Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 10:37, реферат
Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.
І. Кіріспе.......................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Египетте мемлекеттің пайда болуы....................................4
2.2. Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы...............................7
Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы..........................8
2.4. Құқықтың негізгі белгілері..................................................10
ІІІ. Қорытынды.............................................................................11
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер...................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды, оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш – «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі – Хеопс пирамидасы.
Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра тәрізді болды. Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида – Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат – шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі 1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.
Египет мәдениетінің маңызды құрама бөлігі иероглифтер – суретті символдық хат болды, онымен храмдар мен сарайлар алдындағы жоғары ескерткіш тастарды жазды, олар кейіннен буын жүйеліге айналды.
Б.з. дейінгі
ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһарыТутанхамон
перғауынның әйелімен бақшадағы
барельефі, Аменхотеп ІV әйелі –
Нефертитидің скульптуралық портреті,
Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі
Египеттің бейнелеу өнеріне фигураларды
жазық бейнелеу, статикалық, канондық
шарттылық тән. Ерлердің денесі қызыл
түспен, әйелдердің түсі қызғылт түспен,
ал шаштары қара түспен, киімдері ақ түспен
бейнеленген. Өнер мелшиіп тұру сипатында
болады.
2. Законы царя Хаммураппи «Юридическая газета» 1996г. № 38 – 45.
3. Хрестоматия по истории Древнего Востока т.1 – 2. М., 1980г.
1960г.
4. Скрипилев Е.А. Основные черты права Древнего Востока (Законы Хаммураппи). – М.,1964г.
5. Федоров К.Г. Афины – правовое государство античности. – Краснодар, 1991г.
6. Лурье И.М. Очерки древнеегипетского
права Л, 1960.