Средняя Азия

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 08:45, реферат

Описание работы

Орталық Азияны әлемнің айрықша аймағы ретінде алғаш рет 1843 жылы неміс ғалымы Александр фон Гумбольд бөліп көрсеткен. Орталық Азия республикалары мемлекеттік тәуелсіздікке ие бола бастағанда, аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселеге тап болды. Бұған әсіресе терроризм және діни экстремизм сияқты құбылыстардың етек алуы алғышарт болды. Бүгінгі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде әрбір мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сүйене алады. Бірінші жүйе - бұл замандас және келешек ұрпақты әскери қақтығыстардан құтқару концепциясы бекітілген 1945

Работа содержит 1 файл

Документ в формате RTF.rtf

— 41.38 Кб (Скачать)

Орталық Азияны әлемнің айрықша аймағы ретінде алғаш рет 1843 жылы неміс ғалымы Александр фон Гумбольд бөліп көрсеткен. Орталық Азия республикалары мемлекеттік тәуелсіздікке ие бола бастағанда, аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселеге тап болды. Бұған әсіресе терроризм және діни экстремизм сияқты құбылыстардың етек алуы алғышарт болды. Бүгінгі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде әрбір мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сүйене алады. Бірінші жүйе - бұл замандас және келешек ұрпақты әскери қақтығыстардан құтқару концепциясы бекітілген 1945 жылғы БҰҰ Жарғысынан бастау алатын әмбебап халықаралық қауіпсіздік жүйесі. БҰҰ Жарғысы өз бойына күш көрсетпеу және күшпен қорқытуды қолданбау; халықаралық даулардың бейбіт жолмен шешу; жалпыға бірдей және барынша қарусыздану сияқты қағидаттарды жинақтайды. Бұл жағдайда да халықаралық құқықтың қалған принциптары толық сақталуы тиіс. БҰҰ жарғысы бейбітшілікке және қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда немесе басқыншылық актілері іске асырылғанда БҰҰ мүше-мемлекеттерінің бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырады және оған БҰҰ қауіпсіздік кеңесін міндеттейді. Екінші жүйе құрылуы БҰҰ жарғысымен қарастырылған (VIII бөлім) аймақтық қауіпсіздік жүйесіне сүйенеді. Бұл жүйеге Жарғының негізгі талаптары: 1) оған тек бір саяси-георгафиялық аудан мемлекеттері қатыса алады; 2) аймақтық келісімдермен байланысты әрекеттер бұл ауданнан тыс шыға алмайды; 3) бұл әрекеттер БҰҰ тарапынан қабылданатын шараларға немесе Жарғы мақсаттары мен қағидаттарына қарсы келмеу керек. Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік негізін аймақтық дауларды реттеудің бейбіт құралдары құрайды. БҰҰ Жарғысының ұжымдық қорғаныс туралы 51 бабына сәйкес әскери шаралар тек тікелей басқыншылыққа тойтарыс беру үшін қолданылуы мүмкін, және олар тек БҰҰ ҚК тиісті нормаларды қабылдағанға дейін созыла алады. Аймақтық қауіпсіздіктің бірнеше жүйесі жасалған болатын. Олардың арасынан , әлі күнге дейін жұмыс істейтін 1949 жылғы Еуропадағы НАТО-ның құрылуы туралы Солтүстікатлантикалық келісімнен басқа, Қазақстан, Қырғызстан, ҚЧЗ, Ресей және Тәжікстан мемлекет басшыларымен қол қойылған 1996 жылғы шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім-шарт негізінде құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымын атауға болады. Үшінші жүйе - мемлекеттердің жеке-дара қауіпсіздік жүйелері. іне , тәуелсіздік Халықаралық құқықтың негізгі қағидаты - мемлекеттік егемендік қағидатынан туындайтын мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқығы мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады. Орталық Азия мемлекеттері ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұра алатын аймақтық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру арқылы ерік-жігерлерін біріктіруге және аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекітуге ұмтылуда. Орталық Азия мемлекеттерінде діни экстремизм мен терроризмнің етек алуы ұзақ мерзімді сипат қабылдауда. Бұл үдеріс ішкі және сыртқы себептермен анықталады. Бірінші категорияға кедейлік пен жұмыссыздықтың өсуі, халықтың көп бөлігінің әлеуметтік-тұрмыс жағдай төмендігі, өкімет органдары тарапынан азаматтар құқықтары мен бостандықтары бұзылуының жоғары