Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 13:11, курсовая работа

Описание работы

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес.

Содержание

І. Кіріспе 2-4бет
ІІ. Негізгі бөлім
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет
ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

инвестиция.doc

— 295.00 Кб (Скачать)

       Сондай – ақ, пайыздар, роялти, дивидендтер  және ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың есептен шығуынан түскен табыстар мен шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс.

      Жылжымайтын мүлікке салынған  инвестициялардың ағымдағы құны, сондай – ақ инвестицияларды  өткізудегі айтарлықтай шектеулердің жайы, алатын табысы; олардың сатылуынан түсетін пайдасы; есеп беру кезеңде қайта бағалаудан түскен соманың қозғалысы және бұл қозғалыстың сипаты; қайта бағалауды есепке алғандағы құнымен есептеген  кезіндегі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі, соңғы қайта бағалаудың күні, қайта бағалаудың негізгі есебі ашылуы тиіс.

       

                                   III.  Қорытынды 

     Қорыта  келетін болсақ, мен жалпы Инвестициялардың есебі тақырыбы аумағын үш негізгі бөлімге бөлу арқылы қарастырдым. Бірінші бөлімінде инвестицияның түсінігі жайлы, екінші бөлімінде заңды тұлғалар активтерді бірігіп алып, бірлесіп, серіктестікте қатысу үлесі бойынша топшыланған келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін шаруашылық серіктестіктердің инвестиция есебі туралы, үшінші бөлімінде қаржылық инвестициялар есебі, яғни құнды қағаздар – облигациялар түрлері, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, опциондар, варранттар туралы сөз талқыланды. Инвестициялардың тиімділігін анықтау  жөніндегі мәселе іс жүзінде келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Біздің кәсіпкерлігіміздің бұрын – соңды нарықтық экономикада өмір сүрмегендігі, енді ғана қадам басып жатқаны бәрімізге мәлім.

     Бүгінгі таңда, мамандар инвестициялық жобаны тұрақты бағамен есептейді. Бұл  үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша  инфляция деңгейі 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде  мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеуілдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру керек.

     Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарқы енді ғана қалыптасып келе жатқанын айта кету керек. Алғашқы қор биржалары  пайда болды, бірақ олардың айналым  көлемі ауыз толтырып айтарлық емес. Бұндай жағдай біздің елімізде жекешелендіру аяқталып біткенше және акциялар мен басқадай құнды қағаздар ұсынушылардың саны көбейген кезге дейін созылады. Нарықтық экономиканың одан әрі дамуы, әр түрлі биржалық бюллетеньдердің, қаржылық газеттер, баланс, әр түрлі акционерлік қоғамдардың табысы туралы есеп беру, олардың акциялары, облигациялары мен басқадай құнды қағаздар туралы мәліметтер келтірілген анықтамалардың шығуына әкеледі. Компанияның акциялар пакетін сату немесе сатып алу туралы шешім қабылдау және курсын зерттеу, кәсіпорындағы қаржы бөлімінің жұмысының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 
 
 
 
 
 

              IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

     В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И.Шмидт  «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»  Алматы, 2003 жыл. 

     В.Л.Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі  бухгалтерлік есеп» оқулық жалпы  ред. Мамыров Н.К. , Алматы, Экономика 2005 жыл. 

     Қазақстан Ұттық энцеклопедиясы, Алматы 2006 жыл. 

     Қ.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева «кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы Экономика 2001 жыл.  

     Қазақстан Республикасның «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы»  Заңы  

     Қазақстан Республикасның «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы»  Заңына енгізілген толықтырулар.  

Информация о работе Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі