Сақтандыру объектісі жəне сақтандыру тəуекелі туралы
Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 13:04, реферат
Описание работы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес
сақтандыру сақтандырушы ұйымдардың өз активтері есебінен жүзеге асыратын
сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру
жағдайы немесе өзге оқиғаның пайда болуы кезінде жеке немесе заңды тұлғаның
заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі кешенді қатынастарды білдіреді.
Сақтандыру шартында сақтандыру тəуекелін білдіретін сақтандыру объектісі жəне
сақтандыру жағдайы міндетті тəртіп бойынша көрсетіледі.
Работа содержит 1 файл
Сақтандыру объектісі жəне сақтандыру тəуекелі туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес
сақтандыру сақтандырушы ұйымдардың өз активтері есебінен жүзеге асыратын
сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру
жағдайы немесе өзге оқиғаның пайда болуы кезінде жеке немесе заңды тұлғаның
заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі кешенді қатынастарды білдіреді.
Сақтандыру шартында сақтандыру тəуекелін білдіретін сақтандыру объектісі жəне
сақтандыру жағдайы міндетті тəртіп бойынша көрсетіледі. Осы талаптар
Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасында белгіленген.
Енді «объект» терминін қарап көрейік. Кейбір ақпараттық-талдамалық
материалдарда объект – қандай да бір қызметке (практикалық не танымдық)
бағытталған мəн немесе құбылыс екендігі анықталып отыр. Негізінде сақтандыру
объектісі сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру кезеңінде өмір сүруі немесе
пайда болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес
мүліктік жəне жеке сақтандыру объектілері азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-
келген мүліктік мүдделері болуы мүмкін. Осы мүліктік мүдделер мыналармен
байланысты болуы мүмкін:
- азаматтардың белгілі бір жасқа немесе сақтандыру шартымен белгіленген
мерзімнің ақырына дейін өмір сүруі, қайтыс болуы, азаматтардың өмірінде белгілі
бір оқиғалардың пайда болуы;
- жазатайым жағдайлар мен өзге де оқиғалардың, науқастанудың
нəтижесінде азаматтардың өміріне жəне денсаулығына келтірілген зиян;
- мүлікті иелену, пайдалану жəне басқару;
- басқа тұлғаларға, оның ішінде шартты (міндеттемені) бұзу нəтижесінде
келтірілген зиянды өтеу міндеттілігі.
Қазақстанда міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру объектісі
тиісті заңнамалық актілермен белгіленеді.
Мысалы, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру туралы» Заңда сақтандыру объектісі жоғары қауіп көзі
ретіндегі көлік құралын пайдалану нəтижесіндегі үшінші тұлғалардың өміріне,
денсаулығына жəне (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндеті байланысты
сақтандырылған адамның мүліктік мүддесі ретінде белгіленген. Ал «Қызметкер
еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян
келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандыру туралы» Заңда осы сақтандыру объектісі Жұмыс берушінің қызметкер
еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына
келтiрілген зиянды өтеу жөніндегі оның міндетіне байланысты оның мүліктік
мүддесі болып табылатындығы айтылған.
Сақтандыру
объектілерінің
сақтандыру
салаларына
қатысты
айырмашылықтары болуы мүмкін: өмірді сақтандыру немесе жалпы сақтандыру.
Өмірді
сақтандыру
саласында
сақтанушының
мүліктік
мүддесі
сақтандырылушының өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрілген жағдайдағы
болуы мүмкін зиянды жабумен байланысты болады. Сөйтіп өмірді сақтандыру
саласындағы сақтандыру объектісі – бұл адам өмірі мен денсаулығы.
Жалпы сақтандыруда сақтанушының мүліктік мүддесі оның мүлкіне
келтірілген зияннан ол алуы мүмкін зиянды жабуды қамтамасыз етуде болып
табылады. Мысалы, автомобиль көлігін сақтандыру кезінде сақтандыру объектісі
автомобильдің өзі болып табылады, ал көлік құралдары иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру объектісі
жол-көлік оқиғасы пайда болған кезде болуы мүмкін оның жауапкершілігі болып
табылады.
Бірақ жалпы сақтандыру объектісі – сақтанушының бірқатар мүліктік
жоғалтуларға душар етуі мүмкін сол немесе басқа оқиғалардан өзін қорғау
мүддесі.
Жоғарыда аталғандарды ескеріп, мынадай қорытынды жасауға болады:
«сақтандыру объектісі» cақтанушы сақтандырылуды қалап отырған сақтандыру
тəуекеліне тікелей қатысты. Ал өз кезегінде тəуекел сақтандыру объектісі болып
табылады жəне оны кездейсоқ оқиғалар мен құбылыстар арқылы іске асыру
сақтандыру жағдайының пайда болғанын білдіреді.
Енді тікелей сақтандыру тəуекелі туралы.
Сақтандыру идеясы тəуекел дəрежесін қысқарту болып табылатынын айту
қажет. Біз тұрғын үй өртенгенде, автомобиль ұрланғанда немесе асыраушысы
қайтыс болғанда пайда болған экономикалық тəуекелді болдырмау үшін
сақтандыру жасаймыз. Біз бұл тəуекелді сақтандыру ұйымына береміз. Енді
сақтандыру ұйымы біз өзімізге алғымыз келмеген тəуекелді мойнына алады.
Кəсіпкерлер өз бизнестері бойынша тəуекелдерді сақтандыру ұйымдарына
бермеген жағдайда ол бойынша жұмыстарын жүргізе алмайды. Ешкім сəтсіздікке
душар ететін жəне барлығынан жұрдай қылатын жобаға миллион теңгесін салуға
келіспейді. Адамдар мен кəсіпкерлер осындай жазатайым жағдайлардың
экономикалық зиян тəуекелін болдырмау арқылы ғана жобаның бизнес-тəуекелін
қабылдауға келісім береді.
Олай болса, сақтандыру ұйымы тəуекелдің пайда болуына мейлінше
мүдделі, өйткені ол оның бизнесін белгілеуші болып табылады. Сақтандыру
ұйымдарының басшылығы, сондай-ақ реттеуші органдар тəуекелдің болуына жəне
оны белгілеуге тиянақты көңіл бөлу керек.
Өкінішке орай, тəуекелдің нақты анықтауын ешкім бере алған жоқ. Біз
барлығымыз оның не екенін көз алдымызға елестетеміз, бірақ ешкім оны анықтай
алмайды. Барлық адамдарды қанағаттандыратын тəуекел ұғымын анықтау үшін
тұтастай бір кітаптар жазылды. Тəуекел ұғымын анықтауға ұмтылатын заңды
шешімдер кедергіге толы.
Сақтандыруда
бола
отырып, сақтандыру
индустриясының
өзекті
тұжырымдамасын анықтай алмағанымыз үшін ыңғайсыздануымыз керек пе?
Мүлде олай емес!
Кез-келген кəсіпте оның өзекті тұжырымдамасы анықталмауы кездесетін де
шығар. Соттар мен заңнама иелері əділдік ұғымын анықтай алмайды. Философтар,
тіпті Плотонның өзі құқық ұғымын анықтай алмаған. Инженерлер электр
жарығының негізіне жауап бере алмайды. Физиктер уақыт тұжырымдамасымен
күнде жұмыс істесе де оны анықтай алмайды. Дəрігерлер мықты денсаулықтың не
екенін əлі анықтай алған жоқ.
Қандай жағдайда болсын сақтандыру тəуекеліне мағына беруге тырысайық
жəне оның негізін түсінуге ұмтылайық.
