Дауларды шешудің жалпы қолданыстағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:09, доклад

Описание работы

Дауларды шешудің жалпы қолданыстағы «Alternative Dispute Resolution» (ADR) анықтамасымен біріктірілген баламалы формаларының Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті және азаматтық қоғамды дамыту үшін маңыздылығын ұғыну 2001 жылы «Independent Arbitration Centre» мекемесінің құрылуына алып келді. Ол азаматтық айналым субъектілерінің арасында

Работа содержит 1 файл

Дауларды шешудің жалпы қолданыстағы.docx

— 17.79 Кб (Скачать)

Дауларды шешудің жалпы қолданыстағы «Alternative Dispute Resolution» (ADR) анықтамасымен  біріктірілген баламалы формаларының Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  және азаматтық қоғамды дамыту үшін маңыздылығын ұғыну 2001 жылы «Independent Arbitration Centre» мекемесінің құрылуына алып келді. Ол азаматтық айналым субъектілерінің  арасында туындайтын дауларды шешу және реттеу қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқан, Қазақстан Республикасындағы  аса ірі тәуелсіз институт болып  табылады. «Independent Arbitration Centre» мекемесі азаматтық айналымға әрбір қатысушының  бұзылған немесе дауланған әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен босандықтарын  қорғауға құқын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының заңнамасына және халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстан  Республикасының «IAC» Аралық сотын, «IAC» Халықаралық төрелік сотын  және «IAC» Халықаралық Медиация Орталығын  құрды.

 

«Independent Arbitration Centre» мекемесі қызметінің негізгі мақсаты және мағынасы Қазақстан  Республикасында да, одан тыс жерлерде де азаматтық-құқықтық дауларды құзырлы, жедел және үнемді шешуді қамтамасыз етететін құқықтық механизмдерді құру және дамыту және оларға отандық заңгерлер  мен іскер топтардың үнемі  өсіп келе жатқан мүдделерімен қатар  дамуға тырысу болып табылады.

 

Аралық (төрелік) сот ісін жүргізу  және медиация саласындағы үздіксіз ғылыми және практикалық қызмет, әлемдік  тәжірибені зерттеу, дауларды шешу үдерістерін  әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес, әділдік, шынайылық және тәуелсіздік  қағидаларының сақталуына барынша  жоғары дәрежеде қамтамасыз ететіндей  жан-жақты басқару – мүдделі  тұлғаларда «Independent Arbitration Centre» мекемесінің  құзырлылығы мен кәсібилігіне еш күмән қалдырмайтын артықшылықтардың бір бөлігі ғана. Тап сондықтан, мекеменің  банктік және қаржылық қызметтер, өнеркәсіп  және құрылыс индустриясы, мұнай  және газ секторларын қоса, сан-алуан  іскерлік секторлардағы отандық  және шет елдік ірі кәсіпорындар қатысқан дауларды шешуде оң тәжірибесі бар.

 

Кез-келген компанияның немесе жеке адамның қызметінде көбінесе кейде  әйтеуір болатын түрлі даулар және кикілжіңдер болып тұрады. Дамыған  нарықтық экономика және жаһандану  дәуірінде, экспорт, инвестициялар, қаржылық мәмілелер және бәскелестік көлемінің  көбеюіне, демек даулар санының үздіксіз өсуіне байланысты кикілжіңді жағдаяттардан  барынша аз уақыт және материалдық  шығындар жұмсап, жылдам шыға алу шеберлігі  ерекше өзекті бола түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«IAC» Халықаралық төрелік соты тұрақты тұрде қызмет етіп, сыртқыэкономикалық қарым–қатынастарға қатысты келісімшарттардан туындайтын келіспеушіліктердегі жақтардың бірден–біреуі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайындағы келіспеушіліктердің жоғары деңгейдегі талқылауын ұйымдастыратын халықаралық коммерциялық арбитраж болып табылады. «IAC» Халықаралық төрелік соты мен Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының құрылуы, ішкі аралық соттар мен халықаралық коммерциялық арбитраждардың бөлінуін заңдастырған, 2004 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының «Аралық соттар жайында» және «Халықаралық коммерциялық арбитраж жайында» заңдарының қабылдануымен тікелей байланысты. 
 
