Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 14:01, статья
Сақтандыру саласының тамыры ежелгі ғасырлардан бастау алады. Сол уақыттан бері сақтандыру саласы одан әрі жетіліп, дамып отырған. Сақтандыру классификациясы сақтандырудың екі түрін қамтиды: 1.міндетті сақтандыру; 2. ерікті сақтандыру. Сақтандыру қызметі – экономикалық қатынастардың белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік-экономикалық орта.
Шет
елдерде сақтандырудың
тәжірибесі және оны
Қазақстанда қолдану
мүмкіндігі
Сақтандыру саласының тамыры ежелгі ғасырлардан бастау алады. Сол уақыттан бері сақтандыру саласы одан әрі жетіліп, дамып отырған. Сақтандыру классификациясы сақтандырудың екі түрін қамтиды: 1.міндетті сақтандыру; 2. ерікті сақтандыру. Сақтандыру қызметі – экономикалық қатынастардың белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік-экономикалық орта. Бұл салада сатып алу және сату объектісі ретінде сақтандыру қорғанышты болады және сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Сақтандыру нарығын ақша қатынастарын ұйымдастырудың түрі ретінде қарастыруға болады және де бұл қатынас қоғамның сақтандыру ортасын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу мақсатында іске асырылады.
Сонымен қатар, сақтандыру механизмінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Шетелдік сақтандыру қызметі өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және қарқынды дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді. Сақтандыру секторы тұрақты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айту қиын.
Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сондай-ақ, сақтандыру қызметі нарығының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді сақтандыруда, халықтың отандық қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді салымдар жасауға көп халықтың сенбеушілігінде болып отыр.
Қазіргі кездегі отандық сақтандыру қызметі рыногының дамуын тежеп отырған негізгі себептер тек сақтандыру қызметін ұсыну тәжірибесінің жеткіліксіздігіне ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі мен төлем қабілеттілігі бар кәсіпорындарының санының аздығынан болып отыр. Осы себептер сақтандыру қызметінің потенциалдарын анықтап, құру механизмдерін жетілдіруге бағытталған және болашақтағы тенденциялар мен қорытындыланған зерттеулердің жоқтығынан болып отыр.
Сонымен қатар, шетелде қалыптасқан сақтандыру қызметінің үлгілері Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығына да үлгі ретінде қабылдана алады.
Сақтандыру қызметі ұлттық экономиканың маңызды саласы және де тәуекелден қаржылық қорғау институты ретінде әрдайым дамып келеді. Нарықтық экономика жағғдайында тәуекелділікті тиімді басқарудың негізгі әдісі сақтандыру қызметі болып табылады. Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасқан белгілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді.
Сақтандыру қызметі – бұл қаржылық тұрақтылықты және төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында қаржы нарығында пайда алу үшін қордың уақытша бос қаражаттарын пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сақтандыруды қадағалау жүйесі әрекет етуші заңдарға сүйенеді, оған жалпы құқықтық актілер, арнайы сақтандыру заңнамалары және ведомстволық нормативтік құжаттар кіреді.
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу ұлттық сақтандыру жүйесінің дамуын және экономиканың сақтандыру секторын әсерлі бақылауды қамтамасыз етеді.
Шет елдерде сақтандыру институты әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі құрамдасы ретінде өте жақсы дамыған, ал біздің елдегі осы саланың жағдайы қарқынды дамуды талап етеді. Осыған орай сақтандыру жүйесін қарқынды дамытудың жолы сақтандырушылар мен сақтандыру ұйымдарының салық салу жүйесін жетілдіру болып табылады.
Алайда, сақтандыру нарығының дамуы жалпы ішкі өнімге тікелей қатысты емес. Сақтандыру секторының дамуы көптеген факторларға тәуелді, әсіресе, халықтың ақшалай табысының өсуіне, жалпы сақтандыру мәдениетінің дамуына, экономика саласының жинақтаушы сақтандырумен бәсекелестігінің жетістігіне байланысты дамиды.
Соңғы
онжылдықтар ішінде Еуропа, АҚШ пен
Жапония индустриализацияның
Сөйтіп бұл жай қазіргі экономикалық өмірдің барлық укладтарын анықтай тұра, сонымен қоса олар әлі де белгісіздік туғызуда. Ал, экономиканы тұрақты түрде жетілдіріп жаңартып әрі күрделі қаржы үші батыл тәуекелге бару ғана әлгі етектен тартқан жұмысты жүргізбей отырған жайларды болдырмайды.
