүмкін. 

Жобаның  көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте  кейбір жалпы  сызбаға  сәйкес  келеді,  ол жобаның  коммерциялық, техникалық, қаржылық,  экономикалық және институционалдық  орындалуын  бағалайтын  арнайы бөлімшелерден  тұрады.  Стратегиялық  инвестордың көзқарасы бойынша,  дұрыс  жоба тәуекелді  талдаумен  аяқталуы керек.  Сызбада қолданылатын «жоба  қолданбайды» революциясы  шарттық сипатта болатынын  атап  өткен  жөн.  Шындығында да жоба бастапқы  қалпымен  қабылданбауы  қажет. Сонымен қатар  жобаның түрі,  мысалы, оның  техникалық орындалмауы  жағынан өзгеруі  мүмкін  және  жаңартылған жобаны талдау  басынан  басталуы керек.

Қағида бойынша,  маркетингтік талдаудың  мәні екі қарапайым  сұрақтың жауабына байланысты:

1.Жобаны іске асыру   нәтижесі  болып табылатын өнімді  сата аламыз ба?

         2.Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті  көлемде пайда көре аламыз ба?

Соңғы жылдардың  статистикалық  мәліметтері бойынша,  үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа  ұшырауының  дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі- маркетингтің  жеткілікті болмауында.

          Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:

1.Жоба  қандай нарыққа  фокусталған? Халықаралық нарық  па немесе ішкі нарық па?

2.Жоба  халықаралық   нарық пен ішкі нарық  арсындағы  балансты ойластырама?

3.Егер жоба халықаралық  нарыққа бағытталған болса, онда  оның мақсаты мемлекеттің саяси  қағидалық шешімімен сәйкес келе  ме?

4.Егер жоба ішкі нарыққа  фокусталған  болса,  онда  оның  мақсаттары  мемлекеттің ішкі  саясатыны жауап бере ме?

5.Егер жоба мемлекеттің  саясатымен  сәйкес келмейтін  болса, онда оны ары  қарай   қарастыру керек пе?

  Инвестициялық жобаны  техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

1.жоба мақсаттарының   көзқарастарына  неғұрлым  сәйкес  келетін технологияларды анықтау;

2.жергілікті жағдайларды  талдау, оның ішінде шикізатқа,  энергияға, жұмыс күшіне қол  жеткізуді  және оның құнын;

3.жобаның іске асуы  мен жоспарлаудың потенциалды   мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның  жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру  арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.

Инвестициялық  жобаның  қаржылық талдау бөлімінде  көлемді  және  еңбек  сыйымдылығы  жоғары.  Бұл мәселені  түпкілікті  қарастыруға  жекелеген тауарлар арналады. Инвестициялық  жобалаудың  қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

1.Кәсіпорын қызметінің  соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық  жағдайына талдау жасау.

2.Инвестициялық  жобаны  дайындау  кезеңіндегі кәсіпорынның  қаржылық жағдайына талдау жасау.

3.Негізгі өнім өндірісінің  залалсыздығына талдау жасау.

4.Инвестициялық жобаны  жүзеге асыру  барысындағы   пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

5.Инвестициялық жобаның  тиімділік  бағасы.

Кәсіпорынның бұдан бұрынғы  қызметі  мен ағымдағы  жағдайына  қаржылық  талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның

басқару тиімділігін, несие  қабілеттілігін, өтемпаздығын  көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне  келтіріледі. Әдетте бұл  қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде  кәсіпорынның өткен жылдардағы  негізгі қаржылық есебін беру  және негізгі көрсеткіштерді  салыстыру  қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.                   

Шығынсыздықты талдау негізгі  өнімдерді  шығару мен өткізудің  өзіндік құн  құрылымын талдау бойынша жүйелік  жұмыстарды және барлық  шығындарының  айнымалылар  мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.

