Мемлекет және құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 20:17, реферат

Описание работы

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі.

Содержание

Мемлекет
Мемлекеттің белгілері
Мемлекет түрлері
Мемлекет басқару бойынша бөлінуі
Мемлекеттің қызметтері
Құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.
Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.
Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы.

Работа содержит 1 файл

Мемлекет және құқықтық мемлекет.docx

— 41.33 Кб (Скачать)

Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам — адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

    • мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
    • мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
    • қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; 
    • саяси партиялар мен қозғалыстар;
    • тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
    • мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
    • отбасы;
    • шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғамның белгілері:

    • өзін-өзі басқару;
    • оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
    • еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
    • жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
    • өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
    • экономиканың көпжақтылығы;
    • биліктің заңды және демократиялық сипаты;
    • кұқықтық мемлекет;
    • адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

Информация о работе Мемлекет және құқықтық мемлекет