Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................4
1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні және атқаратын функциялары...........................................................................................4
1.2 Сақтандыру нарығының түрлері, құрамы мен құрылымы............8
1.3 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы......................12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ............................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау.......................................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлары................................................18
2.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары...........................................21
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ..........................23
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі.....23
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары............................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................30
Ақырғы екі жыл ішінде сақтандыру
нарығының құрылымында үлкен
өзгерістер болған жоқ. Жалпы сыйақыларды
сақтандырудың өсу деңгейі
Сақтандыру сыйақының жалпы сомасындағы шетелдегі қайта сақтандыру үлесі төмендеуде. Бұл отандық сақтандыру ұйымдардың өзінде қалған немесе сақтандыру көлеміндегі жоғары емес тәуекелдердің өсуімен байланысты. Кәсіпорындардың мұнай-газды, энергетикалық секторларының, сонымен қатар авиа тасымдалдаушының мүлігі мен жауапкершілігінің ірі тәуекелдері елімізден тыс қайта сақтандырылады.
Нарық өсімі міндетті сақтандырудың енгізілуімен және табиғи өсуімен қамтамасыз етіледі. Бір тұрғынның сақтандыру сыйақы 2010 жылы 1924 теңгені немесе 14,6 $-ды кұрады.
Капиталға айналу өсімі акңионерлердің қосымша инвестициялары мен сақтандыру ұйымдарының бөлінбеген кірісі арқылы жүреді.
Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерінің ағымдағы жағдайын 1- кестеден көруге болады.
Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерінің ағымдағы жағдайын талдау барысында келесі нәтижелер анықталды: сақтандыру ұйымдарының 2009 жылғы активтері 297252217 мың теңгені құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 44437587 теңгеге артып, 387671977 мың теңгені көрсетіп отыр. Сондай-ақ таза сақтандыру резервтері 2009 жылы 101011539 мың теңгені көрсетсе, 2010 жылы 114919173 тг көрсетті, 2011 жылы таза сақтандыру резервтері 127858440 тг құрап, соңғы үш жыл аралығында көрсеткіш 26846901 тг артып отыр. Бұл деп отырғанымыз, сақтандыру ұйымдарының активтік ресурстары мен таза сақтандыру резервтерінің тиімді пайдаланылып, олардың артқанын көрсетеді. Меншікті капитал жиынтықтарына келетін болсақ, 2009 жылы сақтандыру ұйымдарының өз меншігіндегі капиталы 180480027 тг құрап, 2011 жылы 231162447 тг құрап отыр, осыдан шығатын нәтиже, 2009 жылға қарағанда 2011 жылы ұйымдардың меншікті капиталы 50682420 тг артқан. Сақтандыру ұйымдарының құрылуының басты шарттарының бірі ол жарғылық капталының болуы, осыған орай ҚР сақтандыру ұйымдарының 2009 жылғы жарғылық капитал сомасының жиынтығы 40618311 тг көрсетіп, 2010 жылы бұл көрсеткіш 76367279 тг құраған, ал соңғы есепті жыл қорытындысы бойынша 2009 жылға қарағанда жарғылық капитал қорлары
48880120 тг артқаның байқатады.
Есепті кезеңнің бөлінбеген кір
1-кесте. Қазақстан
Республикасы сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының қаржылық
көрсеткіштерінің ағымдағы
Көрсеткіштер |
2009 |
2010 |
2011 |
Өзгерісі | |
+/- |
% | ||||
1. Активтер |
297252217 |
343234390 |
387671977 |
44437587 |
30,4 |
2. Таза сақтандыру резервтері |
101011539 |
114919173 |
127858440 |
26846901 |
26,5 |
3. Меншік капиталы |
180480027 |
208657566 |
231162447 |
50682420 |
28,08 |
4. Жарғылық капитал |
40618311 |
76367279 |
89498431 |
48880120 |
120,3 |
5. Есепті кезеңнің бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы) |
28213153 |
34779776 |
27646639 |
-566514 |
-2,007 |
6. Сақтандыру сыйлықақылары |
132476462 |
153496823 |
198503341 |
66026879 |
49,8 |
7. Сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы |
76596100 |
93640614 |
133680816 |
57084716 |
74,5 |
8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар |
29829792 |
27139608 |
46139245 |
16309453 |
54,6 |
9. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша таза шығыстар |
17139128 |
24238011 |
35019867 |
17880739 |
104,3 |
(мың теңгемен)
Дерек көзі: ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
1-сурет. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық көрсеткіштері
2.2 Қазақстан
Республикасының сақтандыру
нарығының бәсекеге
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру. 1993 жылы «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900-ге жетті. Əрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сəйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды. Ал қазіргі кезде яғни 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 40 cақтандыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері жəне 70 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды. Есепті күнге 27 сақтандыру ұйымы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушылары болып табылды (1-кесте).