Жобаның қаржы бөлімінің  неғұрлым жауапкершілігі  мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып  табылады, ол мыналарды қамтиды:

- жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;

- инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;

- инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың  құнын бағалау;

- жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;

- жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Инвестициялық  жобалардың тиімділігін  бағалау әдістері

 

Қазақстан Республикасы  экономикасының дамуы  отандық  және     шет  елдік инвестициялардың   тартылумен  тығыз  байланысты болып  келеді. Инвестицияларды  әр түрлі  қаржы  құралдарын  шығара  отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде  қолға алынды. Оған елдегі қолайлы  инвестициялық   климат өз әсерін тигізуде.  Инвестиция негізінен  екі бағытта  тартылады: бірінші  бағыт несие алу  арқылы, ал екінші  бағыт  бағалы қағаздар  шығарып  сату арқылы.  Инвестициялық  жобаларды  дайындай отырып ссудалық    қаражаттарды биснеске  тарту соңғы  жылдары  Қазақстан банктерінде қолға  алына бастады. Мұндай  инвестициялық  жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз  алушыға  қажетті  сома әрбір аяқталған  жұмыстан кейін  беріледі.  Инвестициялық  жобалар негізінде несие алу  барысында кепіл мүлікті талап  етілмейді. Инвестициялық құралдардың  арасындағы жобалар      арқылы  несие алу экономиканың нағыз  секторларын  дамытуда  болашақта   негізгі   құрал  болатыны  сөзсіз.

Жобалық несиелеу – бұл  халақаралық және  отандық  тәжірибеде  қолданылатын  несиелеудің жаңа  нысаны болып табылады   және  оның дәстүрлі  банктік  несиелеудің  мынандай артықшылықтарын   атап  айтуға  болады:

- инвестициялаудың  стратегиясын  дайындау;

- инвестициялаудың  белгілі-бір  уақытша аясын белгілеу;

- инвестициялық  приоритетті  анықтау;

- баламалы  нұсқаларды  қарастыру;

- инвестицияның  жүзеге асыру  жоспарын дайындау;

- бір уақытта  бірнеше  көздер  арқылы қаржыландыра алу.

Дұрыс  қолданылған инвестициялық  жоба  жалпы ресурстар  көздерін

ұтымды  пайдалану  есебінен  экономикадағы  ресурс  тапшылығын  азайта  алады. Алайда,  жобалық  әдістің өзіне  тән кемшіліктері  де  бар. Ең  алдымен,    бұл   болжаудағы,  есептеулердегі  мүмкін    болатын     қателер, 

сонымен қатар   нарықтағы  әр түрлі  өзгерістер,  инфляция  құбылмалығы,  заңдардың  өзгеруі  сияқты  түрлі факторлар  әсері  жобалық  әдістің  тартымдылығына  тежеу болады. Сонымен қатар, қарыз алушыға  тән  жобалық  несиелеудің мынандай  жағымсыз жақтары  көрініс  береді:

- тәуекелдің жоғарлығына  байланысты несие  бойынша  пайыздың  өсуі  және  комиссиондық  ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін,  жобалық бақылау жүргізгені үшін  алнатын ақы);

- жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық  негіздеме дайындау,  пайдалы қазбаларды  табу жұмыстары,  қоршаған ортаға жобаның  тигізетн зияндары, терең  маркетингтік зерттеулер, т.б.);

- несие алуға  деген өтініш пен оны несиелеу  туралы шешім  қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;

- қарыз  алушының  қызметіне  банк  тарапынан  жүргізілетін                                                                                                                    

- бақылаудың  қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);

- кейбір жағдайдағы  қарыз  алушының  өз  тәуелсіздігін  жоғалтып алу қаупі.

Соңғы  уақыттарда  республикамыздағы  екінші  деңгейдегі  банктер экономика  секторларын  несиелеу  барысында  ұзақ  мерзімді  жобалармен  тығыз  жұмыс  жасауда.  Жобалар  бойынша   экономика  секторларын  несиелеуде  бұл  қазіргі  несиелеу механизмінің өзіндік  ерекшеліктерін сипаттайды.

Жоба – бұл  белгілі-бір  бастапқы  мәліметтері  бар  және  нәтиженің  болуын  талап  ететін  және  оны шешу  тәсілдеріне   негізделетін міндеттерді білдіреді.  Жобалардың  келесідей  түрлері  болады: тұрғын үй  немесе  құрылыс объектісін салу, инвестициялау  портфелін  қалыптастыру,  ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын,  кәсіпорынды  қайта  құру,  жаңа  техника  және  технологиялар  жасау,  кинофильмдер  шығару, 

аймақты  дамыту және т.б.                                                                                                                       

Жобаны  бағалауда   және оның тиімділігін  есептеуде  жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай  талдаудың негізгі  ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып  табылады.  «Өмір сүру циклі» деп  жобаның  пайда болуы мен оның  жойылуы  кезіне  дейінгі уақыт  аралығын айтамыз.  Жалпы  алғанда, жобалық цикл  келесі кезеңдерден  тұрады:

1. инвестициялық шешім  қабылдау;

2. инвестициялау;

3. жаңадан  құрылған  объектілерді  пайдалануға  беру.

Әр кезең   шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты  сатыларға  бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба  жүзеге асырып  жатқан әр  елдің  экономикасының өзіне  тән ерекшеліктері болады.  Екіншіден,  инвестициялық  жобаға   қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер,  жобалық  компаниялар, мердігерлер,  қарыз берушілер  және инвесторлар, т.б.) және әрбір  қатысушының жобалық циклға  деген  көзқарасы  әр түрлі болады.  Мысалы,  инвестициялау  алдындағы  кезең  мынандай  сатылардан  тұрады:

- инвестициялауға  қажетті  қаржы  ресурстарын жинақтау;

- жобаны алдын-ала  дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын  даярлау;

- жобаны жасауды   аяқтау  және оның техникалық  және  қаржылық  тиімділігін  бағалау;

- жоба  бойынша  нақты  шешімдер  қабылдау.

Инвестициялау кезеңі  3 сатыдан  тұрады:

- келісім-шарт  жасау  және теңдер  жұмыстарын ұйымдастыру;

- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;

- құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.

Ал,  ең  соңғы  инвестициялық  объектілерді  пайдалануға  беру кезеңін

қысқаша  түрде   былай  сатылауға болады:

- монтаждау;

- жөндеу;

- өндіріс;

- жобаны аяқтау  және оны пайдалануға беру.

Әрбір кезеңнің  сатыланып  бөлінуінен-ақ  әр кезеңде  жүргізілетін  іс-әрекеттер  рет-ретімен  жүзеге асырылатыны  көрініп тұр.Белгілі-бір  кезеңнің, тіпті бір сатының  жүргізілмеуі  инвестициялық жобаны  дайындау мен  жүргізу процесін  бұзады.

Несие  беруші  мен  қарыз  алушының  жобалық циклға  қатынасы әр түрлі:

1. Жобалы цикл қарыз  алушы  үшін едәуір  ұзақ   уақыт  шеңберінде іске асады,  яғни,  ол  жоба идеясының пайда  болуынан  бастап,  оның аяқталуына  дейінгі  мерзімді  қамтыса,  ал  несие  беруші  үшін жобалық  цикл  қарыз  алушыдан  өтініш   келіп  түскен уақыттан бастап,   қарыз  алушының  несие  және несиелік  шарт  бойынша  барлық  міндеттемелерін  өтеген  уақытқа  дейінгі  мерзімді  қамтиды,  яғни,   банк  үшін  жобалық  цикл  мерзімі  қысқалау.

2. Қарыз  алушы мен  несие  беруші   жобалық циклдың  жекелеген  сатылары   шеңберінде  өздеріне   маңызды  түрлі  кезеңдерді  белгілейді.  Жобаның  мейлінше  үйлесімді   іске  асуы  несие  беруші  мен  қарыз  алушының  жобалық циклдағы бір-бірінің  кезеңдерін  толық  білуіне  байланысты.  Банкке  қарыз  алушының  жобалық  циклін   толық  білу мынандай  мәліметтер  алу  үшін қажет:

- жобаны іске асырудағы  барлық  шығындар мен  түскен  табыстарды  білу үшін;

- жобаны іске асыруда   пайда болатын  тәуекелдерді  анықтау  үшін;

- жобаны  іске асыруда   өз  бақылау  кестесін  құру  үшін[5].

Айта кететін  жайт,  жобалық циклдың   үш  сатыға  бөлінуі  барлық  жобаларға  тән.   Кейбір   банктерде   бұдан   басқа   да    қосымша     сатылар 

болуы мүмкін. Мысалы, ХҚДБ  мамандарының  сараптауы  бойынша   жобалық цикл  мына  кезеңдерден  тұрады:

Информация о работе Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны