Қаржылық инвестиция есебі

Автор: k************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 07:58, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет»

Содержание

Кіріспе
I. Инвестиция есебі
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
1.2 Инвестицияның бағалануы
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция есебі
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

инвестиция есеби курс.doc

— 299.50 Кб (Скачать)
 

    Акцияның  ағымдағы құны 350 мың теңге сатып  алу құнына қарағанда аз, сондықтан  ол баланстық құн  болып танылады. Ал 50000 теңге (400000-350000) айырма шығыс болып есептеледі. 

    ААҚ «С»-ң облигациясы

    ААҚ «Д»-ң облигациясы

    1500

    1200

    2000

    500

      Барлығы:     2700     2500
 

    Ағымдағы құны сатып алу құнына қарағанда аз, сондықтан оның баланстық құны 2500 мың теңге болады, ал 200000 теңге (270000-250000) айырма шығыс болып есептеледі.

    Жеке  инвестиция бойынша «Топар» АҚ-ң  келесі мәліметтері мынадай. 

  Сатып алу құны, мың теңге Ағымдағы құны, мың теңге Баланстық құны, мың теңге
ААҚ «А»-ң акциясы

ААҚ «Б»-ң  акциясы

ААҚ «С»-ң  облигациясы

ААҚ «Д»-ң  облигациясы

100

300

1500

1200

150

200

2000

500

100

200

1500

500

  Барлығы: 3100 2850 2300
 

    Демек, қаржылық инвестицияның баланстық  құны 230000 теңгені құрайды, ал 800000 теңге (3100-2850) айырма шығыс ретінде анықталады.

      Ағымдағы құны бойынша қысқа  мерзімді қаржылық инвестициясын  алынған табыс немесе шығыс  қай есептік кезеңде пайда  болса, сонда есептелінеді.

    Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын  анықтау.

    Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект  ағымдағы құн бойынша  қысқа мерзімді  қаржылық инвестицияларды есепке алуға  құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты нарық  жағдайының өзгерісіне  тәуелді  етіп, нарық құнының  кезеңдік өзгерісімен  бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иелігіндегі алынған қаржылық инвестициялары  биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген  уақытта анықтауға қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда,  қаржылық инвстициялар  қор биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына белгілі бір  есептеулерді  жүргізе отырып, иеленген  қаржылық  инвестициялардың табыстылығына  байланысты  анықтауға  болады.

    Табыстың  тіркелінген деңгейі бар  облигациялардың  құнын анықтау.

    Облигация құны ағымдағы ақшалай  төлемдер тасқынының  құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін  пайыздық табыс төлемі және оның  номиналдық құны (r)  облигацияны бағалау үшін мынадай теңдік пайдаланылады:

    Р = с/(1+к) + с/ (1+к)2 + ……+ с/(1+к)n + N/(1+к)n

        Мұндағы:

            Р – облигацияның ағымдағы  құны.

            С – жыл сайынғы төлеуге  жататын номиналдық табыстың  пайызы.

            К – жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс.

            n – облигацияны өтеу (жабылу) мерзіміне  дейінгі қалған мерзімі.

    Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер  жылына бір рет емес, екі реет төленеді. Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге болады:

    Р = (с/2)/(1+к/2) + (с/2)/ (1+к/2)2 + ……+ (с/2)/(1+к/2)2n + N/(1+к/2)2n

    Субъект өзінің есеп саясатында  қысқа мерзімді қаржылық  инвестицияларды ағымдағы құны бойынша есепке алады және сол инвестицияның номиналдық табыс проценті 11% болғаны, ал оның жабылу мерзімі 17 жылға белгіленген, алынған облигацияның құны 1400 теңге құраған. Шығарылған облигацияның өтеуіне дейін қалған кезең үшін (6 жыл) табысы 36% құраған. Облигациялар бойынша проценттер  жылына 2 рет төленеді. Облигацияға ие болғаннан кейін он екі ай  өткен соң кәсіпорын оларды сату жөнініде шешім қабылдайды. Егер саясатына сәйкес қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құны жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Енді біз  облигациялардың ағымдағы құнын анықтайық:

  • Жабу мерзіміне дейін алынатын табысы – 25% (облигациялар бойынша барлығы 36% қарастырылған, оның 11% - 3 төленіп үлгерді, сол себепті қалған табыс 25% (36-11));
  • Номиналдық проценттік табысы – 154 теңге құраған (1400*11%), (154/2=77 теңге);
  • Облигациялардың жабылуына дейінгі мерзімі – 5 жыл (6-1). Бұл жағдайда облигациялардың нарықтық құнының формуласы мына түрде көрінеді:

    Р = 77/(1+0,125) + 77/(1+0,125)2 + ……+ 77/(1+0,125)10 + 140/(1+0,125)10

    Осыдан Р = 871,9 теңге болады.

    25% бойынша жыл сайынғы төлемдердің  5 жылға арналған дисконттау ставкасы 2,689 – ға тең. 5 жылдан кейінгі  бір мезгілдік төлем үшін дисконттау ставкасы 0,327 – Ге тең. Жыл сайынғы проценттік төлемдер 154 теңге құраған. Сонда р =2,683*154+1400*0,327 = 871,9 теңге.

      Мерзімі шетелмеген облигациялардың  ағымдағы құнын анықтау. XIX ғасырдың басында шығарылған британдық конголи, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіленген процентік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылған. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар  С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік  алып отыруды қамтамасыз ететін  болса,  онда оның ағымдағы құны р = с/к - ға тең, мұндағы к – тәуекелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.

    Біз жылына 1000 теңгелік төлеммен  мәңгілік қамтамасыз ететін бағалы қағазды сатып  алдық делік. Егер к – ның  қолданыс таба алатын  деңгейі 14% - ті құрайтын болса, онда облигацияның  нарықтық құны:  р = 1000/14% * 100% = 7142 теңгені құрайды.

    Шартты  бағалы қағаздардың құнын анықтау. Варрант белгілі бір акциялар  саны бойынша белшілі бір  акциялардың  бағасын анықтауға болатынын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір  бағасы р – ға тең делік, варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы П, бір варрантқа V акцияларды сатып алуға болады, онда варрант бағасы:

      Цв = (р-П)*V.  Мұндағы, Цв – варрант  құны.

    Акциялардың нарықтық  бағаларының әрбір өзгерісі кезінде варранттың  ағымдағы құны  да өзгереді.

    Опцион  – бұл бағалы қағаз, белгіленген  мерзімде белгілі бір  баға бойынша,  белгілі бір акцияның  санын  сату («колл» - опцион) немесе сатып  алу («пут» - опцион) құқығын көрсетеді.

    Опционның ағымдағы құнын мына формула бойынша  анықтайды:

    Цо = (р-П)*к – S;  мұндағы,

      р – контракт біткен күніндегі   акцияның бағасы;

      П – опциондық контракт жасалған  кездегі акцияның құны;

      к – опциондық контракт бойынша  акцияның сомасы;

     S – опционның сатылатын бағасы.

    Егер  де акцияның нарықтық бағасы өзгерсе, опционның ағымдағы бағасыда өзгереді.

    Акцияның  ағымдағы құнын анықтау. Акцияның әрекет ету мерзімі шектелмегендіктен, жыл сайынғы алынатын дивиденд  тұрақты болсын делік және оның абсолюттік  деңгейі «Д» - ға тең болсын,  онда оны анықтайтын формула мынадай болады:

      Ца = Д/Кi, мұндағы,  Ца – акцияның құны;

                                            Кi – пайыздық мөлшерлемесі.

    Акцияның  нарықтық құны әр түрлі әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың  екі типі бар деп танылады. Олардың бірі дивидендті жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының  өсімін көздейді. Осы кезде, акциянынң нарықтық бағасының  орташа нормасын анықтаймыз:

       Рак = х*Д/Кi + у * Ц3 / х + у = 1

    Мұндағы, Рак  - акцияның нарықтық  құны;

    Х -  жоғары дивиденд алуға ниет білдерген  инвесторлардың    үлес салмағы, «бағамдық» (у~1);

    Ц3 – бұрын сатылып кеткен акциялардың  бағасы.

    Акциялардың нарықтық бағасын шығарған кезде  х пен у деңгейінің т тәуекелділігі  байқалады; бір кезде «бағамдық» басым болса,  ал бір кезде керісінше, «дивидендтік» басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты бағасын бағалай алмайды.

    Акцияның  ағымдағы құнын есептейтін әрі танылған моделі қалыптасқан жоқ.  Дегенмен де, акцияның нарықтық бағасын болашақта  күтілетін дивидендтер ағыны  бойынша есептеуге болады деп топшыланған  пікірлер де жоқ емес. Ол, негізінен  өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның нарықтық құнын  анықтайтын формуланың түрі мынадай болады: 

       Рак = Σ  Дt/(1+к)t            Мұндағы, Дt – кезең үшін күтілетін дивиденд;

               t=1                                              к – акция бойынша қажетті   табыс       

                                                                         деңгейі;

                                                                  Σ – 1-ден шексіздікке дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дисконтталған құнының сомасы;

                                                                  Рак -  акцияның нарықтық құны.

    Егер  инвестор акцияны 1 жыл ұстап  және акцияның құнын n мөлшерлемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынадай болады:

    Р=Д+Р(1+n)/1+і немесе Р=Д/і-n

    Мұндағы:Д-жыл  соңына күтілетін дивиденд

    n-жыл  бойындағы акцияның өсу қарқыны, %і-дисконттың мөлшерлемесі 

    2.3 Инвестицияның синтетикалық  есебі 

    Инвестицияның бухгалтерлік есебі  №27 ХҚЕС « Бірлескен  қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі», №28  ХҚЕС «Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу», №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау», № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы» қарастырылған.

      Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы Д, шығысқа шығаруы К инвестиция  1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі

    1110-«Қысқа  мерзімді ұсынылған қарыздар»,  онда ұйымдардың мерзімі бір  жылға дейін берген қарыздары  есепке алынады; 

    1120-«Саудаға  арналған қысқа мерзімді қаржы  активтері», онда бағалардың қысқа  мерзімді ауытқуларынан пайда  алу мақсатында сатып алынған  қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін, егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай, саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналған ретінде қаралады;

    1130-«Өтеуге  дейін ұсталынатын қысқа мерзімді  инвестициялар», онда ұйым берген  қарыздар мен дебиторлық берешекті  қоспағанда, өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;

    1140-«Сату  үшін қолда бар қысқа мерзімді  қаржы инвестициялары»,

    онда  мынадай санаттарға кірмеген қысқа  мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:

    ұйым  берген қарыздар мен дебиторлық берешек;

    өтеуге  дейін ұсталатын инвестиция

    саудаға арналған қаржы активтері.

    1150-«Өзге  қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»,  онда алдыңғы

    топтарда  көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар

    есепке  алынады.

Информация о работе Қаржылық инвестиция есебі