Инвестициялық дауларды шешу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 11:53, доклад

Описание работы

Инвестициялық дау дегеніміз – шетел нивестициясына байланысты мемлекет пен шетел заңды және жеке тұлғалары арасында пайда болатын даулар. Инвестициялық дау ұғымы 1965 жылы Вашингтонда қабылданған мемлекет пен шетел тұлғасы арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Конвенциямен ғылыми айналымға енгізілді.
Шетел инвесторларымен дауларды қарау Қазақстан Республикасының күші жойылған “шетелдік инвестициялар туралы” заңына және “мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленетін. Шетел инвестициялары туралы заңға сәйкес даулар 2 санатқа бөлінетін:

Работа содержит 1 файл

Investitsialy_1179_daulardy_sheshu.ppt

— 300.50 Кб (Скачать)

Инвестициялық дауларды  шешу

 

Тексерген: Алимжанова М.Г.

Орындағандар: Ешов А., Қашқынбаев  А., Қанатқызы З., Мұхамбеткалиев  Н., Тойекешов М., Фазылова А., Шайнусипова  Н. 

 

  • Инвестициялық дау дегеніміз – шетел нивестициясына байланысты мемлекет пен шетел заңды және жеке тұлғалары арасында пайда болатын даулар. Инвестициялық дау ұғымы 1965 жылы Вашингтонда қабылданған мемлекет пен шетел тұлғасы арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Конвенциямен ғылыми айналымға енгізілді.
  • Шетел инвесторларымен дауларды қарау Қазақстан Республикасының күші жойылған “шетелдік инвестициялар туралы” заңына және “мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленетін. Шетел инвестициялары туралы заңға сәйкес даулар 2 санатқа бөлінетін:
  • - шетел инвесорлары арасындағы инвестициялық даулары;
  • -шетел инвесторлары мен ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларының арасындағы даулар, яғни инвестициялық дауға жатпайтын даулар.
  • ҚР “Инвестиция туралы” заңының 9 бабына сәйкес инвестициялық даулар келiссөздер жолымен, оның iшiнде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсiлген рәсiмiне сәйкес шешiлуi мүмкiн. Келiссөздер жолымен инвестициялық дауларды шешу мүмкiн болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiм-шарттарымен айқындалатын халықаралық төрелiк соттарда жүргiзiледi. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
  • Егер даулар келіссөздер арқылы бір тараптың екінші тарапқа жазбаша түрде талап білдірген күннен бастап 3 ай ішінде шешілмесе, онда дау кез-келген тараптың таңдауы бойынша шетел инвесторының жазбаша келісімі негізінде ҚР-ның сот органдарына немесе келісімшартта немесе тараптар арасындағы өзге де келісімдерге байланысты арбитраж органдарына жіберіледі.
  • Келесі арбитраж органдарына жүгіне алады:
  • 1) 1965 жылы 18 наурызда Вашингтонда қабылданған мемлекет пен шетел тұлғасы арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Конвенцияға (Конвенция ИКСИД) сәйкес құрылған инвестициялық дауларды реттеудегі халықаралық орталық, егер инвестор елі осы Конвенцияның қатысушысы болса. Егер инвестор елі бұл Конвенцияның қатысушысы болмаса, халықаралық орталықтың қосымша органына;
  • 2) Халықаралық сауда кұқығы туралы (ЮНСИТРАЛ) БҰҰ-ның Комиссиясының арбитраж регламентіне сәйкес бекітілетін арбитраж органдарына;
  • 3) Стокгольмдегі Сауда палатасының арбитражды институтына;
  • Арбитраждың қабылдаған кез-келген шешімі инвестициялық дау тараптарына соңғы және міндетті болып табылады. Бұндай шешім ҚР-да ҚР-ның сот органдары шығарған шешімімен бірдей орындалады.

 

 

 

Халықаралық тәжірибеде шетелдік  инвесторлармен болатын инвестициялық  дауларды 2 топка бөледі:

  • шетел инвестициясын алушы мемлекет пен шетелдік жеке инвесторлар арасындағы туындайтын даулар
  • 1 тарап шетел инвесторы болатын біріккен кәсіпорында туындайтын даулар, шетел инвесторы болатын кәсіпорын мен мемлекеттің жеке және заңды тұлғалары арасында болатын даулар т.б

 

  • Заң әдебиеттерінде инвестициялық дауларды 3 түрге бөліп қарастырады:
  • Инвестицияны алушы ел мен шетел инвесторы арасындағы дау
  • Тең құқықты тараптар арасындағы мүліктік және шаруашылық даулар ( азаматтық-құқықтық дау)
  • Шетелдік инвестиция құюшы шетел кәсіпорыны не инвестор мен сол инвестицияны алушы мемлекет органдары арасындағы даулар (әкімшілік-құқықтық дау)

 

  • Жоғарыда аталған дауларды тек мемлекет сотында ғана емес, арбитраждық сотта да қарастырады. Бұл «Халықаралық сауда арбитражы» заңына сәйкес шешіледі. Сонымен қатар шетел инвесторы қатысқан даулар БҰҰ-ның  1985 жылғы сауда құқығы туралы заңымен қаралады

Информация о работе Инвестициялық дауларды шешу