Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:22, доклад
Экологиялық ахуалға қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда.
Экологиялық ахуалға қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда.
Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны ластауға қосатын «үлесі» жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226,6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады.
Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда:
2 - экологиялық кезең 2009 жылғы 15 шілдеден;
3 - экологиялық кезең 2012 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап
Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын техникалық талаптар мынадай мерзімдерде:
2 - экологиялық кезең 2010 жылғы 1 қаңтардан;
3 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда жүрген автомашиналарға жаңа экологиялық талаптар қолданылмайды және олар толық ескіріп тозғанға дейін жұмыс істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай да жалғастыратын болады.
Тиісінше уәкілетті
орган Қазақстан
Бүгінгі уақытта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 246 және 247-баптарында шығарылған қалдықтарында ластағыш заттардың болуы нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға байланысты жауапкершілік көзделген, дегенмен нақты іске асыру тетігі қарастырылмағандықтан, аталған талап іс жүзінде қолданылмай келеді.
Шетелде ескі автомобильдер паркін жаңарту мәселесі ескі автомобильдерді кәдеге жарату жөнінде арнайы бағдарлама қабылдау арқылы, оларға салықты көтеру (арнайы төлемдер енгізу) арқылы және басқа да жолдармен шешіледі. Үкімет Евро стандарттарды әзірлеу кезінде шетелдің осындай тәжірибесін зерделеп, тиісті шараларды алдын ала қарастыру қажет.
«Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес, 2014 жылға дейін отандық мұнай өнімдері сапасын экологиялық кезең-3 сапа стандарттарына дейін жеткізу үшін Атырау, Шымкент мұнай-өңдеу зауыттарына және Павлодар мұнай-химия зауытына жаңарту мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен, ҚР Үкіметі 2012 жылы көшеміз деп қарастырғанымен, экологиялық кезең - 3 стандартына іс жүзінде толық көшуді Қазақстан тек 2014 жылы ғана қамтамасыз ете алады.
Информация о работе Государственное регулирование инвестиционной деятельности