Бәсеке

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:40, реферат

Описание работы

Бәсеке (Состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.

Работа содержит 1 файл

бәсеке.docx

— 52.31 Кб (Скачать)

 

Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа  еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздегі әрекеттенеді — өндіріс  тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша  төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді  түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде  ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ, бәсекелестік кезінде шығьндар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиеленісе  түседі.

 

Бұнда екі жағдай қолданылады  — ауқым нәтижесі және "х-тиімсіздік" түсінігі.

 

Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың  өндіріс көлемі, олардың әрқайсына  масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік  береді. Ал технология және өндіріс  шығындары берілген болғанда көп  бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық  сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан  фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне  келетін өндіріс шығындары төмен  болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті  болуы керек.

 

"X — тиімсіздік". Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсалуын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін "X — тиімсіздігі" түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.

 

Сауда-саттық сайысы. Бұл  сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар  арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен  бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу  туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.

 

Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты  бәсеке белгілі өнімнің бағасын  әдейі, жасанды түрде төмендетуді  көздейді: мұнда бағалық алалаушылық  кең колданылады — шығындардың  дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:

 

• сатушының монополист болуын;

 

• сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттеріне сәйкес топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;

 

• алғашқы сатып алушы  осы тауарды немесе қызметті қайта  сата алмауы керек.

 

Бағалық алалаушылық мынадай  жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді  бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).

 

Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын  жақсарту, сервистік қызметтерді  көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі  бағытта көтеруге болады: бірінші - тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші — тұтынушылар қажеттігіне  қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің  сапасын жоғарылату арқылы жүретін  бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар, немесе, соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар  шығару арқылы, салалық нарықтың бір  бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден — сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.

 

Өнімді еткізуді жетілдіру  туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып  алушыға жақсарған сервистік  қызметтерді көрсету жатады: жарнама  арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы  жетілдіру, сатып алушыларға тауарды  олар алғаннан кейін сол тауарды  қолдануына яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.[1]

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

 

2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

 

Шайынғазы, Сейфолла. Шағын  кәсіпкерліктің шыңы қашан биіктейді? //Егемен Қазақстан.-2005.-30желтоқсан.-5б.

 

8. Шәріпов, С. Шағын  кәсіпкерліктің күнгейі мен көлеңкесі: //Жетісу.-2005.-21шілде.-2б.

 

9. Яковлева, Татьяна. Елорда:экономикалық  қуаттар: [Экономикалық сараптау] //Астана. Бүкілқазақстандық журнал. -2001.№ 1. -14-17б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні

 

 

 

Аймен А.Т., д.э.н., профессор, Копбосынов Н.Б., студент

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз  мемлекеттік университеті, Тараз

 

 

 

Ұлттық экономикадағы  нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін  әлемдік нарыктың сұранысына сәйкестендіру  бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік  қабілетін қамтамасыз ету мәселесін  жатқызуға болады. Қазіргі кезде  өзекті болып отырған мемлекеттің  экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін  қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне  тәуелді.

 

Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі  кұндылықтарды барынша тиімді, әрі  ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта  ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын  тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты  бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер  өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің  беделін арттыру бүгінгі таңда  қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.

 

Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы  өскелең талаптар да отандық тауар  өндірушілерге шығаратын өнімдерінің  бәсекелік қабілетін арттыру  мәселесін алдыңғы қатарға қойып  отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның  дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын  жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын  тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді  сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі  дәлелдеуде.

 

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз  — кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық  мәні.

 

М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері  бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті.

 

«Бәсеке қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уакытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.

 

Бәсекеге қабілеттілік —  өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық  параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.

 

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын  табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл  тұтынушының талғамына сай келетін  және оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.

 

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі  кұрауыштарын атап өтейік:

 

А.  Негізгі   құрауышы   өнімнің  өзімен  тікелей  байланысты   және   оның  сапасына   көп   көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу  туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық  сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

 

В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ  сенімді және қымбат емес сервиспеи (мысалы, авто-мототехника) сатылатын  тауарды таңдайды.                                                           

 

С. Үшінші  құрауыш бұл  тұтыкушыға, субъективті фактор ретінде  жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің  бәрі.

 

Кәсіпорын өнімінін. Бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты  бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның  негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге  болады (сурет 1).

 

 

 

 

Өнімнің сапасы

 

    

Тұтынушылардың талғамдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Сурет -Өнімнің бәсекеге  қабілеттілігінің қалыптасуының  механизмі

 

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың  арасындағы негізгілері:

 

•       Баға;

 

•       Сапалық;

 

•       Жаңалык;

 

•       Жарнама;

 

•       Пайдалану  сенімділігі;

 

•       Көркемдеу, мәнерлеу;

 

•       Буып-түю, т. б.

 

Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс  философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының  қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды тусіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері  мен қимылдарын алдын-ала білуіне  бағытталған.

 

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны баска өніммен салыстырғанда  ғана анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі  бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау  үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынш басқа  тауарлармен  салыстырып қана қоймай, сонымен бірге  тұтынушының тауарға жұмсаған шығыны мен өз   қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.

 

Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы  әлемде әмбебап сипатқа ие болды.Әрбір  мемлекеттің тұтынушының экономикалық  және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің  мүмкіншілігінің жиынтығы  десек  те болады. Бәсекелік факторының өзі  мәжбүрлік сипатқа ие нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың  бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарыкта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың нарық жағдайына тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық экономикалық эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу                мерзімі,өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік. Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің   негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік - нарықтағы табысты анықтайтын гауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағатгандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес тауарларға қарағанда                                қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеітілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандықтан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатқа ие болады. Cоыдыктан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілгеп қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеітермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлык қасиеітері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар  мен құкықтардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға –тиімсіз болып көрінеді.

Информация о работе Бәсеке