«IAC» Халықаралық төрелік соты өз жұмысын қазіргі заманға сәйкес коммерциялық қарым–қатынастардан туындайтын келіспеушіліктерді қарастыру рәсімдерін ұйымдастырудың халықаралық шарттарына сәйкес атқарады. Әрине, бұл осы соттың жақсы атағы мен осы сотқа деген қызығушылықтың арта түсуіне өз септігін тигізеді. 
 
Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотына ұқсас «IAC» Халықаралық төрелік сотында арнайы арбитрлар алқасы құрылған. Осы арбиторлар алқасының құрамы құқық, қаржы, экономика, өндірістік – техникалық және де қоғам саласындағы ірі мамандармен толықтырылған. Әрине, айтылған арбитрлар алқасы, қызығушылық білдірген және де іскер тұлғалардың «IAC» Халықаралық төрелік сотына жүгінген күндерінде ие болатын ең негізгі артықшылықтардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, туындайтын келіспеушіліктердің талқылауын «IAC» Халықаралық төрелік сотының қарамағына беруді қарастыратын төрелік ескертуді келісімшартқа қосқан жағдайда, келіспеушіліктің қарсы жақтың елінде орналасқан сотта немесе Европе мен Америка елдерінде орналасқан халықаралық төрелік соттарында қарастырылған жағдайдағы кететін уақыт пен қаржыны әлдеқайда үнемдеуге мүмкіндік береді.  
 
Төрелік талқылаудың өткізілу рәсімі, мұқият қарастырылған «IAC» Халықаралық төрелік сотының Регламенті, жақтарға келіспеушіліктің талқылау барысының анықтығын, сонымен қатар механизімі тәуелсіздік пен бейтараптық қағидаларына сәйкес келетін соттың құрамын құрастыру рәсімдерінің қол жеткізерлігін қамтамасыз етеді. Айтарлықтай ыңғайлы жағдайлардың бірі, «IAC» Халықаралық төрелік сотында төрелік талқылаудың барысын қозғау рәсімінің біршама жеңілдендірілуі. Төрелік талқылаудың барысын қозғау үшін, талап арызды жіберу жетерлікті. Алайда, көптеген қазіргі заманғы халықаралық коммерциялық арбитраж орталықтарында сот ісі арбитраж жайында өтінішті ұсынудан кейін басталады, ал талап арыздың өзі істің арбитраждық талқылауға қабылданғаннан кейін ұсынылады. 
 
Халықаралық сипатқа ие коммерциялық келіспеушіліктердің қарастырудың бүкіләлемдік тәжірибесі, төрелік ескертудің жөнді жасалуынан және де халықаралық коммерциялық арбитражды дұрыс таңдауынан, соттың қандай шешім шығаратыны да байланысты. Алайда, қандай да болсын халықаралық коммерциялық арбитражды таңдау кезінде, келіспеушіліктерді қарастырудағы рәсімдердегі, халықаралық коммерциялық арбитраждардың қызмет атқаруын реттейтін мемлекеттік заңнамалардағы айырмашылықтардың болуы біршама қиындықтарды туындатады. Осындай жағдай туындағанда, халықаралық коммерциялық арбитраждық талқылаудың теориясы мен тәжірибесіндегі маңызды деген жетістіктерді сіңірген «IAC» Халықаралық төрелік соты жақсы таңдау бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арбитражға жүгіну туралы тараптардың  арасында жасалған шартта істі қараудың тәртібі, арбитраждық келісімнің міндеттілігі және оған шағым жасалуға жатпайтындығы  көрсетіледі. Бірақ, осыған қарамастан халықаралық сауда тәжірибесінде  арбитраждық келісімді орындамау  жағдайлары кездеседі. Осыған байланысты 1923 жылы Арбитраждық келісім туралы Хаттама және 1927 жылы Арбитраждық  келісімді мәжбүрлеп орындату туралы Женева конвенциясы қабылданды. Қазіргі  таңда бұл Хаттама мен Конвенцияның заңды күші жоқ. Олардың орнына 1958 жылы 10 маусымда Нью-Йоркте шетел арбитраж шешімдерін тану және орындау туралы Конвенция қабылданды. Бұл конвенцияның маңыздылығы, шетел арбитраж шешімдерін орындамауының кепілі болды. Айтылып  кеткендей бұл конвенция жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады. Конвенция белгілі бір мемлекетте ішкі шешім болып табылмайтын  арбитраждық шешімдерге де қолданылады, демек конвенция тек аумақтық емес сонымен қатар, ұлттық критерий бойынша да қолданылады. Конвенцияның үшінші бөлімінде осы Конвенцияға  қосылған мемлекеттер арбитраждық  іс жүргізу заңдары сәйкес болу керек  делінген.