Міне
бұл сақтандыру мен қайта сақтандырудың
қазіргі басты міндеті
Осы орайда, сақтандыру компанияларының негізгі міндеті тұтынушыларға маңызды сипаттар бойынша өзін таныту және жайғастыруды қалыптастыру керек. Тағы атап кеткен жөн болар, көп жағдайда сақтанушылар сақтандыру жүйелеріне және жеке сақтандыру компанияларына сенбей жатады, осы жерде сақтандыру оқиғасы пайда болған кезде оның сапасы мен қызметтің сезілгіштігі маңызды рөл ойнайды.
Сонымен қатар, біздің елде сақтандыру қызметінің дамуы көптеген себептерге байланысты болып келеді. Атап айтар болсақ, ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтанушы-тұтынушылардың төлемқабілеттілігі, сақтандыру заңнамаларының жай-күйі, мемлекеттік реттеу құралдары мен оның сақтандырушылар үшін тиімділігі. Онымен қоса, сақтандыру қызметінің дамуына тек ішкі факторлар ғана емес, сыртқы факторлар да әсер етеді, оларға: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шығыс Еуропа елдерінің сақтандыру нарығының дамуы, осы саладағы біріккен ұйымдарға кіру шарттары секілді факторлар жатады.
Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады, бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Әсіресе бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өтуі үшін материалдық жағдайының қандай екендігі өте үлкен рөл атқарады. Бұл проблема теориялық әрі практикалық тұрғыдан да өте маңызды бола түсуде бұның дұрыс шешілуіне тура мағынасында экономикалық ғылымның одан әрі қалыптасуы мен арта түсуі тікелей байланысты. Ғылыми дәлелділік пен тиімділікті арттыру экономиканың сауығуына әлеуметтік бағыт-бағдарының анықталуына тауар ақша қатынасын жақындатуға құнсызданушылық процестерді кідірте тұруға, бюджет тапшылығын қысқартуға әкеледі.
Сақтандыру қызметі экономикалық тұрғыдан маңызды, бірақ аз зерттелген сала болып табылады. Нарықтық қатынас жағдайында яғни барлық қаржылық механизм түбегейлі түрде өзгерген сәтте халық шаруашылығы кешенін қаржы жағынан сауықтырудың тұрғындардың бұдан кейінгі сұранымдарында барынша қанағатандырудың ықпалды жолын табу керек. Ұлттық сақтандыру нарығында көптеген сақтандыру ұйымдарының капиталдандыруының төмен деңгейі ірі тәуекелдерді сақтандыруға мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайдан шығудың бір амалы қайта сақтандыру жүйесін пайдалану болып табылады. Сондықтан сақтандыру ұйымдары Батыстық сақтандыру компанияларының қызметін пайдалануға мәжбүр. Осының салдарынан сақтандыру төлемдері түсімінің көлемі артуы шетелге берілген сақтандыру төлемдерінің өсуімен қабат жүруде.
Біздің қоғамымыздың экономикалық өмірінде оның ішінде сақтандыру ісін жетілдіру мен дамыту міндеттері алға қойылуда. Алдағы кезде сақтандыру рыногын дамыту бағытында міндетті сақтандыру түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылмақ. Сонымен бірге сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беру қорын құруда көзделінеді. Бұл сақтандырудың жүйесіне деген сенімді күшейтуге қызмет етеді.
Сақтандыру
рыногының дамуы айналып
Сақтандыру мемлекеттің әлеуметтік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және экономикаға инвестиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел экономикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады. Сақтандыру нарығын жетілдіру жолдарының негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, тұрақты қызмет атқаратын ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кезде міндетті сақтандыруға автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігіне сақтандыру және жүргізушінің жолаушылар алдындағы жауапкершілігіне сақтандыру кіреді. Бұл сақтандыру қызметтері әлемдік тәжірибеде өз даму шегіне жетті. Бірақ, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы сақтандырушылары міндетті сақтандыруға жатпай отыр. Шынына келгенде біздің елде ауыл шаруашылығы сақтандыруы мүлдем дамымаған.
Сақтандыру
ісін жүзеге асыратын компанияларға
мемлекеттік қолдау көрсетіп, сақтандыру
қызметі нарығының
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Шет елдерде сақтандырудың тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі