Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:54, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі.Әр ғылымның немесе оқу пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылымның немесе оқу пәнінің өзегі – ол зерттейтін мәселелерінің жиынтығы.Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні – бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының,дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары,олардың мәні,құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Ғылымның әдістері дегеніміз – пәнін танып анықтау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары. Міне осы бірлестік пе дербестік олардын мазмұнын, мақсатын қызметінің әдіс тәсілдерін, функцияларын жан – жақты зерттеуге ,жаңартуға ,дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.............................3
1.1 Мемлекет және құқық теориясының пәні...................................................... 3
1.2 мемлекет және құқық теориясынданы әдістері..............................................9
2. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны.........................................................................................................16
2.1 Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны........................................................................................................................16
Қорытынды..........................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................23

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 54.36 Кб (Скачать)

Заң ғылымының түп негізін  білу нәтижесінде құқық , оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады.Құқықтық болмысты талдау барысында  құқықтық ұғымдар ,түсініктер , құрылмалар  қалыптасады да , олар құқық құбылыстарды одан ары танып білудің құралдарына  айналады . Құқықты тану үшін  ерекше теориялық түжырым қолданады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін өзара  пікір  таластыру нәтижесінде  шындықты, ақиқатты  айқындауға мүмкіндік  туады. Мысалы , құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған норматифтік , философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау керек.                              Эврстикалық функция - (гр... табу). Заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.                                                                                                        Методологиялық функция - мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.                                                                                                                             Саяси функция - қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты, жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.                                                                               Идеологиялық функция - жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып адамдардың сана-сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.                  Тәжірибелік-ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.                                                                                                     Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси - құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп-басқару бағдарламасын дайындауы қажет.                                                                                                                                Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.                                                                                                                Методология - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы — оның ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді - теория және методика. Теория - ғылымы нені зерттейді? - деген сұраққа жауап береді. Метод - ғылымы қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? - деген сұраққа жауап береді. Теория мен метод өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.[2;18]                                                                                                          Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымды дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қорытынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: Жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді - ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі. Материализм -философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғьлыми философиялық бағыт. Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатынын дәлелдейді. Материализм ғылым мен практикалық жетістіктеріне сүйене дамиды және білімнің өсуіне, ғылыми методтың жетілуіне, адамзат практикасының, өндіріс күштерінің артуына ықпалын тигізеді.Диалектика - табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті күрделі зандылықтардың, қажеттігін карама-қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының қайнар көзін, ішкі қозғалысын және бағытын көрсетеді. Диалектикалық категориялар (анализ бен синтез, мазмұн мен форма, құбылыс пен мән, шындық пен мүмкіншілік т.б.) танымның диалектілігін, заңдылығын бейнелейді.Сонымен, материалистік диалектиканың методологиясының негіздеріне сәйкес мемлекеттік-құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттелуге тиіс. Сондықтан, қоғам, мемлекет, құқық -осылардың арасындағы қатынастарының түрлерін білу қажет. Қоғамның мемлекет, құқықпен үш түрлі байланысы бар: Қоғамның базисы мен қондырмасы арқылы, қоғам мен мемлекет-құқықтың байланысы, қоғамның мүдде-мақсатының құқық мемлекет пен байланысы.                                                                                                                    1) Қоғамның экономикалық базисы өзінің қондырмасымен байланыста дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма — базис арқылы қоғам, құқық және мемлекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп-басқаратын құқықпен мемлекет.                                                                             2)Құқық пен мемлекет қондырманың бір күрделі саласы, олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана-сезімімен де байланыста дамиды. Бұл екі жақты объективтік процесс.                                                                                              3)Мемлекет пен құқық қоғамның жалпы халықтық және таптық мүдде-мақсаттарын реттеп-басқарып іске асырып отырады. Бұл да екі жақты объективтік процесс.Сонымен, материалистік және диалектикалық методқа сәйкес мемлекет пен құқық қоғамның экономикалық, саяси, рухани жағдайларымен тығыз байланыста, үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті шындық кұбылыстар. Мемлекет пен құқықтың өздерінің даму заңдары болады.Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінің ең күрделісі материалистік диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен методы. Танымның мақсаты - зерттеліп отырған заттың, мәселенің терең мәнін, қайшылықтар жүйесін ашу.[2;19]                                                                                                          Таным - объективті шындықтың адам санасындағы белсенді және кайшылықты бейнеленуі. Бұл процесте логиканың атқаратын рөлі зор. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі объектілерді талдау, құрамды бөліктерді жіктеп ажырату.Синтез - сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру. Мысалы: жалпы теорияда мемлекеттік органдарды, оның функцияларын, құқықтық нормаларды, қатынастың субъектілерін жүйе-жүйеге, сала-салаға топтастырып зерттеу, немесе оларды біріктіріп зерттеу жүргізу.Жеке ғылымдардың теориялық және методологиялық негіздері тек философиямен ғана емес, олардың өздері арқылы да зерттелуде. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы зерттеудің жалпы методтарымен азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық т.б. құқықтарды бірлестіріп зерттеу методикасын дамытып отырады.Бұл процесте құқық және мемлекет теориясы философияға сүйене отырып, заң ғылымының барлық жетістіктерін пайдаланады. Оның барлық саласына бірдей қатысты методологиялық мәселелерді зерттейді. Осы типтес қарым-қатынас басқа ғылымдарда да болады.Жекелік ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдерінің түрлері: жүйелік, функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру-теңестіру т.б.Жүйелік тәсіл - қоғамдағы мемлекеттік-құқықтык құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.                                                                           Функционалдық тәсіл - қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы, жауапкершіліктің түрлерін т.б. кұбылыстарды зерттеуде пайдаланылады.Статистикалық әдіс - заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып, зерттеу жүргізу. Оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.Үлгілік әдіс - болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап келтіріп барып зерттеу жүргізу.Социологиялык тәсіл - жүйелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.Салыстырмалы-теңестірмелі әдіс - бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу. Математикалық әдіс - ЭВМ, компьютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы аталып өткен зерттеулердің әдіс-тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке, сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отырады.Мемлекет және құқық теориясының алдында екі міндет түр: біріншісі - заң ғылымының, заң мамандығының негізін қалыптастыру, жақсы дамыту, сол арқылы салалық заң пәндерін жақсы оқып - білуге мүмкіншілік жасау; екіншісі - жоғары заң мектебін бітіріп, жақсы маман болуды қамтамасыз ету.[9;18]