1-кесте. Сақтандыру
секторының институционалды
Сақтандыру секторының институционалды құрылымы |
1.01.2010ж. |
1.01.2011ж. |
Сақтандыру ұйымдарының саны, оның ішінде: |
40 |
41 |
өмірді сақтандыру бойынша |
7 |
7 |
Сақтандыру брокерлерінің саны |
13 |
13 |
Актуарийлер саны |
63 |
70 |
Қарастырып отырған кезеңде сақтандыру нарығының сақтандыру сыйлықақылары бойынша шоғырлану деңгейінің ұлғаюы жəне сақтандыру төлемдері бойынша шоғырлану деңгейінің кемуі байқалады. 5 ірі сақтандыру компанияларының үлесіне жиынтық сақтандыру сыйлықақылардың 37,5%-ы жəне сақтандыру төлемдерінің 33,0%-ы келеді. Сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің ішінде бес ірі сақтандыру компанияларының үлесі 51,6%-ды құрайды (2-кесте).
2-кесте. Сақтандыру
нарығының жиынтық
Сақтандыру нарығының жиынтық көрсеткіштерінен үлесі, % |
1.01.2010ж. |
1.01.2011ж. |
Бес ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықақылары |
43,5 |
37,5 |
Он ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықақылары |
65,0 |
54,0 |
Бес ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдері |
52,8 |
33,0 |
Он ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдері |
72,2 |
47,1 |
Бес ірі сақтандыру компаниясының активтері |
51,3 |
51,6 |
Бес ірі сақтандыру компаниясының активтері |
60,6 |
62,8 |
Сақтандыру
нарығындағы бəсекелестiкке
• бəсекелес сақтандыру компанияларының сандық жəне сапалық сыйымдылығы;
• сақтандыру қызметтерiне жəне оның құрылымдық пен құн динамикасына сұраныс көлемiнiң өзгерiсi;
• (сақтандыру қызметтi лицензиялаудың ерекшелiгi) сақтандыру нарығына енудiң тосқауылдары;
• жапсарлас несие нарығындағы ахуал;
• сақтықшы-бəсекешiлердiң стратегиясындағы айырмашылықтар;
• сақтандыру нарығындағы бəсекелестiктегі ерекше себептер.
Сақтандыру компанияларының саны жəне олардың салыстырмалы сыйымдылығы бəсекелестiктiң деңгейлерiн анықтайды. Басқа тең жағдайда сақтандыру нарығында сақтандыру компанияларының түбегейлi саны бəсекелестiк қарқынына белдеседi. Бұл мəлiметтерді жинау үшiн арнайы əлеуметтік құжаттама құрастырылады. Алған нəтижелердiң негiзiнде бəсекелестiктiң деңгейi туралы қорытынды жасалады.
Сонымен қатар сақтандыру компаниялары бірнеше факторлар арқылы бəсекелестiкке ықпал ете алады. Олар ішкі жəне сыртқы факторлар.
Ішкі факторлар:· техникалық қызмет көрсету: сақтандыру келiсiмшарттар мен сақтандырушыларға қызмет көрсетулер деңгейі;
· сақтандыру компаниясының клиенттер мен жұмыс істеу сапасының деңгейi.
Сыртқы факторлар:
· ғылыми-техникалық прогресс;
· мемлекеттiк
– саяси орта, (мемлекеттiк жəне
əлеуметтiк саясаттың
· экономиканың күйi, (халық саны, ақша жүйесі, валюталық жағдай, өмiр деңгейi тағы сол сияқтылар);
· сақтандыру нарығының əлеуметтiк-əдеп ортасы, (сақтандыру мəдениетiнiң деңгейi, ұлттық дəстүрлер, этникалық құрам жəне тағы басқалар);
· дүниежүзілік сақтандыру нарығының конъюнктурасы.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр, экономикалық жəне құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрі қамтиды. Жеке басты сақтандыру жəне азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысы төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
2.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары
Бүгінгі таңда сақтандыру нарығының даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.
Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн:
Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:
Информация о работе Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні және атқаратын функциялары