дәрежесі, халық бұқарасы санасы мен мінез-құлқының маргинализациялануы, исламдық дін құндылықтарының қоғамдық санадағы үлкен ықпалын жатқызуға болады. Мұның бәрі мемлекеттің ресми саясатына деген азаматтар арасында наразы көңіл-күйдің белең алуына септігін тигізеді. Сыртқы факторларға келсек, олар Орталық Азия аймағының геосаяси орналасуымен сипатталады. Аймақ елдері Закавказье, Кавказ , Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай, Ауғанстан, Орта және Қиыр Шығыс сияқты саяси тұрақсыздық пен даулардың ортасында қалды. Аймақтағы экстремизм мен терроризмнің ұзақ мерзімді сипатын анықтайтын маңызды фактор есірткі бизнесі болып табылады. Бүгінде заңсыз есірткі айналымы Орталық Азия елдерінің ұлттық қауіпсіздігімен қатар жалпы аймақ қауіпсіздігіне төніп тұрған негізгі қауіп-қатерлердің бірі. Ауғанстанмен көршілестік арқасында Орталық Азия дүниежүзілік есірткі тасымалының эпицентрінде қалды. Бұл жағдайда аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыру өзекті мәселе екені сөзсіз. Аймақтағы БҰҰ, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО, АӨСШК сияқты әртүрлі халықаралық қауіпсіздік құрылымдарының қатысуына қарамастан, бүгінгі таңда Орталық Азия елдерінің Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Солтүстікатлантикалық келісім Ұйымымен (НАТО) ынтымақтастығы ең актуалды сипатқа ие, себебі бұл құрылымдар орталықазиялық халықаралық қатынастардың ішкі жүйесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өз белсенділігімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда НАТО даму үстінде, одақтың кеңеюі жаңа мүшелерді қабылдау есебінен құрылымдық, сонымен бірге жауапкершілік және ықпал ету белдеуін кеңейту арқылы стратегиялық жоспарда да жүзеге асырылуда. Бүгінде альянс Орталық Азияға ерекше назар аударуда және аймақтағы НАТО саясаты аймақ мемлекеттерімен ынтымақтастықты күшейту тенденцияларына ие. 2004 жылы Стамбул саммитінде НАТО елдері Орталық Азия аймағын альянс мүдделері мен Еуразияда тұрақтылықты қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие аймақ ретінде анықтады. Орталық Азия аймағына әскери ену 2001 жылы Ауғанстандағы антитеррорлық операция желісімен жүзеге асырылды. Талибтерге қарсы әскери әрекеттердің қорытынды кезеңінен кейін НАТО басшылығы Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге міндеттенді, осылайша, аймақта былайғы әскери қатысуға мүмкіншілік алды. Орталық Азияға қатысты жоспарлардың ұзақ мерзімділігіне Брюссельдің аймаққа арнайы өкіл міндеттері мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен серіктестік мәселелері бойынша Бас хатшы көмекшісінің орынбасары лауазымын қатар алып жүретін НАТО бас хатшысының арнайы өкілі - Роберт Симмонстың тағайындалуы дәлел. Бүгінде серіктес-мемлекеттер "Бейбітшілік үшін серіктестік" бағдарламасы шеңберінде үш топқа бөлінеді: Батыс Еуропа мемлекеттері - Австрия, Финляндия және Швеция, балқан мемлекеттері және Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттері, алайда барлық серіктес-мемлекеттер арасында арнайы өкіл тек Орталық Азия және Кавказға белгіленді. Альянс басшылығының айтуынша ұйымның Орталық Азиядағы тікелей қатысуы аймақ елдеріне қауіпсіздік құрылымдарын жаңартуға, атап айтқанда, Солтүстікатлантикалық одақ тәжірибесіне сәйкес қарулы күштерді тегіс қамтитын реформалар өткізуге мүмкіндік туғызады, нәтижесінде келесідей мақсаттарға қол жеткізіледі: - ұлттық қорғаныс жоспарлау және бюджеттерді өңдеудегі ашықтыққа ат салысу; - қорғаныс күштерін демократиялық бақылауды қамтамасыз етуі; - ұлттық конституция жағдайларын ескере отырып БҰҰ және/немесе ЕҚЫҰ шеңберінде өткізілетін операцияларға үлес енгізу қабілеттілігі мен даярлықты сүйемелдеу; - бітімгерлік операциялары, іздеу және құтқару, гуманитарлық және басқа да операциялар өткізуге даярлықты жоғарылату үшін бірлескен жоспарлау, жауынгерлік дайындық пен оқулар өткізу мақсатында әскери салада НАТО-мен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас орнату; - ұзақ мерзімді болашақта Солтүстікатлантикалық одаққа мүше елдердің қарулы күштерімен әрекеттестікке дайын күштер қалыптастыру. Жекелеген орталықазиялық мемлекеттер мен альянс арасындағы ынтымақтастықтың әр түрлі даму сатысында екендігін атап өткен жөн. Бұл олардың бірсыпырасының екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге сақтықпен қарауымен түсіндіріледі. Орталықазиялық аймақтағы АҚШ мінез-құлығын талдай отырып, америкалық саясат, тиісінше НАТО стратегиясы жақын арадағы болашақта келесі нақты мәселелерді шешуді көздейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады: - антитеррорлық операция барысында қалыптасқан АҚШ пен НАТО үшін қолайлы әскери-саяси жағдайды Орталықазиялық аймақ елдерімен қарым-қатынастарды жан-жақты нығайту үшін пайдалану; - басқа сыртқы күштер, ең алдымен Ресей және Қытайдың Орталық Азиядағы үдерістер өрісін бақылап, АҚШ пен НАТО мүдделеріне қарсы бағыттай алмайтындай шарттар жасау; - АҚШ және НАТО қарулы күштеріне пайдалануға берілген әскери базаларды кеңейту және жаңарту мен аймақта қосымша әскери объектілер алу. Бүгінде НАТО дамуын халықаралық терроризммен күрес және дағдарысқа қарсы реттеуге негізделген стратегиялық басымдылықтадың трансформациясымен сипаттауға болады. Қазіргі таңда Орталық Азия елдері аумағында НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ әскери күштерінің өзара таяу орналасуы альянс басшылығына тиімді де. НАТО біртіндеп Қытай мен Ресейдің дәстүрлі ықпал ету белдеуіне ене бастағаны маңызды дерек. Оның үстіне одақ кеңеюі қандай болмасын конфронтациясыз жүзеге асуда және бұл жағдайда Ресей мен Қытай бұл үдеріске қарсы тұра алмайды, себебі әскери қатысу халықаралық нормаларға, терроризммен күрес бағдарламасы және Орталық Азия елдері келісіміне сай жүзеге асырылып жатыр. Ресей мен Қытайда ынтымақтастықсыз заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүмкін еместігін түсініп жатыр, мүмкін, НАТО-ға деген көзқарастың өзгеруі сондықтан да. Осылайша, социалистік лагерь мемлекеттеріне қарсы құрылған НАТО, 1990 жж. мүлдем жаңа әскери-саяси ұйымға айналды. НАТО-ның посткеңестік кеңістіктегі белсенділігі оның жаһандық геосаяси мақсаттарымен байланысты. Ауғанстандағы ахуалдың ушығуы мен Қырғызстандағы зорлық-зомбылық АҚШ Орталық Азиядағы рөлін қайта қарау керектігінен хабардар етуде. Орталық Азия халықаралық экономикалық байланыстар (ең алдыменмен - энергетика саласында) үшін, сонымен қатар демократия құрудағы әріптестік үшін үлкен әлеуетке ие. Аймақ Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерiн жабдықтауға арналған маңызды өтпелi аймақ болып табылады. Өлкенiң стратегиялық орналасуы және оның энергоресурс қорлары үшін белсендi жаһандық бәсекелестiк, бiразға дейін АҚШ-ты бұл жерден жібермейді. Алайда, АҚШ Орталық Азиядағы жалғыз үстем күш болуы екiталай нәрсе. Айқын мақсаттар - энергетикалық қауiпсiздiк, терроризммен соғыстың бас театрына жақын орналасқандық (Ауғанстан және Пакістанға), есiрткi, қару және жаппай қырып-жою қаруын өндiру технологиялары саудасымен күрес, әлеуметтiк-экономикалық дамудың мөлдiрлiгін қолдау - қатаң мiндеттемелерді талап етедi. Орталықазия өлкесінде өз ықпалын арттыру үшiн АҚШ-қа арналған бiр-ақ әдiс бар - Үндістан тәрізді әрiптестердiң көмегiменен. Үндістан американдық стратегиялық әрiптес болғандықтан, орнықты демократия және үдемелі экономикалық күш-қуат, аймақтағы үндi қатысуын кеңейту американдық мүдделерге үшін тиiмдi болуы мүмкін. Аталмыш аймақта тұрақты негiзде қала отырып, АҚШ Орталық Азияда өз мақсаттарына қол жеткiзуде маңызды жетiстiктерге ие болуы мүмкін: - аймақішілік дауларды шешу және саяси, экономикалық әрiптестiктi, сонымен бiрге аймақтық тұрақтылық пен экономикалық өзара тәуелдiлiк мақсатында қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастықты қолдау; - нарық заңдары негiзiнде мөлдiр, экономикалық дамуды қолдау; - коммуникация, транспорттық инфраструктура, денсаулық сақтау және әлеуметтік инфраструктураны дамытуда жәрдемдесу; - американдық фирмалар мен инвестицияларды қорғау және қолдау; - әрбір мемлекетте тәуелсіз, мөлдір және іс-әрекетке қабілетті үкіметке қолдау көрсету; - адам құқықтары, толеранттылық және плюрализмді дамыту және қорғау.


Информация о работе Средняя Азия