 

                                                                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы                                                                                теорияның алатын орны.

 

2.1 Қоғамдық және  заң ғылымдарының жүйесінде жалпы  теорияның

алатын орны.

 

Заң ғылымы – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеп, олардың қоғамдық өмірмен байланысын, арақатынасын айқындайтын  арнайы білім жүйесі. Заң ғылымы өзі реттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне  байланысты түрлі салаларға бөлінеді.Қазақстан  Республикасының заң ғылымдары, біріншіден, мемлекет пен құқық теориясына негізделеді. Теорияда мемлекет пен  құқыққа тән жалпы заңдылықтар, олардың жалпы белгілері, түрлері  оқытылады. МҚТ-мен тығыз байланыста мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы заң ғылымы болады.Мемлекет пен құқықтың қалыптасуына, дамуына, өзгеруіне саяси  және құқықтық ілімдер зор әсер етеді.Әр елдің мемлекет және құқығының шығу, қалыптасу, даму, өзгеру тарихы бар. Бұл  такрихты зерттеу және оқыту тек  білу үшін ғана керек емес. Мемлекеттің  тарихы оның қазіргі жағдайына, болашағына да әсер етеді, қоғамды ұтымды жолмен дамытуға, қажетті саясатты жасауға  жол сілтейді. Сондай-ақ ұлттық саяси  және құқықтық сананы қалыптастыруға да әсерін тигізеді. Мемлекет пен қоғам  өмірінің салаларындағы қоғамдық қатынастардың  ерекшеліктеріне байланысты құқық  салаларының өзіндік ерекшеліктері  болады. Сондықтан құқық салаларының  аталуы да, мазмұны да ерекше, айырықша болып келеді.Әр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады және дүниежүзілік қауымдастық шешетін мәселелерге  қатысуға ат салысады. Соған байланысты басқа мемлекеттердің ұлттық құқықтық жүйесінің негізгі саласы – конституциялық құқықты білу қажет. Демократиялық  даму жолына түскен мемлекет мұндай халықаралық  құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті. Сол себепті  халықаралық құқықты да білу өте  қажет.Заңдарды жүзеге асыруда, қолданбалы қосалқы ілімдердің (криминалистика, сот психиатриясы, т.б.) атқаратын  рөлі ерекше.Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.Философия - адамзаттың дүниедегі алып отырған орнын анықтап, соның негізінде адамның дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Философия дүниеге теориялық тұрғыдан көз жіберіп, ерекше логикалық, танымдық критерийлерге сүйене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын тұжырымдайды.Экономикалық ғылым - қоғамның экономикалық базисын, өндірістік қатынастарды, өндіруші күштерді, меншіктің түрлерін зерттеп, олардың қоғамның дамуындағы маңызын жан-жақты анықтап отырады. Тарих - адамзат қоғамының өткен дәуірлерін барлық қырынан жан-жақты зерттеп, көптеген тәжірибе жинақтады, соның ішінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.Социология - қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару әдіс-тәсілдерін, адамдардың әлеуметтік тәртібін, қатынастарын зерттейді.Барлық қоғамдық ғылымдар өз тұрғысынан адамзаттың тарихын зерттеуге тиісті үлес қосады. Бұл ғылымдардың жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының алатын орны өте жоғары.Заң ғылымы, оның ішінде мемлекет пен құқық теориясы қоғамды жеке танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Жалпы теория төрт топқа бөлінеді:

