Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2012 в 23:20, реферат
2012 жылғы 9 -11 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Германия халықаралық ықпалдастық жөніндегі қоғамының (GIZ) қолдауымен ұйымдастырған «Сақтандыру және зиянды өтеу туралы заңнаманы қолданудың сот практикасы» тақырыбында халықаралық семинар өткен болатын.
Сақтандыру туралы заңнама: біркелкі
құқық қолдану практикасын
2012 жылғы 9 -11 шілде аралығында
Солтүстік Қазақстан облыстық
сотында Қазақстан
Семинар жұмысына халықаралық және қазақстандық сарапшылар, еліміздің барлық өңірлерінің судьялары, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, сақтандыру компанияларының өкілдері, адвокаттар, медиаторлар қатысты.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты мен Германияның халықаралық
ықпалдастық жөніндегі
Германияның халықаралық ықпалдастық жөніндегі қоғамының өкілі Томас Херрманн басты тақырыпты талқылауға қатыса отырып, Германиядағы жол-көлік апаттары кезіндегі залалды реттеудің ең маңызды қағидаларына қатысты шолу жасады. Ол Германияның Азаматтық кодексінде қазақстандық кодекстегідей залалды өтеу көлеміне қатысты жалпылай тұжырымдалған санаулы ғана нормалардың барын атап өтті. Осыған байланысты залалды өтеу құқығы көбіне сот практикасымен, соның ішінде Германияның азаматтық істер жөніндегі жоғарғы соты- Федералды соттың практикасымен анықталады. Бұл практиканы Федералды сот бірқатар жылдар бойы дамытып келді.
Шамамен 80 миллион тұрғыны бар Германиядағы жол-көлік оқиғаларының статистикасына назар аударсақ, тараптардың заңды мүдделерін қатаң қорғайтын, залалды өтеудің бұлжымас ережелері қалыптасқаны байқалады. Мысалы, 2010 жылы Германияда полицияда тіркелген 2.4 миллион жол-көлік оқиғасы болған. Олардың 85% таза материалдық залал, 15% адамдарға келтірілген залал орын алған апаттар құраған. Апаттардың іс жүзіндегі саны әлдеқайда көбірек болуы мүмкін, себебі, материалдық залалы болмашы апаттарға көбіне полиция шақыртылмайды. Барлық апаттар бойынша материалдардың аз бөлігі ғана сотқа түседі. Қалған бөлігіне қатысты дауларды шешумен сақтандырушылар айналысады, олар көлік жүргізушілердің дауларын кәсіби жоғары деңгейде шешіп береді.
2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында Сақтандыруды
Аталмыш мемлекеттік әлеуметтік сақтандырулар бүгінгі күнде де бар. Алайда ерікті және нарықтық-экономикалық құрылысқа көшкен соң олармен қатар азаматтарға қауіптерден толығырақ және кеңірек сақтануға мүмкіндік беретін сақтандыру қызметтерінің нарығы туындады. Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығы әлі де кішкентай болғанымен, сонымен бірге ол үлкен үрдіспен кеңейіп келеді. Құқық пен судьялардың міндеті осы нарыққа қажетті тұрақты құқықтық негіз беру болып табылады.
Қазақстандық сарапшы, «Саланс» фирмасының заң кеңесшісі Күлғайша Мұқышеваның пікірінше, отандық сақтандыру заңнамасы жетілмеген, себебі ол жалпы алғанда сақтандырушылардың тұтынушылар ретіндегі мүдделерін қорғамайды. Сақтандыру сияқты құқықтың күрделі институтының қиындық туғызатын мәселелері жан-жақты талқыға салынатын осыдай семинарлардың өткізілуін қолдай келе, К.Мұқышева оның құқық қолдану практикасындағы, әрі ғылымды дамытудағы мәнділігін атап өтті.
Сақтандыру туралы заңнаманы дамытудың
өзекті мәселелері, ерікті және міндетті
сақтандыру, жеке және мүліктік сақтандыру
ерекшеліктері, сақтандыру жайттары туындаған
кезде залалды өтеу туралы нормаларды
сот практикасында қолдану, сонымен
қатар автокөлік иелерінің
Сонымен бірге, заң шығарушылар азаматтық құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру субъектілерінің қатарын кәсіби белгісі бойынша анықтайтын критерийлерді нақтылауы қажет екені аталып өтті, себебі, бүгінгі таңда жеке нотариустардың неліктен өздерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыратыны, ал адвокаттар, жеке сот орындаушылары сақтандырмайтыны түсініксіз.
Көлік құралдары жүргізушілерінің АҚЖ міндетті сақтандыру туралы заңға да сақтандыру компанияларының ЖКО-дан зардап шеккендердің пайдасына төлем төлеу туралы сақтанушылардың сақтандыру компанияларына жүгінуіне тәуелсіз төлем енгізу міндеті туралы ережені көздейтін өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Семинарға қатысушылар сақтандыру сомаларын төлеуді ұзаққа созуды болдырмау үшін сақтанушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру сомасын төлемеген жағдайда оның сақтандырушыға қатысты жауапкершілігінің құқықтық реттелуін енгізу қажеттігіне назар аударды. Сонымен бірге, сақтандыру жағдайының туындауы туралы хабарлау мерзіміне қатысты құқықтық «уағдаласпаушылықты» жойған жөн. Мүліктік сақтандыру шартының талаптары өзара бекіткен ең төмен мерзімді көздеу қажет. Заң шығарушы сақтанушы оған мүліктік сақтандыру шарты қолданыста болған кезде белгілі болған және сақтандыру тәуекелінің мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде сақтандырушыға хабарлаудың «шұғылдығын» айқындай отыра, сақтанушы сақтандырушыға хабарлауға міндеттелетін уақыттың нақты шегін белгілемеген.
Сонымен қатар, сақтандыру жағдайының
туындауына жұмыс берушінің еңбек
қауіпсіздігінің бекітілген нормаларын
сақтамауы немесе бұзуы себеп
болса, сақтандырушының жұмыс берушіге
сақтандырушы жұмсаған шығындарының мөлшері
шегінде қайта талап ету
Талқылау барысында неміс
Халықаралық семинардың қатысушылары
Европа одағы елдерінің және өзге
де алдыңғы қатарлы елдердің сақтандыру
заңнамасын есепке алып, сақтандыру мәселелерін
жетілдіру қажеттігі, Қазақстан
Республикасының заңнамасына
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Осы кездесуге бастамашы болғаны үшін ұйымдастырушылардың атына алғыс сөздері айтылды.
Өз кезегінде, Томас Херрманн қазақстандық судьялардың кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.
- Маған судьялардың қандай да
бір құқықтық мәселелерді
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі