Пайда экономикалық категория ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 23:04, курсовая работа

Описание работы

Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті деп санаймын. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғаным - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ


1.1 Пайданың мәні, мазұмұны...............................................................................5


1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері ............................................7


2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ


2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі .................................................................12


2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары ...............................................18

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................

Работа содержит 1 файл

Пайда экономиаклык категория ретинде.docx

— 179.76 Кб (Скачать)

Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан  бұрын алдымен жетілген және жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің  тауарларының қисық сызықтарын салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгеніндей  жетілген бәсекелі фирма (1, а - сурет) рыноктық бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын  десе, сонша сата алады. Сондықтан  оның ДД сұраныс қисығы көлбеу жатыр. Рыноктың бағаға әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің  салыстырмалы түрде үлкен еместігінде.

 

 

 

А)


Б)


1-сурет



 

 

 

 

 

 

 

Сондықтан жетілген бәсекелес фирма рынокқа  қанша тауарлар шығарса да, бәрібір  ол сол рынокта қалыптасқан бағаға әсер ету үшін мүлде жеткіліксіз.

Жетілмеген  бәсекелес фирма жағдайында (1, б - сурет) ДД сұраныс қисығы төмен  жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған сәйкес төмен баға белгілейді. Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін шығарғанда, оның бағасы төмендейді. Егер фирма толық монополияға ие болмаса, P, яғни бағаны қысқарту 1, б - суретінде көрсеткенімдей оның бәсекелесін ДД сұраныс сызығын солға Д1Д1 жағдайына жылжытады, сондықтан қарсыласушы фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға болады. Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан шығаратын қорытынды мынадай: сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды. Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсекеде болады. Сұраныс қисық сызығының өзгерген сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті табыстың (MR) өсіңкілігіне әсер етеді. Шекті табыс n бірлікті сатудан алынған жалпы табыс пен n-1 бірлікті саудадан алынған табыстың арасындағы айырмашылығымен анықталады. Мысалы, егер бірдей 100 тауар 100 доллар бағамен сатылса, онда жалпы табыс 10000 доллар. Ал, 101 тауарды сату үшін бағаны 99,5 доллар төмендету керек, онда жалпы табыс 99,54 * 101 = 10044,5 доллар аламыз. Осыны шекті табыс деп атайды. Шекті табыс деген қосымша тауарды сатудан алынған қосымша табыс. Мына 2-кесте арқылы осыны көрсетемін.

 

2-кесте

Өндірілген тауарлар саны

Бағасы

Жалпы табыс

Шекті табыс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

41

39

37

35

33

31

29

27

25

23

41

78

111

140

165

186

203

216

225

230

41

37

33

29

25

21

17

13

9

5


 

3-бағаның  мәні соған сәйкес 1-бағаның мәнін  2-бағаның мәніне көбейту арқылы  алынады. 4-бағананы 3-бағанадан аламыз, жалпы табыстың әрбір кейінгі  мәнінен оның алдындағы мәнді  алу арқылы: Мысалы, 78 - 41 = 37; 111 - 78 = 33; 140 - 111 = 29, тағы басқалары.

Тағы  да еске алатын нәрсе, жетілген бәсеке жағдайында жеке кәсіпорын үшін баға тұрақты әрі белгіленген болады. Бірақ ондай шекті табыс қандай болады? Санды мысалмен түсіндірейін. Егер жетілген бәсекелес болса, онда ол 101 тауарды сол өзгермеген бағамен 100 долларға сатады, сондықтан, шекті  табыс 10100 долл. - 10000 долл. = 100 долл. болады. Осымен мынадай қорытынды жасауға  болады: жетілген бәсеке жағдайында шекті табыс тауар бағасына тең.

Жетілмеген  бәсеке кезінде MR қандай болады? Шекті  табыс пен сұраныстың жетілмеген бәсеке кезіндегі өсіңкілігін графикалық түрде бейнелейік (ординат тігінде - шекті табыс пен баға, абсцисс  тігінде өнімнің саны).

Графиктен MR сызығы ДД сұраныс сызығымен қарағанда  тезірек төмендейтіні көрінеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында шекті табыс бағадан  аз. Қосымша өнімді сату үшін жетілмеген бәсекелес бағаны төмендетеді. Бұл  төмендету оған қайсыбір ұғыс береді. (2-кестеден жалпы табыстың ұлғайғаны  көрінеді), бірақ бір мезетте кейбір залал әкеледі. Ол қандай залалдар. Мысалы, өндіруші 3 тауарды 37 долларға сатып, әрбір өнімнің бағасын  төмендетті (41-ден, 39-дан, 37 долл.). Сондықтан  барлық сатып алушылар 41 және 39 долларға тауарлар сатып алғандарды қосқанда төмен баға төлейді. Алдындағы сатылған тауардан шеккен зиян 4 доллар. Бағадан  алынып тасталады, сонда 33 доллар тең  шекті табыс қалады.

Қайтадан  фирма шығындарына оралайық. Өнімнің  орта шығындарында (AC) алдымен, өнімнің  саны ұлғайған кезде азаю тенденциясы  болады. Алайда, белгілі бір өндіріс көлеміне жеткеннен кейін және одан асқан сайын шығындар өсе бастайды. Орта шығындар өсіңкілігі график түрінде бейнеленгенде жоғарыда көрсетілгендей, И - бейнелі қисық сызық болады. Абстрактілі санды мысал арқылы жетілмеген бәсекелес фирманың орта, жалпы және шекті шығындарын бейнелейміз. Бірақ алдымен мынадай белгілеулерді кіргіземіз:

TC = Q * AC, яғни жалпы шығындар тауарлар санының орта шығындарға көбейтіндісіне тең;

MC = TCn - TCn - 1, яғни шекті шығындар n санындағы тауарлардың жалпы шығындарымен n-1 санындағы тауарлардың жалпы шығындарының арасындағы айырмашылыққа тең;

TP = Q + P, яғни жалпы табыс тауар санының бағасының көбейтіндісіне тең;

MP = TPn - TPn - 1, яғни шекті табыс n сандары тауардың жалпы табысы мен n-1 сандағы тауардың жалпы табыстың айырмашылығына тең.

2, 3, 4-бағаналар  (3-кесте) монополист фирманың  өндіріс жағдайларын сипаттаса, 5, 6, 7 - сату жағдайларын сипаттайды.

Фирманың  рационалды тәртібі оның ең жоғары пайда алуға ұмтылатынын көрсетеді. Сондықтан монополист фирма жалпы  табыспен жалпы шығындардың айырмашылығы барынша үлкен болатын баға мен  өндіріс орнықтырады.

 

 

3-кесте

Өндірілген тауарлар

Орта шығындар

Жалпы шығындар

Шекті шығындар

Баға табыс

Жалпы табыс

Шекті саны

1

2

3

4

5

6

7

8

10

11

12

13

14

15

16

17

0

24

21,75

19,75

18

16,5

15,25

14,25

13,5

12,75

12,75

13

13,5

14,25

15,25

165

18

AC

24

43,5

59,25

72

82,5

91,5

99,75

108

127,5

140,25

156

175,5

199,5

228,25

264

306

TC

24

19,5

15,75

12,75

10,5

9

8,25

8,25

10,5

12,5

16,25

19,5

24

29,25

36,75

42

MC

41

39

37

35

33

31

27

29

23

21

19

17

15

13

11

9

P

41

78

111

140

165

186

211

203

230

231

228

221

210

195

176

153

TP

41

37

33

29

25

21

13

17

5

1

-3

-7

-11

-15

19

23

MR


 

Жетілген  бәсеке ұғымына және осы жағдайдағы форма тепе-теңдігіне тағы да оралайық. Бұрын көзіміз жеткендей, тепе-теңдік MC = p болғанда болады. P, яғни баға жетілген бәсеке жағдайында нақты табыспен сәйкес келеді, сондықтан былай деп жазуға болады: MC = MR = P фирмаға толық тепе-теңдікке жету үшін, Дж. Робинсон атап өткендей, екі шарт орындалуы керек:

  1. шекті табыс шекті шығындарға тең болуы керек;
  2. баға орта шығындарға тең болуы керек. Ал бұның мәні:

MC = MR = P = AC

Монополист  фирманың рыноктағы тәртібі шекті  табыстың (MR) және шекті шығындардың (MC) өсіңкілігімен де анықталады. Неге? Өйткені әрбір қосымша өнім жалпы  табысқа және бір уақытта жалпы  шығындарға да фирма қайсыбір көлемді  қосады. Фирма барлық уақытта осы  екі көлемді салыстырып отыру  керек. MR мен MC арасындағы айырмашылық  жағымды болғанға дейін фирма  өндірісті ұлғайта береді. Мынадай  ұқсастықты байқауға болады: потенциалдардың айырмашылығы электр тоғының қозғалысын қамтамасыз етсе, MR мен MC арасындағы жағымды айырмашылық фирманың өндірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Ал MR = MC болған жағдайда фирма тепе-теңдігі орнайды. Бірақ жетілмеген бәсеке кезінде қандай баға орнығады? Мұндайда орта шығындар (AC) қандай болады? MC = MR = P = AC формуласы сақтала ма?

3-кестеге  көңіл аударайық. Монополист, әрине,  өнімдер үшін жоғары баға белгілеуге  ұмтылады. Алайда, егер ол 41 доллар  баға қойса, онда ол 1 ғана тауар  сатады және оның жалпы табысы 41 доллар, ал пайдасы (41 - 24) = 17 доллар.

Пайда дегеніміз жалпы  табыс пен жалпы шығындардың  айырмашылығы. Айталық монополист бағаны біртіндеп төмендетіп 35 доллар қояды. Онда ол 1 тауардан артық 4 тауар өткізе алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемі. Бұл жағдайда оның жалпы табысы 140 доллар (35 * 4), ал таза пайдасы (140 - 72) = 68 доллар.

