Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:51, статья
Азаматтық құқықтық шарттарды жасасу тәртібі екі сатыдан құралады: Оферта және акцепт. Оферта дегеніміз – белгілі бір шартты жасасуға ұсыныс енгізуді айтамыз және ол жазбаша немесе ауызша нысанда болуы мүмкін. Акцепт бұл шарт жасасуға ерік білдірудің бір белгісі болып табылады. Акцепт әр түрлі жолдарымен болуы мүмкін, мәселен ең көп тараған түрі үндемей қалу жолымен кеңінен қолданылады. Дегенмен шарт жасасу барысында келіспеушілік жағдайлары туындаған кезде дереу келіспеушілік хаттамасы толтырылады.
Халықаралық және азаматтық-құқықтық шарттардың жасасу ерекшеліктері
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты деп Қазақстан Республикасы шетелдiк мемлекетпен (немесе шетелдiк мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен (немесе халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан халықаралық келiсiмдi түсiну керек, мұндай келiсiм бiр құжатта немесе өзара байланысты бiрнеше құжатта жасалғанына, сондай-ақ нақты атауына (мысалы, конвенция, пакт, келiсiм және т.с.с.) қатыссыз халықаралық құқықпен реттеледi.
Халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасы атынан - мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан - үкiметаралық шарттар, орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар атынан - мекемеаралық шарттар болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Қолданылуы үшiн заң шығару талап етiлмейтiн халықаралық шарттардың ережелерi Қазақстан Республикасында тiкелей қолданылады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелерiн жүзеге асыру үшiн қабылданған тиiстi заңдарды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қатар қолдану қажет(1).
Халықаралық шарттардың жасалу тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңымен реттеледі. Дегенмен халықаралық шарттарды тіркеу және есепке алу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 қазандағы № 1133 «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы» Қаулысымен іске асырылады(2).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 378 бабының 1-тармағына сәйкес Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады(3).
Шарт туралы Жалпы ережелер ҚР АК-нің 22-тарауында қамтылған. Шарт жасасу тәртібі мен рәсімі ҚР АК-тің 23-тарауында көзделген.
Азаматтық құқықтық шарттарды жасасу тәртібі екі сатыдан құралады: Оферта және акцепт. Оферта дегеніміз – белгілі бір шартты жасасуға ұсыныс енгізуді айтамыз және ол жазбаша немесе ауызша нысанда болуы мүмкін. Акцепт бұл шарт жасасуға ерік білдірудің бір белгісі болып табылады. Акцепт әр түрлі жолдарымен болуы мүмкін, мәселен ең көп тараған түрі үндемей қалу жолымен кеңінен қолданылады. Дегенмен шарт жасасу барысында келіспеушілік жағдайлары туындаған кезде дереу келіспеушілік хаттамасы толтырылады.
Халықаралық шарттар жасасу жүйесі өте күрделі сатыдан өтеді. Оған жай мысал ретінде, халықаралық шарттардың жасасу кезіне дейінгі аралықта көптеген сараптамадан өтетінін келтіруге болады.
Халықаралық шарттар мен азаматтық құқық шарттардың ең басты ұқсастығы ерік білдіру нысаны болып табылады. Ерік білдіру нысаны арқылы халықаралық немесе азаматтық шарттар жасалынып отырады. Ерік білдіруді бір сөзбен айтқанда шарттағы тараптардың сол шартта көрсетілген талаптарға келісуі (мақұлдауы) маңызды рөл атқаратыны айдан анық.
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер:
Информация о работе Халықаралық және азаматтық-құқықтық шарттардың жасасу ерекшеліктері