Ал Конвенцияның бесінші бөлімінде  қандай жағдайларда шешімнің орындалуына  қарсылық білдіретіндігі көрсетілген:

шешім шығарған жердің заңы бойынша  тараптың біреуі әрекетке қабілетсіз болса және шешімнің заңсыз болуы;

арбитраждық талқылау туралы мүдделі  тұлғаларға хабарламауы;

арбитраждық келісімдегі шартқа қатысты  емес немесе арбитраждық ескертуге  сәйкес келмейтін дауларға байланысты шығарылған шешімдері;

арбитраждың орналасқан жерінің заңы бойынша арбитраж органының немесе арбитраж іс жүргізуінің тараптардың  келісімімен сәйкес келмеуі;

тараптар үшін шешім түпкілікті болып табылмауы;

шешім мәжбүрлі түрде орындалатын  жердің заңы даудың объектісі арбитраждың  іс жүргізу объектісіне жатпауы;

шешімді тану және орындау сол мемлекеттің  көпшілік құқығына қайшы келуі.

Осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер  арбитраждық шешімді тану мен  орындауға байланысты басқа екі  жақты және көп жақты конвенцияларды қолдана алады.

1961 жылы 21 сәуірде Сыртқы сауда  арбитражы туралы Еуропалық конвенция  қабылданды. Конвенцияның 6-бабында  тараптардың уақытша және тұрақты  арбитраждарға жүгіну құқығы  көрсетілген. Сондай-ақ, конвенция  уақытша арбитражды құрудың тәртібін  көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президентінің  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы 1995 жылы 4 қазанда 1958 жылғы «Шетел арбитражының шешімін тану және орындау туралы»  Нью-Йорк конвенциясына және 1961 жылғы  «Сыртқы сауда арбитражы туралы»  Еуропалық конвенцияға қосылды. Қазіргі таңда ҚР шетел сотының  және арбитраждық шешімдері тану мен орындалуын қамтамасыз ететін өзіндік  жүйе құруда. 1992 жылы 2 наурызда Киев қаласында  ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші  рет шаруашылық қызметке байланысты дауларды қараудың тәртібі туралы көп  жақты келісімге отырды. ҚР Жоғарғы  Соты бұл келісімді 1992 жылы 2 шілдеде  бекітті. Бұл келісімге байланысты осы келісімге отырған мемлекеттің  шаруашылықпен айналысатын субъектілері сотқа, арбитраждық сотқа, үшінші сотқа  немесе басқа да органдарға жүгіне алады және арбитраж шешімдерін таниды және орындайды.

Екінші көп жақты келісім  ТМД мемлекеттері қатысқан 1993 жылы 22 қантарда қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер  бойынша құқықтық қатынасқа байланысты құқықтық көмек көрсету туралы Конвенция. ҚР Жоғарғы Соты бұл конвенцияны 1993 жылы 31 наурызда бекітті.

Бұл келісімге байланысты конвенцияға  қатысқан мемлекеттердің азаматтары екінші мемлекеттің аумағында болса  немесе заңды тұлға сол мемлекеттің  аумағында құрылса, онда сол мемлекеттің  жеке және заңды тұлғалары ие құықтар  мен міндеттерді атқарады; азаматтық  істербойынша сот шешімдерін тану мен  орындау кезінде бір-біріне құқықтық көмек көрсетеді; сот шешімдерін орындау сол мемлекеттің іс жүргізу  заңымен реттеледі. Шетел арбитражының шешімдерін тану мен орындауға байланысты шаруашылық қызметтің өсуіне байланысты 1992 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресейдің арасында екі жақты  келісім жасалды. Шаруашылық субъектілердің арасындағы дауды қараудың тәртібін мемлекетаралық келісімге сәйкес шешеді.

 

 

 


Информация о работе Дауларды шешудің жалпы қолданыстағы