Халықаралық жеке құқықтық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:05, контрольная работа

Описание работы

Халықаралық жеке құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер, шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста.

Содержание

Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі.
Халықаралық жеке құқықтың реттелуі әдістері және бірқалыпқа келуі.
Шетел азаматтарының азаматтық құқықтық ерекшелері.
Халықаралық жеке құқықтағы неке және отбасылық құқықтық қарым-қатынастар.

Работа содержит 1 файл

Halykaralyk jeke ku.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

    Ұлттық  тәртіп, шетел азаматы Қазақстан Республикасында құқыққа бостандыққа ие, сонымен қоса азаматтарының Республикалық келісімшартында көрсетілген заңдарға, бекітілген Конституцияға  міндеттеледі.

    Заң алдындағы азаматтардың теңдігі оның әлеуметтік-мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, бөліміне, дәстүрге қарым-қатынасына, тумысына тәуелсіз.

    Шетел азаматтарының өз құқықтары мен еркіндігін қолдануы Қазақстан Республикасының  қызығушылығында.

    Шетел азаматтары  өз еркіндігі  мен бостандығын  қолдана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына  бағынуға, ондағы көрсетілген  міндеттерге  бағынуға  және  орындауға  құқылы.  Көрсетілген  міндеттерді  орындамау   шетел  азаматтарына  шара қолданып   жазалау  көрсетілген.

    Барлық  шетел  азаматтары  екі   категорияға  бөлінеді:

    1. тұрақты  тұрғындар
    2. уақытша тұрғындар

    Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар  санатына  ішкі  істер бөлімі  берген тұрақты  тұруға  рұқсат қағазы бар адамдар жатады.

    Уақытша тұратын  азаматтар  көрсетілген  мерзімде  Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.  Азаматтығы жоқ  тұлға ол  Қазақстан Республикасы азаматы саналмайтын,  басқа мемлекеттің азаматтығы  туралы  дәлелі  жоқ тұлға.

    Көп жақты  келісім шартта  адамның  құқықтары көрсетілген оларға: азаматтық және  саяи құқығы,  экономикалық, әлеуметтік  және  мәдени  құқығы 1966 ж., басқындардың  құқықтық  ережесі 28.07.1951 ж, азаматтығы жоқ адамдардың  құқықтық  ережесі конвенция 28.09.1954 ж. жатады.

    Ең  басты  назар екіжақты  келісімшартқа  аударылады, онда өзара  екі жақты  міндеттер  көрсетілген. Оның құрамына  құқықтық көмек, өзара төлқұжатсыз  жол жүруіне  байланысты  келісімдер  жатады.

    Шетел азаматтарының  құқықтық  ережелері ішкі заңдылықтармен, нормамен бекітіледі. Бұл дегеніміз ҚР-ғы  барлық шетел азаматтарына заңды  нормативтер  қолданылады.  ҚР-ң  Азаматтық кодексінде 1 б. 13 ст. бойынша  барлық азаматар тең  осы кодекстің 14 ст. айтылған.

    Шетел азаматтарының  құқыққа ие  болушылығы реторсий  түрінде  шектелген.

    Құқықтық  әдебиеттерде реторсий  бұл  ел аумағына   шетел азаматтарының  келуінің  реттелуі  болып табылады.

    ҚР-ң  заңдарында  шетел азаматтарының  міндеттерімен  бірлік  құқықтық  қағидалары  бекітілген.  Көрсетілген  міндеттерді  орындамаушылық  шетел  азаматын  бекітілген  жауапкершілікке  тартуға  негізделген. Жеке тұлғаның  азаматтық еңбекке  қабілеттілігі  оның  қаза  болуына  байланысты  немесе оның  заңды  көрсетілген  мерзім  ішінде  ізтүссіз жоғалып  кетуіне  байланысты тоқтатылады.

    Із-түссіз жоғалып кету – бұл сот жүзінде  көрсетілген мерзімде  оның  нақты  мекен жайда  ұзақ  уақыт   болмай жоғалып кетуі.

    Қаза  болуы туралы  хабарлама –  бұл азаматтың  қайтыс болуын  мойындау.

    ҚР-ң  Конституциясы  өз аумағында  адамдарды  қорғауға  кепілдік   бере алады.

    Вена  Конвенциясындағы  1961 ж.  дипломатиялық  қарым-қатынас және  Вена Ковенциясының   консулдық  қатынасына  сол  шетел азаматтарының  еркіндігі  мен құқығын  мемлекеттің дипломатиялық   және консулдық  өкілдері  қорғайтын айтқан.

    Отбасылық қатынастар төңірегінде  адамның  халықаралық  құқықтық  негізін  құратын басты  құжат  болып 1948 жылы  жарық көрген «Адам құқығы  туралы  жалпы Декларация» болып табылады. Ал, 1959 ж. «Бала құқығы» декларациясы, 1959 ж. «Бала құқығының БҰҰ» Конвенциясы жарық көрген. ҚР-сы екіжақты  келісім шартқа ол яғни  азаматтық  құқықтық қорғау отбасы  және  қылмыстық іс, консульдік  конвенция, отбасылық  қатынастар т.б. Халықаралық жеке құқық шетелдік  элементтердің некеге қатысты сұрағын реттеп отырады. Неке – ол әйел адам мен еркек адамның  одақ  құруы.  Некеге  тұру шартына -  үшінші  адамның  келісімі, некелік  жасқа жету,  некеге тұрушы  адамдардың  екі  жақты келісімі қажет.

    Неке  және отбасылық  қарым-қатынастар ҚР-ң «Неке және отбасы» Заңы  17.12.1998 ж.  бойынша  реттеліп  отырады.  Осы  заңның  200 бабына сай ҚР аумағындағы некеге тұру  осы заңдармен белгіленеді.

    ҚР  «Неке және отбасы»  заңындағы  9 бап бойынша ҚР некеге тұру  шартына:

    1. әйел адам  мен ер  адамның  екі  жақты  келісімі
    2. заңда  көрсетілген жасқа жетуі /18 жас/

    Осы ҚР заңдарды  ескере отырып  әртүрлі  қолайсыз  жағдайлардың  алдын  алу  үшін  шетел  азаматтарын отбасылық, азаматтық,  қылмыстық  істен қорғау  көзделген.  ҚР заңдары  консулдық некеге шартқа  отыруға  қарсы емес екенін көрсеткен.

    Әр  мемлекетте  ажырасу  қалпы  әртүрлі  бекітілген.  ҚР аумағындағы  некенің  бұзылуы  қазақстан заңдылықтарға  сүйене отырып  жүзеге асады.

    Шетелде  тұратын  қазақ  азаматтарының  неке шартының  бұзылуы, сол  мемлекетте  жүзеге  асырылады.

    ҚР  Конституциясында  әйел  адам мен  еркек адамның  тең  құқықтары  бекітілген. Олардың  қатарына:

    1. әйел адам  өз фамилиясында  қалуға  құқылы
    2. өз азаматтығын   сақтауға
    3. өз  мамандығы  мен кәсібін 
    4. некеге дейінгі өз мүліктік құқығын сақтап қалуға
    5. отбасы мүлігін бөлісуге

    Заң бойынша шаруашылық істі жүргізу ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша бекітіледі. Құқық бойынша ерлі – зайыптылар бірге тұруға, жеке тұруға тең құқылы. Ерлі – зайыптылар бір – біріне материалдық көмек көрсетуге тиісті.

    Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы заңының» 205 бабы бойынша ерлі – зайыптылардың жеке мүліктік немесе мүліксіз құқығы анықталған. Баланың құқықтық ережесі оның құқықтық азаматтық қаулысына сүйене отырып анықталады.

    Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгендегі ер 14 жасқа толмаған бала автоматты  түрде ата-анасының  азаматтығына ие бола алады. Қазақстан Республикасында заңдары бойынша белгіленген 207 бап бойынша ата-анамен, баланың құқықтық міндеттері, баланы бағып өсіруге, міндеттері көрсетілген. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының бала асырап алуы үшін, мемлекеттің жоғарғы лауазымды органынан заңды келісім алуы шарт. Егер асырап алушылық кезінде бала құқығы бұзылса Қазақстан Республикасының заңына сай және халықаралыќқ келісім шартқа сай сот жүзінде іс тоқтатылады. Шетел азаматтының асырап алынған баласы Қазақстан Республикасының елшілігі мен консулдары арқылы бақылауға алынады.

    Егер  бала Қазақстан Республикасының  азаматы бола отырып басқа мемлекетте өмір сүрсе онда асырап алушылық Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде іске асырылады.

    Қазіргі күні бір мемлекет ішіндегі заңды тұлғалардың шаруашылық іс әрекеті шектелмеген. Оның ішінде дара иелер арасында:

  1. Ұлттық қоғамдар, компаниялар, яғни шетелдер көптеген филиал бөлімшелер иеленген, мысалы, «Дженерал моторс» (АЌШ), «Фольксваген» (Германияда)
  2. Концерндер, трестер. Олар көптеген мемлекеттердің капиталдарына жатады, мысалы, «Роял Датч Шелл» - ағылшын, голандиялық мұнай концерні. Осы топтардың барлығы бір мемлекеттің заңды тұлғасы бола отыра басқа елдердеде бөлімшелер мен филиалдарға ие.

    Халықаралық заңды тұлға – бұл яғни халықаралық шартқа негізделе отырып ішкі заңдарға сүйене отырып қызмет етуші тұлға.