Сақтандыру тəуекелі - жағдайдың пайда болуына байланысты сақтандыру
жасалып отырған болжалды қауіпті оқиға. Сақтандыру тəуекелі ретінде қаралып
отырған оқиға жинақтаушы сақтандыру шартымен көзделуі мүмкін оқиғаларды
қоспағанда, оның пайда болу ықтималдығы мен кездейсоқтығы белгілерін иеленуі
тиіс.
Тəуекел ұғымы бойынша əрбір болуы мүмкін жағдайдың ықтималдығын
біле отырып, қанша айтқанмен түпкі нəтижені нақты болжалдау мүмкін
болмайтын жағдай түсіндіріледі. Сақтандыру негізінде сақтандыру тəуекелі
жатады. Сақтандыру тəуекелі – бұл бір мəнді ұғым емес, бірақ көп жағдайда ол
зиянның пайда болу ықтималдығы ұғымы. Тəуекел сақтандыру қатынастарының
пайда болуының алғы шарттары болып табылады, егер тəуекел болмаса –
сақтандыруды жасау қажеттілігі пайда болмайды. Бірақ тəуекелдің барлығы
сақтандыру қатынастарының негізіне алынбайды. Тек сақтандыру жағдайының
ықтималдығын бағалау, болуы мүмкін зиян мөлшерін жəне баламалы сақтандыру
сыйлықақысын есептеуді анықтау мүмкін болатын тəуекел ғана сақтандырылуы
мүмкін. Бірақ барлық зиян өтелмейді. Алынуы мүмкін нəтижесіне қатысты таза
жəне алыпсатарлық тəуекелдердің ара жігі ажыратылады. Бұлжымайтын нəрсе,
сақтандыру ең бастысы таза тəуекелге қатысты болады.
Таза тəуекел – зиянның ықтималдығын ғана болжалдайтын тəуекел. Сөйтіп,
ол қар көшкіні сияқты ешқандай жеке немесе заңды тұлға болжалдай алмайтын не
қашып құтыла алмайтын тəуекел түрі болып табылады. Басқаша айтқанда, жер
сілкінісі немесе өрт сияқты кез-келген апат душар болған адамдарға өте қымбатқа
түседі, бірақ оның болмауы да пайданың өсуіне алып келмейді. Таза тəуекел
ешқандай ұтып шығу мүмкіндіктерін қалдырмай, зиянның өте қатерлілігін
білдіреді.
Басқаша айтсақ,
алыпсатарлық тəуекел адамдарды осы бизнеспен
айналысуға итермелеп, пайда алуға көкжиектер ашады. Кез-келген бизнес ақша
табумен бірге, оны жоғалтып алу тəуекелін алдыға тартады. Алыпсатарлық
тəуекел – пайданың да, сондай-ақ зиянның да ықтималдығын болжалдайтын
тəуекел.
Көпшілік таза тəуекелдер (бірақ олардың барлығы емес) сақтандырылуға
жатқызылады,
ал
алыпсатарлық
тəуекелдер
кейбір
жағдайларда
сақтандырылмайды. Сақтандыруда барлық тəуекелдер екі топқа бөлінеді:
cақтандырылатын жəне сақтандырылмайтын деп (сақтандырылу шартына
енгізілмеген).
Сақтандырылмайтын тəуекел – көпшілік сақтандыру компаниялары олармен
байланысты ықтимал шығындарды былайша болжау мүмкін еместігіне
байланысты қашатын сақтандыру тəуекелі. Сел немесе жер сілкінісі сияқты табиғи
апаттардан сақтандыратын сақтандыруды жасауға болады. Бірақ сақтандыру
компаниялары тəуекелдері мемлекеттік бағалы қағаздармен немесе жалпы
экономикалық жағдаймен байланысты қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін əр
уақытта да ықылассыз түрде қарайды. Заңнамаға өзгерістердің енуі жəне
экономикалық ауытқулар сияқты анықталмаған факторлар сақтандыру аясынан
тыс болады. Бірақ сақтандырылмайтын тəуекелдер болғалы отырған шығындарға
нақты баға беруге деректер жеткілікті болған жағдайда сақтандырылатын болады.
Сақтандырылатын тəуекел – жеңіл анықталатын қол жетімді шығын
деңгейінің тəуекелі жəне сондықтан сақтандыру ұйымы оларды өтеуге дайын.
Сақтандыру ұйымы өз мойнына алуға дайын сақтандыру тəуекелі қалыпты
жағдайда мынадай талаптарға жауап береді:
- cақтандыру қаупі қаса-қана іс-қимылдардың нəтижесі болуы мүмкін
емес. Мұның өзі сақтандыру компанияларының сақтандырылған фирманың
немесе жеке тұлғаның өзінің қаса-қана, солардың нұсқауымен немесе онымен
ақылдаспай жасалған шығын үшін төлемейтіндігін білдіреді;
- шығындар есептеуге жатқызылуы тиіс жəне сақтандыру шығындары
экономикалық жағынан ақталуы тиіс. Сақтандыру компанияларында пайда алу
үшін жоғарыда келтірілген апаттардың жиілігі мен маңыздылығы туралы
мəліметтер болуы тиіс. Егер осы ақпарат біраз уақыт алса жəне жағдайлар
санының көптігіне негізделсе, онда сақтандыру компаниялары қалыпты жағдайда
болашақта қандай шығындар пайда болатынын нақты болжалдап бере алады;
- тəуекелдердің бір түрі осындай жағдайлардың қомақты санын қамтуы
тиіс. Жағдайлар осы санатқа көп душар болған сайын, болашақта сақтандыру
компаниясының болжамдарын растау мейлінше ықтимал. Сондықтан сақтандыру
компаниялары көптеген фирмалар мен жеке тұлғалар душар болатын тəуекелдерді
өздеріне қуана-қуана алады;
- тəуекел бір мезгілде барлық сақтандырылғандарды қамтымауы тиіс. Егер
сақтандыру компаниясы үлкен географиялық аймақтарды немесе халықтың үлкен
тобын кең қамти алмаған жағдайда, онда бір апаттың өзінде ол өзінің барлық
полистері бойынша төлем жасауына тура келеді;
- əлуеттік қаржылық жоғалтулар сақтанушы үшін кəдімгідей байқалуы
тиіс.
Қазақстан Республикасының сақтандырушы заңнамасындағы сақтандыру
тəуекелдерін жіктеу Еуропалық Кеңес директиваларының талаптарына
сəйкестендірілген.
Сөйтіп, тұжырым жасап көрейік.
Осы тəуекелді иеленген объектіге зиян келтірген оқыс жағдай тəуекеліне екі
негізгі өзіндік ерекшелік тəн – ықтималдық жəне зиян. «Тəуекел» ұғымының
айырықша сипаттамасы – шешім қабылдап отырған тұлғаның оған баға берудегі
субъективтілік. Сонымен қатар тəуекелге баға беру объективті деректерді (немесе
нақтыға жақындатылған) пайдалану арқылы жасалуы мүмкін.
Тəуекелдер əртүрлі белгілер бойынша: пайда болу себебі, тəуекелдерге
ықпал ету мүмкіндігі бойынша қауіп көзіне қатысты тəуекел қаупі бар объектілер
класы бойынша жіктелуі мүмкін. Тəуекелдерді сақтандыруда сақтандырылатын
жəне сақтандырылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – тəуекелдерді сақтандыру
критерийлеріне жауап беретіндері жəне сақтандыру ұйымы сақтандыруға
қабылдай алатындары.
Шешім қабылдаушы тұлғалардың жеке сипаттамаларының жəне қаржылық
мүмкіндіктерінің күрделі өзара қарым-қатынасы нəтижесінде іріктелетін
сақтандыру қатарындағы тəуекелге ықпал етудің оңтайлы əдісі жəне оны
төмендету тəсілдері.
Информация о работе Сақтандыру объектісі жəне сақтандыру тəуекелі туралы