Сұраныс қисық сызығына ілесе отырып, монополист бағаны төмендетіп, сату көлемін ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, 33 доллар бағада ол 5 тауар  сатуы мүмкін. Бұл жағдайда бір  тауарға тиісті таза пайда азайғанымен  пайданың жалпы көлемі өседі. Таза пайдасын ұлғайту үшін жетілмеген бәсекелес  бағаны қандай шекке дейін төмендете  алады? Айқыны, шекті табыс (MR) шекті  шығындарға (MC) тең болғанда, бұл 9 тауарды  сатқандағы жағдай. Нақ осындай таза пайданың көлемі ең жоғары болады, яғни (225 - 117) = 108 доллар. Егер сатушы бағаны 25 доллардан (яғни, ең жоғары пайда - 108 доллар пайда алған бағадан) 23 долларға дейін төмендесе, онда мынадай нәтиже болады: 10 тауар сатып алушы 5 доллар табыс ала алатын еді, ал шекті  шығындар онда 10,5 доллар болар еді. Сондықтан 10 тауарды 23 доллар бағамен  сату сатушының таза пайдасын азайтады: (230 - 125,5) = 104,5 доллар.

Осы кестені  қарағаннан қандай қорытынды шығаруға болады. Жетілмеген бәсеке негізінде  фирма тепе-теңдігі, яғни шекті шығындар мен шекті табыстың теңдігі немесе (MC = MR) орта шығындар өзінің ең төмен деңгейіне жетпейтін өндірістің көлемі кезінде болады. Баға бұл кезде жеке өнімнің орта шығындарынан жоғары болады. Жетілмеген бәсеке кезінде MC = MR = P = AC теңдігі сақталады. Жетілмеген бәсеке кезінде (MC = MR) < AC < P график арқылы түсіндірейін. 2-суретте көрініп тұрғандай, фирма тепе-теңдік жағдайы E нүктесімен (MC және MR) қиылысу нүктесінде анықталады, одан ДД сұраныс қисық сызығына дейін тік сызық жүргіземіз. Осылайша барынша көп таза пайда қамтамасыз ететін бағаны білеміз. Бұл баға E1 деңгейінде орнығады. Торланған тік бұрыш монопольді пайданы көрсетеді.

E1


E2


MC


AC


Ä


P


Ä


Q


2-сурет


 


 

 

 

 

 

 

 

 

Жетілген  бәсеке жағдайында фирма сату бағасын  төмендетпей өз өндірісін ұлғайтады. Өндіріс MC мен MR теңдігіне жеткен сәтке  дейін ұлғаяды. Жетілмеген бәсекелес  те сол ережені басшылыққа алады. Өндірісті ұлғайту, тоқтату және қысқарту туралы шешім қабылдай отырып, ол қосымша табысты салыстырады, яғни өзінің MC және MR салыстырады. Ол өндіріс  көлемі MC және MR теңдігіне дейін  ұлғайтады. Бірақ өндіріс көлемі бұл кезде, жетілген бәсекеге қарағанда  аз болады, яғни Q1 < Q2. Жетілген бәсекеге кезінде нақ E2 нүктесінде шекті шығындар (MC), орта шығындардың ең төменгі мәні (AC) және сату бағасының деңгейі (P) сәйкес келіп қалады. Егер (P2) бағасы E2 нүктесі деңгейінде орнықса, онда монопольді баға болмаған болар еді. Басқаша айтқанда жетілмеген бәсеке жағдайында монопольді пайда “қарапайым” пайданың деңгейінен асып түседі. Фирманың бағаны E2 нүктесі деңгейінде белгілеуі альтруизм деп қарауға болады. Бұл нүктеде MC = AC = P. Бірақ MC = MR. Рационалды түрде әрекет етуші фирма қоғамдық мүдделер үшін өндірістің ұлғаюы қосымша табыстарға қарағанда ол үшін үлкен қосымша шығындар орын алатынын дұрыс жағдай деп есептемейді.

Қоғам өндірістің үлкен көлемі мен жеке өнімге аз шығындарға ынталы. Q1 -ден Q2 -ге дейін шығарудың өсуі кезінде орта шығындар азаяр еді, бірақ онда қосымша өнімді өткізу үшін не бағаны төмендету, не сатуды ынталандыратын шығындарды көбейту керек. Бұл жол жетілмеген бәсекелес үшін жарамайды. Ол өз рыногын бағаны төмендету арқылы бұзғысы келмейді. Фирма бағаны барынша көбейту үшін шекті шығындардан асатын бағаға себепші болатын белгілі бір тапшылық жасайды. Жетілмеген бәсеке рыногы үлесінде монопольді пайда жетілмеген бәсеке белгіленген әдеттегі пайдадан артық пайда ретінде түсініледі. Монопольді пайда жетілген бәсекені бұзу ретінде, рыноктағы монопольді фактордың көрінісі ретінде көрінеді.

Информация о работе Пайда экономикалық категория ретінде