    Заңды тұлғалар – Халықаралық жеке құқықтың негізгі басты субъектісі болып табылады. Халықаралық жеке құқық заңды тұлғалардың екі басты түсінігі көзделген:

  1. Жеке мәртебесі (заңды). Оған заңды тұлғаның ішкі ұйымдасуы, оның құқыққа қабілеттілігі іс-әрекет аумағы, бастапқы капиталы оның формалары, мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, заңды тұлғаны басқарушы органдардың құзыреті, және т.б.
  2. Ұлты. Ол дегеніміз жеке заңды тұлғаның мемлекеттік белгілі бір тегінің болуы. Заңды тұлғаның ұлты оның жеке мәртебесін көрсетеді. Заңды тұлғаның ұлты оның құқықтық көлемін айқындайды.

Заңды тұлғаның ұлтын белгілеу – сонымен  қатар оның халықаралық құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі. Халықаралық  жеке құқықта заңды тұлғаның ұлтының келесі критерилерін бөліп көрсетеді.

  1. Белгілерді біркелкілеп жүйелеу. Бұл Ресейде, Англияның құқықтық жүйесінде, Шығыс Европа  елінде қолданылған. Ол дегеніміз заңды тұлғаның құжаттарының тіркелуі яғни ол адамның сол мемлекеттің талабына заңына жауап береді.
  2. Заңды тұлғаның мекен жайлық белгілері. Бекітілген заңдар бойынша тұлғаның құқық қабілеттілігін тексеру.
  3. Заңды тұлғаның негізгі іс-әрекет түрлері мен орнының белгілері. Халықаралық жеке құқықта басты іс-әрекет тұратын елден, яғни әкімшіліктің орын алуы, мекеменінің арнайы іс-әрекетінің жүруі, әкімшілік құжаттардың жүргізілуі, серіктестермен өзара келіссөздер жүргізу және т.б.

     Халықаралық ұлттық бірлестіктердің ұлттық құқықтық мәртебесі.  Қазақстан Республикасында ұлттық бірлестіктегі басты қызығушылық мұнай саудасында. Ұлттық бірлестік іс-әрекеті ішкі заңдылықтармен, екіжақты немесе көпжақты, келісімдер мен тәртіп белгіленеді.Әр облыс пен аумақтағы халықаралық бірлестіктердің дамуы, мемлекеттің басқа мемлекеттің түрлі мүліктік қатынасқа түсуіне, халықаралық ұйымдармен, заңды тұлғалармен және мемлекеттің әр түрлі азаматтарымен құқықтық байланысқа түсуіне әкеліп соқтырады.

    Мемлекет  қатысуымен болатын байланыстың екі түрін ажыратамыз: мемлекетаралық жєне халықаралық ұйымдармен құқықтық қарым-қатынас. Мемлекет мұнда тек бір жақты қатынас алатын, ал келесі жағы шетел азаматтарының заңды тұлғалары болуы мүмкін.

    Мүліктік  қарым-қатынастар аумағында мемлекет тек ерекше құқықтың субъектісі бола алады.

    Мемлекет  әрқашан – бірліктегі субъект болып табылады. Егер мемлекет келісімшарт жасасса, ол өзінің суверенитетін жоғалтпайды. Заңды тұлға санатына – әр мемлекеттің ұлттық ішкі құқықтары жатады. Суверенді мемлекеттің халықаралық құқықтық принципінде бірде-бір мемлекет басқа мемлекетке басқарушылыққа ие бола алмайды. Әлемдік заңды әдебиеттерде және мемлекеттің тәжірибесінде мемлекеттің қорғаныс күші екіге бөлінген: абсолютті және шектелген. Біріншісі бұл әрбір суверенді мемлекетке тән және сол мемлекет ішінде әрекет етіп таралады. Егер мемлекет жеке тұлға тұрғысында іс-әрекет етсе, яғни коммерциялық іс-әрекетпен айналысса онда ол қорғаныс кқштерді пайдаланбайды (мысалы, Австрия, Греция, Германия).

    Мемлекеттің теориясы мен тәжірибесінде қорғаныс иммунитеттерінің бірнеше түрін ажыратуға болады.

  1. Соттық. Бір мемлекеттің сотының екінші мемлекеттің сотына заңның жүрмейді.
  2. Талаптардың алдыналу қамтылуы. Баса мемлекеттің мүліктік қарым-қатынасына мемлекеттің шешімінсіз шара қолданбау.
  3. Шешімдерді күштеп орындау. Мемлекеттің қатысуынсыз шешімдерді күштеп орындауға жол бермеу.

    Барлық  осы үш түрінің байланысы суверенитетті мемлекеттің принциптерінен туындайды. Азаматтық заңдылықтарға сүйене отыра, мемлекеттің барлық қарым-қатынастарға қатысатынын, және осы заңдармен реттелетінін көруге болады.  Мемлекет өз азаматтық құқықтық міндеттеріне яғни, өз меншігіндегі мемлекеттік қазыналарға жауап береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

РМҚК «Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» 

«Экономика  және  құқық»  институты

«Құқықтану» кафедрасы 
 
 
 

 

Тақырыбы:   «Жедел іздестіру шаралары» 
 
 
 

Информация о работе Халықаралық жеке құқықтық жүйесі