1)Жалпы теория - мемлекет пен құқықтық қоғамды реттеп-басқаруын, мазмұнын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.

2) Ұлттық мемлекет - кұқық пен саясаттың тарихи даму процесін зерттеу пәндері. Шет мемлекеттерінің тарихы.

3)Салалық заң ғылымдары: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.

4)Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медицина, психиатрия т.б.

Мемлекет және кұқық теориясы заң ғылымының барлық саласының  объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен  байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың  жетістіктерін пайдаланып, жалпы  заң ғылымының негізін дамытып  отырады.Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші  ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы диалектикалық даму процесінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.Қазіргі заманда  еліміз нарықты экономикаға көшіп  жатқанда Қазақстан мемлекетіміздің  заң ғылымының бағыты да, функциясы  да күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым  өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне  сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.Сонымен, адам қоғамының  тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын  зерттейтін пәндерді қоғамдық ғылым  деп атайды. Олар қоғамды жан-жақты  ғылыми-зерттеу тұрғысынан зор үлес қосады. Бұлардың шінде мемлекет және құқық теориясына кеңірек көңіл  бөлетін философия, саяси экономия мен тарих.Қоғамдық ғылымдар кейбір күрделі мәселелерді бірлесіп зерттейді. Олар қоғамның жалпы объективтік  даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, дамытып отырады. Бұл мәселелерді, құбылыстарды ғылым қоғамның өткен дәуірінде, қазіргі кезеңде, болашақта қалай дамуға тиісті. Міне, осы үш дәуірде қоғамның диалектикалық даму процесін, санқырлы өзгеріс құбылыстарын зерттеп, қорытынды ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Қоғамның болашағын ғылыми тұрғыдан болжап, қорытынды ұсыныстар беріп отырады. Бұл процесте қоғамдық ғылымдар табиғи-нақты ғылымдар бірлесіп зерттеулер жүргізеді. Өйткені, әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігін ескере отырып, дүние жүзіндегі барлық ғылымдар бірлеспейінше ғылыми-техникалық өрлеу болашақ емес.Кооперациясыз материалдық, қаржылық, табиғи ресурстарды үнемді, тиімді пайдалануға және оның өнімді технологиялық процесін қалыптастыруға мүмкіншілік болмайды. Ғылымның бірлестігі олардың дербестігіне нұқсан келтірмейді. Әр ғылым табиғаттың және қоғамның объективтік даму процесін өз тұрғысынан зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Мысалы, мемлекет пен құқық қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп-басқарып, заңдылықты, тәртіпті жақсартып, демократияны дамытып, қоғамның сапалы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді.Сонымен, қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде заң ғылымының Адамзаттың бірлестігін дағдарысқа ұшыратпай прогрестік жолмен дамытудағы үлесі мол және баға жетпейтін маңызды күш деуге болады.Жалпы теория өзінің ғылыми зерттеуінде бір өлкенің, бір мемлекеттің, бір елдің шеңберімен шектелмейді. Ол өз жұмысында көптеген елдің, кеп мемлекеттердің тәжірибесін қамтып, байланыстырып зерттеу арқылы ғылыми қорытынды жасайды. Жалпы теорияның бұл қорытындылары дүниежүзілік заң ғылымының жетістіктерімен, жаңалықтарымен сәйкес, қалыптасып отыруы керек.

Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымдарының негізін құраушы, дамытушы, нұсқаушы, біріктіруші жетекші  ғылым. Жалпы теория заң ғылымдарының жалпы, арнаулы, ерекше, жекеше бағыттарын ғылыми тұрғыдан зерттеп, анықтап, көрсетіп отыратын ғылым. Міне, осы көрсетілген  бірлік болмаса, бағыттар анықталмаса  зерттеуге нышан келтіріп, ғылымның дамуында кемшіліктер пайда болады. Осы кемшіліктерді болдырмау  жалпы теорияның бірден-бір міндеті.Адам коғамы диалектикалык даму процесінде болғандыктан коғамдық ғылымдардың  міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, анықталып отырады. Бұл жұмыс  заң ғылымында жалпы теорияның  міндеті.[2;28]                                                                                                                  Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмұны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.                                              Ғылымды бір идеологияның шеңберінде жүргізудің зияны. Қоғамның барлық саласының мазмұнын түсініп-білу үшін ғылымға бостандық керек. Оны саясатпен, идеологиямен бұғаулауға болмайды. Ғылым еркін болған жерде ғана дұрыс, қарқынды дамып, жақсы нәтиже береді. Ғылымның даму процесінде толып жатқан кедергі нышандар да кездеседі: саяси, идеологиялық, мемлекеттік, құкықтық шектеу, қаржы жетпеу, материалдық базасы нашар болу, мамандардың жетіспеуі т.б.                                                                                     Ғылымға зор зиян келтіретін кедергілер:

- зерттеуді бір саясаттың, бір идеологияның шеңберінде жүргізу;

- таптық, партиялық тұрғыдан жүргізу;

- кеңістікке шеңбер кою. (шетелмен катынасқа, ғылыми алмасуға, зерттеуге тыйым салу).

Бұл кедергілердің себептері:

- халықты тапқа, мемлекеттерді топқа, блокка бөлу;

- дүниежүзілік, жалпы халыктық проблемаларды ескермеу;

- демократияның, бостандықтың шектелуі;

- ғылымды екі системаға бөлу. Бұл саясаттың зияны:

- қоғамдағы толып жатқан ғылым бағыттары сапалы, нәтижелі дамымады. Қаржының басым үлесі себепсіз корғанысқа бөлініп отырады;

- ғылыми-техникалық прогресс біздің елде нашар дамыды;

- ғылыми-техниканың жетістіктері көп жылдар тәжірибеде колданылмай мемлекеттің шығынын өсірді.

Осының бәрі бірігіп - елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарыска ұшыратты.Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің достастығы (ТМД) құрылып, Қазақстан тәуелсіз Республикаға қолы жетіп, өзінің Конституциясын қабылдады. Өткен тәуелсіздіктің он төрт жылдығы  Республика тарихында ерекше кезеңге  айналып көп жаңалықтармен жетістіктерге  кол жеткізді.Біз, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің және экономикалык дербестігіміздің 14-15 жылын атап өттік. Дағдарыстан шығу бағытында осы уакыт ішінде экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.Біздің республика үшін соңғы алты жыл ішінде Қазақстанда өндірістің құлдырауын тоқтатудың сәті болды. Соңғы 5-6 ж.ж. өнеркәсіп өнімін шығару 5-7 процентке ұлғайды, ал ауыл өндірісі 3-4 процентке өсті.Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уакыты болды.Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының кіріспе бөлімі ақиқатпен толық үйлесім таба үндесіп тұр: "Біз – ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халкы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздің егемендік кұқығымызды негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін құрамыз.Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдык, татулық пен саяси тұрактылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру аркылы шешу [10;4]                                                                                                   Қазақстан Республикасы өзінің суверендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып, дүниежүзілік қауымдастықты дамытуға, нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазақстан мемлекеті халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтей отырып, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасауда. Олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады - деп Конституцияда көрсетілген. [11;7]

 

 

 

 

 

                                                 

 

 

 

Қорытынды.

Бұл тақырыпты қорыта келе , мен тақырыптын мазмұның толық  аша білдім деп ойлаймын.Бұл тақырыптын әрбір тарауын күрделі зерттедім .Бірінші бөлім толық мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері туралы жазылған. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде мемлекет және құқық теориясының жалпы пәні дегеніміз не, бұл пәнді оқи келе біз қандай натижиеге жететінімізді, яғни мемлекет пен құқық туралы не білетінімізді жаздым.Екінші бөлімшесінде мемлекет және  құқық теориясының әдістері туралы . Бұл бөлімшеде мемлекет және құқық теориясының әдістері дегеніміз не ,мемлекет және құқық теориясында қанша әдіс бар екені туралы жазылған . Үшінші бөлімде мен мемлекет және құқық теорясының қоғамда , заң ғылымдар жүйесінде алатын орны туралы жаздым . Мемлекет және кұқық теориясы заң ғылымының барлық саласының объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады. Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылғы 7 қазандағы өзгертулер мен толықтырулырды коса.
  2. «Қазакстан Республикасының егемендігі туралы» ҚР Декларация.// Ведомстволар, 1990. - № 44.
  3. «Қазакстан Республикасы мемлекттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялык заңы.// Ведомстволар.-1991.- №51.
  4. 1991 жылдың 20 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы// Ведомстволар, 1991.- №52.
  5. «Қазақстан Республикасы әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы //Ведомстволар, 1993. -№23-24.
  6. «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» Конституциялык заң күші бар Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығы //Ведомстволар, 1995. - № 24; //Егемен Қазақстан, 1995. - 28 желтоксан.
  7. 1995 жылдың 16 қазандағы «Қазакстан Республикасы Парламенті және депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық Заң куші бар Жарлығы//Егемен Қазақстан.-І995.- 28 желтоксан.
  8. 1995 жылдың 18 яселтоксанындағы «Қазакстан Республикасы 
    Укіметі туралы» ҚР конституциялық Заңы// Ведомстволар.- 1995.- № 23.
  9. 1996 жылдың 31 маусымындағы «Қоғамдык бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Егемен Қазақстан, 1996. - 6 шілде.
  10. 1996 жылдың 2 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасьшың Заңы // Егемен Қазақстан, 1996. - 5 шілде.
  11. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және кукық теориясы. - Алматы: Білім, 1998.-360.
  12. Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және қукык теориясы. - Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999. - 370 б.
  13. Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. - М. : 
    Юристь, 1999.-560 с.
  14. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және қүқық теориясы. - Алматы: 
    Жеті жарғы, 1998. - 320 б.
  15. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және қүкык 
    теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. - 96 б.
  16. Храпанюк В.Н. Теория государства и права. - М.: Бек, 1998. -470 с.
  17. Теория государства и права /под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. - М.: Проспект, 1997. - 530 с.
  18. Общая теория государства и права/ под ред. Проф. М.Н.Марченко. - М.: ИКД «Зерцало - М», 2001. - 730 с.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері